Аралық аттестаттау тапсырмасы 10-сынып /ЖМБ/ ІV нұсқа Қамтылған оқу мақсаттары: 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу; 10.3.3.1 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);
10.4.4.1 Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.
І. Оқылым [1 балл] 1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге көтерілген мәселеге баға беріп, пікір білдіріңіз. Әлемнің жеті кереметі. Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келді. Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің, өкінішке қарай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол – пирамидалар, яғни ежелгі Египет патшалары – перғауындардың (фараондардың) тастан қаланған сағаналары (табытханалары). Египеттің астанасы Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар, яғни пирамидалар. Ең үлкені Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147 м, бұдан 5000 жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан 2 метрдей аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны «Үрей атасы» деп кеткен. Әлемнің ендігі бір кереметі – Семирамиданың аспалы бағы, ол ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы – Вавилонда болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда бұл бақты патшайым Семирамида салдырса керек. Ал шындығында ол біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда II Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған. Ол өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерілген жасанды алаң үстіне салдырады. Сарай алаңына көтерілетін алты тепкішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен (аркада) көркемделіп, топырақ төселген әр тепкішекке жайқалған бақ орнатылған. Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шығырды күні-түні айналдырып, аспалы баққа Евфрат өзенінен су шығарған.
Тапсырма: Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтінде көтерілген мәселеге баға беріп, пікіріңізді 6-7 сөйлеммен білдіріңіз.