Диссертацияның ғылыми жаңалығы: мәселенің кешенді түрде зерттелуінде. Қазақстан тарихы ғылымында алғаш рет Г.Н. Потанин мен қазақ зиялыларының саяси-қоғамдық көзқарастарына талдау жасалып, бұл мәселені көрсетуде Томск облысының мемлекеттік мұрағатының, Томск университетіндегі мұрағат құжаттары ғылыми айналымға түсті. Бұғанға дейін Г.Н. Потанин мен қазақ зиялыларының өзара көзқарастарын талдаған еңбектер бола қойған жоқ. Осыған байланысты диссертацияда мынадай ғылыми жаңалықтар көрініс тапты:
- орыс зиялы қауымының қазақ зиялыларының көзқарасына, іс-әрекетіне,
ғылыми шығармашылығына ықпалының деңгейін анықтаудың методологиялық негізі жасалды;
- Г.Н. Потанин мен Сібірдегі саяси топтардың ара-қатынасы мұрағат
құжаттары және кейінгі шыққан зерттеулер негізінде жан-жақты талданды;
- Шоқан Уәлихановтың Г.Н. Потаниннің ой-өрісіне, көзқарасына әсері
көрсетіліп, Шоқан Г.Н. Потанин үшін Европаны ашқан терезе болғаны
дәлелденді;
- Мұса Шормановтың Г.Н. Потаниннің қазақ этнографиясы бойынша
мәліметтер жинауға зор үлесі болғанын, М. Шормановтың да орыс ғалымымен адамгершілік ғылыми байланыстары да тығыз екендігі көрсетілді;
- Г.Н. Потаниннің Орталық Азия елдеріне, Шығыс Тарбағатайға жасаған
саяхаты, ол елдер туралы тарихи ойлары ғылыми еңбектері бойынша
көрсетіліп, орыс шығыстану ғылымына қосқан үлесі жүйеленді;
- алғаш рет Г.Н. Потаниннің Ж. Ақпаев, Н. Құлжанова, Ә. Ермеков, А.
Біржақсин сияқты қазақ зиялыларымен адами, шығармашылық байланыстарының жаңа қырлары мұрағат материалдары бойынша сипатталды;
- Г.Н. Потанин және Алаш Автономиясы мәселесі Г.Н. Потаниннің
баяндамалары, мақалалары бойынша талданып, осы мәселеге қатысты Ә.
Бөкейханов бастаған зиялы қауымның тұжырымдамалары айқындалды;
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- орыс зиялылар мен қазақ зиялыларының көзқарасы Алаш автономиясы
және Сібір автономиясы бойынша біркелкі болған жоқ.
- Г.Н. Потанин мен Сібірдегі саяси топтар өз жерінің патриоты болды;
- Ш. Уәлиханов Г.Н. Потаниннің көзқарасының қалыптасып, ғылыми
зерттеулермен тыңғылықты айналысуына ықпал жасады;
-ХІХ ғ. қазақ зиялыларының өкілі Мұса Шорманов пен Г.Н. Потанин
арасында шығармашылық, ағартушылық байланыстың елге пайдасы болды;
- Г.Н. Потаниннің Қазақстанды зерттеуіне қазақ зиялылары үлкен үлес
қосты;
- Оның Орталық Азияны зерттеуі шығыстану ғылымына мол мәлімет берді;
- Г.Н. Потанин мен қазақ зиялыларының қарым-қатынастары өзара жазысқан
хаттары арқылы анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |