Аралық аттестаттау тапсырмасы 10-сынып /жмб/ І нұсқа Қамтылған оқу мақсаттары



бет3/9
Дата12.04.2024
өлшемі34.4 Kb.
#498491
1   2   3   4   5   6   7   8   9
10-сынып ЖМБ етихан тапсырмасы (1)

Балл қою кестесі

р/с

Дағдылар

Тапсырмалар

Балы

Балл шкаласы

1

Оқылым

1-сұрақ – 0.5 балл
2-сұрақ –0.5 балл

1 балл

5 балл

2

Жазылым

Құрылымының сақталуы -1 балл
Мазмұны( сипаттауы) – 1 балл
Лексика-грамматикалық норманы сақтауы - 1 балл

3 балл

20 балл

3

Әдеби тіл нормалары

1-сұрақ – 0.5 балл
2-сұрақ –0.5 балл

1 балл

5 балл










5 балл

30 балл



Аралық аттестаттау тапсырмасы
10-сынып /ЖМБ/
ІІ нұсқа
Қамтылған оқу мақсаттары:
10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу;
10.3.3.1 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);
10.4.4.1 Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.


І. Оқылым [1 балл]
1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге көтерілген мәселеге баға беріп, пікір білдіріңіз.
Ұлттық телекөпір барысында бүкіл ел бойынша онлайн режимінде жаңа индустриалды- инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылатын болады. Атап айтқанда, "Қазақалтын Технолоджи" компаниясы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасын іске қосады. Ақтөбе облысында машина жасау және металл өңдеу секторында мұнай-газ жабдықтарын өндіру және құбырлар шығарумен айналысатын "Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты" ЖШС зауыты ашылды. Ал Атырау облысында ("Жігермұнайсервис" ЖШС) роботты дәнекерлеу әдісімен металл құрастырмалары өндірісі іске қосылмақ. Тамақ өнеркәсібінде және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде Солтүстік Қазақстан облысындағы "Маслодел" ЖШС, "Тетра Пак" ЖШС жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған сүт зауытын ашады. Шығыс Қазақстан облысында "Восток-Молоко" ЖШС жоғары технологиялық жабдықтары орнатылған сүт кешенін модернизациялаған. Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылады.
Сондай-ақ телекөпір барысында Жамбыл облысында "Оргстрой" кәсіпорны гранит, мәрмәр және гипс өндіру, жарылғыш құрылғыларды өндірудің жаңа технологиясын өңдеу бойынша өндіріс ашуды жоспарлап отыр. Алматы облысында "Psi Stroy Industriya" ЖШС металл конструкцияларын шығаратын зауытты, Коринская ГЭС баламалы энергетикалық жобаны іске қоспақ. Ал Қарағанды облысында ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын жұмыс істей бастады. Кәсіпорын жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50 мыңын қайта өңдеуге қауқарлы.
Бұған қоса, телекөпір барысында Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және Еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы бірнеше нысандардың іске қосылатынын атап өтті.
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды. Басқа елдерде көптен бері кең қолданылып келе жатқанымен, отандық тәжірибеге 1988 жылдан енгізілген. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы — оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады.
Сонымен қатар ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан, соның ішінде, Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері де ерекше. Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген кызмет құны ЖҰӨ- ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн атауына ие болады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады.
Тапсырма:

  1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

  2. Мәтінде көтерілген мәселеге баға беріп, пікіріңізді 6-7 сөйлеммен білдіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет