Arduino платформасы туралы жалпы мағлұматтар



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата11.11.2023
өлшемі1.09 Mb.
#482978
1   2   3
Arduino лекция1

Аппараттық бөлік:
Барлық Arduino платаларында бағдарламалау және басқа 
схемалармен бірлесіп жұмыс істеу үшін қажетті негізгі 
компоненттер бар (сурет. 1.1):
♦ Atmel микроконтроллері;
♦ Деректерді бағдарламалау және тасымалдау үшін USB 
интерфейсі;
♦ кернеу тұрақтандырғышы және қоректендіру көздері;
♦ енгізу-шығару кірістерінің контактілері; индикаторлық 
жарық диодтары (Debug, Power, Rx, TX) ;
♦ қалпына келтіру батырмасы;
♦ бағдарламалаудың кірістірілген тізбектелген интерфейсі 
(ICSP).


Atmel микроконтроллері
Arduino платасының негізгі элементі - Atmel 
микроконтроллері. Arduino платаларының 
көпшілігінде, соның ішінде Arduino UNO-да, 
ATmega микроконтроллері орнатылған. Arduino 
UNO платасының суретінде atmega 328
микроконтроллері берілген. Due платалары ғана 
ARM Cortex микроконтроллерімен жабдықталған.


Микроконтроллер бағдарламаның барлық 
құрастырылған (компиляцияланған) кодын 
орындайды. Arduino тілі микроконтроллердің 
перифериялық құрылғыларына қол жеткізуге 
мүмкіндік береді: аналогты-сандық түрлендіргіштер( 
ADCs), цифрлық енгізу-шығару порттары, 
коммуникациялық шиналар (І
2
С және SPI қоса) және 
тізбектелген интерфейстер
Қалпына келтіру батырмасының көмегімен 
бағдарламаның орындалуын қайта іске қосуға 
болады. 


Arduino тақталарының көпшілігі 13 контактіге 
қосылған ретке келтіруге арналған жарықтандыру 
диодымен (Debug) қамтамасыз етілген, ол
қосымша компоненттерсіз бағдарламаларды 
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 




Бағдарламалау интерфейсі
Әдетте, Atmega микроконтроллерінің бағдарламалары 
бағдарламашы (программатор) көмегімен ICSP интерфейсі 
арқылы микроконтроллерге жүктеледі (сурет 2). Мүмкін, 
Arduino - ның ең маңызды ерекшелігі - қосымша 
бағдарламашысыз, USB порты арқылы тікелей 
бағдарламалауында. Бұл функцияны зауыт-өндірушіде 
Atmega микроконтроллеріне жазылған Arduino жүктеушісі 
қамтамасыз етеді және ол қолданбалы бағдарламаны USART
тізбектелген порты бойынша Arduino платасына жүктеуге 
мүмкіндік береді.


Arduino Uno және Mega 2560 жағдайында USB кабелі және 
негізгі микроконтроллердегі USART контактілері арасындағы 
интерфейс ретінде қосымша контроллер қызмет атқарады 
(платаның нұсқасына байланысты ATmega 16U2 немесе 8U2). 
Arduino Leonardo платасында кірістірілген USB контроллері 
бар ATmega 32U4 негізгі микроконтроллері орнатылған. 
Arduino-ның ескі платаларында ATmega тізбектелген порты 
мен USB интерфейсі арасындағы байланыстыру функциясын 
арнайы микросхема орындаған.


Arduino тақтасын іске қосқаннан кейін бірнеше
секунд жұмыс жасайтын жүктеуші іске қосылады. 
Егер, осы уақыт ішінде жүктеуші UART сериялық
интерфейсі арқылы IDE -ден бағдарламалау
командасын алса, онда ол бағдарламаны
микроконтроллер жадысының бос аймағына
жүктейді. Егер мұндай команда келмесе, Arduino 
жадысындағы соңғы бағдарлама іске қосылады.


Енгізу-шығарудың цифрлық және аналогтық контактілері
Arduino контроллерлеріндегі көптеген енгізу-шығару 
контактілеріне сыртқы схемаларды қосуға болады. Барлық 
контактілер цифрлық енгізу және шығару қызметтерін 
орындай алады. Arduino контактілерінің бір бөлігі 
аналогтық енгізу контактілері ретінде де қолданыла 
алады. Көптеген контактілер мультиплекстеу режимінде 
жұмыс істейді және қосымша функцияларды орындайды: 
әртүрлі коммуникациялық интерфейстер, тізбектелген 
интерфейстер және т.с.с..


Қоректендіру көздері
Көптеген жобалар үшін USB кабелі арқылы алынған 5 вольтты қуат
жеткілікті. Алайда, автономды құрылғыны құрастыру қажет болған
жағдайда, схема сыртқы қоректендіру көзі арқылы 6-дан 20 В-қа дейін
жұмыс істей алады (7-12 В кернеуі ұсынылады). 
Сыртқы қуат DC қосқышы немесе V
in
контактысы арқылы берілуі
мүмкін. 
Arduino-да 5 және 3,3 В қа арналған кірістірілген тұрақтандырғыштар
бар:
♦ 5 В кернеуі платадағы барлық логикалық элементтер үшін
қолданылады, цифрлық енгізу-шығару контактілеріндегі деңгей 0-5 В 
аралығында болады;
♦ 3,3 В кернеуі сыртқы құрылғыларды қосу үшін бөлек контактіге
шығарылған.


Arduino платалары
Қазіргі уақытта шығарылып жатқан Arduino платаларының түрі өте 
көп. Соның ішінде көптеген қолданысқа ие, ол Arduino Uno платасы.
Arduino Uno - Arduino желісінің негізгі тақтасы, ол көптеген 
жобаларды және мысалдарда қолданылады. Плата ATmega328 
микроконтроллерімен және 16U2 схемасымен жабдықталған. 


https://robocraft.ru/blog/arduino/1035.html
Arduino нұсқалары


http://doc.arduino.ua/ru/hardware/
сайтындағы 
мәліметтерді қолданып, Arduino платаларына талдау 
жасап, салыстыру кестесін құрыңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет