Қаралды «kegoc» АҚ Басқармасының


Мақсаттар, міндеттер және бағдарламалар



бет4/7
Дата01.07.2016
өлшемі3.7 Mb.
#170035
1   2   3   4   5   6   7

8.3 Мақсаттар, міндеттер және бағдарламалар

8.3.1 СТ КEGOC 00-601-11 стандартында «КEGOC» АҚ-ның экологиялық саясатына сәйкес келетін экологиялық мақсаттары мен міндеттерін (мақсаттық және жоспарлы экологиялық көрсеткіштерін) белгілеу, құжаттау және жұмыс күйінде қолдау рәсімі айқындалды.


8.3.2 Мақсаттық және жоспарлы экологиялық көрсеткіштерді әзірлеу мен құжаттау тұтастай алғанда «KEGOC» АҚ пен ЭИ бойынша оқшауланған құрылымдық бөлімшелер (филиалдар) деңгейінде жүзеге асырылады. Мақсаттық және жоспарлы экологиялық көрсеткіштер Экологиялық бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады.

8.3.3 Мақсаттық және жоспарлы экологиялық көрсеткіштер оларға қол жеткізу бойынша және сыртқы нормативтер мен экологиялық стандарттардың өзгерісі ескеріле қайта қаралады.

8.3.4 Экологиялық бағдарламаны әзірлеу, құжаттау және жұмыс күйінде қолдау рәсімі СТ КEGOC 00-601-11 стандартында айқындалды.

8.3.5 Экологиялық бағдарлама филиалдар деңгейінде әзірленеді, содан кейін «КEGOC» АҚ-ның бірыңғай экологиялық бағдарламасына жинақталады, ЭИ-де бөлек Экологиялық бағдарлама әзірленеді. ҰЭТ дамыту департаменті әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру үшін жауапты болып табылады.

8.3.6 Экологиялық бағдарламаны әзірлеу кезіндегі кірістік деректер мыналар:


  • сәйкестендірілген айтулы экологиялық қырлар;

  • «КEGOC» АҚ-ның мақсаттық және жоспарлы экологиялық көрсеткіштері;

  • БМЖ-ні жақсарту жоспарлары;

  • жаңа жобалар немесе процестер бойынша ақпарат.

8.3.7 «КEGOC» АҚ-ның Экологиялық бағдарламасында мыналар белгіленеді:

  • мақсаттық және жоспарлы экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар;

  • мақсаттық және жоспарлы экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тиісті бөлімшелерге жауапкершілік тарату;

  • мақсаттық және жоспарлы экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін керекті ресурстар мен қаражат қажеттілігі;

  • жұмыстардың атқарылуы.

8.3.8 Бағдарламаға өзгерістер мына жағдайларда енгізіледі:

8.3.9 Осы жағдайларда бағдарламаның өзгерісі ЭМЖ-нің «КEGOC» АҚ қызметінің өзгерген жағдайларына барабарлығын қамтамасыз ету мақсатын діттейді.

8.3.10 Экологиялық бағдарламаның жобасы БМЖ жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырысында қаралады және «КEGOC» АҚ Басқармасының төрағасы бекітеді.

8.3.11 ҰЭТ жаңғырту және жаңа объектілердің құрылысы жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде «КEGOC» АҚ әрбір жоба үшін «КEGOC» АҚ Басқармасының төрағасы бекітетін Табиғат қорғау жоспарын/Экологиялық басқару жоспарын әзірлейді .

8.3.12 Табиғат қорғау жоспары/Экологиялық басқару жоспары (жоспардың атауы жобаға байланысты белгіленеді) мыналарды қамтиды:

- ықпалды азайту жоспары;

- мониторинг жоспары;

- институционалыдқы іс-шаралар;

- үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті басқару органдарының, ықпалға ұшырайтын адамдар топтарының қатысуымен консультациялар (қоғамдық тыңдаулар).

8.3.13 Ықпалды азайту жоспары мыналарды мазмұндайды: проблемаларды (экологиялық қырларын) сәйкестендіру, ықпалды азайту жөніндегі іс-шаралар, ресурстар, жауаптылар, жұмыстарды атқаруды бастау және аяқтау күндері.

Ықпалды азайту жоспары мынадай талаптардың орындалуын қамтиды:



  • құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде экологиялық талаптарды сақтау;

  • қосалқы станциялардың жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтау;

  • трансформаторлар мен реакторларды тәждік разряд пен салқындату желдеткіштерінің шуылынан қорғау;

  • электромагниттік сәулелену ықпалынан қорғау;

  • жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау.

9 Ендіру және қызмет көрсетуі




9.1 Ресурстары, рөлдері, жауапкершілігі мен уәкілеттіктері


9.1.1 «КEGOC» АҚ-да ЭМЖ бойынша нәтижелі басқаруға жәрдем ету үшін міндеттер, жауапкершілік пен уәкілеттіктер айқындалды, құжаттай ресімделді және осы қатысты барлықтарының назарына жеткізіледі:

  • «КEGOC» АҚ-ның ұйымдық құрылымы негізінде;

  • құрылымдық бөлімшелер туралы әзірленген және бекітілген ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар, технологиялық нұсқаулықтар, технологиялық карталар мен басқа да өндірістік құжаттама негізінде;

  • бұйрықтар, өкімдер және мәжілістер (соның ішінде - БМЖ жөніндегі Үйлестіру кеңесі) нәтижелері бойынша хаттамалар шешімдері арқылы;

  • бекітілген жоспарлы құжаттар арқылы.

9.1.2 Табиғат қорғау жоспарында/Экологиялық басқару жоспарында тараптардың міндеттерін, жауапкершілігін, мезгілдігін қамтитын институционалдық іс-шаралар әзірленуде. Міндеттер мыналардан тұрады: салу және пайдалану кезінде экологиялық мониторинг бойынша деректер жинау; осы деректерді талдау; есептерді даярлау мен тарату. Міндеттері бойынша жауапкершілік жеткерушілер, ЖЭТ филиалдары, АД құрылымдық бөлімшелері арасында бөлісіледі.

9.1.3 «КEGOC» АҚ-ның жоғары басшылығы ендіру, мониторингілеу, бақылау және ЭМЖ-ны үнемі жақсарту үшін қажетті ресурстарды ұдайы бөледі. Бұл ресурстар мыналарды қамтиды:



  • қажетті жұмыстар жүргізу үшін жұмыскерлерді;

  • жинақталған тәжірибе мен білімді;

  • қолда бар техникалық құралдарды;

  • өлшеу және экологиялық мониторингілеу жөніндегі қызмет көрсетулерді;

  • қаржылық ресурстарды.

9.1.4 «КEGOC» АҚ-да «KEGOC» АҚ-ның БМЖ жөніндегі БӨ, Ф-дың БМЖ жөніндегі БӨ және ЭИ-дің БМЖ жөніндегі БӨ тағайындалды, олар Е КEGOC 00-302-07 сәйкес басқа міндеттерге тәуелсіз мыналар үшін жауапкершілікке ие болады:

  • ISO 14001 талаптарына сәйкес ЭМЖ-ні әзірлеу, ендіру және жұмыс күйінде ұстап тұру;

  • жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қоса отырып, талдау үшін ЭМЖ-нің жұмыс істеуі туралы есептер даярлау және «КEGOC» АҚ-ның жоғары басшылығына (БМЖ жөніндегі Үйлестіру кеңесіне) тапсыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет