Арастарды тарихи талдау


Зерттеудің методологиялық негіздері мен әдістері



бет4/10
Дата13.09.2023
өлшемі129.28 Kb.
#477405
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мыханова ПЕРЕПЛЕТ

Зерттеудің методологиялық негіздері мен әдістері: Зерттеу жұмысын талдау барысында біз соңғы жылдары Отандық тарих ғылымындағы болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық. Осыған дейінгі зерттеулерде Г.Н. Потанин мен қазақ зиялыларының саяси-қоғамдық және рухани байланыстары арнайы тарихи зерттеу көзіне айналмай, тіпті назардан тыс қалып келгенін айта кеткен жөн. Бұған дейінгі жекелеген зерттеулерде Г.Н. Потаниннің қызметі мен өмір жолы отарлық жүйемен байланыста немесе көптеген орыс ғалымдарының көлеңкесінде ғана қарастырылып келген еді. Оның жеке өз басына арналған еңбек тек Ресейде ғана жарыққа шыққанымен оның қазақ зиялыларымен байланысы толық ашылмаған. Ал Кеңестік кезеңдегі зерттеулерде тарихи таптық партиялық ұстанымдар үстем болғандығы белгілі. Міне, сондықтан да біз өз зерттеуімізде жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды, сыннан өткен, жаңа көзқарастар тұрғысынан жазылған отандық және шет елдік зерттеулерді басшылыққа алдық.
Диссертациялық зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізіне диалектикалық тарихи даму заңдылықтарын және өркениеттілік, салыстырмалық, талдау, жинақтау мен қорыту, сонымен қатар жүйелілік әдістер арқылы бердік. Негізгі ұстанымдар ретінде тарихи таным мен концептуальдық ережелер, кешендік теориялар негіздері алынды.
Міне, осындай әдістерді кеңінен қолданудағы мақсат: Г.Н. Потанин мен
оның өмір сүрген ортасындағы саяси әлеуметтік ахуалды, қазақтың саяси және ғылыми элитасымен рухани байланыстарын, дүниеауи көзқарастарын айқындау. Зерттеуде осындай әдіс-тәсілдер Г.Н. Потанин және оның заманына, Алаш зиялыларымен қарым-қатынасы, көзқарастарына, дүниетанымдарына объективті баға беруге қол жеткіздіреді.
Зерттеудің хронологиялық шеңберіне: ХІХ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. басы алынды. Бұл кезеңде қазақ зиялыларының Ресейде білім алып, олардың саяси-рухани көзқарастарының қалыптасып, ел ішіндегі оқиғаларға белсене қатысып, қоғамдық-саяси қызметке араласып, орыс зиялыларымен саяси ағартушылық және ғылыми қарым-қатынастарға осы кезеңде терең бой алдырған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет