Қорытынды.
Қазіргі таңда неке қатынастары көңіл аударарлық мәселе болып табылады. Отбасы тарихи категория ретінде өзінің пайда болуы, қалыптасуы және дамуы барысында көптеген өзгерістерге ұшырады деп пайымдай аламыз. Бүгінгі таңда отбасы Конституциямен қорғалады, ал отбасы құқығын зерттеу мен білу заңды әрі қажетті болып табылады. Әрбір тұлға некеге тұрар алдында отбасы құқығының басты қағидалары мен негіздерін анықтап алуы қажет.
Отбасы құқығы некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар, ата-ана мен балалар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды бекітеді. Дегенмен отбасы заңнамасы барлық мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттемейді, себебі кейбір мәселелер тек азаматтық құқықпен реттеледі.
Отбасы ұғымы әрқашан нақты болмағандықтан оны заңнамада бектудің өзі қиын.
Мемлекет отбасы әріптесі ретінде оның жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға ыңғайлануы процесіне белсенді қатысады және отбасының әлеуметтік маңызды мүдделерін қорғау мақсатында үнемі осы жағдайларды реттеп отыруы тиіс. Мұнда отбасын қамқорлыққа алу немесе оның функцияларын алмастыру жөнінде емес, көп жағдайда оның қоғамдағы қызметін анықтайтын, белсенділігін арттыратын немесе керісінше қызмет етуін қиындадатын заңдар, жарлықтар, әр түрлі Үкімет шешімдері арқылы отбасына қажетті макро жағдай жасау жөнінде сөз қозғалып отыр.
Отбасы заңнамасы әлі де отбасы қатынастарын басқа құқық салаларымен реттелетін қатынастардан ажыратуға мүмкіндік беретін сапалы материалдық критерийлерге ие емес. Отбасы қатынастарын отбасында пайда болатын қатынастар ретінде анықтау әрекеті бұл қатынастардың табиғаты жөніндегі сұраққа толық жауап бере алмайды. Осы критерийлердің табылуы некені бұзу кезінде пайда болатын мәселелерді әділ шешуге мүмкіндік берер еді.
Жүргізілген анализ негізінде қазіргі таңда мынадай неке қатынастарына қатысты қолданылатын ережелер қарастырылмаған деп айтуға болады:
-«неке» және «отбасы» ұғымдарының арақатынасы;
-«жалған неке» ұғымына анықтама берудің күрделілігі;
-жалған некеге қатысты мәселелердің заңнамамен толық
қарастырылмағандығы;
-неке шарты халықаралық қатынастарда орын алғанымен, қазақ халқы менталитетіне неке шартын жасаудың жат болуы салдарынан тәжірибеде кең көлемде қолданылмауы;
-кейбір коллизиялық мәселелер;
Зерттеу нәтижесінде үш бөлімге мынадай қорытынды жасадық.
Бірінші бөлімдегі басты мәселе «неке» және «отбасы» ұғымдарына анықтама беру болатын. Ал сырт көзге оңай болып табылатын бұл ұғымдарға анықтама берудің маңыздылығы неде деген сұраққа жауап беру барысында келесідей қайшылықтарға кездесеміз. Неке ағылшындардың қолданатын «marriage» сөзіне жақын фр.тіліндегі «mariage» сөзінен шыққан. Ол неке, той деген мағыналарға ие. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес неке ─ әйел мен еркектің заңда бекітілген тәртіп пен талаптарды сақтай отырып, «отбасын құруға ниеттенген» және ерлі-зайыптылардың арасында өзара жеке, мүліктік құқықтар мен міндеттер туғызатын еркек пен әйелдің қиған тең құқылы және ерікті одағы. Ал осы анықтамадағы «отбасы» ұғымы нені білдіреді? Осы сұраққа жауап табу мақсатында автордың жүргізген сауалнамасы келесідей нәтиже берді: сұрақ қойылған жиырма тұлғаның он төрті отбасы ұғымын некеге тұрған тұлғалардың балаларының пайда болуымен байланыстырады. Тек алтауы ғана отбасы ұғымын тараптардың қатынастарын заңдастырумен байланыстырады. Ал жалпы, отбасы лат.тіліндегі «familia» сөзінен шыққан, бірінші мағынасы отбасы болса, екіншісі Ежелгі Римде отбасылық шаруашылық құқықтық бірлікті білдіреді. Отбасы деп ─ некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы аталады. Демек жоғарыда аталған он төрт тұлғаның неке ұғымын дұрыс түсінбейтіндігі байқалады. Сол секілді жалпы қауымның неке ұғымын дұрыс түсінетіндігіне күмән келтіруге болады.
Тағы бір тоқтала кететін жәйт, бір жынысты тұлғалардың арасындағы неке. Бізге мәлім болғандай мұндай неке көптеген елдерде танылмайды, дегенмен бұл тұлғалардың отбасын құру ниетінің бар екендігін жоққа шығара алмаймыз. Автордың пікірінше халықаралық құқықта үлгі ретінде қолданылатын «неке» ұғымына нақты анықтама берілуі және сол үлгіге сай әр мемлекет өзінің ішкі заңнамасын сәйкестендіруі қажет. Мүмкін осы жағдайда кез-келген тұлғалардың арасындағы неке өз елінде ғана емес, басқа мемлекеттерде де танылар еді... . Сондай-ақ барлық елдегі тұлғалар неке ұғымын бірдей түсінер еді.
Екінші бөлімде неке институтының сылыстырмалы сипаттамасы берілді. Бұл бөлімнен мынадай қорытынды шығаруға болады:
-
Қазақстандық құқықтық жүйе романо-германдық жүйеге жататын болғандықтан заңды басшылыққа алады. Ал мұсылман құқық жүйесі діни сипатқа ие.
-
Мұсылман құқығы бойынша неке қию процедурасы жеңілдетілген, ешқандай мемлекеттік тіркеуді талап етпейді. Ал Қазақстан Республикасында, АХАЖ органдарында тіркелген неке ғана заңды салдар туғыза алады.
-
Мұсылман құқығында тек жалпы құқықтық мәселелерге ғана емес моральдік нормаларға да көңіл бөлінеді. Ал қазақстандық заңнама некемен байланысты рухани қатынастар секілді адам өмірінің барлық жақтарын реттемейді.
-
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес неке жасы 18, ал мұсылман құқығы бойынша жыныстық тұрғыда жетілген тұлға кәмелеттік жасқа толған болып есептеледі.
-
Екі құқықтық жүйенің арасында некені жарамды деп тану мен танымау, некені бұзуға қатысты көзқарастары мен некені бұзуға қойылатын талаптар және т.б.өзгешеліктер бар.
Үшінші бөлімде неке қатынастарының өзекті мәселелері қарастырылған болатын. Онда неке қатынастарында туындаған коллизияларды шешудің бірнеше тәсілдері көрсетілді. Сондай-ақ жағымсыз болғанымен қазіргі таңда орын алып жүрген жалған неке мәселесі туралы сөз қозғалды.
Жалған неке ─ отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке.
Қазақстан Республикасының заңында жалған неке анықтамасы нақты көрсетілгенімен оның жалғандығын анықтау қиынға соқтырады. Өйткені, әдетте отбасын құру ниетінің жоқтығын дәлелдеу көп жағдайларда мүмкін емес.
Бүгінгі таңда неке шартының жақтаушылары да қарсыластары да аз емес.
Барлық мемлекетерде дерлік неке және отбасы қатынастарына түсуші тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғаудың негізгі құралы ретінде неке шарты, яғни некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім есептеледі. Бірақ Қазақстан Республикасында неке шартын жасау фактілері кездеспейді. Бұған мысал, Оңтүстік Қазақстан Облыстық Cтатистика Басқармасының берген мәлеметіне сүйенсек Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша әлі күнге дейін бірде бір неке шартын жасау фактісі тіркелмеген. Мұның себебі Қазақстан халқына неке шартының әлі де болса жат болуы.
Зерттеліп отырған мәселе алғашқыда көрінгендей оңай болған жоқ. Ол бір мәселені шешу кезінде келесі күрделірек мәселелерді тудырып отырды. Неке мәселесі тек тарихи ғана емес, психологиялық, философиялық, әлеуметтік мәселе болып та табылады. Дегенмен зерттеу барысында кейбір маңызды және жеке қорытындылар шығарылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Халықаралық құқықтық актілер
-
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен қабылданған 1948 жылдың 10 желтоқсанындағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы.
-
Ең төменгі неке жасында некеге тұруға келісім беру және некелерді тіркеу туралы Рекомендация. 1 қараша 1965 жылғы 2018 (XX) Бас Ассамблея Қарары.
-
1957жылғы Некедегі әйелдің азаматтығы туралы Конвенция
-
Нәсілдік кемсітушіліктің кез-келген нысанын жою туралы Халықаралық Конвенция (Нью-Йорк, 7 наурыз 1966 ж.).
-
Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция (Рим, 4 қараша 1950 ж.) (өзг. мен тол. 21 қыркүйек 1970 ж., 20 желтоқсан 1971 ж., 1қаңтар 1990 ж., 6 қараша 1990 ж., 25 наурыз 1992 ж., 11 мамыр 1994 ж.).
-
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт.(Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 ж.).
-
Мәдени, әлеуметтік және экономикалық құқықтар жөніндегі халықаралық пакт.(Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 ж.).
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Конвенция .(Минск 22. 01. 93)
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері
-
1995 жылдың 30тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.
-
Қазақстан Республикасының 1998 жыл 17 желтоқсандағы №321-I «Неке және отбасы туралы» Заңы, Алматы: ЮРИСТ.
-
Қазақстан Республикасындағы 1995 жыл 19 маусымдағы №2337 «Шетелдік тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы.
-
Қазақстан Республикасының 1997 жыл 16 шілдеде қабылданған № 167-I Қылмыстық Кодексі.
-
Қазақстан Республикасының 1991 жыл 20 желтоқсандағы №1017-XII «Азаматтық туралы» Заңы.
-
1994жыл 27желтоқсанда қабылданған №269-XIII Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.
Арнайы әдебиеттер
-
Құранның қазақша аудармасы. Халиф Алтай.
-
1978 жыл 15 маусымда қабылданған ХЖҚ туралы Австрия Федеративтік Заңы
-
Амангельды Айталы. По семейным обстоятельствам.//Мегаполис, №30 (243), 2005г.,ст.1.
-
Андрей Соколов. В Атырау растет число браков с иностранцами.//Национальное информационное агенство «КазИнформ» 29.10.05.
-
Мұхаммед Пайғамбардың әйел және отбасы туралы өсиеттері (Мұхаммед Пайғамбардың хадистері мен Әзірет Әліге айтқан өсиеттері бойынша). 10б.
-
Мың бір хадистер. Аударғандар: Төрежан Жүнісов, Файзулла Жүнісов. Шымкент қ.
-
Абдуррохман ибн Мухаммад «Авзи Аль Джузирийю». Китаб-уль-фикхи алал мазахиб-иль-арба ати (араб.яз.)(книга о законодательстве по 4-м мазхабам) Бейрут 1996
-
Ангерс. Э. История Европейского права (Перевод со шведского) \Ин-т Европы - М: Наука, 1996-395 с
-
Антольская М.В. «Семейное право»: Учебник - М: Әділет, 1998
-
Ануфриев Л.П. Международное частное право: В 3-х т. Том 1. Общая часть: Учебник. - М.: Издательство БЕК, 2002. - С. 1-6, С. 57-102.
-
Богуславский М.М. «Международное частное право». 1994 Москва
-
Богуславский М.М. Международное частное право: Учебник. - 3-е изд. перераб. и доп. - М.: Юристъ, 1998. - С. 10-44.
-
Галанза П. Н. Кеченьян С. Ф. История государства и права. Учебник. Под ред. Черниловского З. М. - М: 19949 - 535 с
-
Галенская Л.Н. Международное частное право.1983.
-
Международное частное право./ под ред. Дмитриевой Г.К. - М.:, 1993.
-
Звеков В.П. Международное частное право. Курс лекций. - М.: Издательсткая группа НОРМА-ИНФРА T М, 1999. - С.
-
Звеков В.П. «Международное частное право». Курс лекций. Издательство НОРМА, 2000. - 686с.Петров Ф.Н. «Словарь иностранных слов». 2-е издание. Огиз - гос.изд-во иностранных и национальных словарей. Москва 1941. с.676
-
Игнатенко А.А., Скрыпников Н.И. Брачный договор. Законный режим имущество супругов. М.,1997.
-
Лунц Л.А. Курс международного частного права. 1-й том. - М.: Юрид. лит., 1973.
-
Лунц Л.А. и др. Международное частное право. - М.: Юрид. лит., 1984
-
Мухаммад Али-Аль Хашими «Личность мусульманина» Российский фонд. 1997. - 78с.
-
Нечаева А.Н. Брак, семья, закон. М., 1984г.Панов В.П. Международное частное право. Схемы. Документы. Учебное пособие. - М.: Право и Закон, 1996. - С. 5-15.
-
Пантелеев А.Д. «Брак и семья в апокрифических Деяниях апостолов».
-
Рясенцев В.А. Семейное право. М., 1967г.С..93-94.
-
Сарсембаев М.А. «Международное частное право». Учебное пособие. Издание 2-е, Алматы Ғылым, 1998. - 339с.
Достарыңызбен бөлісу: |