Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысының құрылысы тақырыпты және алға қойған міндеттерді ашуда логикалық бір ізділік бойынша жасалды. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған деректер тізімінен, тұрады.
Г.Н. ПОТАНИН - ҰЛЫ САЯХАТШЫ, ҒАЛЫМ, ДЕМОКРАТ
Г.Н. Потаниннің саяси және ғылыми көзқарасын қалыптастырудағы алғы шарттар
Григорий Николаевич Потанин - орыс географы, этнографы, фольклорисі, саяхатшы, түркі-монғол халықтары мәдениетін зерттеуші.
19 ғасырда Қазақстан Европа ғалымдары үшін аса таныс емес, зерттелмеген аймақ болатын. Осы өлкені тұңғыш зерттеушілердің бірі - орыстың белгілі ғалым-саяхатшысы, этнограф, фольклорист Г. Н. Потанин еді.
Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан әйгілі орыс саяхатшысы, этнограф, фольклорист және публицист Григорий Николаевич Потанин (1835-1920) – Қазақстанның тумасы. Ол қазақ халқының шынайы жақсы көрген тұлғасы болып табылады. Ақмоланың тамаша болашағын көре білді.
Григорий Николаевич Потанин 1835 жылы Ямышевск станицасында, болашақ Семей облысының аумағында дүниеге келген. Атасы Илья ірі мал саудасымен айналысқан, Абылай ханмен хат алысып тұрған.
Әкесі казак офицері болған Николай Потанин ХІХ ғасырдың басында сауда керуендерімен Семейден Орталық Азия аумағына дейін барған. Өз уақытында білімді де сауатты адам болған. Географияны, әскери тарих пен ішкі саясатты ерекше білетін. Ол жолдар мен мекендердің сипаттамасын жасаған. Орталық Азияның экономикалық және әскери жағдайын барлап отырған. Николай Потанин Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыспен достық қарым қатынаста болған. Олардың арасындағы достық кейінірек балаларының арасында да орын алған.
Г.Н. Потаниннің (1835-1920) өскен ортасы және көзқарасының
қалыптасуына талдау жасасақ, оның өмірбаяны туралы мәліметтер алғаш рет
П.П. Семенов-Тяншаньскийдің жазғандарында кездеседі [5, 266]. Ол Нива
журналында жарияланған болатын. Г.Н. Потаниннің география, этнография,
фольклор, өлкетану, ботаника ғылымына, Сібірдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қосқан үлесі туралы көптеген энциклопедиялық, анықтамалық және жинақтық басылымдарда жарық көрді. Атап айтқанда, Кеңес дәуіріндегі Үлкен энциклопедияда, Тарихи энциклопедияда, Қысқаша географиялық энциклопедияда Г.Н. Потаниннің өмірі мен ғылымға қосқан үлесі туралы мағлұмат берілген. Неміс тілінен орысшаға аударылған 300 ден астам саяхатшылар мен зерттеушілердің мұраларын сипаттаған өмірбаяндық, анықтамалық сөздікте де Г.Н. Потанин жөнінде мәліметтер бар.
Г.Н. Потаниннің өмірбаянын жазу қай кезде болсын тоқтаған жоқ.
Мысалы, А.В. Адрианов оның 80 жылдығына арналған жинақта өмірбаянын толық баяндаған [6, 79]. В.А. Обручевте оның өмірі мен қызметі туралы көлемді еңбек жазған [7, 600]. Алайда бұл еңбектердің бір кемшілігі Г.Н. Потаниннің.
Алаш зиялыларымен қарым-қатынасы туралы жекелеген мәліметтердің аздығы. М.В. Шиловский Г.Н. Потаниннің туғанына 160 жыл толуына орай ол туралы мәліметті тұлғалық кейіпкер түрінде жинақтаған. М.В.Шиловскийдің келесі бір еңбегі Г.Н. Потаниннің 170 жылдығына арналып, оның Орталық Азияда жүргізген зерттеулерін кешенді түрде қарастырған, әсіресе география, фольклор, этнография, тарих, ботаника т.б. қосқан үлесін көрсеткен. Автор Г.Н. Потаниннің зерттеулеріндегі өзіндік тұжырымдау тәсілдеріне баса назар
аударған. Сонымен қатар ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Сібірдің
қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі Г.Н. Потаниннің Сібір облысшыларының идеологы ретіндегі рөлін көрсетуге тырысып, алғаш рет Ресей тарихындағы аймақтануды негіздеудің тәсілдерін жасаған. Г.Н. Потаниннің Ресейдің ғылымы мен мәдениетіне үлес қосқан П. Семенов-Тяншаньский, А.С. Гациский, И.И. Попов, В.А. Обручев, В.Г. Короленко, Д.А. Клеменц, С.Ф. Ольденбург, В.Я. Шишков, Г.Д. Гребеньщиковпен қарым-қатынастарын талдаған. Сібір кадет корпусында Г.Н. Потаниннің Шоқанмен бірге оқығанын сипаттағанымен, зерттеуде автор Григорий Потаниннің қазақ зиялыларымен қарым-қатынасын көрсетпеген. Г.Н. Гехтман Г.Н. Потаниннің өмірбаянымен бірге, оның географияға қосқан үлесін мазмұндаған. Алайда бұл еңбекте Г.Н. Потаниннің қазақ өлкесін зерттеуде оған көмектескен қазақ зиялылары туралы айтылмаған. Сібір кадет корпусы туралы да еңбектер баршылық. Бұл оқу орнында қазақтың біртуар ұлы Шоқан Уәлихановтың оқығанын мақтан етпейтін қазақ жоқ. Бұл оқу орнының Г.Н. Потаниннің дүниетанымын қалыптастыруда орны ерекше болды. Өйткені, дәл осы жерде ол Шоқанмен бірге оқып, одан көп нәрсені үйренді, оның дарындылығына, біліміне тәнті болды. А.И. Солодухин Кадет корпустарындағы оқу үрдісін сипаттай отырып, Г.Н. Потаниннің өз достары арасында әділетті болғанын айтады. Ә. Марғұлан Шоқан өмірі туралы очерк жазса [8, 276], Шоқан мен Г.Н. Потанин арасындағы достықты С. Өтениязов өз зерттеуінде жүйелі баяндалған [9, 256]. Сонымен бірге автор бұл еңбегінде Мұса Шорманов туралы да ұтымды мәлімет келтіргенін айта кеткеніміз жөн. Ал, М. Малышева мен Познанскийдің мақаласында Г. Потанин Шоқаннан үлкен тағылым алғандығы айтылған. Бұл еңбектер Омбы облысының мемлекеттік мұрағат құжаттарын молынан пайдаланғандықтан құнды деп есептейміз. Ал И. Белов болса Кадет корпусында оқып жүрген кезінде Омбы қаласының Г.Н. Потанинге қалай әсер еткенін жазған. Омбы қаласы туралы М.И. Юрасованың да тамаша еңбегі бар. Г.Н. Потаниннің өзі Қазақстан қалаларының ішінен Семей туралы жазғанын, ал бұл туралы қалалар тарихын зерттеуші Ж. Қасымбаев еңбегінде айтылғанын атап кетуге болады [10, 338]. Г.Н. Потаниннің дүниетанымына, ғылыми жолына үлкен үлес қосқандардың бірі әйгілі саяхатшы П.П. Семенов болды. Ол Г.Н. Потанинге саяхатшы-ғалым болудың жолын көрсетті. П.П. Семенов Г.Н. Потанинді Орыс Географиялық қоғамының жұмысына қатыстырып, оны таза ғылым жолына баулыды. П.П. Семеновтың көзі тірісінде-ақ бұл қоғамның жарты ғасырлық тарихы бар болатын. А.М. Сагалаев пен В.М. Крюков еңбегінде Г.Н. Потаниннің ғылымға қосқан үлесі, көзқарасы туралы жан-жақты баяндалады. Сонымен бірге Сібірдегі қоғамдық және ғылыми өмірді де біршама сипаттаған [11, 4].
Ертістің табиғатынан ерекше әсер алған және әкесінің саяхаттары туралы естеліктерін ой елегінен өткізгеннен кейін Григорий туған жері мен басқа да мемлекеттер мен халықтар туралы зерттеулер жүргізуге ынта-ықыласы ояна бастады. Жасынан ол қазақ тілін жетік меңгерді. Кейінгі жазған естеліктерінде ол былай деп жазды: «Ямышевка тұрғандары, оның ішінде біздің отбасы орыс тілінде де қазақ тілінде қарым-қатынас жасадық. Станицалық қыздар мен жігіттер орыс тілінде де, қазақ тілінде де ән айтты. Орыс дәстүрін ұстандық, қазақы дәстүр де шет қалған жоқ».
10 жасында ол Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Ол бұл жерде әкесінің досы Шыңғыстың ұлы – Шоқанмен танысады. Сондақтан да оның жақын досы Шоқан Уәлихановтың болуы кездейсоқ емес. Шоқан Григорийге қазақ халқының өмірі мен тұрмыс салты туралы көп айтқан. Григорий болса оның айтқан әңгімелерін қағазға түртіп отырған. Шоқан болса, оған мәтіндегі қазақтардың тұрмыс-салтын, киім-кешектермен ат-әбзелдерін, қару түрлерін суретпен көркемдеуге көмектесті.
Кейінірек Григорий былай деп еске алады: «... екеумізді де қырғыз даласы мен Орталық Азия қызықтырған болатын. Ерекше ынтамен Палластың кітабын оқыдық, әсіресе өзіміздің туған жеріміз жайлы жазылған беттерін парақтадық. Оқи отырып қабілетіміз шыңдала түсті» [12, 28].
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.Ф. Костылецкий дала мәдениеті мен тілінің, халық поэзиясы, тарихы мен этнографиясын зерттеуге деген ынтасын тудырған. Григорий Белинскийді, Герценді, Грановскийді көп оқыды және жалпы адамзаттық құндылықтарды ерекше түйсінді.
Григорий мейірімді әрі зерделі жан болған. Ол алдыңғы қатардағы демократиялық және гуманистік көзқарастары арқылы ерекшеленіп тұратын. Ол адалдықты қалайтын әрі ұстанымы берік болатын. Кейінірек гимназия мен жоғары оқу орындарының кедей отбасынан шыққан студенттеріне оқудың ақшасын төлеуге жәрдемдескен. Осы қасиетіне қарай замандастары Григорий Потанинді «ар-ұждан рыцарі» атаған.
Ғалым және қоғам қайраткері ретінде қалыптасуы. Оқуы аяқталғаннан соң жас хорунжий Г.Н. Потанин Семейге жолдама алады. Әскери қызметте бола отырып, ол Қазақстанның бірнеше аймақтарына – Қапалға, Верныйға, Алтайға саяхат жасайды.
Сәлден соң Омбыға қайтқан ел біраз уақыт бойы мұрағатта жұмыс істеп, Сібір, Қазақстан, Жоңғария туралы қызықты мәліметтер алады. Бұл жұмыс барысында оны Омбы арқылы Тянь-Шаньға барар жолда белгілі географ және саяхатшы П.П. Семёнов-Тянь-Шанский кездестіріп қалады. Оның көмегімен Г. Потанин 1859 жылы наурызда жұмыстан шығып, Санкт- Петербург университетінің физика-математикалық факультетіне оқуға түседі.
Ол бұл жерде Сібір студенттерінің арасынан табылып, Сібір жерлестер ұйымы құрды. Сібір өлкесін зерттеу үшін құрылған студенттердің үйірмесі көп кешікпей саяси бағытқа көше бастады. Олар 1860-шы жылдардың басында Ресейдегі демократиялық реформалардың жүргізілуін қолдап саяси қозғалысқа қатысты. 1861 жылы Г.Н. Потанин студенттік қозғалысқа қатысқаны үшін ұсталып, Сібірге жер аударылды.
Өзінің барлық ғұмырында Потанин өзінің туған жері туралы аз мақала жазған жоқ. Ол қазақтардың мәдениеті мен тұрмысы, қазақ-орыс қатынастары, Ертіс өңіріндегі казак тұрғындары туралы жан-жақты суреттеді.
1862 жылы алғашқы рет Жайық даласына ғылыми экспедицияға аттанады. Келесі жылы Зайсандағы экспедицияға қатысады. Көкпектіде, Марқакөлде болған ол тек өлкенің тұрмысын, шаруашылығын және географиясын ғана зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар кептірілген өсімдіктер топтамасын жинады. Григорий Потаниннің бар ынта-ықыласымен тыңғылықты жұмыс жасауының нәтижесінде, жергілікті халықтың тұрмыс салты, мақал-мәтелдері, жұмбақтары мен әндері, ертегілері айқындалды.
Экспедициядан кейін ол, бірнеше уақыт бойы Омбы генерал-губернаторлығында татар және қазақ тілінен тілмаш болып қызмет жасады. Томскідегі статистикалық комитетте хатшылық қызмет жасады. Ол бұл жерде Орыс географиялық қоғамының Шығыс-Сібір бөлімін басқарды. Кемел жасқа келгенде ол «Сібір өлкесін зерттеу және тұрмысын түзету» қоғамын құрды.
ХІХ ғасырдың 70-90 жылдары Потанин Сібір өлкесіндегі, Қазақстандағы, Орталық Азиядағы толық зерттелмеген аймақтарына саяхат жасап оның тарихына, этнографиясына, географиясына, ботаникасына, экономикасына байланысты құнды деректер жинақтады. Ол алаш қайраткерлері Ә. Бөкейхан, Ә. Ермековтардың қолдау көрсетуімен Семей облысы, Қарқаралы уезіндегі қазақ ауылдарын аралады. Сонымен қатар, Томскіде біраз уақыт бойы әйелдер мен ерлер гимназиясында тарих пәнінен сабақ берген.
Г.Н. Потанин қоныс аударушы орыстар мен жергілікті қазақтардың арасындағы өзара түсіністік жайлы айтып кеткен. «Сібір казак әскерлері туралы жазбаларында» орыстардың арасында қазақ тілінің ауызекі сөйлеу құралы ретінде кең таралғанын айтып кетті. Сонымен бірге, орыс казактары қазақ дәстүрінің көбісін бойына сіңдіріп алғандығын келтірген. Олар әсіресе Коряков және Ямышевск өңірлерінде тығыз өзара әрекет жасады.
Г.Н. Потанин 1835 жылы Ақмола облысы Ямышинск станицасында дүниеге келді. Оның әкесі, казак офицері, хорунжий - Николай Ильич Потанин 19 ғасырдың басында, ғалым –зерттеушілерден де ертерек сауда керуенімен, зерттеуші экспедициялармен бірге қазақ даласын кесіп өтіп, Семейден Қоқан хандығына дейін барып қайтқан. Ол тек жол маршруттарын есіне сақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар жолжазба деректерін жазып, хандықтың экономикалық, әскери жағдайын барлап отырған. Көргені мен естігендерін «Хорунжий Н. И. Потаниннің Қоқан хандығы туралы жазбалары» атты еңбегінде жазып отырған. Потаниннің жазбалары алғаш рет «Әскери журналда», кейінірек шетелдегі ғылыми әдебиеттерде басылды [13, 428].
1846 жылы Г. Потанин Омск қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, Шоқан Уәлихановпен бірге оқыды. Оқуды бітірген соң, жас хорунжий Г. Н. Потанин Семейге, одан кейін Омскіге әскери қызметке жіберілді. Әскери қызметте жүріп Қазақстанға бірнеше рет сапарнама жасады, Верный (Алматы), Құлжа, Алтайда болды. Жас Г. Потаниннің белгілі саяхатшы П.П. Семенов-Тянь-Шанскиймен таныстығы оның өмір жолын анықтауға әсерін тигізді. Сол кісінің араласуымен Г. Потанин әскери қызметтен босап, 1859 жылы наурыз айында Петербург Университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсті. Г. Потанин, Н. М. Ядринцев, С.С. Шишков, Ф. Н. Усов сияқты сібірлік студенттердің тығыз байланысының нәтижесінде сібірлік одақтастық құрылды. Туған өлке - Сібірді зерттейтін пікірлес студенттердің үйірмесі сияқты құрылған бұл одақ көп кешікпей қоғамдық-саяси бағыт ала бастады. 60-жылдардың басында олар Ресейдегі демократиялық реформалар үшін ашық күресе бастады. 1861 жылы Г. Потанин студенттік толқуларға қатысқаны үшін тұтқындалып, Сібірге жер аударылды.
1862 жылы ол өзінің алғашқы ғылыми экспедициясына, Оралға аттанды. 1863-1864 жылдары Шығыс Қазақстанға бірнеше мәрте саяхат жасады.
1874 жылы Г. Н. Потанинге монғол экспедициясына дайындалу үшін Петербургте қалуға рұқсат етілді. 19 ғасырдың 70-90 жылдарында Орта Азия мен Сібірдің аз зерттелген өңіріне бірнеше саяхат жасап, география, ботаника, экономика, этнографиядан ауқымды материалдар жинады.
1853-54 жылдары әскери жасақ құрамында Іле жорығына қатысқан. Алтайда, Оыбыдағы Батыс Сібір және Қазақ даласы Әскери басқармасында қызметте болғанда жергілікті халықтардың ауыз әдебиеті, әдет-салтына байланысты мәліметтер жинай жүрген.
Ш. Уәлихановтың кеңесімен Орта жүз, Ұлы жүз қазақтарының және жоңғарлардың Ресеймен қарым-қатынасы туралы тарихи, архив деректерімен танысқан. Географ П. П. Семенов Тян-Шанскийдің көмегімен Потанин 1859 ж. әскери міндеттен босатылып, Петербург университетінің табиғаттану бөлімі, физика-математика факультетіне оқуға түсті. Жасырын «Сібір үйірмесіне» қатысқаны үшін 1861 ж. оқудан шығарылып, Петропавл түрмесіне жабылды, Омбыға жер аударылды [14, 368].
1863-64 ж. ғалым Зайсан көлі, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы атырабын зерттегелі келген астроном К.В.Струве экспедициясына қатысқан. Патша Патша үкіметінің тексерісіне іліккен Потанин тұтқындалып, 1871 ж. Вологда губерниясына жер аударылған. Алайда ол зерттеу ісін, ғалымдармен байланысын ұзбей, Орыс географиялық қоғамы тапсыруымен «Томск губерниясында түркі және орыс тайпаларының 17-19 ғғ. басында таралуына шолу» атты еңбек жазды. Ғалымдардың қолдауымен 1874 ж. бостандық алған Потанин 1876-80 ж. аралығында Солтүстік Батыс Монғолия және Тува экспедициясына, 1884-86 және 1892-93 ж. Солтүстік Қытай, Тибет, Орталық Монғолия экспедицияларына басшылық еткен. Потаниннің зайыбы, XIX ғасырда Орыс әйелдерінің арасынан шыққан тұңғыш саяхатшы Александра Викторовна Потанина (1843-93) бірге болып, экспедициялық зерттеулер жүргізген.
1899 жылы Потанин үлкен Хинган экспедициясын басқарған. Экспедициялар кезінде жиналған қыруар мәліметтер, Орта Азия географиясы мен этнографиясына сипаттамалары ғалымдар тарапынан жоғары бағаланған. Потаниннің «Солтүстік батыс Монғолия очерктері» 1-4 (1881-89), «Қазақтың соңғы Ханзадасының киіз үйінде» («Русское богатство», 1896, 18), «Орта ғасырлық Европа жотасындағы Шығыс сарындары» (1899), «Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз-әңгімелері және ертегілері» (1916) еңбектері түркі, монғол ғылымына қосқан үлкен үлес болды.
Потаниннің қазақтың данышпан ақыны Абай Құнанбаев, оның інісі Халиулла Өскенбаев жөнінде жазғандары 1898 ж. «Русское богатство» журналының 8-ші санында жарияланған. «Қазақтың соңғы Ханзадасының киіз үйінде» еңбегінде Абайдың інісі Халиулла Өскенбаевтың өмірі, оқып білім алып, оның орыс әдебиеті үлгілерін қазақ жеріне таратқаны туралы ризашылықпен әңгімелейді.
Ағайынды Белослюдовтардың Семейдегі Абай музейінде сақтаулы хаттарында Потаниннің Абай шығармаларын орысшаға аударып, Сібірдің газет-журналдарына бастыру керектігі туралы ұсыныс жасағаны жазылған. Николай Белослюдов 1911 ж. 28 қаңтардағы хатында Томскідегі Г. Н. Потанин үйіне арнайы іздеп барып, онымен кездесіп, әңгімелескенін, оған А.Құнанбаев туралы айтқанын, сонда Г. Потаниннің: «Сендер Коншинге жазыңдар, Абайдың ең таңдаулы өлеңдерін іріктеп алып, «Сибирская жизнь» газетіне бастырып, көпшілік қауымға таныстырсын» деп, Семейдегі Коншинге тапсырма бергенін керсеткен. А.Байтұрсынов, М. Дулатов Н. Г. Потанинге арнап өлең шығарған [15, 55].
Өмірінің соңғы жиырма жылын Г. Потанин Иркутск, Красноярск, Томск қалаларында өткізіп, жаз айларында Алтайға, Байкалға, Қырғыз далаларына саяхат жасап, халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін - аңыз -ертегілерді жинастырып, шығыс дәуірі туралы өз еңбегін толықтыра түсті. 1917 жылы қазақ тілін жақсы меңгерген Г. Потанин Орынборда өткен жалпықырғыздық бірінші сьезге Семей облысынан делегат болып қатысып, жалпыресейлік құрылтай жиналысына делегат болып сайланды Григорий Николаевич Потанин 1920 жылы 30 маусымда Томск қаласында дүниеден өтті. Тянь-Шань жоталарының біріне, Алтайдағы Таван-Богдо-Ула тауларындағы ең ірі мұздыққа, 9915-астероидқа, қызғылт тұқымды – потаниния өсімдігіне Г. Потанин есімі берілді.
Сібірдің бірнеше қалаларында, Алматы қалаларында Г. Потанин атындағы көшелер бар. Г.Н. Потанин - Орыс география қоғамының құрметті мүшесі, Томск қаласының Құрметті азаматы. Томск қаласында Г. Потанинге ескерткіш орнатылған.
Ғалым және қоғам қайраткері ретінде қалыптасуы. Оқуы аяқталғаннан соң жас хорунжий Г.Н. Потанин Семейге жолдама алады. Әскери қызметте бола отырып, ол Қазақстанның бірнеше аймақтарына – Қапалға, Верныйға, Алтайға саяхат жасайды.
Сәлден соң Омбыға қайтқан ел біраз уақыт бойы мұрағатта жұмыс істеп, Сібір, Қазақстан, Жоңғария туралы қызықты мәліметтер алады. Бұл жұмыс барысында оны Омбы арқылы Тянь-Шаньға барар жолда белгілі географ және саяхатшы П.П. Семёнов-Тянь-Шанский кездестіріп қалады. Оның көмегімен Г. Потанин 1859 жылы наурызда жұмыстан шығып, Санкт- Петербург университетінің физика-математикалық факультетіне оқуға түседі.
Ол бұл жерде Сібір студенттерінің арасынан табылып, Сібір жерлестер ұйымы құрды. Сібір өлкесін зерттеу үшін құрылған студенттердің үйірмесі көп кешікпей саяси бағытқа көше бастады. Олар 1860-шы жылдардың басында Ресейдегі демократиялық реформалардың жүргізілуін қолдап саяси қозғалысқа қатысты. 1861 жылы Г.Н. Потанин студенттік қозғалысқа қатысқаны үшін ұсталып, Сібірге жер аударылды.
Ғылыми және оқытушылық қызметі. Өзінің барлық ғұмырында Потанин өзінің туған жері туралы аз мақала жазған жоқ. Ол қазақтардың мәдениеті мен тұрмысы, қазақ-орыс қатынастары, Ертіс өңіріндегі казак тұрғындары туралы жан-жақты суреттеді.
1862 жылы алғашқы рет Жайық даласына ғылыми экспедицияға аттанады. Келесі жылы Зайсандағы экспедицияға қатысады. Көкпектіде, Марқакөлде болған ол тек өлкенің тұрмысын, шаруашылығын және географиясын ғана зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар кептірілген өсімдіктер топтамасын жинады. Григорий Потаниннің бар ынта-ықыласымен тыңғылықты жұмыс жасауының нәтижесінде, жергілікті халықтың тұрмыс салты, мақал-мәтелдері, жұмбақтары мен әндері, ертегілері айқындалды.
Экспедициядан кейін ол, бірнеше уақыт бойы Омбы генерал-губернаторлығында татар және қазақ тілінен тілмаш болып қызмет жасады. Томскідегі статистикалық комитетте хатшылық қызмет жасады. Ол бұл жерде Орыс географиялық қоғамының Шығыс-Сібір бөлімін басқарды. Кемел жасқа келгенде ол «Сібір өлкесін зерттеу және тұрмысын түзету» қоғамын құрды.
ХІХ ғасырдың 70-90 жылдары Потанин Сібір өлкесіндегі, Қазақстандағы, Орталық Азиядағы толық зерттелмеген аймақтарына саяхат жасап оның тарихына, этнографиясына, географиясына, ботаникасына, экономикасына байланысты құнды деректер жинақтады. Ол алаш қайраткерлері Ә. Бөкейхан, Ә. Ермековтардың қолдау көрсетуімен Семей облысы, Қарқаралы уезіндегі қазақ ауылдарын аралады. Сонымен қатар, Томскіде біраз уақыт бойы әйелдер мен ерлер гимназиясында тарих пәнінен сабақ берген [16, 276].
Г.Н. Потаниннің қазақтар мен қазақ-орыс қатынастары туралы. Г.Н. Потанин қоныс аударушы орыстар мен жергілікті қазақтардың арасындағы өзара түсіністік жайлы айтып кеткен. «Сібір казак әскерлері туралы жазбаларында» орыстардың арасында қазақ тілінің ауызекі сөйлеу құралы ретінде кең таралғанын айтып кетті. Сонымен бірге, орыс казактары қазақ дәстүрінің көбісін бойына сіңдіріп алғандығын келтірген. Олар әсіресе Коряков және Ямышевск өңірлерінде тығыз өзара әрекет жасады.
Саяхатшы қазақтардың отырықшылыққа көшуге деген талпынысын, орыстардың құрал-саймандары мен керек-жарақтарының қазақтар арасына тарауы туралы: «Казактар балық аулауға бара жатып, өздерімен бірге Көкпекті дүкенінен бірнеше тауарларды өздерімен бірге алып жүреді, олар бұл тауарларын қырғыздарға балыққа, мал және егін өнімдеріне айырбастайды» [16, 276]. Оның «Қазақ-қырғыз және Алтай аңыздары мен ертегілері», «Соңғы қазақ ханзадасының киіз үйінде», «Шоқан Уәлиханов туралы биографиялық мәліметтер» атты еңбектерінде Қазақстан мен қазақ халқы туралы көптеген мәліметтер жазылған. Ол барлық жан-тәнімен даланы және оның халқын жақсы көрді, олардың өткені мен бүгінін белсенді түрде зерделеумен айналысты.
Жергілікті халық пен тығыз байланыс жасап араласа отырып, орыс қоғамына қазақтар туралы жан-жақты таныстырды. Ол көшпенді халықтың әлемдік мәдениетке қосқан үлесін жоғары бағалады.
Григорий Потанин мен Шоқан Уәлихановтың достығы. Григорий мен Шоқанның достығы кадет корпусының қабырғасында басталып, жалғаса түсті. Бұл туралы Григорий былай деп жазды: «Біз Шоқанмен жиі кездесіп тұрдық. Ол бірінші Петербургке барып, университетте дәріс тыңдаймыз деген жоспар құрды. Одан кейін университтен шығып, Орталық Азияға саяхаттамақшы болған едік».
Олар қазақ ауылдарына жасаған саяхаттары туралы мақаланы бірге дайындады. Қазақ ағартушысының жазбаларында Потаниннің қолтаңбасы қалды. Потанин Тарбағатайда «Қозы-Көрпеш» пен «Итыгиль» ертегісін жазып алғандығы туралы сонда баяндалады. Григорий Потанин Шоқанға Санкт-Петербург университетіне оқуға түсуге ұсыныс жасаған. Сонымен қатар досы Потаниннің белгілі бір дәрежеде ғалым-этнограф ретінде қалыптасуына зор үлес қосқан. Сондықтан да қазақтардың ауызша таралған өлең жазбаларын қағазға түсіру дарынды орыс ғалымының өлшеусіз еңбегі болып табылады.
Тек Шоқан Уәлихановтың өлімі ғана олардың байланыстарын үзген. Григорий Шоқанның алғашқы екі томдық жинағын дайындаған. Ерте өмірден кеткен досының өмірбаянын жазып қалдырған [17, 288].
Григорий Потаниннің идеялық және саяси көзқарастары. Григорий Потаниннің демократиялық көзқарастары Омбыда оқу орнының қабырғасында оқып жүргенде қалыптасты. Оған орыс және шетел интеллигенциясының алдыңғы қатардағы идеялары ықпалын тиізді.
Идеялық және саяси көзқарастарының қалыптасуына ықпал жасаған досы Шоқан болатын. Жас ғалым Шоқан Потанинді еркіндік сүйгіш поэзия падишасы Гейнемен таныстырған. Дуровпен Г.Н. Потанинді Шоқан таныстырған еді. Дуровпен танысып, сұхбаттасқаннан кейін Г.Н. Потаниннің саяси көзқарастары өзгеріп, петрашевшіл болған. Осылайша Шоқанның Потанинге ықпалы көп тиді. Әрі Шоқан сол кездегі орыс қоғамы мойындаған адамдармен, белгілі зиялылармен араласқан, дәмдес болған. Мұндай байланыстары томаға-тұйық болмай, қасындағы Г.Н. Потанин сияқты достарын да араластыра жүрген.
Санкт-Петербургте оқып жүрген кезде, «Сібір областничествасындағы» Н. Ядринцевпен, Ф. Усовпен, А. Щаповпен танысады. 1865 жылы Г.Н. Потанин Сібірді Ресейден бөліп алу идеясын насихаттаған үйірмесін ұйымдастырды деген күдікпен ұсталып, 1868-1871 жылға дейін Финляндияда, кейінгі үш жылда Вологодск губерниясында айдауда болады. Бұл жерде оның хал-жағдайын білуге туыстары мен достары, сонымен қатар қазақтар да аз болмаған. Соның ішінде Шоқанның туысы поручик Сұлтанғазы Уәлиханов та бар болған.
Г.Н. Потаниннің Қазақстан тарихындағы рөлі мен орны. Ұлы ғалым, орыс халқының лайықты ұлы, Ресей империясының барлық езілген халықтарының қорғаны ұрпақтарының жадында мәңгіге қалды. Ол Қазақстанның тарихы, этнографиясы, географиясы және табиғатының аса ірі зерттеушісі ретінде есте қалды. Сібір мен Қазақстан туралы материалдар оның ғылыми мұрасындағы негізгі бағытты құрады. Сондықтан да өзінің 80 жасқа келген жылы оның бір уақытта бірден Том, Омбы және Красноярск қалаларының құрметті азаматы атағын алуы кездейсоқ емес еді. Ал 1918 жылы оған Уақытша Сібір үкіметі «Сібірдің құрметті азаматы» атағын берді. Оның Сібірдегі беделінің жоғары болғаны соншалықты оған Уақытша үкімет те, большевиктер билігі де дербес зейнетақы тағайындаған болатын.
Григорий Потанин алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары арасында да зор құрметке ие болды. Мысалы, ол тек Шоқан Уәлихановпен ғана емес, өз жерлестері Мұса және Сәдуақас Шормановтармен, Имантай Сәтпаевпен де достық қатынаста болды. Өз досы Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлихановқа перзенттік құрметпен қарады. Қарт сұлтанмен әсерлі кездесулердің бірінен соң ол «Соңғы ханзаданың үйінде» атты тамаша мақаласын жазды [18, 128].
Потанинді Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, С.Торайғырұлы, Ж. Ақбайұлы, М. Жұмабайұлы, Ә. Ермеков және басқа да Алаш қозғалысының серкелері мен қатысушылары ерекше құрметтеп, қарым-қатынаста болды. Әлихан Бөкейхан ол туралы өте тебіреністі естеліктер қалдырған: «Ол қазақтарға өз туғандарына сияқты өте жылы қарады. Оның еңбектері, оның сипаты әулие адамның өміріне ұқсас».
Қазақ демократиялық элитасы оны тіпті «қазақ мұңшылы» деп те атады, себебі ол еркіндігі мен тәуелсіздігін патша үкіметі тежеген қазақ халқының болашағы үшін қатты уайымдайтын. Ол өз отаны Қазақстанды өте жақсы көрді. Бірде ол: «Біз өмір сүріп отырған мына жерлер адамның нағыз отаны... Адам ата мен Хауа ананың жұмағы Ертістің жоғарғы жағында болғанына менің күмәнім жоқ», – деп жазған болатын [18, 128].
Григорий Николаевич қазақ және орыс халықтары достығының нағыз жақтасы болды. Өз жерлестері қазақтардың болашағы үшін алаңдады, олардың ізгі ұлттық сипаттарын атай отырып: «қазақтар – сергек, салауатты, өмірге құштар халық: олар көңіл көтергенді ұнатады, киім кигенде ашық түстерді, өмірде мерекелерді жақсы көреді» деп көрсетті [18, 128].
Ұлы ғалымды Даланың болашағы да алаңдатпай қойған жоқ. Бұл туралы қазақ халқының шынайы досы Григорий Потанин: «Егер біз Қазақстанның автономиясына қол жеткізе алсақ Қараөткелді (қазіргі Астана – авт.) Алаштың (қазақтың – авт.) астанасы етеміз, егер осы жерде қазақ ұлдары мен қыздарын оқытатын университет ашсақ, онда Еуропа «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» жырын жазған, Шоқанды, Абайды, Ахметті, Міржақыпты дүниеге әкелген қазақтардың кім екенін таныр еді... Болашақта қазақтар әлемнің басқа халықтары арасында ең лайықты орын алады», – деп жазды [19, 418].
1915 жылы қазақ зиялылары ұлы ғалымның мерейтойын жарқын түрде атап өтіп, көптеген Алаш қайраткерлері ол жөнінде жылы лебіздер жазды. Соның ішінде, Міржақып оны «Сібірдің құрметті ақсақалы» деп атап, оған «Ардақты қарт! Келдім бүгін тойыңа» деген өлеңін жолдады. Аса көрнекті қазақ ағартушысы, лингвист, публицист және ақын А. Байтұрсынұлы да оған өлең жолдарын арнады. Потаниннің құрметіне көптеген отандық қалаларда – Астанада, Алматыда, Павлодарда, Семейде, Петропавлда көшелер аталған. Потанин атымен мектеп және Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі аталған, оның құрметіне Павлодар облысы Черное селосында ескерткіш орнатылған [19, 418].
Дала тұрғында оны «сұлу жанды ақсақал» деп атады. Бұл оның ел алдындағы еңбектері үшін жоғарғы баға болатын. Қазақ халқы және Сібір мен Қазақстанды мекендеген барлық этностар өкілдері оның есімін өз жадында мәңгіге сақтайды.
1.2 Г.Н. Потаниннің Сібірдегі саяси қоғамдық қызметі
Григорий Потаниннің де қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларымен араласып, тағдырлас, замандас болып, бір мақсат-мүддемен жүруі, бір-бірімен рухани үндес болғаны айтылды.
Революцияға дейінгі тарихнамада интеллигенцияға қатысты үш бағыт көрсетілетін: халықшылдық, либералдық, маркстік-лениндік. Бұл бағыттағы зерттеушілер Ресей зиялыларының қоғамдағы орнын айқындауға тырысты. Ондай еңбектерде көбінесе мұғалімдер, дәрігерлер, темір жол қызметкерлері, студенттердің және тағы басқалардың өмірі мен қызметіне сипаттама берілетін. Халықшылдық тәсілде зиялыларға қатысты белгілер нақты көрсетілді. Мұндай белгілерге халықтың мүддесі үшін олар өзін-өзі құрбан етуге дейін барады деген пікір негіз болды. Мұндай тәсілде зиялылардың әлеуметтік-кәсіби белгілері жоққа шығарылып, зиялы қауымның бүкіл қызметі саяси қызметте делінді [20, 179].
Сол жылдары бұл пікірлерге қарсы жинақтар да шығады. Зиялылардың мемлекетке, революциялық қозғалыстарға қатынасы туралы мәселені талдауға түрлі саяи топтардың өкілдері белсене араласты.
Пікірталастарда орыс зиялыларының дүниетанымы, оның қоғамдағы орны мен рөлі мәселесі қозғалды. Бұл мәселе әсіресе Н. Бердяевтің «Философская истина и интеллигентская правда» мақаласында өткір қойылды. Либералды тұжырымдаманың өкілдері «Вехи» жинағында «интеллигенция» ұғымын саясаттандырғаны үшін халықшыларды сынады. Зиялылықты анықтаудағы халықшылдық тәсіл оларды әлеуметтік-саяси сапа қалыптастырды деп санаушы еді [21, 78].
Бұл жерде біздің ойымыз бойынша зиялыларды сипаттауда оның рухани іске араласу дәрежесін ғана көрсететін сыртқы жағын ғана қарастырып қана қоймай, сонымен қатар рухани құндылықтарды таратуда жетекші болатынын дәлелдейтін ішкі сипатын да қарастырған маңызды деп есептейміз. Зиялылардың қалыптасуы, әлеуметтік құрылыстағы оның орны мен рөлі, тарихи орны туралы мәселе де зерттеушілердің назарынан тыс қалған емес. «Интеллигенция» термині Ресейдің қоғамдық ойында көптеген пікір туғызды. Ғылыми пікірталастағы негізгі мәселе «интеллигенция» ұғымын анықтаудан басталды. ХХ ғ. басындағы тұжырымдамаларға қарасақ, интеллигенция ұғымы негізінде рухани бастама жатыр. Ол ой еңбегімен айналысатын, ерекше жағдайда қалыптасқан әлеуметтік топ. Талдаудың өзіндегі осы тұжырымдамаларға жүгінсек, ХХ ғасырдағы Ресей зерттеушілері бұл мәселені адамгершілік көзқарас тұрғысынан қарастырды. Н.А. Бердяев «интеллигенция» ұғымын адамгершіліктің өзі интеллектуалдылықтан жоғары болды деген ресейлік ойдың өзіндік сипатымен байланыстырады [22, 7]. Яғни, өз сөзімімізбен түсініктеме берер болсақ интеллигент дегеніміз ақыл ой, білімділік деңгейімен ғана емес адамгершілік, ар ожданымен айқындалады.
Зиялылар тапқа, әлеуметтік топқа жатпайтын ерекше қоғамдық топ ретінде сипатталды. Мұндай пайымдаманы ұстайтындардың көзқарасы бойынша интеллигенция этикалық жағынан тоғышарлыққа қарсы, әлеуметтік жағынан топқа, тапқа жатпайтын адамдардың сабақтастық тобы, олар толығымен идеямен айналасып, сол идеяға қызмет етуге дайын болады. Олар білімді, сонымен қатар бар нәрсеге сыни көзқараспен қарайды. Әсіресе олар өз халқы үшін күйіне біледі, өз отанының тағдыры үшін алаңдайды.
ХХ ғ. басындағы зерттеушілер интеллигенцияны әлеуметтік-этикалық категория деп түсінді. Мысалы, интеллигенция деп нақты әлеуметтік дүниетанымы, адамгершілік келбеті бар адамдары таныды. Интеллигент деген сыни ойлай алатын адамдар, ескіге қарсы күресе алатын, жалпы теңдік пен бақыт мұраты үшін күреске бастайтын, тоқыраушылықтың жауы, революционер, әділдікті іздейтіндер. Осындай рухани-әлеуметтік тұрғыдан қарағанда зиялылар тарихы идеялар мен қоғамдық ойлар жыйынтығының тарихы. Оны нақты тапқа жатқызу мүмкін емес. Осындай тәсілмен анықтаған кезде интеллигенция феномені ұлттық санамен пара-пар келеді. Ұлттық сипат ұлтқа да өз ізін қалдырады. Интеллигенция орыстықтың шынайы белгілерін көрсетті, сондықтан бірқатар авторлар бұл ұғымды тек орыс интеллигенциясына ғана қолдану керек деген пікірде.
Адам тиімділікті ғана ойлап қоймай, жеке өзі метафизикалы да ойлайды. Ойлау принципіне сай адамдар ғылыми және көркемдік мектептерге, бағыттар мен қозғалыстарға бөліне алады.
Н.П. Гордеевтің пікірінше, мұндай жағдайда тұлғалар тобының таптан, әлеуметтен тыс тобын айтудың қажеті жоқ, өйткені әңгіме рухани тарих, ой тарихы туралы болып отыр. Ал оны осы ұрпақтың кез келгені қайталай алады.
М.А. Славинский интеллигентті интелектуалды зертхана деп атап, онда таза мәдени құндылықтардан басқа, ұлт азаттықтың және саяси құрылымның түрлері мен кейпі жасалады деген пікір айтады [3, 47]. Бұл автордың ұлтты дамытудағы интеллигенцияның рөлі туралы мәселені көтергенін құптауға болады. Автордың ойынша, интеллигенция өз халқының ұлттық санасының барлық құрамдарын қорғайтыны анық. Оның мәдени дамуы сол халықтың мәдени даму деңгейімен анықталады, оның көңіл-күйі де сол ұлттыкіндей, психикасы халықтық санамен ұлттық психологияның ақырғы формасын береді. Халықтың мәдени-ұлттық шығармашылығының басты қаруы болып табылатын ұлттық тіл соның иелігінде болады. М.А. Славинскийдің пайымдамалары қазіргі заманғы зерттеушілердің көзқарастарына қарама-қайшы келетінін байқауға болады.
Таптық қоғамдағы интеллигенцияның орны туралы айта отырып, С.Я. Вольфсон оның пролетариат пен ұсақ буржуазия арасындағы аралық топ екенін, «пролетарлық интеллигенция» терминіне қарсы екенін айқындап, кез келген интеллигенция тапқа тәуелсіз деп көрсетеді. Автордың бұл ұстанымы интеллигенция туралы кеңестік тарихнамада оңшыл оппортунистік делінді. Интелегенция туралы екінші тұжырымдаманы жақтаушылар оны күрделі шығармашылық еңбекпен, кәсіби ой еңбегімен айналысатын адамдар тобы деп таныды. Бұл анықтамаға назар аударсақ, В.И. Лениннің «Бір қадам алға, екі қадам артқа» деген еңбегінде интеллигенциға қатысты утилитаризм тәсілін қолданғанын байқаймыз, ал бұл тәсіл большевиктер партиясы билікке келгеннен кейін теория мен практикада жүзінде анықталды. Мұндай марксистік тәсілде революцияға дейінгі және кеңестік кезеңдегі интеллигенция арасындағы айырмашылық көрсетілмеді, оның рөлі мен орны да анықталмаған. Интеллигенция қызметін таза кәсіби қызмет деп санайды [4, 177].
В.И. Ленин орыс қоғамының ерекше тобы ретіндегі «сословиесіз интеллигенция» тезисіне қарсы болып, орыстың алдыңғы қатарлы, либералды, демократиялық интеллигенция буржуазиялық интеллигенция болды деп мәлімдеді. И.В. Сталин интеллигенция мәнін теориялық жағынан қарапайым схемаға салды. Ол В.И. Лениннен коммунистік қоғамды дамытудың жоғары деңгейіне жеткізетін ерекше әлеуметтік топ деген пікірін ала отырып, кеңестік қоғамның әлеуметтік-таптық құрылысының «үштік формуласына» енгізді.
Мұстафа Шоқай интеллигенция деп кім алдына жоғары мақсат қойып, сол мақсат үшін барлығымен бірігетін білімді адамдарды атауға болатынын айтты. Ұлттық интеллигенция құрамына өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін еңбек ететіндер де енеді деп көрсетті [35, 426].
Кеңестік қоғамдық ғылымда интеллигенция мәселесі идеологияландырылды. Марксизм догматикалық бұл мәселені ХХ ғ. 30-жж. толығымен бекітті. Интеллигенция өзінің жеке дүниетанымы жоқ, қоғамның қандай да бір табының дүниетанымын білдіретін ой еңбегі қызметкерлерінен тұратын әлеуметтік топ ретінде анықталды. Бұдан басқа анықтамаларды қабылдамады. Кеңестік ғылымда ұзақ уақыт бойы интеллигенцияның әлеуметтік-саяси дербестігі туралы мәселе жабық болды.
Деректік мәліметтерге қарағанда алашшыл ұлт зиялылары саяси күрес жүргізуді, дипломатиялық, идеологиялық әдістерді кең қолданған. Өйткені, сол тарихи кезеңде қазақ қоғамының ішкі және сыртқы әсерлері яғни демографиялық ара салмақ, орыс халқының шовинистік пиғылы, автономия ісін жүзеге асыруда әрдайым дипломатиялық тәсілдерді қолдануға мәжбүр болды. Өйтпеген жағдайда елде азамат соғысы өрті тұтануы мүмкін еді. Міне осы жағдайды ескере отырып бұл кезеңдегі қазақ зиялыларының әр бағыттағы белсенді қызметі нәтижесінде алаштық дипломатия мектебі қалыптасты деген қорытынды да жасауымызға болады. Идеологиялық әдіс - қазақ қоғамын идеялық тұрғыдан біріктіруге, халықтың саяси сана-сезімін оятуға және большевизмге қарсы үгіт-насихат жүргізу жұмыстарында кеңінен қолданылды. Саяси күрес жүргізудегі ұлт зиялыларының ұстанған әдістерінің ішіндегі маңыздыларының бірі - қай жерде болмасын қалалық Думада, Земство мекемелерінде, Кеңестік биліктің негізгі ықпалды, жауапты қызмет орындарын қолға алу арқылы ұлттық мүддеге сай жұмыс жүргізу тәсілі болды. Сондай-ақ, Алаш зиялылары большевиктерге қарсы саяси репрессиялық әдіске де жүгінуге тырысқан.
1917 жыл ақпан айында Сібір мен Ресейде қандай да бір әлеуметтік дүмпулердің болатынындай серпіні байқалған жоқ. Жергілікті жандармдық басқарманың ай сайын жасайтын есептерінде 1916-1917 ж. басында әкімшілікке қарасты территорияда мемлекетке қарсы ұйымдар құрылмаған, революциялық басылымдары таратылмаған, өздерінің баспахананалары болмағаны жөнінде жазылған. ХХ ғ. басында Сібір деревнясында да айтарлықтай өзгерістер орын алды. Олар дәстүрлі өмір салтын сақтап қалғысы келді. Толқулар көп болғандықтан Сібірдің оңтүстігінде тұрақсыздық көрініс тапты. Толқулардың көп болу себебін зерттеушілер қоныстанушылармен байланыстырады. Мысалы, 1907-1911 жж. Алтайға 730 мың адам келген немесе бүкіл Сібірге келіп қоныстанғандардың 40 пайызы. Жаппай қоныстану жер мәселесімен байланысты проблемалар туғызатыны белгілі. Ал оны мемлекет шаруалар есебінен шешті. Қоныстанушылар старожилдерден де нашар тұрды. Жер мен орманды пайдалану жағынан шаруалар өзін кем санады, сондықтан жаңа қоныстанушылар мекендеген аудандар село мен мемлекет арасындағы тұрақты қарама-қайшылықтың орталығы болды. Бұл қақтығыс ашық жүрді, тіпті қарулы қақтығысқа дейін барды. Егер 1861-1905 жж. жаппай толқу байқалған жоқ, ал 1905-1907 жж. – үшеу, 1908-1916 жж. онға жуық болды. 1908-1916 жж. қанды қақтығыста 29 полицей, орман күзетшілері, село старосталары өлтіріліп, 89 жараланды не ұрып соқты, өзін-өзі қорғаған 13 шаруа өліп, 14 жараланған [37, 221].
Сібір интеллигенциясы самодержавиені құлатуды ойлаған барлық саяси топтардың одағын құруға талпынды. Мұның үлгісі Томск технологиялық институтының профессоры, Томск губерниясынан ІІІ және ІУ Мемлекеттік думаның депутаты кадет партиясының көшбасшысының бірі Н.В. Некрасовтың «Мен к.-д партиясына 1905 жылы бұрынғы Азаттық одағындағы партияда жоқ бір топ жолдастарыммен бірге кірдім. Бұл топ тек социалистік болған жоқ, бірқатар мәселелер бойынша оңшыл ұстанымда болды. Біз республикашыл-федералистер болдық, патша үкіметіне қатысты оппозициялық тактика ұстадық» [38, 73]. Думадан тыс демалыс айларында Н.В. Некрасов Сібірдің әр жерінде «Орыс либерализмінің болашағы» тақырыбына дәрістер оқыды.
Соғыс кезінде аймақтық әлеуметтік-саяси құрылымдардың бәрі де бірінші кезекте теориялық-идеологиялық ұйымдық тоқырауда болған. Іс жүзінде олардың ұйымдық құрылысы құлаған еді. Эсерлер мен социал-демократтар арасында арандатушылар көп болды. Алайда өкіметті қолдаған барлық саяси бірлестіктер соғысты Ресей тарихының бір кезеңі деп қарады. Сібірдегі саяси топтардың бірігуінің тағы бір көрінісі земство үшін күрес болып қала берді. Бұл үшін қалалардағы Бүкілресейлік одақтардың бөлімдері мен олардың съездері, сонымен бірге мәдени-ағарту ұйымдар белсенді түрде қолданылды [39, 79]. 1915 жылы сәуірде жиналған Омбыдағы Батыс Сібір қалаларының съезі земствоны енгізу жөніндегі талаппен арнайы резолюция қабылдады.1916 жылы 14-19 сәуірде болған Иркутскідегі Шығыс Сібір қалаларының съезі жандармдардың анықтауынша «кадеттерден солшылдау немесе шамамен кадет тобының сол қанаты түріне ие болды». Әрине бұның бәрі Г.Н. Потаниннің көз алдында өтіп оның саяси көзқарастарының қалыптасуына елеулі үлес қосты.
Ресей мен Қазақстандағы саяси-әлеуметтік үдерістердің өзара байланысын көрсететін келесі бір үлкен саяси оқиға бірінші дүние жүзілік соғыс пен 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс. 1914 ж. бірінші дүние жүзілік соғыс халықтың жағдайын бұрынғыдан да күйзелтті. Мал басы кеміп, егіс көлемі төмендеді. Соғысқа қаншама материалдық игілік кетті, халыққа салынатын салықтың мөлшері де өсті. Әр түтінге енді соғыс салығы енгізілді. Земство салығы мен болыс басшыларының пайдасына жиналатын “алымның” мөлшелері көбейді. Соғысқа байланысты жергілікті халық төлейтін салықтар көлемі 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсті [40, 105].
Сібір облысшылары туралы тарихи әдебиеттерде ХІХ ғасырдың 50-60-жылдары қоғамдық қозғалыстың өрлеуінің Г.Н. Потанин мен Н.М. Ядринцев дүниетанымының қалыптасуына әсері айтарлықтай зерттелген емес. Сондықтан бұл зерттеуде біз осы ықпалдың деңгейін көрсетуге тырысамыз, ал облысшылардың пайда болуы туралы баға берген деректерге тоқталмауды жөн көрдік. Облысшылар деген атпен белгілі болған қоғамдық ағым Сібір тарихындағы ірі құбылыс. Оның пайда болып, дамуы Сібір өмірінің экономикалық, саяси және мәдени факторлардың нәтижесі еді. Облысшылықтың пайда ең алдымен, шамамен ХІХ ғ. ортасынан бастап Сібірдің экономикалық дамуымен байланысты болды. Бұл кезде капитализм кең түрде дамып, Сібір өлкесіне де енді. Крепостниктік құқық жойылғаннан кейін Ресейдің еуропалық бөлігінен Сібірге қоныстанушылар көбейді. Капитализм Сібір деревнясын да қамтыды. Өлкеде өнеркәсіп дамып, алтын өндірісі, ішкі және сыртқы сауда, транспорт, байланыс жүйелері дамыды. Сібір буржуазиясы күш жинап, қуаттанды, сонымен қатар жұмысшы табы қалыптасты. Сібір буржуазиясы өзін экономикалық жағынан шектегенді доғаруды талап етті, ал егер протекционизм болмаса, Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі буржуазиямен теңестіруді қалады. Орталық пен шет аймақтың «Москва мен Сібірдің» мүддесін қарама-қайшы қоюдың экономикалық негізі осындай болды, ал оны Сібір облысшыларының көсемі Г.Н. Потанин бұл идеяны «Сібір буржуазиясының сезімталдығының оянғанына тәуелді» [41, 150] болғанын атап өткен. Облысшыл идеялар алғаш рет Сібірде емес, Петербургте пайда болып, рәсімделді, ал ол кездегі азаматтық және қоғамдық өмір қиын жағдайда еді. Облыстық идея пайда болған орта сібірлік жерлестікті құрған студент жастар болды. Оған Сібір облысшыларының негізін қалаған Г.Н. Потанин, Н.М. Ядринцев ақын И.В. Федоров (Омулевский), жазушы Н.И. Наумов, тарихшы С.С. Шашков т.б. кірді. Олар түрлі сословиеден шыққан, кедей студенттер болатын, кәдімгі әр тектілер еді. Г.Н. Потанин мен Н.М. Ядринцев Сібірде жүріп-ақ В.Г. Белинскийдің мақалаларымен танысып, «Современникті» бас алмай оқып отыратын. Сібір жастарының басым көпшілігі Петербургте жоғары білім алды, барлық қоғамдық мәселелерді біліп жүрді, алдыңғы қатарлы орыс әдебиетімен таныс болды. Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, А.И. Герцен шығармаларын құмартып оқыды, «Полярная звезда», «Колоколды» үнемі талдап отырды. Орыс әдебиеті оларды қоғамдық мәселені терең қабылдауға, адамзат прогресіне деген сенімді қалыптастырды [42, 97]. Г.Н. Потаниннің анықтауынша жерлестік облысшылар қызметінің негізі болып қалған «жергілікті басты сібірлік мәселелерді» қарады. Ол мына мәселелер болатын: 1) Сібірге қылмыстық жер аударуды жою; 2) экономикалық шектеуді тоқтату және халық шаруашылығы мен Сібірде сауданы дамыту үшін тиімді жағдай жасау; 3) Сібірде өзінің жергілікті интеллигенциясын және шығыс өлкесінің ойшыл тұлғаларын қалыптастыру; 4) Сібірге шаруаларды қоныстандыруды ұйымдастыру, жер қорын орнымен пайдалану; 5) «бұратана» халықтың жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған шараларды жасау [43, 92].
Патша тақтан құлап, Петроградта биліктің жаңа ұйымдарының құрылуы Ресейдің ішкі өмірін тез арада саясаттандырып жіберді. Жаңа басқарма құрылымдары құрылып, өзін-өзі басқару мен кооперация ұйымдары да саяси түр алып, партия құрылысы, бұқаралық қоғамдық және кәсіби құрамалар белсенді түрде құрылып, ұлттық қозғалыстар жандана түседі. Ал Сібірдегі саяси үрдістің өзінше ерекшелігі болды. Біріншіден, саяси үрдіс бұл жерде баяу жүрді. Петроград елдегі жағдайды анықтаса да, өз үлгісімен күштеп, шеттегілер орталықтың көшірмесін жасап қана қоймай, саяси күштердің нақты өзара қатынасын көрсетті.
Сібірдегі саяси үрдіске партия ұйымдарымен қоса түрлі қоғамдық құрамалар, әлеуметтік және ұлттық топтар қосылды. Әсіресе, кәсіподақтар бұқаралық сипат алды: наурыз-қараша айларында 506 кәсіподақ құрылған. Кәсіподақтарға елдің бәрі құлақ түріп тұрды. Олардың ең басты мақсаты жұмысшылардың экономикалық мүддесін қорғау. Сібірде жұмысшылар мен қызметшілер 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. Еңбекақ жоғары болса, одан көп сағат жұмыс істеді. Мысалы, темір жолда, ірі өнеркәсіптерде 9-9,5 сағат жұмыс істеді, ұсақ өнеркәсіпте – 10 сағат істеген [44, 147].
Қорыта айтқанда Ақпан революциясы алдындағы Сібірдің жағдайы Ресейдің шет аймағындағы халықтардың жағдайы сияқты болды деуге болады. Бұл кездері Г.Н. Потанин Сібірді Ресейден бөліп алу сиқты ойынан тайған жоқ. Орталықтан билік жүргізетін вертикалды басқаруға кім болса да көнуге тура келді. Облысшылық ешқашан біркелкі болған жоқ, ол рәсімделген қозғалыс не партия емес еді. Сібірдегі бірде-бір партия облысшылар көтерген мәселелерді жоққа шығара алмады. Облысшылдықтың өзі саяси доктринадан гөрі ойлау мен әрекеттің бейнесі. Ол сібірлік ойлау, сол менталитетке тән, жергілікті жағдайға қарай өзгеруі де мүмкін. Сонымен Г.Н. Потаниннің саяси саладағы қызметтері жоғарыда баяндалған Сібір обылысшылдығымен тікелей байланысты болды деп қорытынды жасауға болады.
ЖАНЫ СҰЛУ АҚСАҚАЛ
Г.Н. Потанин еңбектеріндегі қазақ тақырыптары
Кадет корпусын бітіргеннен кейін Григорий Потанин Іле өлкесінде, Алтайда, Омбыда әскери қызметте болды. Қай жерге барса да Потанин сондағы ел-жұрт өміріне, табиғатқа ерекше көңіл бөліп, фольклор үлгілерін жазып алып жүрді, гербарий жинады. Дегенмен, ғылыми зерттеу жүргізуге білімінің аздығын сезген офицер 1859 жылы отставкаға шығады да, Петербург университетінің физика-математика факультетіне қарайтын табиғаттану бөліміне ерікті студент-тыңдаушы болады.
Университетте оқыған жылдар Потанин үшін өте жемісті болды. Мұнда оның саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптасты. Бұл кезеңде Россияда крепостниктік право жойылуына байланысты қоғамдық қозғалыс етек алған болатын. Осы тұста Г.Н.Потанин мен оның М.М.Ядринцев, Ф.Н.Усов, С.С.Шашков, Н.И.Наумов сияқты достары үйірме ашып, оған Сібірден шыққан студенттерді тартады. Сібірлік студенттер туған өлкесіне қызмет етуді өздерінің басты мақсаты деп білген. Сол уақытты есіне алып, оқымысты кейін: «…алпысыншы жылдары жалпы орыстың патриотизмі жергілікті, өлкелік және басқа ұлттық патриотизмді жоққа шығарған жоқ. Әрі жеке патриотизм екеуі де бір адамның ішінде қатар өмір сүріп жатты», – деп жазды [45, 124]. Тегінде, Потанин сол кездің өзінде саяси-қоғамдық тұрғыдан алып қарағанда мәдени-ағартушылық реформалар жасау идеясын ұстанған. Ол өзінің публицистикалық еңбектерінде Россияның шет аймақтарын мекендейтін халықтарға білім беріп, оларды қанаудан азат ету қажеттігін, олардың өмірін, экономикалық жағдайын жақсарту керектігін ашық айтып, батыл жазған.
Сонымен, «Сібір кружогін» ұйымдастырғаны, студенттердің толқуларына қатысқаны үшін және ой-пікірлері мен саяси-қоғамдық көзқарасының патшалық режимге қарсы болғандығы үшін өкімет «Кейбір жастардың Сібірдегі билікті өзгертуге және Сібірді империядан бөліп әкетуге бағытталған қастандық әрекеттері» деген іс қозғап, 1865 жылы Г.Н.Потанинді бір топ достарымен бірге тұтқынға алады [46, 140].
Достарының тағдырын жеңілдету үшін жас Потанин барлық кінәні өз мойнына алады да, «бас қаскүнем» делініп, ең ауыр жазаға кесіледі. Абақты мен айдауда оның сегіз жыл өмірі өтеді. Тек содан кейін ғана, ғалымның өзі айтқандай, «осы өмір станцияларынан» өткеннен соң ғана Г.Н. Потанин сүйікті нәрсесі – саяхат пен ғылымға біржола өзін бағыштайды. Сөйтіп, ол 1876 жылдан бастап Орталық Азияға, Сібірге, Қазақстанға жеті рет сапар шегіп, ғылымның бірнеше саласына – географияға, ботаникаға, этнографияға, фольклорға, т.б. қыруар жаңа деректер қосты, жиналған материалдарын жүйелеп саралады, зерттеді. Экспедициялардың ара-арасында Петербургке, Москваға, Иркутскіге барып, баспаханаларда да жұмыс істеді. Ғылым жолына бүкіл өмірін сарп еткен атақты саяхатшы-ғалым Григорий Николаевич Потанин 1920 жылы, 85 жасында Томск қаласында дүние салды [47, 150].
Бұғанға дейін оның ғылыми мұрасын бағалауда біржақтылық басым болды. Көп жағдайда Потанинннің саяхатшылық қызметі мен табиғаттануға байланысты еңбектері ғана қарастырылды. Әсіресе, оның Орталық Азияға қатысты зерттеулері, ол аралаған елдердің мәдениеті мен әдебиетіне, тарихына, фольклорына қатысты қыруар зерттеу материалдары дер кезінде бағаланбады. Революцияға дейін де, одан кейін де ғылымда Г.Н.Потаниннің орасан еңбекқорлығы, терең білімі мен ғылыми маңызы зор экспедициялары жайында ғана тиісті дәрежеде айтылып келді. Мысалы, атақты жиһангез П.П. Семенов-Тяньшанский былай деп жазды: «Григорий Николаевич өз бойына ішкі Азияға сапар шегетін кісіге аса қажетті қасиеттерді жинаған еді. Ол қасиеттер: еңбек пен жоқшылықта шыңдалған денсаулық, адам сезгісіз төзімділік пен қайырымдылық, жергілікті тұрғындардың тілінен хабардар болу, олармен оңай тіл табысу, география мен табиғаттану ғылымдары саласында тамаша білімділік, Сібір мен Азия туралы географиялық әдебиетті жақсы меңгергендік, соның ішінде, әсіресе, өзі қалап алған іске деген сүйіспеншілік пен ғылымға бүтіндей берілгендік» [48, 131].
Г.Н. Потаниннің саяхатшы-ғалым ретінде еліне сіңірген еңбегі ерен. Сол себепті де өткен ғасырдағы Россия ғылымы оның бұл еңбегін өте жоғары бағалап, орыстың географиялық қоғамы оны «география ғылымына пайдалы қызметі үшін» алтын медалімен үш рет марапаттаған болатын.
Алайда, Потаниннің ғылыми-зерттеу еңбектері жалғыз географиямен шектелмейді. Оның ғылыми мұрасының басым көпшілігі – фольклор мен этнографиялық және әдеби-публицистикалық еңбектер. Бірақ бұл еңбектер әлі толық зерттелген жоқ. Бірлі-жарым шағын ғылыми мақалаларда ғана ғалымның Сібір халықтары фольклоры мен этнографиясына қатысты еңбектерін қарастырады. Ал Г. Потаниннің қазақ фольклорын жинап, жариялап, зерттеу ісінде атқарған қызметі әлі күнге дейін кең түрде, фольклористика ғылымы тарихында арнайы сөз болған емес. Рас, Г.Н.Потанин жинаған материалдар жайында, оның кейбір мақалалары мен жекелеген ой-пікірлері туралы кезінде [49, 105].
М.Әуезов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Н.Смирновалардың еңбектерінде деректер келтіріліп, қазақ фольклоры туралы ғылымда алатын орны бар екені айтылды. Әсіресе, Г. Потаниннің қазақ фольклорына қатысты жинап, жариялаған материалдарын елге танытып, дұрыс бағасын беруде «Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина» атты жинақтың ролі ерекше болды. Ал Н.Смирнова осы жинаққа кіріспе ретінде жазылған «Г.Н.Потанин – собиратель и исследователь казахской народной поэзии» деген очеркінде ғалымның бұл салада сіңірген зор еңбегін ғылыми тұрғыдан талдап, мәнін ашып, қазақ ғылымындағы орны мен маңызына тоқталды» [50, 75]. Атап айтқанда, Н.Смирнова Потаниннің қазақ ауыз әдебиетін жинап, жариялап, зерттеу саласында атқарған қызметін баяндап, оның негізгі сипатын, сондай-ақ, ғалымның фольклористік көзқарасын анықтап, кейбір негізгі еңбектеріне талдау жасаған. Соған қоса, Н.Смирнова өзі жазған очерктің толық емес екенін, жалпы Г.Н.Потаниннің фольклористігі жайында арнайы монография жазу қажеттігін ескерткен. Демек, қазақ фольклористикасы Г.Н.Потаниннің ғылыми мұрасын толық зерттеп болған жоқ. Қазақ фольклористикасының тарихы тұрғысынан Г.Н. Потаниннің қазақ ауыз әдебиеті туралы ғылымға қосқан үлесін ашу, оның теориялық еңбектерін зерттеп, қазақ фольклористикасының қалыптасып, дамуына сіңірген еңбегін нақтылау, сондай-ақ, оның ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы фольклористикада алатын орнын және ол айтқан тұжырымдардың қазіргі ғылым үшін маңызын анықтау міндет. Сонымен бірге, оқымыстының қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алу методикасы мен жариялау шарттарын да талдау, олардың ғылыми мәнін ашу – біздің уәзипамыз. Міне, осындай мақсаттарға байланысты Г.Н.Потаниннің фольклористігі мынадай үш салада – жинаушылық, жариялаушылық, зерттеушілік қырлары қарастырылады [51, 135].
Григорий Николаевич Потанинді замандастары көзі тірісінде-ақ қажымас фольклоршы деп атаған. Шынында Қазақстан мен Сібірді, Орталық Азияны мекендейтін ондаған халықтың фольклорын жинау, жариялау және зерттеу – оның өмірлік ізденісі болды десе, артық емес.
Г.Н. Потаниннің фольклорға, оны жинауға ынтасы Омбы Кадет корпусында оқып жүрген жылдарда-ақ (1845-1852) ауған болатын. Кадет корпусы сол кездегі Қазақстан мен Сібір аймағындағы ең жақсы оқу орны болғаны белгілі. Мұнда сол кездегі ең озық ойлы ұстаздар сабақ берді. Әсіресе, тіл мен әдебиет пәнінен сабақ беретін Н.Ф.Костылецкий, тарихшы П.В.Гонсевский, географ В.Старков сынды мұғалімдер шәкірт Г.Потаниннің көңіліне Сібір мен Қазақстанда тұратын халықтардың ауыз әдебиетіне, мәдениетіне, этнографиясы мен тарихына құмарлық ұялатқан еді. Қазақ даласында туып-өскен Потанинге ұлағатты ұстаздардың дәрісі, туған өлкесі туралы берген білімі тегін кетпеді. Оның үстіне Шоқанмен дос болып, бірге жүріп, бірге өсуі Потаниннің келешегіне игі әсер етті. Ол бір естелігінде былай деп жазды: «…Мен Шоқанмен қатты араласа бастадым. Бұл уақытта мен үшін ең сүйікті нәрсе қазақ даласының географиясы мен этнографиясы болды. Ал Шоқан өзінің әңгімелерімен маған дәптерімді толтыруға жәрдем етті. Ол айта беретін, мен жазып ала беретінмін, содан кейін ол мен жазып алған текстерге сурет салатын (…). Осы кезден бастап біз достасып кеттік те, біздің ойларымыз ешқашан ажыраған емес, екеуімізді де қызықтыратын бір нәрсе – Қазақ даласы мен Орта Азия еді» [52, 108]. Г.Н.Потаниннің Шоқанмен достығы, Шоқанға деген сүйіспеншілігі өмір бойы суыған емес. Досы мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін де Г.Н.Потанин оның ата-анасымен, ауылымен, туыстарымен байланысын үзген емес. Оларға арнайы барып, қонақ болып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап жүрген, ал Шоқанның әкесі мен нағашысынан қажетті материалдар да алып отырған. Демек, Шоқанмен бірге болған шағы Г.Потаниннің кейінгі бүкіл саналы өмірінде із қалдырып, оның фольклорист ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен деуге негіз бар [53. 133].
Г.Н. Потанин Кадет корпусының шәкірті кезінде фольклорды көбіне конспект түрінде топтаса, оқуын бітіріп, Іледе, Алтайда және Омбыда қызмет еткен (1852-1857), одан кейінірек Петербург университетінде оқып жүрген шағында (1858-1863) ол өзінің жазбаларын халық тұрмысы мен өмірі туралы деректермен толықтырып отырған. Бұл кезде Потанин көбінесе Сібір қазақтарының ертегілерін, хикаяларын, жұмбақтарын жинаған. Оның бұл материалдары кейін белгілі фольклорист И.А.Худяковтың жинақтарында жарияланды.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін Г.Н.Потанин ең алғаш 1863-1864 жылдары астроном К.В.Струвенің Тарбағатайға шыққан экспедициясында болған кезде жазып алған. Зайсан көлі маңайының табиғатын бақылай жүріп, ол сол жерді мекендейтін қазақтардың фольклоры мен этнографиясына қатысты материал жинайды да, оны журналда жариялайды. Бірақ осы игі бастама оның жер аударылуына байланысты тоқтап қалып, тек 1876 жылы ғана әрі қарай жалғасқан еді [54, 155].
Г.Н. Потаниннің қазақ ауыз әдебиетін жинаудағы методикасы мен шарттары оның фольклористік концепциясымен тікелей байланысты болды. Ал оның фольклористік концепциясы, сөз жоқ, ғалымның демократиялық көзқарастарынан шыққан еді, әрі оның жинаған материалдары оқымыстыны осы бағытта жұмыс істеуге құлшындыра түсті. Г.Н.Потаниннің: «Атқарып жүрген ісімнің ерекшелігіне қарағанда мен далалық Шығыс фольклорымен шұғылданатын топта болуым қажет және батыс фольклорындағы кейбір құбылыстардың сырларын Шығыстан іздейтіндердің қатарында саналуға тиістімін», – деп жазған еді [55, 181]. Сөйтіп, Потаниннің жинаушылық жұмысы мен зерттеушілігі бір-біріне ықпал етіп, қатар жүріп отырды. Теориялық ізденістері оның жинаушылық методикасын жетілдіре, географиялық және ұлттық ауқымын кеңейте түсті және ауыз әдебиеті үлгілерін белгілі бір мақсатта жинауға бағытталды. Мәселен, ол Көкшетауға сапар шегер алдында: «Сібір түркілерінің ертегілік сюжеттерін зерттеп, моңғолдардың ертегілері мен аңыздарын салыстыру үстінде мен кейбір сюжеттердің қазақтар арасында қаншалықты кең жайылғанын білгім келді, өйткені, менің осы күнге дейін қазақ сахарасында жинаған материалдарымда да, жарық көрген қазақ ертегілерінің жинақтарында да ондай сюжеттер жеткілікті түрде орын алмаған», – деп жазды [56, 230]. Сондықтан ғалым тек қана фольклор жинаумен шектелмей, қазақ халқының тарихын, тұрмысын, рухани мәдениетін жете білуге пайдасы тиеді деген пікірдің бірде-бірін назардан тыс қалдырмаған. «Мені қызықтырған сюжеттерден басқа, – деп жазады ол, – мен қазақтар арасынан аспан мен хайуанат эпосы бойынша және қазақ шежіресіне қатысты материалдар жинамақпын; сондай-ақ, қазақтардың ежелгі діни нанымдарына да көңіл аудармақпын» [51, 77]. Міне, осындай жан-жақты зерделеушіліктің арқасында Г.Н.Потанин қазақ фольклорының, барлық жанрын (эпос, ақындар мен жыраулар поэзиясы, айтыс, ертегі, аңыз, хикаят, миф, тұрмыс-салт жыры, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, нақыл сөз) қамтыған.
Өмірін түгелімен осындай экспедициялық жұмыспен өткізген Потанин туралы С.Ольденбург дұрыс айтады: «Оның жұмысы тыныш кабинетте, я болмаса тар қапас қалада өткен жоқ. Оның өмірі шексіз далада, аспан астында, үңгір ішінде, киіз үйде өтті, еңбектері осындай жағдайда дүниеге келді. Сол себепті де ол адам баласының ең жоғарғы жетістігі мен рахаты қу дүниеде емес екендігі жайында ұлы сабақ алған еді» [58, 396].
Экспедициялық әдіс Потанин үшін ауыз әдебиетін жинаудың негізгі формасы болды. Мұнымен қатар ғалым фольклорды жер-жердегі энтузиаст адамдар арқылы да жинап отырды. Сөйтіп, ол тұрақты хабаршы корреспонденттер мағлұматтарына да сүйенді. Олар көне-көз қариялардан Потаниннің нұсқауы бойынша қажетті материалдар жазып алып, оған жіберіп тұрған.
Тарбағатай экспедициясынан кейін (1863-1864) Г. Потанин География қоғамының ұйғарымы бойынша Солтүстік-Батыс Моңғолияға екі рет саяхатқа шығады (1876-1877 және 1879-1880 жылдары). Бұл екі экспедицияда ол өзі аралаған жерлердің табиғатын ғана қызықтап қоймай, сондағы халықтардың өмірі, тұрмысы, мәдениеті туралы өте мол мағлұмат жинады. Моңғолстанға бара жатқан жолда жиһангез Ақмола облысында, Баянауылда, Тарбағатай мен Зайсанда болып, қазақтардың фольклоры мен этнографиясына қатысты көптеген материал тапты. Кейін бұл материалдар оның «Очерки Северо-Западной Монголии» атты еңбегіне енді [59, 150].
1892-1893 жылдары Г.Н.Потанин екінші рет Тибетке, оның шығыс өлкесіне экспедициямен сапар шегеді. Алайда, саяхатшылар Тибеттің биік таулы мекендеріне жеткенде кенеттен Потаниннің жұбайы Александра Викторова қайтыс болып, экспедиция жұмысы тоқтап қалады. Ол кісі ерімен бірге талай саяхатқа қатысып, аралаған елдердің тұрмысы, мәдениеті туралы зерттеулер жазып, ғылымға белгілі дәрежеде үлес қосқан еді. Сүйікті жарынан әрі жәрдемшісінен айырылғанымен Г.Н.Потанин саяхатқа шығуын қойған жоқ. Ол 1895 жылы өзінің бала кездегі досы, марқұм Шоқан Уәлихановтың ауылы – Сырымбетке арнайы ғылыми экспедицияға шығады. Мұнда Шыңғыстың ауылымен бірге жайлауда, одан соң қыстауда болып, қазақ тұрмысын, этнографиясын зерттейді, ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алады. Өзінің осы сапары жайында ол кейінірек тамаша очерк жазды да, хатқа түсірген фольклорлық шығармаларды жинақ етіп жариялады.
Г.Н. Потаниннің өмірі мен творчествосы оның өзін ғылымға арнаудың үздік үлгісі. Ол өз хатында: «Менің ойымша, барлық шарттың ішіндегі ең бастысы – адам өзін іштей таза арына сәйкес дайынмын деп сезінуі керек, яғни адамда ғылымды тек ғылым мен адамзатқа қызмет ету үшін ғана іздейтініне және аңсайтынына сенім болуға тиіс; ғылымды тек тамақ табудың кәсібіне айналдырмау керек», – деп жазған еді [60, 198]. Потанин осы пікірін жүзеге асыра білді.
Г.Н. Потанинді Орталық Азияны зерттеуші деп атауы және Н.М. Пржевальский мен М.В. Певцов мен қатар қоюы кездейсоқ емес. Пржевальский мен М.В. Певцов. В.А. Обручев «ішкі Азия зерттеушілері ретінде олардың қайсысы екіншісінен артық жұмыс жасады, кімге бірінші орын беру керек, кімге екінші, үшінші орынды анықтау қиын...» деп атап көрсетті [61, 450]. Бұл ретте замандастары Г.Н. Потанин осы үшеуінің ішінде тек өзінің саяхаттары кезінде ең көп бірегей этнографиялық және фольклорлық материалдарды жинай алғанын мойындады. Солардың ішінде 1863-1864 жылдардағы Шығыс Қазақстанға сапарынан басталып, 1913 жылғы Сарыарқа сапарына дейінгі аралықта Қазақстаннан жинақталған материалдардың қомақты бөлігін Г.Н. Потанин көптеген еңбектерін арнады. Г.Н.Потанин өмір бойы этнографиялық материалдардың 75 баспа парағын, оның ішінде 222 ертегі, өлең, аңыздар мен дәстүрлерді жинады. Оны қызықтырған мәселелер шеңберін анықтауға тырысатын болсақ, онда мынадай негізгі проблемаларды бөліп көрсетуге болады: қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті; Қазақстан-Ресей қатынастары; Ертіс өңірі мен Алтайдың шаруа және казак халқы [62, 91]. К.Струве экспедициясы құрамында Зайсан, Марқакөл, Қара Ертіс алқабына алғашқы сапарында Г.Н. Потанин балық аулаудың қызықты сипаттамасын және балық аулаудың дамуы туралы статистикалық мәліметтерді береді. Ол былай деп жазады: «Кезде кешке. Құлжираны ұстап алды; әдетте бұқаларға 50-ден астам адам жиналды; олар отбасылардың жеткізушілері болды; олар өздерімен бірге екі қоғамдық торды – көжембеттің тұтас бір тұқымындағы жалғыз торды әкелді. Ересектер мен балалардан құралған бүкіл дерлік компания бұқаларға мініп, судың көзінен әлдеқайда төмен түседі және айқайлап, күйіп-жанып, балықты Қалжыр бойына айдады; Қалжырдың дәл шыға берісінде балық жиналып қалғанда тор лақтырып, сыртқа шығарылады. Алынған балықты жағаға ортақ үйіндіге қояды; Тор лақтырып, балықты үркіту бірнеше рет қайталанады, сондықтан түні бойы шу мен айғай өзенде тоқтап қалмады» [63, 47].
Потанин Ертістің жоғарғы ағысында көргендеріне сүйеніп, Ертіс жағалауының көп бөлігі олардың иелігінде болғандықтан, казактар негізінен мұнда балық аулаумен айналысады деген қорытындыға келеді. Сонымен қатар қазақтар арасында балық саудагерлері пайда болады. Қара Ертісте «балықшы Данияр Меңдібайұлы балық аулаумен айналысқан, ол жыл сайын көктемде 3 мыңға дейін, күзде 5 мыңға дейін балық аулап, одан 14920 күміс сом таза табыс тапқан» [64, 174]. Зайсан қаласында Г.Н. Потанин Тана Тілемісовпен де кездесіп, қазақ халқының салт-дәстүріне қатысты алғашқы пікірлерін жазып алады. Мысалы, алыстан келген қонақтарды салтанатты түрде қарсы алу дәстүріне назар аударады. «Жақындап келе жатқандарды күтіп тұрғанда, Тана бізге ең жақын төбеге орналасып, аттан түсуді ұсынды. Әдептілік талап етті ме, әлде болашақ таныстарымызды арамыздан артық намыс қосуға мәжбүрлеген тәжірибелі Тананың айласы ма» [65, 58].
Потанин қазақтар арасындағы донорлық үрдісіне үлкен қызығушылық танытып, оны «қырғыз өмірінің негіздерінің бірі» деп атады. Ғалымның назарынан ешнәрсе тыс қалмады – тұрмыстық заттар, киіз үйдің іші, тезек дайындау, қазақ руларының маусымдық көші-қоны, т.б.
1876 жылы Г.Н. Потанин Моңғолияға өз бетінше саяхат жасай бастады, Батыс Моңғолияның шекаралас аймақтарындағы көшпелі қазақтармен алғашқы сапарында ол Абақкірей мен Қаракірей руларының шығу тегі туралы қызықты мәліметтер алды, т.б. қазақ шежіресін жаза бастады. Рулық-тайпалық құрылымды анықтау тәртібінде орын алған дәлсіздіктерге қарамастан, оны қазақ халқының орыс шежіресі деп атауға болады. Тарбағатай, Баянауыл, Көкшетау қазақтарының шежіресін жазып алған. Г.Н.Потаниннің «Казак-киргиздердің пайда болу себебі», «Казак-киргизской национального урпактары», «О казак-киргиз ұрпақтары» атты еңбектері қазақ шежіресінің терең қабаттарына әсер етеді [66, 266].
Моңғолияға екінші сапарынан (1879-1880) оралған Г.Н. Потанин Семей облысы Баянауыл ауданындағы Мұса Шорманов ауылына тоқтап, ертегілерді, салт-дәстүрлерді, аңыздарды қағазға түсірді. Олардың ішінде Байғұс, Жиренше шешен мен Алдаркөсе, Алашахан, Бала мерген, Шоң-би, Мал аталары бар. Олардан басқа Г.Н.Потанин М.Шормановтың Шоқан Уәлихановқа және Абылайханның өмірі туралы жырауға арнап құрастырған шежіресін осы жерден алып кеткен. Атақты этнограф Мұса Шормановпен достығының арқасында Г.Н.Потанин қазақтар, олардың дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы туралы көптеген этнографиялық материалдар жинағанын айту керек.
1888 жылы «ЗСОИРГО жазбаларында» құрметті мүшесі Г.Н. Потанин «Этнографиялық материалдарды жинақтау және жүйелеу бағдарламасын» жариялады, бұл бірегей материалды жинақтауды белсендірді. Бір айта кетерлік жайт, кафедраның алғашқы жылының өзінде-ақ ол қазақ аңыздары туралы баяндама жасап, этнографиялық зерттеулердің жандануына өз үлесін қосты. Бағдарламада Г.Н. Потанин қазақтар мен Сібір татарларынан фольклорлық-этнографиялық мәліметтерді жинаудың міндеттері мен әдістерін анықтады. Бағдарлама Сібірдегі түркі тілдес халықтардың рухани мәдениеті мен тұрмысына қатысты мәселелерді зерттеуге арналған сауалнама болды. Зерттеулер ауқымына Шыңғыс хан, Жошы, Темірлан, Тоқтамыс және басқа да тарихи тұлғалардың есімдері, сонымен қатар жануарлар әлемі туралы қиял-ғажайып ертегілер, космогониялық аңыздар, өсімдіктер туралы нанымдар, аңыздар, ырымдық әдет-ғұрыптар мен рәсімдер, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер кіреді [67,130].
1895 жылы Г.Н. Потанин Орыс географиялық қоғамына оны Көкшетау ауданына жіберу туралы өтінішпен жүгінеді. Ол бұл сапардың қажеттілігін бұрын қырғыз (қазақ) даласында жинақталған материалдардың жеткіліксіздігімен, сондай-ақ халықтың көне тарихын тереңірек білуге ұмтылуымен негіздейді. «Моңғол ертегілері мен аңыздарын, Сібір түркілерінің таңғажайып қасиетін салыстыра отырып, мені қырғыздар арасында таратқаны, өкінішке орай, қырғыз даласында жинақталған материалдарда жеткілікті түрде кездеспейтін кейбір сюжеттер қызықтырды. , немесе бар ... Қырғыз ұрпақтарының жұлдызды және хайуандық эпосы мен аңыздары бойынша қырғыздар арасында материалдар жинауды көздеп отырмын; Сонымен қатар, қырғыздардың ежелгі наным-сенімдерінің қалдықтарына назар аударамын [68,600].
Саяхатшы досы Шоқан Уәлихановтың туған жерінде – Сырымбетте сүйікті ісімен айналысып, ертегі, аңыз-әңгімелерді қағазға түсірген. Бұған Шоқанның жақын туыстары – әкесі Шыңғыс Уәлиханов, ағалары Жақып, Көкүш, Мәкелер үлкен көмек көрсетті. Аудармашы ретінде Потанинмен бірге Петропавлға бара жатқан жолда кездескен Петербург университетінің студенті Д.Сұлтанғазин де барды.
Көкшетау ауданында Г.Н. Потанин «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» дастанының нұсқаларын жазып алады. Потаниннің поэмаға деген көзқарасы ерекше болды, ол оны сүйсініп, бұрын-соңды болмаған ең жақсы эпикалық шығармалардың бірі деп есептеді. Оның ойынша, бұл дастан «Орынбордан Зайсанға дейінгі бүкіл дала білетін сүйікті оқиға, қырғыз эпосының шыңы...» Ол жырдың сюжетін басқа халықтар – телеуіттер, башқұрттар, сібір татарлары, ұйғырлар. Жер асты аңызының қазақша нұсқасын қағазға түсіре отырып, оны моңғолдар мен алтайлықтар арасында бұрыннан бар дәстүрмен салыстырады. Потанин сюжеттерді салыстыра отырып, Орталық Азия халықтарының рухани орталығын іздеуді жалғастырады.
Барлығын Г.Н. Потанин, аңыздар мен нанымдар «Казак-киргиз и алтайские аңыздары, аңыздары мен ертегілері» басылымына енді. Ол қазақтардың көші-қон процесіне қызық сипаттама беріп, олардың бұрынғыдан азайғанын атап өтті. «Роуминг әлдеқайда талғампаз болды, ал шабандоздар көп болды. Қазір жарқырау өте азайып кетті. Біліктерде жүрген өгіздер түйедей айбынды болудан алыс» [8, 276]. Потаниннің көшіп-қону кезіндегі ауылды суреттеуі оның замандасы, дарынды зерттеуші М.И. Красовский.
«Көші-қон жастардың ауыл жүретін жолға алыстағы қой бағуға көмектесу үшін бақташыларға баруынан басталады, ал барлық ірі қара мен жылқылар киіз үйлер тігілген ауылға айдалады. бөлшектелген және барлық мүлік үйілген. Орам, жұмысшы әйелдердің көмегімен тез жүріп, таңғы сағат 9-10-да керуен қозғалады» [9, 256].
Уәлихановтарға барған кезде Г.Н. Потанин қазақтың қонақжайлылығының тереңдігін сезінді. Ш.Уәлихановтың туған-туыстары оның бойынан өмірден ерте кеткен Шоқанның жақын досын көріп, ілтипатына бөленді. Г.Н. Потанин далада болып жатқан өзгерістерді көріп, оң өзгерістерді, әсіресе білімді, демократиялы қазақтардың пайда болуын құптайды. Қазақтың болашағы туралы мәселеге тоқталған ғалым зайырлы бағытқа бет алу үшін «мұсылмандық клерикализмнен» бас тартуға шақырады, ал оның пайда болуы үшін «жоғарғы қабаттарда ояту керек. қырғыз халқының өз ұлтына деген қызығушылығы, туған жерін, тарихын, әдет-ғұрпын, ауызша көне жәдігерлерін зерделеуге деген қызығушылық» [10, 38].
Қазақ халқының мәдениетіне құрмет көрсете отырып, Г.Н. Потанин былай деп жазды: «Жырдан Құдайдың аянын көрген халықтың өмір сүруге және жаратуға құқығы бар. Оның жерлеу мен үйлену тойы мен сот ғұрыптарында қырғыз халқының өмір сүрген күрделі өмірін көрсететін ерекшелік, аңыз-әңгімелерде, халық эпосында, халықтық мінез ерекшеліктерінде ерекшелік бар, бұл тарихи мұрада ғалымдардың зерттеуіне көп материал бере алады, қырғыз өмірі кейіннен салауатты бағытта даму элементтерін табады. Дала топырағы құрғасын, шөл даланың соққан желіне қарсы күресте табиғат дәрменсіз болсын, қырғыздар үшін қырғыздар өздері бұрылмаса, халықтың рухани ағзасында күш пен құралдың мол көзі бар. одан алыс» [8, 334].
Г.Н. Потанинның ғылыми мұрасы. толығымен зерттелмеген күйінде қалып отыр, ал қазіргі тарихнаманың міндеті оның қызметінің барлық аспектілерін – ғылыми экспедициялық, ғылыми-теориялық, қоғамдық-саяси аспектілерін ашу болып табылады. Бүгінгі таңда тарихи оқиғаларды қайта қарау сұрақтары туындап, «тарихи дау» ұғымы жиі естіліп жатқан кезде Г.Н. Потанин кәдімгі көзқарастарды қайта қарауды талап ететін нақты, нақты жауаптар береді. Бұл ой Павлодар мемлекеттік университетінде өткен «Потанин оқулары» материалдарында да көрініс тауып, ғалымның еңбектерін жан-жақты зерттеу қажеттігі атап өтілді. «Ұлттық тарихты жасау кезінде тек объективті шындық қана емес, сонымен қатар таза прагматикалық ойлар да ескерілетін барлық гуманитарлық ғылымдардың ішіндегі ең субъективтісі тарих ғылымы екенін ескерсек, Орталық Азия зерттеушілерінің ғылыми мұрасы жыл сайын жаңарып отырады. . Тарихты мифологияға айналдыруға да, бүгінгі конъюнктура үшін тарихи фактілерді бұрмалауға да, сырттан келетін «тарихнамалық диверсияға» да тойтарыс беретін шығармалары. Жаңа қазақстандық тарихнаманың міндеттеріне байланысты отаршылдық және кеңестік кезеңдерді барлық қайшылықтарымен тәуелсіз Қазақстан тарихына қиратушы шектен шықпай, органикалық түрде сәйкестендіру үшін Потанин, Уәлиханов сынды зерттеушілердің еңбектері баға жетпес. Оларды академиялық ортада құлыптаудың қажеті жоқ. Ұлттық тарих академиялар мен ғылыми институттарда жазылмағандықтан, олармен, бұл еңбектермен қалың оқырманды таныстыру қажет. Тарих – қазіргі қоғамды оның өткенімен байланыстыратын және оның болашаққа векторын азаматтардың санасында бейнелейтін халықтың ұжымдық жады. Қазақ топырағында туып-өскен, жүрегінде Азияны алып жүрген ұлы орыс ғалымының еңбектері бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанның ұлттық тарихын жасауға көмектеседі» [11, 3].
2.2 Азияны зерттеуші Г.Н.Потанин мен Шоқанның достығы
Қазақстан тарихының, ерекше назар аудартатын іргелі тақырыптарының бірі орыс ғылыми интеллигенциясының отарлық кезеңдегі Қазақстандағы қызметі болып табылады. Орыс пен қазақ халқының өзара байланысының, соның ішіндегі оқиғалардың шиеленісуімен бізді ең бір қызықтыратын кезең ХХ ғасырдың басы болып табылады. Оның себебі: Қазақстандағы қоғамдықсаяси және мәдени дамуға аянбай ат салысқан, оған жетекшілік еткен белгілі қоғам қайраткерлерінің қызметі мен өмірінің сан-қырын ашатын деректердің молдығы
Патша өкіметі қазаққа қарсы қоныстандыру, күштеп шоқындыру, орыстандыру саясатын жүргізіп жатқанда, орыстың шовинистік ережесіне бағынбай жұмбақ ұлттың тереңде жатқан тарихына шындап, ғылыми тұрғыда, орыс ұлтымен қазақ халқының байланысын анықтауға ұмтылған орыс ғалымдары аз болған жоқ. Солардың бірі, бірегейі, қазақ үшін жақын дос болған Григорий Николаевич Потанин.
Мені Шоқан Уәлихановтың аққан жұлдыздай айшықты ғұмыры, небәрі отыз жасында тарих, этнография, шығыстану, әдебиет, әсіресе, фольклористика, тіпті, әскери білім салаларындағы тамаша зерттеулері баурап алған жастық шағымнан оның зерделі де зиялы серіктерінің, орыс армиясының оған тілеулес басшыларының да іс-әрекеттері, шығармашылығы қызықтыратын. Осы орайда қазақтың тұңғыш ұлы ағартушысының ең әйгілі серігінің, ХІХ-ХХ ғасырлардағы орыстың атақты жиһангездерінің бірі, білгір ориенталист Григорий Потаниннің өмірі мен қызметіне бойлауды ұйғарып, ол туралы біраз зерттеулерге ден қойып едім.
Г. Потанин Шоқанмен түйдей құрдас: 1835 жылы қазіргі Павлодар қаласының іргесіндегі Ямышево бекінісінде туған. Осы елді мекенде оның әкесі Николай Ильич Потанин казак әскерлерінің хорунжийі қызметін атқарады. Әскери қызмет бабымен біздің өңіріміздегі Преснов станицасына қоныс аударғанда үйір-үйір жылқы айдап, қыруар байлыққа кенелген еді. Алайда, әскер басшыларымен қырғиқабақ болған ол сотталып, абақтыға қамалады.
Әкесі істі болып, қамауға алынғанда бес жасар Гриша шешесінен де айрылады. Кейін Преснов станицасына казактардың жаяу әскер полкі мен атты әскер бригадасы орналасады. Бұл әскери құрылымдарды орыстанып кеткен француз бригада генералы Морис Элизен басқарып, қатардағы казак болып төмендетілген Николай Потанинге, әсіресе, оның жетім ұлына көп көмек жасайды. Соның арқасында ұғымтал Гриша Элизендердің үйінде, отағасының зайыбы қамкөңіл де жанашыр Мария Павловнадан оқып, алғашқы тәп-тәуір білім алады. Элизендер отбасының қолдауымен әкесі 1846 жылы он бір жасар баласын Омбының әскери училищесіне оқуға береді. Осыдан кейін Сібір кадет корпусы деп аталған осынау әйгілі оқу орнына Шыңғыс Уәлиханов он бір жасар Шоқанды да оқуға алдырады.
Осы оқиғадан бастап қазақ ханзадасы Шоқан Шыңғысұлы мен казак баласы Григорий Потаниннің достығы қалыптасады. Бастапқы кездері орысшаға тым шорқақ Шоқан аз уақыттың ішінде өзінің асқан зердесінің арқасында алға озып, үздік оқушы деген Потанинді артқа тастайды.
Этнографияға, ел, жер тануға әуестігі ерте оянған Потанин Шоқаннан қазақ даласы, Құсмұрын, Сырымбет жайында сұрастырады. Қазақтардың қолданыстағы заттары, тұрағы, баспанасы, қару-жарақтары жайында білуге құмартады.
Бұдан соң олар болашағына болжау жасап, кадет корпусын тамамдаған соң Петербург университетіне оқуға түсуді ұйғарады. Бірақ өмір өз билігін жүргізіп, 1852 жылы кадет корпусын бітірген олардың жолдары екі айрылады: Шоқан Омбы генерал-губернаторы Гасфордтың адъютанты қызметіне алынса, Потанин Семейде орналасқан сегізінші Сібір казак полкіне жіберіледі.
1852 жылдың ерте көктемінде Потанин алынған казак полкіне Семейден жеті жүз шақырым жердегі Жетісудың Қапал қаласына, одан әрі Тянь-Шань сілемдеріне барып, бекіністер салуға бұйрық беріледі.
Анығында, орыс империясы басшыларының қазақ даласын уысынан шығармаудың амалымен жасап отырған осы айла-шарғысын әп-сәтте жүзеге асыру оңай шешіле қоятын мәселе еместі. Сондықтан казактардың майор Перемышельский, полковник Абакумов басқарған әскерлері Іле Алатауының етегіндегі Есік мекенінің тұсында аса қиын тиген қысты өткізеді.
Абакумовқа Потаниннің зейінділігі, білімге құмарлығы ұнап, ол жас офицерге Николай Некрасов шығаратын, өзі үзбей жаздырып алатын “Современник” журналын оқып тұруға береді. Осының арқасында Григорий Николаевич Лев Толстойдың, Иван Тургеневтің, Николай Чернышевскийдің, Николай Добролюбовтың шығармаларын ынта-ықыласпен оқиды.
Есейіп, қазақ даласының қарапайым тұрғындарының тұрмысын осы Жетісу өңірінде жүргенде жіті қадағалаған жас офицер Г. Потанин өзінің атасы Ильяның табын-табын жылқылары мен мыңдаған бас ірі қара малы оның болмашы офицерлік тапқан ақысымен құралмағанын аңғарады.
Пайдакүнем атасының қисапсыз қазынасы арам жолмен, дала көшпенділерін тонаудан, қайыршы жатақтарды арсыздықпен қанаудан құралғанын сезеді. Осы әлеуметтік теңсіздік болашақ жиһангездің жүрегін қатты қобалжытады.
1864 жылы Омбыда, одан кейін Томскіде әскери қызмет атқарған кезінде, әсіресе, Сібірде осындай ахуал алдынан шығады. Орыстың прогресшіл, зиялы адамдарының және баймырзаларының мүдделері мен мақсаттары, өмірлік танымдары мүлде қабыспайтынына көзі әбден жетеді. Егер Омбы әскерилер қаласы саналса, Томск оқымыстылар мен зиялылар қаласы аталады. Ол Томскіде орыстың көрнекті саяхатшы-археологі Николай Ядринцевпен, көсемсөзші-жазушы Вячеслав Шашковпен танысып, достасады. Осылардың ақыл-кеңесімен Потанин Зайсан көлінің төңірегін, Ертістің төменгі ағысын, Тарбағатай сілемдерін зерттеп, алғашқы саяхатын сәтті аяқтағанды.
Шашков “Сібірде өзінің университеті болуы керек!” деп ұран тастайды. Оны Г. Потанин және басқа да зиялы қауым өкілдері құптап, осы қалада Григорий Николаевичтің ұйымдастыруымен “Сібір патриотизмі” ұйымы құрылады [32, 146].
Алайда, сатқын М. Катков дегеннің көрсетуімен бұл астыртын ұйымның ой-мүдделерін жергілікті полиция біліп отырады. Соның салдарынан бірнеше жас зиялылар қолға түсіп, Потанин бастаған сол үлкен топ Омбыда орыстың ұлы жазушысы Ф.Достоевский төрт жыл бойы азап шеккен “Өлі үй” абақтысына қамалады.
Бұл ұйымның көксеген ойы, көздеген мақсаты Омбыдағы зиялы қауымның арасына кеңінен тарап, оларға да қозғау салады. Бұлардың көздегені патша билігі айыптағандай, “Сібірді Ресейден бөліп әкету” емес, керісінше, осы өлкені өркендету, оның табиғи байлығына қоса, зияткерлік өрісін кеңейту болатын. Шоқан түгілі, осы кезде Омбыда қызмет атқарған оның әкесі Шыңғыс Уәлиханов “Сібір патриоттарына” тілеулестігін жасырмаған. Бұл орайда академик Әлкей Марғұлан “Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі” деген очеркінде “Шыңғыстың прогресті көзқарасы, әсіресе, отставкаға шыққаннан кейін нығая түседі және ол “Сібір сепаратистерінің” саяси күресі кезінде өте айқын көрінеді. 1865 жылы “Сібір патриоттарына” деген үндеудің Омбының кадет корпусында кеңінен тарап, жайылып кетуіне және Уәлихановтың дос адамдары – Г. Потаниннің, Н. М. Ядринцевтің, Ф.Н. Усовтың және басқаларының тұтқындалуына байланысты Шыңғысқа саяси айып тағылады. “Сұлтан, полковник Шыңғыс Уәлихановтың үкіметке қарсы қылмыстық пікірлері туралы” деп аталған іс Омбының архивында сақталған [.
Потанин мен Ядринцевтің және басқаларының тұтқындалуына байланысты Шыңғыс Батыс Сібір генерал-губернаторына ресми хат жолдап, тұтқындарға қолданылып отырған рақымсыз қатал жазалау шараларына және облыстық басқармадағы сорақы әділетсіздіктерге қарсы наразылық білдірген” [33, 145].
Тергеу жарты жылға созылып, соның нәтижесінде ұйымның басшысы Потанинге 15 жыл каторгада қамауда отыруға үкім шығарылады. Бірақ зымиян билік жастарға жаны ашығансып, мерзімді 5 жылға қысқартады. Сөйтіп, Г. Потанин Финляндияның Свеаборг бекінісінде ешқандай азаматтық құқығы жоқ қылмыскер ретінде қара жұмысқа жегіледі. Ал қалған бес досы да осындай үкіммен Архангельск және Олонецк губернияларына жер аударылады.
Бірақ тағдырдың да кей уақытта бейбақтарға бетін бұратын кездері болады екен ғой. Дарынды жас офицердің бойынан болашағы зор саяхатшының тұлғасын ерте таныған орыстың аса беделді жиһангезі Петр Петрович Семенов-Тянь-Шанский оны құтқарудың амалын жасап, екінші Александр патшаға өтініш хат түсіреді. Патша даңқты саяхатшының Потанинге рақымшылық жасау жөніндегі өтінішіне қарсы тұра алмай, кесімді бес жыл мерзімінің екі жылын шынжыр бұғаулы азапта өткізген Григорий Николаевичті қамаудан босаттырады.
П.П. Семенов-Тянь-Шанский Потанинді Петербургке қоныстандырып, қаражатсыз қалған жас досын қамқорлығына алады, осында тағы бір тамаша саяхатшы Николай Михайлович Пржевальскиймен таныстырады.
Осындай қамқорлықтың арқасында Г. Потаниннің зерттеушілік, саяхатшылық қабілеті қанаттанып, ол шалғай жерлерге, қияндағы өңірлерге аяқ басуға ынталанады.
Осылайша 1876-1878 жылдары ішкі Моңғолияда саяхатта болып, Азияның осынау көне қонысындағы халықтардың этнографиясын, әлеуметтік тұрмысын зерттейді.
1879-1880 моңғол-тува, 1884-1886 жылдары Қытай-Тибет, 1892-1893 жылдары тағы да Қытай-Тибет өлкелерінде экспедиция жүргізеді. 1899 жылы Үлкен Хинган тауларын аралап, ғылымға аса құнды деректер жинап береді.
Сол жылы оның өміріндегі ең сенімді серігі, зайыбы Александра Викторовна Потанина өмірден озып, өзі жалғыз қалса да, Потанин алпыс төрт жасына қарамастан, Моңғолияға соңғы саяхатына шығады.
Потаниннің жиһангездік мұралары ол өмірден озған соң өзінің лайықты бағасын алды. Атап айтқанда, академик Владимир Обручев 2017 жылы Г. Потанин жайлы жазған монографиясында “Орыстың әйгілі саяхатшысы Николай Пржевальскийдің есімі баршаға аян. Алайда, кеңес оқырмандарының көбіне дәл сол жылдары Ішкі Азияны зерттеген және Моңғолияға, Урянхай өлкесіне, Қытайға және Тибеттің шығыс беткейіне бес рет саяхат жасаған Г.Н. Потаниннің есімі белгісіз. Ал Моңғолия мен Қытайдың табиғатын зерттеуде оның тындырғаны Пржевальскийдікінен әлдеқайда көп”, – деп турасынан түйіндеген [35, 145].
Өзінің жүрегіне арман ұялаған бала күнгі досы Шоқан Уәлихановтың небәрі отыз жыл ғұмыр сүріп, 1865 жылы қайтыс болғанын естігенде Григорий Николаевич қатты күйзеліп: “Сібірдің соңғы ханзадасы” – Батыс-Сібір өлкесінің соңғы ханының баласы – аса дарынды, кейіннен жан-жақты білімдар, орыс қызметіндегі даланың дарқан офицері Шоқан Уәлиханов досым еді”, – деп қайғырға отырып, естелік жазғаны белгілі [69, 51].
1905 жылы Г. Потаниннің жетпіске толуына Томск технология институтының ғылыми кеңесі оның өзіне білдірместен оқу орнының құрметті мүшесі етіп сайлайды. Алайда, Ресей империясының халық ағарту министрлігі ғалым-саяхатшыны саяси сенімсіз адам деп санап, оған бұл атақты бергізбей тастайды.
Григорий Николаевич өзінің естеліктерін 1913-1917 жылдарда Томскінің “Сібір тұрмысы” газетінің беттерінде үнемі жариялайды. Осы естеліктерінде ол өзіне етене жақын Сібір казак әскерлерінің өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрыптары, Омбының кадет корпусында оқыған жылдары, Шоқан Уәлихановпен достығы, қамауда, айдауда және тірлігінің тыным таппай, жан баспаған соқпақтарды шарлаған жылдарында тағдыр табыстырған тамаша адамдар жайында өзіндік қаламгерлік күш-қуатпен, әдемі көркем тілмен айтып берген.
Өмірінің соңғы жылдарында көзі көрмейтін дертке шалдығады. Соның салдарынан оқи да, жаза да алмайтын халге келеді. Бірақ Томскідегі әйелдер гимназиясының география пәнінің оқытушысы Наталья Карпованың риясыз көмегінің арқасында естеліктерін осы әйелге айтып отырып, баспаға жолдаған.
Қазақ халқының қоғам қайраткері, белгілі лингвистика саласының реформаторы, ұлт ұстазы атанған әдебиетші Ахмет Байтұрсынов Г.Н.Потанинге арнау өлең жазады:
«Атақты Сібір ұлы қарт Потанин!
Ер сүйсе сендей сүйсін ел – Отанын.
Қазақсың, қалмақсың деп алалау жоқ,
Отанның тең көресің барша жанын.
Қазаққа Потаниннің аты ардақты,
Ямыштың біліп отыр қанша шалын?!» [70, 151].
Шоқан мен Г.Н. Потаниннің алғашқы таныстығы Омбы шекара басқармасының тілмашы Дабминскийдің үйінде болған. Екеуінің әкесі де кезінде Омбы кадет корпусында оқып жүргенде бір-бірімен таныс болған. 1847 жылы Құсмұрын дуанының аға сұлтаны, майор Шыңғыс Уәлиханов пен хорунжий Николай Ильич Потанин Омбыда балалары арқылы қайта табысады. Г.Н. Потанин үшін Шоқан «Европаға ашылған терезе» еді.
Осы достықтың Потаниннің шығармашылығына тигізген үлесі орасан зор болды. Ол туралы тіпті ғалымның өзі де жазған болатын [71, 84-86].
Бұл оқу орнында қазақтың біртуар ұлы Шоқан Уәлихановтың оқығанын мақтан етпейтін қазақ жоқ. Бұл оқу орнының Г.Н. Потаниннің дүниетанымын қалыптастыруда орны ерекше болды. Өйткені, дәл осы жерде ол Шоқанмен бірге оқып, одан көп нәрсені үйренді, оның дарындылығына, біліміне тәнті болды.
«Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озьш отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды» деп жазды Г.Н.Потанин [72, 117].
Ә. Марғұлан Шоқан өмірі туралы очерк жазса, Шоқан мен Г.Н. Потанин арасындағы достықты С. Өтениязов өз зерттеуінде жүйелі баяндалған. Ал, М. Малышева мен Познанскийдің мақаласында Г. Потанин Шоқаннан үлкен тағылым алғандығы айтылған. Бұл еңбектер Омбы облысының мемлекеттік мұрағат құжаттарын молынан пайдаланғандықтан құнды деп есептейміз.
Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне орасан зор үлес қосқан әйгілі ғалым, этнограф, фальклорист Григорий Николаевич Потанинің еңбек жолы тек география саласымен ғана шектеліп қалмай, этнография, әдебиет саласын зерттеуде де мол табысқа жетті десек болады. Потаниннің кейбір еңбектері әлі күнге толық зерттеле қойған жоқ. Бірақ қазақтың көрнекті әдебиетшілері Потаниннің фольклористика саласында жазған еңбектерін жоғары бағалап, олардың қазақ ауыз әдебиетін зерттеу тарихында алар орны зор деген болатын. Ғалым қазақ фольклоры үлгілерін, жалпы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетін жинап, «Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз-әңгімелері және ертегілері» (1916) атты еңбегін жазды.
Орыстың көрнекті саяхатшы-ғалымы Григорий Николаевич Потанин мен қазақтан шыққан тұңғыш ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың достығы тек екі ғалымның арасындағы байланысты ғана емес, бұл достық екі ұлттың да бір біріне жақындай түсуіне әсер етті. Н.Г. Потанин тек саяхат жасап, тау, тасты, жер мен суды ғана зерттеп қоймай, досы, әрі әріптесі Шоқанның ауызынан естіген әігімелерге қызығушылық танытып, оны зеттеуге кіріседі. Қазақ үшін орны бөлек тұлғаның артына қалдырған мұралары оған дәлел.
Г.Н. Потаниннің өз еңбектері деректердің негізгі тобын құрайды. Г.Н. Потанин мен К.В. Струвенің Зайсанға жасаған саяхаты туралы Шығыс Қазақстанның тарихы, этнографиясы, географиясы туралы біраз мәлімет береді. Зайсан мен Қара Ертістегі балық шаруашылығы қазақтардың негізгі шаруашылығының бірі болғанын дәлелдейді. 1864 ж. Г.Н. Потаниннің Шығыс Тарбағатайға саяхаты туралы жазғаны бұл жерде ауылдардың қалай құрылғаны туралы мәлімет береді. Қазақстанның шығысындағы қалалары ішінен Григорий Потанин Семей туралы әсерлі жазған.
Халықтың эпосы жөнінде жиналған көптеген материалдар және азиаттық тайпалардан жинақталған материалдар 2 томды құрайды: “Солтүстік-батыс Монғолия”, ал екінші том Тибет саяхатына арналған. Өмірінің соңғы жылдары Г.Н. Потанин жаңа дерек жинауға шамасы келмеген кезде өзі жинаған еңбектерді қайта өңдеген. Г.Н. Потанин аспан ұлы Исус Христос культын батыста емес, шығыста, орталық Азияда ертеректе қалыптасты дейді.
Азиаттық халық эпосын өңдеуде Григорий Потанин біртіндеп шығармалар жаза бастады. «Ортағасырлық эпостағы шығыс әуендері» 1899 жылы жарық көрді. “Орыс қызы Дариға” еңбегін Г.Н. Потанин тибет, монғол атауларымен салыстырып жазған [70, 151]. “Гректік эпос пен орыс фольклоры”, “Саламан патшасы Сала” 1912 ж. басылып шықты. “Солтүстік Азияның ерке аспан ұлы” Томскіде 1916 ж. жарық көрген. Сібірдегі төңкеріс туралы А.В. Адриановтың мақаласына қатысты өз пікірін берген.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды мынадай: Г.Н. Потанин бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы тұлға. Ол бірде қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, өлкетанушы, мәдениеттанушы, жиһангез географ, этнограф, фольклоршы болса, бірде отаншыл патриот, ұлтжанды және халықтар мен ұлттар теңдігін насихаттаушы, отарлық езгіге қарсы шыққан адам ретінде көрінді. Қазақ зиялыларымен де, әсіресе Шоқанмен арақатынасы өте нәзік, адамгершілік пен шынайы достық сезімге толы болды.
Г.Н. Потаниннің ғылыми мұрасы Шығыстануға, өлкетануға, ботаника мен зоологияға, қазақ этнографиясы мен ауыз әдебиетіне және тарихына қосылған асыл қазына деуге болады. Сондықтанда, Г.Н. Потанинді өз заманының ірі тұлғасы деп бағалаған дұрыс.
Өткен ғасырда қазақ елін, жерін аралап, оның фольклоры мен этнографиясын жинап, жарыққа шығарған әрі ғылыми тұрғыда зерттеген ғалымдардың ішінде Г.Н.Потанин есімі үлкен құрметпен аталуы тиіс. Г.Н. Потаниннің әкесі Н.И.Потанин Сібірлік крепостной (басыбайлы) казак, Омбыдағы әскери училищені тәмамдаған соң қазақ даласында қызмет атқарған. 1829 жылы Николай Потанин Қоқанға ханның елшісіне жол бастаушы болып барған. Жас офицер өзіне берілген тапсырманы ойдағыдай орындап шығады. Оның Қоқанға сапар туралы жазбалары мәліметінің көптігімен әрі жақсы жазылуымен өзіне жұрттың назарын аудартады. Григорий Потаниннің бір замандасы оның әкесін еске алып, былай дейді: «Беретін мәліметтері мен жүзеге асқандығы арқасында хорунжий Н.И. Потаниннің Қоқанға барған сапары осы күнге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Россияға қосылғанға дейін қазақ сахарасы мен Орта Азия хандықтары жайындағы біздің аз ғана тарихи-географиялық білімімізге ол қазірдің өзінде де бағалы үлес болып саналады» [73, 44].
ХІХ ғасырда қазақ зиялылары өз еңбектерінде сол заманның саяси-мәдени, әлеуметтік бейнесін жасады. Соның бірі жас та болса ірі тұлға болып танылған Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Шоқан өз еңбектерін жазғанда цензура болғандықтан шығармашылық еркіндігі шектеулі болғанын айтқан жөн. Ол кейбір мәселелерге сол замандағы орыс әкімшілігі мен шығыстанушылар көзқарасымен келген. Шоқан Ресейге адал қызмет ету үшін ант берген офицер. Жасы отызға жетер жетпес өмір сүріп, артынан қыруар мұра қалдырған шын мәніндегі «құйрықты жұлдыз». Шоқан Уәлихановтың Ф.М. Достоевскиймен жазысқан хаттарында біз Шоқан Уәлихановтың өз халқының мүддесін қорғайтынын анық көреміз.
Осы кездері қазақ зиялы қауымының қазақ халқы үшін оқулықтар шығаруы үлкен маңызға ие болды. Ағарту мәселесі бойынша Шоқан Уәлиханов пен татар ғалымы Х. Фаизханов бір-бірімен хат жазысып, пікір алысқан. Екеуі де баспа ісіне көп көңіл бөліп, мектеп оқулығы қолжазбасын жасауға қатысқан. Декабрист В.Д. Вольховский Қазақстанға бірнеше саяхат жасаған. Ол 1825 жылы Бұхараға саяхат жасағанда оны Файзолла Ноғаев басқарып жүрген. Дала жолының кейбіреуін танып білу қиын, тіпті тәжірибелі жол көрсетушілердің өзі жолдың дұрыс бағытын анықтай алмайтын. Одан кейінгі жылдары Ф.Ноғаев Сырдария линиясында қызмет еткен әрі тарихшы Вельяминов-Зерновпен бірге жұмыс істегені туралы мәлімет бар, ал Жетісуда ол П.П. Семенов-Тяньшанский мен Шоқан Уәлихановты бастап жүрген. Мұны дәлелдейтін құжатты Әлкей Марғұлан келтіреді, яғни Уәлихановқа қызмет көрсету үшін қасымдық татар Файзолла Ноғаевтың қауіпсіздігін сақтау тапсырылған.
Шоқан мен Г.Н. Потаниннің алғашқы таныстығы Омбы шекара басқармасының тілмашы Дабминскийдің үйінде болған. Екеуінің әкесі де кезінде Омбы кадет корпусында оқып жүргенде бір-бірімен таныс болған. 1847 жылы Құсмұрын дуанының аға сұлтаны, майор Шыңғыс Уәлиханов пен хорунжий Николай Ильич Потанин Омбыда балалары арқылы қайта табысады. Г.Н. Потанин үшін Шоқан «Европаға ашылған терезе» еді.
Г.Н. Потаниннің қазақ өлкесін зерттеуге қосқан үлесі зор. Ш.Уәлихановтың кеңесімен Орта жүз, Ұлы жүз қазақтарының және жоңғарлардың Ресеймен қарым-қатынасы жайлы тарихи деректермен, мұрағат құжаттарымен танысқан. 1875 жылы Г.Н. Потанин профессор К.А. Иностранцевтің Қырымға жасаған саяхатына қатысып, 1876 жылы ұзаққа созылған өз Отаны Сібір өлкесі мен оған шекаралас Азия елдерін зерттеуге кіріседі. Ол Семей облысы, Зайсан уезіне, Тарбағатайға, Солтүстік Батыс Монғолияға, Ішкі Қытай, Шығыс Тибетке өзінің әйгілі бірнеше саяхатын жасайды. Бұл саяхаттар Г.Н. Потаниннің есімін Азияның әйгілі зерттеушілері қатарына кіргізеді. География ғылымы Г.Н. Потаниндей бір ғылым саласы шеңберінде шектеліп қалмаған ірі ғалым-зерттеушіге ие болды.
Кейінірек қазақ жерін аралаған сапарларында Г.Н. Потанин өзінің географ-табиғаттанушылық ісін тарих пен этнография материалдарымен қоса жинаумен ұштастырып, Шоқанның өткен өмірі мен істеген еңбегіне арнайы көңіл қоя мән беріп отырды. Бұл жолда оған көмекке келушілер де тез табылып отырған. Омбыда оған Иммұрат Ибрагимов, 1880 жылы Баянауыл даласында Имантай Сәтпаев, 1895 жылы Көкшетау уезінде Сұлтанғазин көмек берді.
Г.Н. Потанин 1895 жылы Шоқанның әкесі Шыңғыстың ауылын аралап, Шыңғыстың өзімен жүздесіп қайтқан болатын. Шыңғыс ол кезде 85 жаста болса керек. Мінеки, жаз жайлауда жайбарақат отырған Шыңғыс ауылын суреттеу арқылы Г.Н. Потанин бүкіл қазақ халқының тұрмысын көз алдына алып келеді. Ол «О поездке в аул Чингиса Валиханова» деген еңбегінде Көкшетау округін не үшін таңдап алған себебін жазады. Көкшетау өткен ғасырда қазақ хандарының ордасы болған; бұл жер қазақ өмірінің орталығы болды, сондықтан Г.Н. Потаниннің ойынша, қазақ халқының тарихи естеліктері молынан сақталған. Қазақтардың ішінен жұлдыздар мен мал туралы әңгімелер, қазақтардың ата тегі туралы аңыз әңгімелер, ескі наным-сенімдері туралы жазғып алғанын айтқан. Дуровпен Г.Н. Потанинді Шоқан таныстырған еді. Дуровпен танысып, сұхбаттасқаннан кейін Г.Н. Потаниннің саяси көзқарастары өзгеріп, петрашевшіл болған. Осылайша Шоқанның Потанинге ықпалы көп тиді. Әрі Шоқан сол кездегі орыс қоғамы мойындаған адамдармен, орыс қоғамына белгілі зиялылармен араласқан, дәмдес болған. Мұндай байланыстары томаға-тұйық болмай, қасындағы Г.Н. Потанин сияқты достарын да араластыра жүрген. Бұл да Шоқанның азаматтық бір қырын көрсетеді.
Революцияға дейінгі ғылыми қоғамдар ішінде Орыс Географиялық Қоғамы мен оның бөлімдерінің атқарған ісі орасан зор. Тамаша ғалымдар мен саяхатшылардың өкілдерінің ғылымдағы жетістіктері осы қоғаммен байланысты. Олардың қатарында П.П. Семенов-Тяншаньский, Н.М. Пржевальский, Ш. Уәлиханов, Н.А. Северцов, Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, Ә.А. Диваев, В.В. Бартольд, Н.И. Веселовский, Н.Н. Пантусов, т.б. болды.
Қазақ жері мен қазақ халқының тарихын зерттеуге орыс ғылымы ерекше назар аударғаны белгілі. Ресейдің ғылыми қоғамдарының өкілдері қазақ зиялыларының көмегімен өлкені ғылыми тұрғыда зерттей бастады. Революцияға дейін орыстың ғылыми қоғамдары қиын жағдайда жұмыс істеді. Омбы, Орынбор, Ташкент, Семейдегі ғылыми қоғамдардың зерттеушілері революциялық қозғалыстарға қатысты немесе саяси айдауда жүрді. Олармен ең әуелі тілмәштар тіл табысты. М. И. Венюков, Е. П. Михаэлис, Г. Н. Потанин, Д. Л. Иванов, П. Голубев, Чермак Л. К., Ф. А. Шербина, т. б. Түрлі экспедициялық жұмыстарға тікелей қатысты. Белгілі географ, этнограф Г. Потанин қатысқан экспедициялық зерттеу Зайсан көлі мен Қара Ертіс бойынша жүріп, Алтай мен Жоңғар Алатауы арасындағы түрлі мекендерді зерттеді. Г. Н. Потанинге Мұса Шорманұлы да түрлі көмек көрсеткен.
ХІХ ғ. екінші жартысында өлкетану жұмыстары жанданып, жергілікті өлкетану ұйымдарының қызметі дамиды. Соның бірі Батыс Сібір, Алтай, Қазақстанның географиясын, табиғатын мен халқын зерттеуде көрнекті рөл атқарған Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімшесі болды. ХІХ ғ. 80-90-жж. қазақ даласы мен қазақ халқы туралы зерттеулер жүргізу күн тәртібіне қойылады. Омбы қаласы іс жүзінде Қазақстанның әкімшілік және мәдени орталығы болды. Қазақстанда да өлкетану мұражайлары ашыла бастады. Г.Н. Потанин қазақ фольклорын жинауды ұйымдастырды. 1878 жылдың өзінде ол Бөлім мәжілісінде «Қырғыз аңыздары туралы» хабарлама жасап, Бөлімнің осы мәселемен айналысуын ұсынады. 1881 ж. хаттамаларда «қырғыз ертегілері мен татар тіліндегі өлеңдер» бойынша бірнеше дәптерлер түскені көрсетілген. 1886 ж. «Жазбаларда» Г.Н. Потаниннің «Несколько вопросов по изучению поверий, суеверных обычаев и обрядов, у киргиз, и сибирских татар» атты бағдарламасы жарияланады. Бұл бағдарламада мәселенің тізімі ғана жазылып қоймай, фольклор мен наным-сенімдер туралы қысқаша мәліметтер беріледі.
ХХ ғ. алғашқы он жылдығында Бөлім басылымында қазақ этнографиясы туралы жазылмайды. Тек «Павлодар уезі қырғыздары туралы ескертпелер» ғана шығады. Оны Мұса Шорманов жасаған болатын. Көп жылдардан кейін ол Г.Н. Потанин арқылы Бөлімге келіп түседі. «Ескертпеде» қазақ қыстаулары, аң аулау, киімдер, егін шаруашылығы, жабайы шөптерді қолдану туралы мәліметтер бар. Көріп отырғанымыздай Мұса Шорманов білімді қазақ зиялысының бірі болған. Ол Шорман бидің төрт ұлының үлкені, 1819 ж. дүниеге келген. Жас кезінен елдегі жағдайды, саяси-әлеуметтік мәселелердің қыр-сырын бақылап өсті. Мұса әкесі ашқан ауыл мектебінде сауатын ашты. Әкесі оны Омбы мектептерінің бірінде оқытпақшы болды. Бұл кезде Омбы әскери училищесінде Уәлиханның екі баласы Шыңғыс пен Төрежан оқитын. Шорман би де Мұсаны сол оқуға береді. Омбыдағы екі жылдық әскери училищеге түскенде Мұса орыс тілін нашар біліп келсе де, тез үйреніп, оқу озатына айналды. 1835 жылы оқуын үздік бітіріп, ауылына қайтады. Мұнда сайлауда жеңіп шығып, өз ауылы Ақкелін болысын басқарады. Бұл қызметін алты жыл істегеннен кейін, 1841 ж. Баянауыл округінің заседателі болады. Бұл істі 1854 жылға дейін атқарады. Осындай дарынды көш басшының ел ішінде ғана емес, Омбы бастықтарының алдында да беделі болды. 1854-1868 жж. Баянауыл округінің аға сұлтаны қызметінде болады. Әскери дәрежесі полковникке дейін өседі.
Мұса Шорманов Петербургте екі рет болған. Бірінші рет Орта жүз қазақтары депутаттары құрамында, екінші рет 1855 жылы ІІ Александр патшаның таққа отыруына байланысты салтанатты жиынға қатысады. Бұл салтанатқа Орта жүз депутатциясынан сегіз адам қатысады. Олар: подполковник Шыңғыс Уәлиханов, прапорщик Ыбырайым Жайықбаев, сотник Мұса Шорманов, Ақмоладан Бегалы Қоңырқұлжин, Баянауылдан заседатель хорунжий Шекербай Малгелдин, болыс Аққошқар Кішкентаев, Қарқаралыдан Тәттімбет би Қазанғапов, Көкшетаудан Шұбек Байсарин. Григорий Потанин «Естеліктерінде» бұл оқиға былай жазылған: «Батыс Сібірде ІІ Александрды ұлықтауға қатысқан түрлі ұлттардан тұратын депутаттар ішінде ақылды да сыншыл Мұса Шорманов болды. Ол Москвада көпшілік қауымды әңгімесімен қызықтырған жас немісті кездестірді. Шорманов оған мынадай мақтау айтты: «Алғаш рет ақылды немісті кездестіріп тұрмын». Осы ырықсыз шыққан сөз Сібірде іскер немісті кездестіру қиын екенін көрсетеді».
Мұса Шорманов туралы алғаш рет 1860 ж. А.И. Герценнің Лондонда шығып тұрған «Колокол» журналында жазылған. Мұса патша өкіметі тарапынан талай сыйлықтармен, грамоталармен, медальдармен марапатталған. «Шоқанда Мұсаның жеке өзі жинаған және соның айтуымен жазып, құрастырған Омбы кеңсесінің мұрағаттарында қазақ шаруашылығы немесе сот тәртіптері туралы жазбалар аз емес», - деп жазған болатын Г.Н. Потанин [72, 117]. Ең алдымен, Мұса Шорманов өз материалдарын Ш.Ш. Уәлихановқа, А.К. Гейнске, Г.Н. Потанинге берген. Г.Н. Потанинге жазған хатының бірінде былай деген: «Сіз сұраған ертегілерге қатысты, материалдар жинақталуда, айтарлықтай жинақталған кезде, сонда толық құрастырып, тез арада Сізге жібереміз». Г.Н. Потанин Шоқан еңбектерін шығарғанда, Мұсадан Шоқанның «Киргизское родословиесін» алып, өзінің «Солтүстік-Батыс Монғолия туралы очерктері» (Спб., 1883) атты кітабына енгізген.
Қорыта айтқанда, ХІХ ғ. қазақ зиялылары орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымымен таныс болған, олардың шығармаларымен терең танысқан. Шоқанның дарынды тұлға екенін мойындап, онымен талай орыс зиялылары дос болды. Олардың арасында 20 жыл достық қарым-қатынаста болған Г.Н. Потанин, К. Гутковский, Г.А. Копаковский т.б. болды. Олардың Шоқан үшін атқарған еңбегі үлкен еді. Әсіресе, Григорий Потанин Шоқаннан өзі де көп нәрсені үйренгенін жасырмай, артынан оның еңбектерін шығаруды қолға алғанды.
Г.Н. Потаниннің Мұса Шормановпен арадағы шығармашылық байланысы да ғылымға үлкен үлес қосқанын деректер арқылы көрсетуге тырыстық. Әсіресе, Мұсаның қазақ этнографиясы бойынша жазылған еңбектерінің ғылымда алатын орнын анықтауды Григорий Николаевич Потанин абыроймен орындады деуге болады.
3 ПОТАНИН ЖӘНЕ ХІХ Ғ. ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
3.1 Г.Н. Потаниннын тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси көзқарастары
Ғалым Г.Н. Потанин фольклор үлгілері мен этнографиялық материалдарды қатар жинаудың шарттарын белгілеген алғашқы жобапроектілерінің бірі болып табылатын «Қырғыздар мен Сибирь татарларының бұлдыр нанымдарын, көне ертегілерін, діни ғұрыптарын зерттеу мәселесін» жариялады [77, 275]. Мұнда Сібір татарлары мен қазақтардың әдет-ғұрып, салт-санасы, ырымдары, діни сенімдері туралы мәлімет берумен қатар, бағдарлама іспетті бұл еңбекте жинау жұмыстарының үш бағытын белгіледі: 1) әлем жаратылысы жайындағы нанымдар; 2) ертегілер (яғни батырлық және ертегі эпос); 3) діни әдет-ғұрыптар. Жинаушының фольклор шығармаларындағы бұл салаларды жете білетіндігі байқалды. Оның жинаушылар алдына қоятын талабы айдан анық. Әдетте ауыз әдебиетінің белгілі саласы, не образы жөнінде сұрақ салу түрінде келеді: «Орион туралы ертегі жоқ па, әлде қандай мерген аулаған мынау не? – үш арқар ма, немесе үш марал ма?» Сол кездегі басқа да жинаушылар тәрізді Г.Н. Потаниннің жобасында да этнографиялық деректер фольклорлық шығармалармен тығыз байланыстыра қаралды. Сондықтан да бағдарламада отқа табыну, малшылық салты, шөп тастау, малға тұмар тағу, бақсы ойнату сияқты әдет-ғұрыптарды жиі кездестіреміз. Қазақ жерінде баспа ісінің дамуы т.б.- бәрінің қазақ фольклорын тездетіп жиналуына әсер еткені мәлім. Сол кездегі қазақтардың сүйіп оқитын «Дала уалаяты газетінің» 1894 жылғы 29, 30, 31 сандарында белгілі ғалым Г.Н. Потаниннің «Қазақтардың арасындағы әр түрлі ойлап шығарылған өлең, қисса, ертегілерінің, әдет заңдарының керекті болған турасында» мақаласының шығуы да ел арасынан фольклор мен ауыз әдебиетін жинаушыларға үлгі-жоба болды:
«…Жіберген хабарларды қазақ тілінше жазып жіберсе жақсы болар еді. Тағы да, тиісті хабарларды жазғанда бұл хабарды айтқан адамның аузынан шыққан сөздерін бұлжытпастан, қысқартпастан һәм ауыстырмастан жазып жіберерге керек, бұрынғы ескіріп кеткен кісілердің аттарын һәм сөздерін айтылған күйінде бұлжытпастан жазарға керек, егер де бұлар ескірген себептен өрескел болып көрінсе де, орысша тілменен жазылған хабар болса да қазақтың сөзіне қарай дұрыс болсын»,- делінген [78, 216] Сондай-ақ Г.Н. Потаниннің елге жолдаған бұл хатының басылуы да– сол кездегі көпшілікті фольклор мұраларын тікелей тәсіл арқылы тездетіп жинауға, фольклорды комплексті түрде зерттеуге ынталандырған сұрақ-жауап түрінде жарияланған мақсатты алғашқы бағдарлама ретінде өріс ашқаны да анық.
Пржевальскийден біз табиғаттың керемет көріністерін сезе аламыз, ол
аңшылыққа көп тоқталатын, ал Г.Н. Потаниннен, М.В. Певцовтан аумақтың нақты сипатын қысқа да нұсқа жеткізгенімен құндылығы артып тұратынын көре аламыз. Н.М. Пржевальский мен М.В. Певцов офицерлер еді, саяхат кезінде қастарына азды-көпті әскери нөкерлерін ертіп алып жүретін. Г.Н. Потанин саяхат жасаған кезінде қасына әйелін алып жүретін. Ол қасына әскери адамды ертпей-ақ саяхат жасауға болады деп дәлелдеді. Ішкі Азияда Тибеттен басқа жерлерде қауіп төнбейтіндігін айтты. Г.Н. Потанин Ішкі Азиядағы әр түрлі халықтарға сый-құрметпен қарады, сондықтан олардың ауыз әдебиетіне ден қойды.
Г.Н. Потанин үшін Орталық Азия тұнып тұрған мұражай сияқты еді. Онда
материалдық және рухани дүние сол күйінде сақталған дейтін, халықтардың
эпосы мен этнографиясы жөнінде бұл жерлерден көлемді де толық мағлұмат
алуға болады деп санады. Г.Н. Потанин халықтардың салт-дәстүрімен жақынырақ таныса білді. Оның киіз үйі тігілген жерде адам үзілмейтін, олармен ұзақ сөйлесіп, керекті мәліметтер алып отыратын.
Сонымен, Ішкі Азияны зерттеу арқылы Г.Н. Потанин мен Н.М.
Пржевальский, М.В. Певцовтар үлкен еңбектерді дүниеге әкелді. Саяхаттар
нәтижесінде Азияның біраз жерлерінен мағлұмат алынды. Мысалы, Монғолия, Солтүстік, шығыс, орталық Монғолияның Алтайы, Нангоя, Таннуола мен Хинган, солтүстік Қытай, Тибет, оңтүстік Қытай мен шығыс Нань-шань.
Г.Н. Потанин әр түрлі халықтармен танысты, олардың салт-дәстүрі мен тыныс тіршіліктерін де толық жеткізді. Оның зерттеулерінде түркі тайпалары (Алтай түркілері, Ұранхай, қырғыз, өзбек, т.б.), монғолдардың (халхас, дүрбүт, бурят, торғаут, орда монғолдары, салара, широнгол, харай-шира-егура), тангуттар, дүнгендер мен қытайлықтар жайында мәліметтерді кездестіреміз. Бұл
мәліметтер 300-ден астам аңыз, ертегі, тарихи деректерден тұрады.
Э. Бретшнейдер өзінің “Қытайдағы Еуропалық ботаникалық ашылулар
тарихы” атты атақты кітабында 160 жаңа өсімдік түрлерін атап көрсеткен.
Г.Н. Потаниннің зоологиядан коллекциясын экспедиция кезінде өзі және қызметшілері жинаған болатын. 1886 жылдың өзінде Г.Н.
Потанинді Географиялық қоғам жоғары бағалап, Константин медалымен
марапаттады. Шығыс Тибетке жасаған саяхатының нәтижесінде шығыстану ғылымы мәліметтермен байыды.
Г.Н. Потанин Географиялық қоғамның беделді мүшесі
болды. Г.Н. Потаниннің ғылыми жетістіктері шетелге де белгілі еді.
Қытайдағы Наньшань шыңы, Монғол Алтайындағы мұзбел, Г.Н. Потаниннің атымен аталса, Новосибирск, Томск, Омбы қалаларында оған көшенің аты берілген. 1957 ж. Томскіде Г.Н. Потанин қабірі жанында, Университет бағында ескерткіш ашылды. Онда Потанин Григорий Николаевич. 1835-1920. әйгілі орыс ғалымы және саяхатшысы деп жазылған [79]. Сонымен Г.Н. Потаниннің Шығыстану саласына қосқан үлесінің мол екендігіне көз жеткіздік.
Оның құнды пікірлерінің бірі қазақ оқымыстыларының өз тарихы мен
мәдениетін тану арқылы, өз халқының құндылықтарын арттыра алады дегені еді. Әрине егемендік алуымыздың да терең тамырлары, осы тарихи құндылықтарды, өзіміздің қазақ екенімізді ұғынуда және ата-бабаларымыздың мол мұрасын сақтай алғандығымызда жатса керек. Г.Н. Потаниннің де қазақ халқының шығу тегіне, ауыз-әдебиетіне, материалдық мәдениетіне қатысты жинақтаған материалдарын ғылыми мұра ретінде қалдырғандығын Отандық тарихқа қосқан зор үлесі деп қарастырған жөн. Міне сондықтан да көрнекті ғалым Г.Н. Потаниннің әлі де болса толық зерттелмеген мұраларын мұрағат деректері арқылы аша отырып, нақты бағасын беру қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі деп айтуға болады. Г.Н. Потаниннің өмірбаяны мен ғылыми бағалаулары, қоғамдық үлесі мен басылған еңбектері жайында жан-жақты толыққанды зерттеу болашақтың ісі болып табылады.
Г.Н. Потаниннің эпистолярлық мұралары көп. Оның бәрі жарыққа шықты деп айту қиын. 1987-1992 жж. Иркутск зерттеушілері Г.Н. Потаниннің бес томдық хаттар жинағын шығарды. Оған 662 хат енген. Томск университетінің ғылыми кітапханасы қорында 1920 жылдан бастап Г.Н. Потаниннің мұрағаты сақталған. Ғалымның мұрағаты мен кітапханасының Томск мемлекеттік университетіне түсу Сібірді зерттеу институтының тағдырымен байланысты болды.
Сібірді зерттеу институтын ұйымдастыру туралы алғашқы мәжіліс 1919 жылы 15 қаңтарда Томск профессорлары Б.П. Вейнберг, В.В. Сапожников, М.А. Усовтардың бастамасымен өтті. Бұл институттың негізгі міндеті Сібірдің табиғи байлығын тиімді пайдалану үшін табиғатын, халқын т.б. зерттеу болды. Институт жанына мұрағат, мұражай, кітапхана ашып, кітап, мерзімді баспасөз қорларын ұйымдастыру, Сібірді барлық жағынан да ашып көрсететін материалдар жинастыру да кезек күттірмейтін міндет ретінде қойылды. Әсіресе Сібірдің көрнекті қайраткерлерінің қорын жасап, онда қолжазбаларын, хаттарын, портреттерін, басқа да заттарын сақтап қою да ұмытылған жоқ, сондықтан съезд бюросы шешімімен жеке адамдарға, мекемелерге, қоғамдарға Сібір туралы институтқа материал жіберу ұсыныстары айтылды. Сібір зиялы қауымы бұл ұсынысқа ерекше назар аударып, кітаптар ғана емес, жеке мақалаларын, журналдар, газеттер жібереді. Олардың қатарында жеке адамдар ғана емес, түрлі мекемелер, қоғамдар, ұйымдар, соның ішінде Томск халық кітапханасы, Алтайды зерттеу қоғамы, Тобыл губерниялық мұражайы т.б. болды. Олар кітапханаға кітаптар, газет-журналдар жіберді [80 200].
Алғашқылардың бірі болып Г.Н. Потанин бұл ұсынысқа ерекше ден қойды. Әрине, бұл кезде Г.Н. Потаниннің денсаулығы нашар еді. Оған ұйытқы болған достары екені сөзсіз. 1920 жылы қаңтардың басында Институттың кітапхана комиссиясына ғалымның кітапханасындағы кітаптардың тізімі берілді. Комиссия құрамында Томск университеті кітапханасының бас кітапханашысы А.И. Милютин, В.Ф. Смолин, профессор Э.В. Диль кірді. 20шы қаңтарда өткен комиссия мәжілісінде Г.Н. Потаниннің кітаптары мен мұрағатын алу туралы мәселе қаралып, кітаптарының тізімін қарастыруды М.К. Азадовскийге тапсырды. 17 ақпандағы мәжілісте А.И. Милютинмен бірге М.К. Азадовскийдің жасаған хабарламасында Г.Н. Потаниннің кітаптары мен мұрағатын 40 мың сомға бағалайтындарын айтты.
Г.Н. Потаниннің кітапханасы мен мұрағатында 1487 нөмірлі кітап, брошюра, жеке жазбалар, журналдар, жыл сайынғы газеттер, 180 бума (10643 бет) қолжазба, 12 бума (644 бет) суреттер, фотолар, портреттер т.б. болған. Бұл мұралар Институт кітапханасына түскеннен кейін оларға жеке қор ашып, орналастырады, өңдеп, жүйелейді. Құжаттарды реттік санмен белгілейді. Тізбелері құрастырылады. Олар қазірге дейін жақсы сақталған. Г.Н. Потанинге қатысты кітаптарға Институт кітапханасының төрт бұрышты штампы қойылады, кітап шифрі қасына екі деген дауыссыз дыбыс жазылады. Г.Н. Потаниннің бүкіл кітап қоры төрт инвентарь қолжазба кітапта жазылған.
Г.Н. Потаниннің 12 000 беттен тұратын мұрағаты Томскідегі Ғылыми кітапханада сақтаулы. Құжаттар үш бөлімді құрайды. Бірінші бөліміне тарих, география, этнографиядан жазған мақалалары, Г.Н. Потаниннің рецензиялары, жолда жазған күнделіктері (1876-1877, 1879, 1884, 1892), өмірбаяндық материалдары, хаттары. Екінші бөлімге фотолар, көркем сурет материалдары, көптеген хаттары. Үшінші бөлімде құжаттар, фотолар, хаттар, визитка карточкалары, Г.Н. Потаниннің шығармашылық қолжазбалары, нөмірленбеген, сондықтан мұрағат тізіміне енбеген [81 603].
ХХ ғасырдың 60-жж. «Корреспонденттердің алфавиттік көрсеткіштері» құрастырылып, зерттеушілердің пайдалануы жеңілденді. ХХ ғ. 70-жж. бұрын дұрыс топталмаған хаттары корреспонденция бойынша қайта жүйеленді. Өңделмеген мұрағаттан 100 хат анықталып, корреспонденттер ішінде Н.М. Ядринцев, В.М. Крутовский, А.В. Адрианов т.б. болды. ХХ ғ. 10-жж. жазылған Г.Н. Потаниннің 24 хаты А.Н. Седельниковке арналған.
Григорий Николаевич мұрағатына қарағанда ол табиғатынан ұқыпты адам болғаны байқалады, өйткені қолжазбаларын, экспедиция күнделіктерін, хаттарын сақтаумен бірге, ескі жазба кітаптарын, пәтер кітапшаларын, ескі чектер, газет қиындылары, конверттер т.б. сақтаған. Өз кітапханасынан оқыған кітаптарынан жасаған жазбалары 3 мың томды құрайды. Бұлар да Томск университетінің кітапханасында сақтаулы. Демек, Г.Н. Потаниннің мұрағаты кешенді деректер, оған қарап бізге оны жеке тұлға, ғалым ретінде ғана сипаттап қоймай, ХХ ғасыр басындағы замана шындықты көрсетуге көмектеседі, Г.Н. Потаниннің айналасындағы адамдардың қандай болғанын білуге мәлімет береді.
Томск мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында сақталған Г.Н. Потаниннің мұрағат материалдарын толық жарияласа, зерттеушілерге мол мәлімет көзі ашылар еді. «Сібір мұрағатының» 2 томына Г.Н. Потаниннің эпистолярлық мұрасы енген. Оған белгілі Сібір ақыны М.Г. Васильевамен (1863-1943) жазысқан хаттары [83, 34]. М.Г. Васильева 1911-1917 жж. Г.Н. Потаниннің екінші әйелі болған, мұның өзі оның өмірінің жеке тұстарын білуге көмектеседі.
Кітапханада Г.Н. Потанин мен М.Г. Васильеваның 251 хаты сақталған. Бірінші хатты Г.Н. Потанин Петербургтен Барнауылға 1901 жылы 3 қаңтарда жіберген, соңғы хатын Томскіден 1914 ж. 9 тамызында жазған. Бұл хаттар Г.Н. Потанинді жеке адам ретінде қандай болғанын және өмірінің соңғы жылдары қалай өткенін білуге көмектеседі. Сонымен қатар бұл хаттардан алашшылдар Ә. Ермеков, Ж. Ақпаев, Ә. Бөкейханов туралы жазғандары бар. Оларды біз бұл жұмыста дерек ретінде пайдаландық.
«Сібір мұрағатының» бірінші томына «Сібір сепаратистерінің істері» енген, оны Сібір облысшыларының дерегі деуге болады. Новосибирск зерттеушілері Г.Н. Потаниннің әдеби шығармаларын жариялады. Тарихи-әдеби материалдарын Г.Н. Потанин аяқтамаған. Дегенмен де ондағы хаттар арқылы мазмұнының қалай дамығанын білуге болады.
Г.Н. Потаниннің «Естеліктері» 1913 ж. 20 қаңтардан 1916 ж. 14 мамыр аралығында жарық көрді. Оның 60 кесіндісі жарық көрген. Н.Н. Яновский оларды жинақтап 1983 жылы жарияласа, 1986 жылы өңдеп қайта шығарған. А.Г. Грумм-Гржимайло Г.Н. Потаниннің 532 хатын жинақтап, Иркутскіде шығарады. Хаттардың келесі бір тобын Г.Н. Потаниннің қазақ зиялыларымен жазған хаттары құрайды. Олар Томск облыстық мемлекеттік мұрағаты (ГАТО) мен Томск мемлекеттік университеті кітапханасының сирек қорында сақталған. Ол хаттарды мұрағатта нөмірлеп белгілеген. Біз өз зерттеуімізде қазақ зиялыларының Г.Н. Потанинге жазған хаттарын пайдаланып, талдадық. Атап айтқанда Ж. Ақпаевтың жазған үш хаты, оның біріншісі № 11 деп белгіленген 1913 ж. 13 маусымда жазылған, екіншісі № 12 деп белгіленген 1914 жылы 30 мамырда Ж. Ақбаев Қарқаралыдан жазған хаты, үшіншісі № 1914 ж. 13-29 маусымда жазған хаты. Біржақсиннің қазақ ауыз әдебиеті туралы мәліметтерді туралы Г.Н. Потанинге жазған хатын біз Г.Н. Потаниннің қазақтар туралы зерттеулері қалай жүргенін талдағанда пайдаландық. Гайсиннің Г.Н. Потанинге жазған мұсылман облыстық съезінің болатыны туралы екінші хатында осы съезде қаралатын мәселелер туралы жазған.
Келесі бір хатты Г. Кыштымов Монғолиядан жазған. Г.Н. Потанин Монғолияға саяхат жасап, зерттеу жүргізгендіктен Г. Кыштымов осы хаты арқылы Г.Н. Потанин сияқты зерттеушілердің еңбегіне риза болған тілегін жазған.
Г.Н. Потаниннің Н. Ядринцевке жазған хаттары көп. Ядринцевпен арадағы қарым-қатынасын зерттеу біздің мақсатымыз болмаса да, оның жеке тұлғасының кейбір тұстарын ашуда біз Н. Ядринцевтің жұбайы Л. Ядринцеваның (Злобина) Г.Н. Потанинге жазған хатын пайдаландық.
ҚР ҒА сирек кітаптар қорында бұрынғы КСРО кезінде әдебиет және өнердің Орталық мемлекеттік мұрағатынан Дала генерал-губернаторы Г. Колпаковскийдің Г.Н. Потанинге Ш. Уәлиханов туралы жазған хаттары сақтаулы. Онда Шоқанның сот бөлімін құру мәселесі бойынша жүргізген жұмысы айтыла отырып, өз тарапынан Г. Колпаковскийдің Шоқан шығармаларын шығаруға көмек көрсететінін айтқан. Осы қордағы келесі Н.И. Веселовский Г.Н. Потанинге жазған екі хаты бар. Онда Ш. Уәлиханов шығармаларын алмағандықтан, ұзақ уақыт жауап жазбағанын айтқан [84 400]. Екіншісі Шоқанның өмірбаянын жазу туралы айтқан. Бұл хаттарды біз Г.Н. Потанин мен Шоқанның қарым-қатынастары туралы жазғанда пайдаландық.
Келесі бір хаттың тобын Борис Георгиевич Герасимовтың хаттары құрайды (1872-1937/38). Ол хаттарда Н. Құлжанова, Ә. Бөкейхановтар т.б. туралы мәліметтер бар.
Ф. Катыбаевтың Г.Н. Потанинге жазған үш хатында ақыл-кеңес сұрап, әрі өзінің Г.Н. Потанинге деген ықыласын білдіргені байқалады. Николай Иванович Ассановтың 22 наурыз 1908 ж. Бийскіден жазған хатында монғол тілін Бийскіде оқыту туралы жазған. С. Шормановтың да Григорий Потанинге жазған хаты біз үшін үлкен қазына деуге болады. Сонымен қатар Семенов-Тянь-Шанскийдің немересінің жазған хатынан біз Г.Н. Потаниннің адамгершілік қасиетінің мол болғанын байқадық [85, 418].
Г.Н. Потанин мұрағатында Орта және Шығыс Азияны зерттеу туралы Орыс комитетінен жазылған В. Радловтың хатында Орыс комитетіне Г. Потанинді мүше қылу туралы дипломды беретіні туралы айтылған.
Г.Н. Потаниннің шетелге сапары туралы деректерді біз оның өз еңбектерінен алдық. Сонымен бірге Тибетке саяхаты кезінде Г.Н. Потаниннің шақыруына Рабдановтың келісімі туралы телеграммасы сақталған.
Телеграммалардың біразы қазақ зиялыларына жазылған. 1917 жылы 12 желтоқсандағы мәжілісте қабылданған және І Құрылтай жиналысы атынан 2-Украина радасына, 3-Қырғыз съезіне жолданған телеграммада «құрметті төраға Г.Н. Потанин» деп қол қойған. М. Тынышпаевтың Омбыға Ә. Бөкейханға жіберген телеграммасы Алаш Орда мәселесіне қатысты талдауда қолдандық. Томскге, Ә. Бөкейханов Сібір бірлестігіне, Торғай ұйымы жалпықырғыз съезіне бес делегат жіберетіні туралы хабарлаған.
Алаш-Орданың әскери бөлімі, Алаш-Орда мен Сібір өкіметінің арасындағы қарым-қатынас туралы да құжаттар алға қойған мақсатты шешуге көмектесті [86, 275]. Жалпы осы Сібір бірлестігіне жіберілген телеграммалар Қазақстанның әр қаласынан жіберілген. Оларды біз әр бөлімнің мазмұнын ашуға пайдаландық.
Сібір съезінде берілген делегат карточкалары делегаттардың құрамын талдауға көмектесті. Соның ішінде біздің қолымызға түскен карточканың ішіндегі үшеуінің иесі «Алаш» партиясының мүшесі болған. Олар К. Сейдалин, А. Тұрлыбаев және И. Тұрмұхамедовтар.
Келесі бір мандатқа Ә. Бөкейханов 1918 ж. 19 тамызда Айдархан Тұрлыбаевты Томскіге облыстық Сібір думасына Сібір және Алаш автономиялары арасындағы өзара қатынас мәселесімен іссапарға жіберетіні туралы жазып, қол қойған. Зерттеуде Сібір облыстық думасының хаттамалары да қолданылды. Атап айтқанда, 9 маусым 1918 жылғы кеңестің хаттамасынан Г.Н. Потаниннің өтінішін Батыс Сібір Комиссариаты жүзеге асырғанын жазылған. Ал № 9 хаттаманың қосымшасында Г.Н. Потаниннің кеңестің құқы мен құрамы жөнінде айтқаны жазылған.
Сібір облыстық думасы туралы «Голос народа» газетінде көлемді материал сол кезде-ақ жарияланған. А.И. Герценнің «Колоколы» туралы материалдар да септігін тигізді.
Г.Н. Потаниннің өз еңбектері деректердің негізгі тобын құрайды. Г.Н. Потанин мен К.В. Струвенің Зайсанға жасаған саяхаты туралы Шығыс Қазақстанның тарихы, этнографиясы, географиясы туралы біраз мәлімет береді. Зайсан мен Қара Ертістегі балық шаруашылығы қазақтардың негізгі шаруашылығының бірі болғанын дәлелдейді. 1864 ж. Г.Н. Потаниннің Шығыс Тарбағатайға саяхаты туралы жазғаны бұл жерде ауылдардың қалай құрылғаны туралы мәлімет береді. Қазақстанның шығысындағы қалалары ішінен Григорий Потанин Семей туралы әсерлі жазған.
Халықтың эпосы жөнінде жиналған көптеген материалдар және азиаттық тайпалардан жинақталған материалдар 2 томды құрайды: “Солтүстік-батыс Монғолия”, ал екінші том Тибет саяхатына арналған. Өмірінің соңғы жылдары Г.Н. Потанин жаңа дерек жинауға шамасы келмеген кезде өзі жинаған еңбектерді қайта өңдеген. Г.Н. Потанин аспан ұлы Исус Христос культын батыста емес, шығыста, орталық Азияда ертеректе қалыптасты дейді.
Азиаттық халық эпосын өңдеуде Григорий Потанин біртіндеп шығармалар жаза бастады. «Ортағасырлық эпостағы шығыс әуендері» 1899 жылы жарық көрді. “Орыс қызы Дариға” еңбегін Г.Н. Потанин тибет, монғол атауларымен салыстырып жазған [87, 423]. “Гректік эпос пен орыс фольклоры”, “Саламан патшасы Сала” 1912 ж. басылып шықты. “Солтүстік Азияның ерке аспан ұлы” Томскіде 1916 ж. жарық көрген. Сібірдегі төңкеріс туралы А.В. Адриановтың мақаласына қатысты өз пікірін берген.
Жергілікті жерде ғылыми деректердің жинақталуын Г.Н. Потанин өлкенің саяси және ғылыми жағынан оянуы деп білді. Москва мен Петербургте деректердің жинақталуын Г.Н. Потанин «Сібірді тонау» деп санады. Жергілікті жерде ғылыми орталықтар құрып, сол жерде зерттеуге қажетті дүниелерді шоғырландыру қажеттігін айтты. Г.Н. Потаниннің ойынша, адамдар ұжымының бірігуіне этнографиялық немесе тарихи-дәстүрлі қағиданы емес, территориялық-экономикалық қағиданы ұстану керектігін айтты. Мысалы, Щапов дамытқан земск-облыстық және табиғи ғылыми теорияларды Г.Н. Потанин облыстық теориясында негізге алды деуге болады. Г.Н. Потанин облыстық ағымның өкілі болғандықтан соның бірінші тарихшы болды деп санауға болады. «Сібірдегі облстық тенденция» (Томск, 1907) деген брошюрада ол бұл ағымның тарихын, оның теориясын жасады. Г.Н. Потанин бұл ағымның әлеуметтік базасын іздейді. Г.Н. Потанин оның әлеуметтік негізі Сібір шаруалары деп санады, өйткені олар өздерін Еуропалық Ресейден бөліп алды дейді. Қалай болғанда да Сібір Ресейдің отары деп дәлелдеуге тырысты. Оның бұл теориясына Сібір тарихшысы М.К. Ветошкин қарсы шыққан болатын. Г.Н. Потаниннің пікірінше, Сібірдің халқы ерекше этнографиялық тип, жүйкелері тозған халық деп баға берген. Сібір патриоты болған Г.Н. Потанин орталық өкімет Сібір үшін бәрін істегенімен, жергілікті әкімшілік өлкенің байлығын тонап, халыққа қарсы саясат жүргізді дейді.
ХІХ ғ. баспасөз материалдары да негізгі дерек көзі болды. Мысалы, «Тобыл губерниялық ведомостілері» Түменде 1897 жылға дейінгі нөмірлері жинақталып кітап болып шықты. Осы 2007 ж. бұл газеттің шығуына 150 жыл толды. Соған байланысты бұл басылым қолға алған Г.Н. Потаниннің бірнеше мақалалары осы газетте басылып тұрған. Оларды біз осы жаңа басылымнан пайдаландық. Г.Н. Потаниннің шығармалар жинағының үш томдығы Павлодарда 2005 жылы жарық көрді.
Томск – Ресей Федерациясындағы халқының саны аз орталық. 1917 жылға дейін халқының саны да көп, алып жатқан жері де үлкен Ресей империясы губерниясының орталығы болды. ХІХ-ХХ ғ. басында әкімшілік басқарманың аймақтық орталығы болды. Мұнда Азиаттық Ресей территориясы бағынған министрлік мекемелер орналасты. Сондықтан Томск облыстық мемлекеттік мұрағатында көптеген құжаттар сақталған. Оның ішінде Қазақстанға қатысты материалдар да көп. Өкінішке орай, мұрағаттың көрсеткіші ескірген (путеводитель 1960 ж. жасалған), қорлардың нақты жайын көрсетпейді, идеологияның ықпалы басым болғаны әсер еткен. Осы мұрағаттағы Р-72 қоры «Сібір облыстық думасы» деп аталады [88, 67]. Онда Алаш-Орда мүшелерімен байланыс туралы біз жоғарыда сипаттаған мәліметтер бар.
1914 ж. шыққан «Сибирская жизнь» газетінде Г.Н. Потаниннің «Естеліктері» шыққан. Олар Томскіде сақталған. Ондағы кейбір материалдарды пайдаландық. Әсіресе бізді Г.Н. Потаниннің монғолдар туралы жазғаны қызықтырды. 1917 жылғы «Голос Свободы» газетінен Уақытша Сібір кеңесінің құрылуы және Алаш зиялылары туралы мәліметтерді сұрыптап алдық. «Сибирская старина» журналында Г.Н. Потанин туралы мақалалар жиі жарияланды. Соның бірі оның соңғы саяхаты туралы мақалада Ә. Ермековпен қарым-қатынасы туралы мәлімет бар. «Қазақ» газетінен біз Алаш зиялыларына қатысты материалдарды пайдаландық. Г.Н. Потаниге қатысты Саматовтың «Потанин баяндамасы» мақаласын алдық.
Г.Н. Потаниннің еңбектері Сібірді зерттеу институтының қызметіне байланысты шығып тұрды. Ал осы институттың құрылуы туралы мұрағатта материалдар нақты берілген. Атап айтқанда, Халық Ағарту министріне институтты құру туралы съезд бюросының хаты сақталған. Институттың мақсаты, ережелері сияқты құжаттар толығымен дайындалған.
“Алаш” қызметіне байланысты құжаттар мен материалдардың жинақтарын деректерге жатқызамыз. Бұл жинақтардағы материалдарды қолдану диссертацияның деректік негізін кеңейтіп, ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси оқиғаларды сипаттауға көмектеседі. Маңызды деректер ретінде “Қазақ энциклопедиясы” шығарған “Қазақ” газеті, “Айқап” журналы болып табылады. Бұл жинақтардан жалпы мәселелермен бірге Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Т. Рысқұловтың, С. Садуақасовтың, т. б. еңбектерін пайдаландық. Ә. Бөкейхановтың шығармаларын Алашқа қатысты мәселелерді шешуде пайдаландық. Ә.Бөкейханның 1903 жылы Санкт-Петербургте Семенов Тянь-Шанскийдің редакциясымен басылып шыққан Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының «Россия. Полное Географическое описание нашего отечества» атты көп томдық кітабының 17-томына енген «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи» еңбегінде қазақ өлкесі тас дәуірінен бастап көрініс тапқан.
А. Байтұрсынов «Ер Сайын» поэмасында Г.Н. Потанин туралы жазған. Ал, “Н.Қ. ханымға” деген өлеңін А. Байтұрсынов Нәзипа Құлжановаға арнаған. Сонымен қатар Х. Досмұхамедов еңбектерін де Алаш Орданың қызметін талдауда пайдаландық. Ж. Ақпаев еңбектерінде Алашқа қатысты құнды мәліметтер берілген.
“Алаш” партиясының бағдарламасы, Бүкілқазақтық І-ІІ съездің материалдары да дерек ретінде қолданылды. Осы кездегі оқиғаларға қатысты кейбір материалдарды Қазақстанның қазіргі заман тарихына қатысты деректер жинағынан пайдаландық. Сонымен қатар Орынборда өткен съездердің материалдарын, облыстық съездердің материалдарын біз Алаш және Сібір автономиясын талдағанда пайдаландық.
Семей географиялық бөлімшесінің ұйымдастырушысы, белсенді мүшесі, ұзақ жылдар бойы айнымас төрағасы қызметін абыроймен атқарған шіркеу қызметкері Борис Георгиевич Герасимов есімі Семей өңірін зерттеуші ретінде әйгілі. Оның тарих алдында ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік еңбегі ұшан-теңіз. Б.Герасимов Ресей археологиялық Комиссиясы мен Императорлық Географиялық Қоғам рұқсатымен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, ғылыми саяхаттарында этнографиялық мәліметтер жинаумен қатар Семей өңірінің Зайсан, Өскемен уездері мен Змеиногорскіде статистикалық зерттеулер жүгізді.
1905 жылғы «Записки» ІІ басылымында Б.Герасимовтың 1904 жылы 14 наурызында бөлімшенің Басқару комитетіне мүшелікке қабылданғаны туралы мәлімет бар. 1915 жылғы «Записки...» Х басылымындағы ғылыми хроникада Семей бөлімшесінің іс басқарушысы Б. Герасимов Семей облысының оңтүстік шығыс бөлігіне археологиялық және тарихи статистикалық зерттеулер жасауға жолсапарға жіберілгені туралы айтылады.
Б. Герасимов Шығыс Қазақстан өлкесін көлікпен де жаяу да шарлап, көптеген ғылыми экспедицияларға қатысып, құнды деректер жинаған. Оның қаламынан туған жүзден аса ғылыми еңбектері мен екі мыңнан астам тарих, этнография, география, археология мәселелеріне байланысты мақала, очерктері әлі күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Жасаған зерттеулері: «Поездка на Рахмановские минеральные ключи»; «Поездка в Южный Алтай»; «Из Алтайских поговорок»; «Сказки собранные в западных предгорьях Алтая»; «К вопросу о рациональном пчеловодствъ на Алтай». (Краткая заметка) с 10-ю чертежами Алтайского улья; «Ссыльные поляки в Семипалатинской области» (Краткий исторический очерк), «Поездка на Барлыкские минеральные источники 1903 г.»; «Бычки в Иртыше»; «Градь в Устькаменогорске» еңбектеріне негіз болды. «В долине Бухтармы» (Краткий историческо-географический очерк с 3 таблицами цифр) очеркі үшін өлкетанушы Б.Герасимов 1912 жылы Императорлық Ресей Географиялық Қоғамының күміс медаліне ие болды. Бұл очерк шынайы өмірлік және тарихи этнографиялық мәліметтерге негізделіп жазылған. Автор каторгаға айдалғандар мен Алтай зауыттарынан қашқандардың Бұқтарма өлкесіне орналасуын боямасыз бейнелеген. Б. Герасимов тұрғындардың этнографиялық құрамын, олардың киімін, әшекей бұйымдарын шебер суреттей білген.
Ол Шығыс Қазақстанда ғылыми сапарда жүріп тамаша адамдармен кездесіп, ғылыми қоғамдармен, Сібір мен Қазақстанды зерттеуші көрнекті ғалымдармен хат алысып, ғалымдар өмірін зерттеп В.Н. Белослюдов, Е.П. Михаэлис, В.В. Сапожников Г.Н. Потанин туралы өмірбаяндық еңбектер жазды. Б.Герасимовты СССР Ғылыми академиясының Географиялық Қоғам Кеңесі ғылыми зерттеулері үшін алтын, күміс медальдермен марапатталған.
Зерттеуде мына құжаттар мен материалдардың жинақтары қолданылды: «Сборник узаконений о киргизах степных областей», «Прошлое Казахстана в источниках и материалах», «Материалы по истории Казахской ССР», «Материалы по истории политического строя Казахстана», «Полное собрание законов Российской империи», «Сборник узаконений о киргизах степных областей», «Казахско-русские отношения в ХҮШ-ХIХ вв.» т.б.
3.2 Г.Н. Потаниннің ХХ ғ. қазақ зиялыларымен қарым қатынасы және Алаш автономиясы
1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы Сібірдің қоғамдық-саяси өміріндегі ұсақ буржуазиялық демократияның маңызын бірден арттырып жіберді. Сондай-ақ облысшылар “біртұтас демократиялық Ресей мемлекеті шеңберіндегі Сібірдің автономиясын” жариялау, “заң шығарушы құқы бар Сібір облыстық думасын шақыру”, т.б. ұрандарды көтерді. Оларды бұрын-соңды мұндай іске қатысы жоқ адамдар ұсынды. П.И. Казанский Барнауылда 10-наурыздағы ревалюция жеңісіне арналған демонстрацияға даярлануда кредиттік серіктестік қызметкерлері «революция ұсынған басқа да ұрандар ішіне Сібірдің автономиясы ұранын да қоссақ дұрыс болар еді” деп келіскенін” еске алады. Ал сонау 80-жылдары Н.М. Ядринцевтік үйірме Петербургте алғашқы кешті құруда сібір- оқушылары пайдасына ерекшелік белгісі ретінде “сібірлік” түс болып кеткен ақ және жасыл түстерді қабылдағандықтан, Сібір автономиясы ұранын да қызыл жалауда емес, ақ, жасыл түстегі жалауға бейнелеуді шешті. 1917 ж. көктемде облысшыл автономистердің көп бөлігі істің артын күтіп, қозғалыстың теориялық жағы бойынша өз пікірлерін білдірмеді. И.И. Серебренниковтың күнделігінен жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге болады. Ол 7-сәуірде былай деп жазады: “Сібірдің болашақтағы құрылымы туралы мәселелерді шешу жөніндегі жұмыстардың алға басуы қиындап кетті. Бәрін қайта бастау керек болды: ескі облысшылдық өз отанына деген махаббатынан басқа ештеме қалдырмады, өйткені ол ешқашан самодержавиелік тәртіпті күйретуді ойлаған емес. Сібірге автономияның қажетті екені секілді бәрі сәйкес келеді, бірақ біреулері бұл түсінікке басқа мазмұн берсе, екіншілері басқа түсінік беруде. Біреулері автономиялы Сібір орталықтанған ұстаным бойынша құрылу керек десе, екіншілері – федералды дейді” [78, 216]. Осылайша Ақпан революциясы облысшыларды тығырыққа тіреді. Г.Н. Потанин мен оның жақтастары өз ұрандарын белсенді түрде насихаттауға 10-мамырда Томск губерниялық халықтық жиналысы “Облысшыл дума туралы”, ал 18 мамырда “Облысшылардың өзін-өзі басқару бойынша” деген резолюцияларын қабылдаған соң кіріседі. Бұл резолюцияда Сібір аймағында дума ұйымдастыру және жуық арада Томскіде жалпы Сібірлік облысшылар съезін шақыру туралы айтылды. Г.Н. Потанинші – облысшылар бұдан кейінгі барлық аймақтық іс-шараларға белсенді ат салысты (тамыз конференциясы, қазан және желтоқсан облыстық съездер). Оның үстіне бұл үрдістің басында олар облысшылыққа біріккен бастама ретінде Сібірдің ұсақ буржуазиялық саяси топтарынан жоғары қоюға ұмтылды. “Сібірдің болашақтағы автономиялы құрылысын жасау үшін Сібірдегі демократиялық күштерді біріктіруді бастау қажет. Мұны облысшыл-автономистердің Сібір одағы арқылы жүзеге асыру керек,” – деп жазды И.И. Серебренников [80, 200].
Алайда облысшылар ойындағыларын жүзеге асыра алмады. Олардың жеке саяси күш құруға шамалары жетіспеді. Оның үстіне облстық идеялар аймақта кең қолдау таппады. Мұны В.М. Крутовский, К.В. Дубровскийлер және желтоқсан төтенше облыстық съезі делегаттары мойындады. Сондықтан дума үшін күресте одақтас ретінде Сібірдегі ықпалды эсерлер таңдап алынды. Олар өз кезегінде облысшылардың ұрандарын қолдады. Г.Н. Потанин және оның айналасындағылар эсерлерді одақтас деп қана есептеп, олармен ұйымдаса араласпады. Өйткені, біріншіден, олар тұтастай халықтық позицияда тұрып, эсерлерге қарағанда оңшыл элементке жатады. Екіншіден, 1917 жылдың күзіне дейін облысшылар өз туларының астына аймақтың барлық жұмысшы емес топтарын біріктіру арманында жүрді. «Облысшылар жеңіске жету үшін ол партиялық топқа қосылуы тиіс. Облысшылар негізгі халықшыл, кооператизм, автономизм және сібір шаруаларының өндіруші күштерін дамытып, өлкелік радикалды партиялық формация құрғанда ғана облысшылар жеңілмейтін болады», - дейді облысшыл-автономистердің Иркутск тобының мүшесі А.М. Мейрович. Бірақ бұл ой жүзеге аспады [81, 603].
Облысшылар халықтық социалистер мен аймақтағы меньшевиктерден қолдау тапты. Меньшевиктер аймақтағы автономия және Облысшыл дума мәселелері бойынша бірауызды болған жоқ. Олардың өкілдерінің көп бөлігі мамыр айында Томск губерниялық халықтық жиналыс сессиясында және облыстық тамыз конференциясында бұл ұрандарға қарсы шықты. Меньшевиктер лидерлерінің бірі – А.Н. Рожков Сібірге автономияның қажеттігін жоққа шығарды. Дегенмен, Томскіде өткен тамыз конференциясында меньшевик В. Иванов “социал-демократтар облысшы болмағанымен де олар енді Сібірдің облысшыл автономиясын жақтайды”, өйткені олардың партиясы аймақтың экономикалық өрлеуін қалады. Ал оған тек облысшылардың жоспарын жүзеге асырғанда ғана қол жеткізуге болатынын айтты. Жоғарыда айтып өткендей, 1917 ж. облысшылардың стратегиялық одақтасы халықтық топтар болды. Бұндай бірігу әлеуметтік және бағдарламалық ұқсастықтарына негізделді, яғни мәдени-ұлттық автономия тұжырымдамасы болды. Осы мәселе бойынша облысшылар бағытын мамыр айында Г.Н. Потанин былай анықтап берді: “Шет аймақтағылар өз жерінде комитеттерін ұйымдастыруға құқы бар. Ол комитеттерге ауыл мектептерін, ауруханаларды, ауыл жолдарын, т.б. бойынша қызмет жүктеледі. Бұл комитеттерге жер үлесі берілуі тиіс, сонда олар өз қаржыларын құрып, қоғамдық мекемелерді ұстай алады. Оның үстіне, бұл комитеттерге тайпаның рухани қажеттілігін, оның ұлттық және діни ерекшеліктерін қорғау сияқты ерекше міндет жүктелуі тиіс” [82, 325].
Г.Н. Потанин мен Жақып Ақбаев жиі хат жазысып тұрған. Жазған хаттар бойынша жеке адамды сипаттауға болады. Мысалы, 12 маусым 1913 жылы жазған хатында Ж. Ақбаев өзінің қызын соңғы сапарға шығарып салғанын хабарлайды. Сондықтан да «...біздің ауылда ыңғайсыз болады, сондықтан Сізден өтініш біраз уақыт біздің ауылға келмеңіз. Сіздің мазаңызды алғаныма кешірім сұраймын. Сізді шынайы құрметтеуші Сіздің Якуп-мырза Ақпаев», - деп жазады. Бұл қайғылы жағдай Г.Н. Потаниннің әйелі М.Г. Васильеваға Былқылдақ ауылынан 1913 жылы 13 маусымда жазған хатында да айтылған: «Бірнеше күн бұрын біздің ауылға Ақпаев [мырза] келді, білімді қырғыз, заң факультетін бітірген, адвокат тәжірибесі бар, либерал, 1905 ж. айдалған, қазір айдау мерзімі бітіп, бізден 10 шақырым жердегі ауылына келген. Оның ауылында Семей мұғалімдер семинариясының мұғалімі Торғай облысының қырғызы Н. Құлжанов уақытын өткізуде. Алтын көзілдірік таққан қырғыз қызына үйленген... Ақпаев [мырза] бізді өз ауылына қоныстандыруға келген. 15 маусымда бәріміз сонда көшеміз деп шештік.
Ақпаев [мырза] Антонина Александровнаның тапсырмасымен Қарқаралыға бізге ұн, жұмыртқа, картоп, т.б. сатып әкелуге, сонымен бірге почта жәшігіне біздің хаттарды салуға кетті. Мен осы жағдайды пайдаланып, саған Былқылдақтағы алғашқы әсерімді сипаттадым. Бірақ кеше біз қайғылы хабар алдық, Ақпаевтың [мырзаның] үлкені, 5 жастағы қызы қайтыс болды, шамасы, скарлатина болса керек, сондықтан ол көшуді кейінге қалтыруымызды сұрады» [84, 400].
Келесі хаты 1914 ж. 30 мамырда жазылған төрт беттен тұратын хаты. Жалпы біз санағанда Ақбаевтың жазуымен хаттың бір беті 20 жолдан тұрады. Бұл хатты Қарқаралы қаласынан жазған. «Аса құрметті Григорий Николаевич! Сізге шын жүректен бауырлық (Ақпаев «баурмский» деп жазады.- Т.Ж.) сәлемімді жолдаймын, бәрі жақсы болсын, ең бастысы денсаулық», - деп басталады [85, 418]. Өз кезегінде Г.Н. Потанин де оған хат жазған. Оған «Сіздің жақындарыңыздарға жазған сүйіспеншілікке толы хатыңызды алдым», - деп ризашылдығын білдіреді. Хаттан Ж. Ақбаев қаңтардың аяғынан сәуірдің басына дейін Семейде болғаны байқалады. Ол жерде қатты ауырып қалған. Одан әрі қазақ оюлары мен өнері бойынша комитетке пайдасы болып қалатынын айтады. Осы жағынан «Сіздің маған деген сеніміңізді ақтаймын». Бұл жағынан «...мен ықпалды қырғыздармен (қазақтармен-Т. Ж.) сөйлесемін, олардың әрқайсысының бұл істе пайдасы болады деп үміттенемін» [85 418]. Оның нәтижесін болашақта хабарлайтынын да айтады. «Өткен жылы қызым Иммузидің қайтыс болуына байланысты Сізге қонақжайлық білдіре алмағаным маған әлі күнге дейін ауыр тиюде. Сіз менің жағдайымды түсінеді деп үміттенемін». «Егер мен Семейде болмасам, ылғи Сіздің қасыңызда болар едім», - деп қимастық сезімін білдіреді [86, 275].
Ж. Ақбаев Семей Орыс Географиялық Қоғамына мүше болған. Орыс зерттеушілері Ю.Попов пен В.Новиков «Григорий Потаниннің соңғы саяхаты» атты еңбегінде саяхатшылар ат басын Ақбаевтың ауылы орналасқан Мыңбұлаққа бұрды. Ақбаев Г.Н. Потанинді жақсы білетін. Сондықтан ол меймандарды құшақ жайып, қарсы алды... Г.Н. Потанинге әрі пайдалы, әрі ұнамды ету мақсатымен Жақып Ақбаев музыкалы-әдеби кеш өткізді. Ж. Ақбаев Г.Н. Потанин сияқты монғол тайпалары туралы да жазған. Г.Н. Потанин Монғолияға жасаған экспедициясында сондай бір көп қаражат болған жоқ, бірақ көпшілік оған қатты назар аударды. Г.Н. Потанин солтүстік-батыс Монғолияға, Алтай мен Хинган арасына 1876-1877 жж. жасаған саяхаты туралы Географиялық қоғамда үлкен баяндама жасаған [87, 423].
1913 жылдың көктемінде Григорий Николаевич Потанин өзінің достарына аңыздар, ертегілер, өлеңдер жинау үшін экспедицияға баратынын хабарлады. Г.Н. Потанин өзінің жас досы Ермековпен алдын-ала келісіп, соның ауылында тұрақтады. Империялық Географиялық қоғамның Батыс Сібір бөлімінің Семейдегі бөлімшесінің мұрағат хаттарынан Г.Н. Потаниннің Қарқаралы уезінде болғаны туралы екі құжат қолға түсті. Оның біріншісінде, 1913 ж. 5-ші сәуірде Басқарушы комитеттің бөлімшесінде В.К. Зайковскийдің төрағалығымен отырыс ұйымдастырылғандығы туралы айтылады. «Батыс Сібір бөлімінің ісінің басқарушысы А.Н. Сидельниковтың Г.Н. Потаниннің осы жылғы жазда Қарқаралы уезіне қырғыз фольклорын зерттеу үшін баратын ниеті туралы хабар беретін хаттары тыңдалды». Осы сапарда 50 рубль қаржы бөлінетіні және оған интеллегентті қазақ аудармашысын табу туралы қаулы шығарылды. Екіншісі, бұл 1913 ж. 30-шы мамыры деп белгіленген құжат. Осында көрсетілгендей, ғалымға «оның Қарқаралы уезіне сапарына аудармашы, Григорий Николаевичті Қарқаралыда күтіп қалған ауыл мектебінің мұғалімі Рахфымбай Сапақов болатыны туралы айтылады. Дәл сол уақытта Р.Сапақов отбасылық жағдайына байланысты Г.Н. Потанинге серік бола алмайтынын, бірақ өзінің орнына мамыр айының аяғында Қарқаралыда болатын студенті Чалымбековті алуын ұсынғанын хатпен хабарлайды». Соған қарағанда, Томскі студенттерінің бірі Қарқаралы уезінің тұрғыны Г.Н. Потанинге аудармашы болуға келісіп қойған еді, сондықтан ол Салымбековке хабарласуды артық деп есептеді [88, 67].
Әлімхан Ермековтың көмегімен Г.Н. Потанин Арқаның біраз жерінде болған. Ол жерлердің табиғатын, шаруашылығы мен мәдениеті жөнінде еңбектерін де жазды. Атап айтқанда, «Дала астықтары» еңбегінде Г.Н. Потанин «Семейдің қасында бидайдың китайка немесе калмынка, теремкова деген атпен белгілі түрлері бар. Олар бірге егіледі, олардың таралу шекарасы орыстың дәні ұсақ бидайынан айырмашылығы бар.
Ахмет Баржаксин мен Г.Н. Потаниннің бір-біріне жазған хаттарынан шығармашылық байланысты байқауға болады. 1914 ж. 22 қарашада жазған хатында А. Баржаксин Петропавл уезіндегі ауылдық мектепке орналасқанын жазған. Бұл хаты үш беттен тұрады. Хаттардың мәтініне қарағанда А. Баржаксин Г.Н. Потаниннің уақытын алмауға тырысқанын байқауға болады. «Жағдайды айтатын болсам, онда Сіздің көп уақытыңызды аламын, сондықтан көп жазбайын деп шештім», - дейді [89, 782].
Баржаксиннің Г.Н. Потанинге Атбасардан жазған мына бір хатының жылы көрсетілмеген, тек хаттың басында «Атбасар қаласы. 10 қараша» екені көрсетілген. Бұл хат екі беттен тұрады. «Құрметті Григорий Николаевич! Сізді және Сіздің жұбайыңызға сәлем жолдаймын. «Сібір өмірінен» көптеген жазбаларды көрдім», деп Г.Н. Потанинді мойындайтынын айта отырып, «Атбасарда қандай жаңалықтар болса, әрқашан редакцияға хабарлап отырамын», деп уәде бере отырып, өзі екі мақала жібергенін айтады. Оның соңғысына «Сіз арқылы олар назар аударады деп үміттенемін. Енді тікелей жіберіп отырамын. Сізге мақалаларыммен мазаңызды алғаныма кешірім сұраймын», - деп жазады [90, 652].
Семейдегі Географиялық бөлімше істерін басқарған Борис Георгиевич Герасимов (1872-1937/8) Г.Н. Потанинге жазған хаттарынан үлкен сыйластық, жақсы қарым-қатынас, қазақ не орыс зиялылаы туралы пікірлері әділ, дұрыс бағасын бергені, артық сөздері жоқ екені байқалады. Б. Герасимовтың қай хатын алсаңыз да “Қымбатты Григорий Николаевич!” деп басталады 1916 ж. 3 қазанда жазылған осындай хаттарының бірінде Герасимов Нәзипа туралы “…9 қазанда Виктор Николаевич Белослюдовты үш Қоғам - География бөлімшесі, Бастауыш білім беруді Қамқорлыққа алған Қоғам және Драмалық Қоғам - еске түсіру шараларын жүргізеді. Ол туралы кейін Сізге нақты хабарлаймын. Құлжановтар Сіздің сәлеміңізге алғысын айтып, Сізге бас иіп сәлем жолдайды. “Сібір жазбаларына” Нәзипа Сегізбаевна ештеңе жаза қоймас, өйткені оның көңіл-күйі онша емес, біраз уақыт бұрын баласы қайтыс болды (4-ұлын жоғалтып отыр)”. Осыған қарағанда Нәзипаның төрт ұлы болған. Өйткені Г.Н. Потаниннің айналасындағы адамдар оны жақсы білген деп есептейміз. Бұл кезде өзінің де денсаулығы мәз емес еді. Оны да Б. Герасимов осы хатта атап өтеді: “Жалпы Құлжанованың денсаулығы қауіп төндіреді. Ол тіпті Томскіге операция жасатуға жиналған (зоб, туберкулез белгілері), бірақ бұл сапарын кейінге қалдырды” [91, 185].
Григорий Потанин Н. Құлжанова мен оның шәкірттерінің білім деңгейіне, өнеріне таңданып, “енді бір елу жылда қазақтың әнші, сырнайшы әртістері патша театрына шығуға жарайды” деп түйіндеуі қазақ халқының болашағына барлай қарап, ізгі жүрекпен бағалағанын байқауға болады.
Қорыта айтқанда, Г.Н. Потаниннің соңғы саяхатының бас-қасында жүрген Әлімхан Ермеков Алашордадағы игі істері бойынша да Г.Н. Потанинмен тығыз байланыс жасап тұрған. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын білген Г.Н. Потанин қазақ қыздарын да жоғары бағалаған. Оны Н. Құлжановамен арадағы қатынасынан байқадық. Нәзипаның білімділігі, мәдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті, ұлтжандылығы кімді болса да қызықтырды.
1920 жылдың басында Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейханов “Алаш” ұлттық партиясының құрылуы мен қалыптасу кезеңдерін сипаттауға бірінші рет талпыныс жасайды. А.К. Бочаговтың тарихи очеркі қазақ интеллигенциясы үшін Ақпан революциясының ерекше рөл атқарғанын айтып өткенімен, 1927 жылы шыққан естелік кітабында Алашорданың “контрреволюциялық” мәнін көрсетуді мақсат еткен. Н. Мартыненко құрастырып, О.Исаев алғы сөз жазған құжаттар жинағында “Алаш” партиясының қызметіне кері баға берілуімен бірге, 1913-1920 жж. оқиғалар жөніндегі қызықты құжаттар қазақ қоғамының топтасуындағы Алашорданың ерекше рөліне баға беруге мүмкіндік береді. 1933 жылдың 8-28 желтоқсан аралығында БК(б)П қазақ өлкесінің Комитеті жанындағы ҚМЛҒЗИ тарих секторында Алашорда қозғалысына арналған пікірталас ұйымдастырылды. Осы аталған институт қызметкерлері С. Брайнин мен Ш. Шафиро “Алашорданың тарихи рөлі” атты баяндама жасайды. Осы баяндама негізінде екеуі кейін кітап шығарады. Кітап “Алаш қозғалысының бастау көздері”, “1916 жылғы көтерілістегі алаш интеллигенциясының рөлі”, “Алаш қозғалысы Ақпан мен Қазан аралығында”, “Алашорда - ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі”, “Алаш қозғалысының тарихын дәріптеушілікке қарсы” деген бөлімдерден тұрады. Тараулардың тақырыбынан көрініп тұрғандай, авторлар Алаш қозғалысының жетекшілері мен оған қатысқандардың барлығын дерлік орыс патшалығы мен уақытша үкіметтің итаршы, қолшоқпарлары, қазақ халқының қас жаулары деп бағалап, Алашорданы ұлтшыл контрреволюциялық үкімет деп анықтады.
ХХ ғ. басындағы саяси-әлеуметтік үрдістер көшбасшыларының азаматтық болмысын айқындауда, олардың саяси-әлеуметтік әрекеттеріндегі кейбір мәселелерді баяндағанда М.Шоқай, З.У. Тоған, Х. Оралтай, А. Керенский және Н. Бердяев сияқты шетелдік эмиграцияға тоталитарлық жүйенің қысымы салдарынан кетуге мәжбүр болған қоғам қайраткерлерінің зерттеу еңбектері мен ғұмырнамалық естеліктерінен мазмұнды мағлұматтар алуға болады.
1970-1980 жж. Алаш зиялы қауымы туралы зерттеулерде айтарлықтай өзгеріс болмады. Революциялық-демократиялық бағыттағы ұлттық саяси интеллигенцияның идеялық және әлеуметтік-экономикалық көзқарастарын сипаттаған бірқатар еңбектер жарық көрді. Оларда алаш қозғалысы туралы бұрынғыдай революциялық оқиғаларға байланысты біраз мәліметтер ғана кездеседі. Бұл кезеңнің зерттеушілері Алаш жетекшілерінің қызметіне Қазақстандағы Кеңес үкіметіне қарсы бағытталған контрреволюциялық қозғалыс көсемдері ретінде баға берді. 1980-жылдың соңында қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанынан құрылған комиссияның шешімімен сталиндік жазалау құрбаны болған біз жоғарыда атаған қазақ зиялыларының шығарма жинақтары жариялана бастады. Дегенмен, 80 жж. аяғы-90 жж. басында КОКП идеологиясы Алаш туралы саяси тарихты әлі де тежеп жатты. Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитеті де Алаш қызметіне “Қазақ қоғамындағы феодал-байлардың мүддесін” қорғайтын “буржуазияшыл ұлтшылдар” деген баға берді. Ғылыми танымның жаңа методологиясының болмағандығынан осындай кемшіліктердің болуы қайта құру кезінде жазыла бастаған еңбектер Алаш мәселесін шынайы зерттеудің шекарасын кеңейтті.
1991 жылы тәуелсіздігіміз жариялап, Алаш қайраткерлері туралы зерттеулерге жол ашылғаннан кейін ұлттық мүдде тұрғысынан олардың өмірі мен қоғамдық-саяси істерін қарастыра бастады. Олардың қызметін жаңаша көзқарас тұрғысынан К.Нұрпейісовтың, М.Қойгелдиевтің, Д. Аманжолованың, Ө. Озғанбайдың, О. Қоңыратбаевтың, М. Қозыбаевтың, Т. Омарбековтың, М. Құл-Мухамедтің, С. Өзбекұлының монографиялық зерттеулері, т.б. зерттеушілердің саяси көшбасшылар жөніндегі еңбектері баспасөз бетінде жарияланып тұрды.
Алашорданың күрделі мәселелерін зерттеуде үлкен қадам жасаған Кеңес Нұрпейісов болды. Оның тарихи зерттеуінің құндылығы бұрын қол жетпейтін құжаттарды ғылыми айналымға енгізгендігінде болып табылады. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мұрағат құжаттарына, газет (“Қазақ”, “Сарыарқа”) материалдарына сүйеніп, күрделі мәселелерді жаңаша көзқараспен шешуге мүмкіндік алған. Автор мұрағат материалдарын жүйелеу арқылы аз зерттелген, күрмеуі көп мәселелердің шешімін табуға тырысқан. К. Нұрпейісов тарихи әдебиетте бірінші рет Ә. Бөкейхановтың “Алаш” партиясын құру, Алашорданың төрағасы болған кездегі қызметін, жалпы ел басқарудағы рөлін көрсетсе [91, 188], ал ғылыми мақалаларында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов сияқты Алаштың саяси жетекшілерінің ұлт-азаттық қозғалысқа тікелей қатынаспаса да, сатқындық жасамағанын дәлелдеп, Алаш пен Алашорда қозғалысының құрамдас бөлімдеріне, бірінші орыс революциясы жылдарындағы Ә.Бөкейханов төңірегіне топтасқан қазақ зиялыларының саясатқа араласқан алғашқы қадамдарына сипаттама жасайды.
Қазақтың саяси элитасының қоғамдық-саяси қызметін зерттеудегі жаңа кезеңнің бір көрінісі осы мәселе жөніндегі, ”Болашақ үшін өткенді білу – парыз” және “Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы” деген пікір алысулардың да маңызы зор болды деп есептейміз.
Ә.Бөкейхановтың шығармашылығына арналған еңбектерден С.Аққұлұлының, Д.Тоқпановтың, А. Мектептегінің, Б. Қойшыбаевтың ғылыми мақалаларын атауға болады. Е. Серкебаевтың “Бүкілресейлік құрылтай және “Алаш” зиялылары” мақаласында құрылтайға депутаттар сайлау барысы мен оның жұмысына шолу жасаса, жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау мәселесі осы тақырыпты ғылыми тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді. Олар осы кезге дейін алаш қозғалысының көсемдеріне “буржуазиялық либералдар”, “қазақ ұлтшылдары” анықтамаларын беру Алаш интеллигенциясын және олар басқарған саяси қозғалыстың қоғамдық дамудағы алатын орнына сәйкес емес деп түсінеді. М.К. Қозыбаев Алашқа либералды ұлттық инттелигенцияның партиясы деген анықтама бере отырып, оның идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлтшылдық болды деген қорытынды жасады.
М. Қойгелдиев еңбегінде Алаш зиялыларының іс-қимылдарына сипаттама жасалған [90, 652]. Алаш зиялыларының идеялық-саяси көөзқарастары Ресей, Түркия сияқты елдердің жоғары оқу орындарында қалыптасқанын көрсеткен. Құжаттық деректер негізінде автор Ә. Бөкейхан, Ж. Ақпаев, А. Байтұрсыновтың қызметіне талдау жасайды. 1906-1916 жж. кезеңнің тәуелсіздік үшін күрестегі идеологияның қалыптасуына, Алаш қозғалысының саяси ұстанымының нығаюында маңызды рөл атқарғанын анықтайды. Ө. Озғанбай Ресей мемлекеттік Думасы туралы жан-жақты талдау жасаса [91, 185], С. Мадуанов Орталық Азия елдерімен қазақтардың қатынасын көрсетуде қоғамдық-саяси оқиғаларға мән берсе [92 86], Хабижанова Г.Б., Валиханов Е.Ж., А. Кривков зерттеуінде ХІХ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. басындағы орыс интеллигенциясының Қазақстандағы қызметіне сипаттама жасалған. Бұл еңбекте Г.Н. Потаниннің қазақ зиялыларымен арадағы байланысы атап өтілген. Сібірдегі саяси жағдайды Қазақстанмен салыстыруда М.К. Асылбеков еңбегін пайдаландық. Ол Қазақстандағы темір жолшылардың саяси санасының өсуіне сипаттама жасаған. Ал В. Галиев еңбегінде Қазақстанды зерттеген шетелдік және Ресей саяхатшыларына қазақ зиялылары қалай көмектескенін және тілмаштық қызметтерін атап өткен.
Жеке тұлғалар жөнінде ғалымдардың назарын аударған бірқатар диссертациялық зерттеулер жазылды. Қазақстанның қос төңкеріс пен азамат соғысы кезеңіндегі Алаш қозғалысының жекелеген мәселелері бойынша, атап айтқанда, Алаш қозғалысының тарихнамасы, Ақпан революциясынан кейінгі демократиялық өзгерістер, қазақ комитеттерінің қызметі, қазақ съездері, мұсылмандық қозғалыс мәселесі туралы Р.Нұрмағамбетованың, А.Абылғазинаның, А.Махаеваның, С.Рүстемовтың, Ә.Пірмановтың, А.Бопованың, Ш.Тухмарованың, Т.Әуелғазинаның, К.Атымтаеваның және т.б. диссертациялық еңбектерінде ғылыми талап негізінде зерттеліп, объективті баға беруге талпыныс жасалған. Бұл зерттеулерді “ХХ ғ. басындағы Қазақстан” атты кешенді мәселені ашу ісіне қосылған зор үлес деп бағалауға болады.
Сонымен, 90-жж. ғылыми-саяси әдебиетке талдау жасау алаш мәселесін зерттеуде зерттеушілік ойдың алға жылжығанын байқатады. Әсіресе бұл зерттеулердің жан-жақтылығы мен құжаттық базасының кеңдігін атап өткен дұрыс деп есептейміз. Соның нәтижесінде Алаш пен Алашорда тарихының өзекті мәселелерін, яғни оппозициялық қозғалыстың пайда болуы, әлеуметтік құрамы, ішкі және сыртқы факторларын анықтау сияқты саяси-әлеуметтік үрдістер көшбасшыларының қоғамдық-саяси, идеологиялық көзқарастарының қалыптасуындағы маңызды роль атқарған жақтарын көрсетті.
ХХ ғ. аяғы ХХІ ғ. басында көптеген ғылыми әдебиеттер жарық көріп, оған объективті алғышарттар - Қазақстанның тәуелсіз алуы, демократиялық үдерістердің көрінуі саяси еңбектерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Жаңа құжаттардың ғылыми айналымға енуі, оларды талдау қайта қарауға мүмкіндік туғызып, Алаш қозғалысына, оның жетекшілеріне деген тұжырымдардың мәні өзгертіп, бұрынғы кертартпа пікірлерінен бас тартуға әкелді. Шетелдік зерттеушілер Алашорда қозғалысының негізгі маңызы ХХ ғ. бірінші ширегіндегі қазақ ұлттық біртұтастығының қайта өрлеуіне қосықан үлесінде деп көрсетеді.
Американ тарихшысы Марта Олкотт өз еңбегінде Алаш-Орда мен большевиктік өкіметтің өзара қарым-қатынасын қарастырып, 1919 жылға тоқталады; бұл кезде, Алаштың жетекшілері Кеңес өкіметімен ынтымақтасуды жөн көрген болатын. Мұрағат құжаттарын пайдаланбағандықтан, автор мәселенің тұңғиық тереңіне жете алмаған. Ал Хасен Оралтайдың еңбектерінде дерек ретінде С.Сейфуллиннің еңбектерін қолданып, Алаш тарихын жалпытүріктік позиция тұрғысынан қарастырады. Хоккайдо университетінде қызмет ететін жапон тарихшысы Уяма Томохиконың еңбектері назар аударарлық деп санаймыз. Алаш зиялыларының жетекшілері екі мақсатқа – автономиялық мемлекет пен ұлтаралық татулықты сақтауға талпынды деп автор дұрыс көрсетеді. Сонымен бірге Томохико әдебиетте кездесетін қайшылықты да көрсетеді, яғни Алашорданың түпкі мақсаты тәуелсіздікке қол жеткізу болса, ал деректерде ол Ресей Федеративтік Республикасы құрамында автономия болу деп атап көрсетеді. Ұлттық тұлғалар жөніндегі маңызды еңбектерге Ричард Пайпстың зерттеулері жатады. Өз еңбегінде автор белгілі мәселелерді қарастыра отырып, Ресейдің мемлекеттік құрылымын талдап, Ақпан революциясының оқиғаларын сипаттайды. ХХ ғ. басындағы Ресей тарихында зиялы қауымның орны мен рөліне, тарихи миссиясына, партия мен либералдық қозғалысқа талдау жасауы көңіл қоярлық тұжырым. Мұндай еңбектер бізге Ресейдегі саяси оқиғалардың шет аймаққа әсеріне талдау жасауға аз да болса көмегін тигізді.
Алаш тарихнамасына талдау жасау біздің зерттеу нысанамызға жатпайды. Біз Г.Н. Потанинге қатысты дүниелерді оның өз еңбектерінен ғана алдық, сондықтан оны дерек ретінде қолданғандықтан тарихнамалық талдауға енбейтіні белгілі. Ал Г.Н. Потанин мен Алаш зиялыларының қарым-қатынасы туралы арнайы зерттеулер жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Достарыңызбен бөлісу: |