Keywords: Dome, tomb, Islam, tombstone, spiritual, Otirar, Minsukur, Ahmet Yesevi.
Еліміз ежелден ӛзінің ӛмір сүру тарихында кӛнеден келе жатқан қасиетті орындарды қастерлеген. Осы орындардың қадір-қасиетін бар
*Tарих ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті. Түркістан-Қазақстан
Сandidate of History, Associate Professor of Hoca Ahmet Yassawi International Kazakh-Turkish University. Turkistan-Kazakhstan. E-mail: mdilda@mail.ru
болмысымен түсіну, қабылдау елдің ӛмір сүруінің бір бӛлігі деуге болады.
Исламда «жамал», «жалал», «сыпат» деген түсінік бар.
«Жамал» Жаратушының сұлулығы, ол діни ғимараттардың күмбезін бейнелеген. Күмбездер ұшында міндетті түрде кубба-күмбез ұшы болды. Ислам сәулет ӛнерінің туындыларын қарағанда күмбез ұшының кең түрде қолданылғанын кӛруге болады.
Үлкен кеңістікте ӛмір сүрген, батысы Пиреней түбегі шығысы Үндістанға дейінгі ислам ӛнерінің даму сипаты белгілі бір исламдық ережелерге сүйенгені белгілі. Сонымен бірге жергілікті жердің мәдени дамуы, ӛзіндік ерекшелігі де ерекше ықпал етті.
ғ. фотодеректерге сүйенсек, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің, Рәбия Сұлтан бегім мазары күмбездерінің ұштарында
«кубба» қойылғаны кӛрінеді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан кейінгі XX ғ. 80-ші жылдары керамикалық кубба да табылған. Рәбия Сұлтан бегім мазары күмбезінің куббасы үш шеңберлі шар сипатында бейнеленген.
Ислам сәулет ӛнерінде кесенелердің күмбезді болуы, күмбез ұшымен ұшталуы белгілі бір заңдылық болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбездері, оның жанында орналасқан кесенелер де күмбез ұштарымен кӛмкерілген. Атап айтқанда, қабірхана, қазандық бӛлмелерінің күмбездері және Рәбия Сұлтан бегім күмбезінің куббалары. Бұл күмбез ұштары XIV ғ. Отырардан табылған куббалармен ұқсас болып келеді. Күмбез ернеулеріне түсірілген жазулар гүлденген куфи ӛрнегімен түсірілген. Рәбия Сұлтан бегім мазары 1895 жылға дейін оқ-дәрі қоймасы ретінде пайдаланылып келген. Осы жылдың тамыз айында кесене құлап қалған. Сол кезеңде кубба да жоғалған болу керек (Түркістан альбомы, 2005: 11).
ғ. екінші жартысында зерттеу жүргізген ғалымдар қазба жұмыстары кезінде Рәбия Сұлтан бегім кесенесі маңынан түрлі әрлеуге арналған кӛк, аспан кӛк, ақ түсті кӛркем тақташаларды тапқан. Кесенені әрлеуде куфи жазуы, ӛсімдік, эпиграфикалық ӛрнектер қолданылғаны белгілі болды (Смагулов, Григорьев, Итенов, 1998: 132]. Бұл ӛрнектер XIVғ. әрленген ӛрнектермен сәйкес келеді. Кесене күмбезінің ұшына үш шар сипатын бейнелеген кубба болған, оның тӛменгі жақтарында шыңылтыр жазулар жақсы сақталған (Гейнс, 2008). Зерттеулер бойынша, XII-XV ғғ. Орта Азия мен Қазақстанда сегіз қырлы, қас бетті, күмбезді мавзолейлерді салудың дәстүрлері қалыптасып дамығаны белгілі болып отыр.
Д. Мҧстапаева. Ислам сәулетіндегі кҥмбез ҧштары, сегіз қырлы...
1895 жылға дейін оқ-дәрі қоймасы ретінде пайдаланылып келген Рабия Сұлтан бегім кесенесі 1980 жылдары қайтадан қалпына келтірілді. Түркістанға келген саяхатшылар, әскери адамдар, зиялы қауым қала, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ғиараттар туралы жазып қалдырған.
Шығыстанушы ғалымдар М. С. Бекчурин, П. И. Лерх, И. И. Пашино т.б. жазба деректерінде кесене туралы мәліметтер кең қамтылады (Бекчурин, 1866; Лерх, 1870; Пишино, 1968]. Олар қалдырған фотосуреттерден Ахмет Ясауи кесенесі, күмбездері, Рәбия Сұлтан бегім мазары, оның куббамен ұшталған күмбезін кӛруге болады.
1866-70 жж. Түркістан альбомындағы фотодеректерге сүйенсек, кесененің қазандық бӛлмесіндегі күмбездің ұшы болған. Қала ӛміріне назар аударғанда фотосуретте сол кезеңге тән базар, қала кӛшелері, тұрғын үйлер де бейнеленген.
Ислам ӛнерінде діни ғимараттарды күмбезді етіп жасау, күмбез ұштарын қою кең дамыған. Сол ғимараттар үшін қажетті заттар, керекті материалдар дайындау ісі жергілікті жердегі шеберханаларда жүргізілді.
Ғалымдар XIII-XIV және XIV-XV ғасырлармен мерзімдеген, Отырардан табылған шеберханаларда, соның ішінде Мыңшұңқыр шеберханасы керамикаларының арасында сәулеттік керамикалар бар. Солардың ішінде шыңылтырланған, сыртына ӛсімдік, геометрияланған сипатта ӛрнектер түсірілген күмбездің ұштары кездеседі. Күмбез ұштары ӛсімдік сағақтары, тӛртқұлақ ӛрнектері түсіріліп әрленген. Ол сан ғасырлар қолданып келген белгілі бір мәні бар сарынды бейнелейді. Мыңшұңқырдан табылған күмбез ұштары XIII-XIV ғ.ғ. діни ғимараттарды салғанда қойылған күмбез ұштарын әзірлеуде жергілікті жерде шеберханалардың болғанын дәлелдейді. Ортағасырлық Қазақстан мен Орта Азиядағы кесенелердің күмбездеріне міндетті түрде кубба орнатылып отырған (Қожаев, 1996: 105].
XIII-XV ғасырларда ортағасырлық қалалардан табылған кесенелерге қойылған күмбез ұштары, діни ғимараттар, кесенелер т.б. ислам сәулет ӛнерінің туындылары белгілі бір ережеге сай салынды. Күмбез ұштары ислам дініндегі канондарға сай жасалды. Исламда кең ӛріс алған кӛк, жасыл, ақ, күміс түстер қолданылған.
XIV-XVI ғасырларда сәулет құрылыстарында қолданылған материалдардың ішінде куббалар сол кезеңде ислам ӛнерінде кең қолданылған люстр бояуымен әрленді. Мұндай люстр бояуының бір ерекшелігі түстердің атап айтқанда, кӛк түс пен алтын, күміс түстің құбылуы болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі, Рәбия Сұлтан бегім мазарындағы куббалар да осы негізді алып қалыптасқан. Ислам сәулеті мен ӛнеріндегі «әлем» терминінің екі мәні бар. Бірі - мешіт немесе мұнараның күмбезінің металл немесе тастан жасалған ұшын, екіншісі - әскери тудың ұшындағы металл штандартты кӛрсетеді (alem v islamskoj-arhitekture).
Кубба – Орта Азия, Таяу Шығыс елдерінде кӛптеген діни, әлеуметтік құрылыс күмбездерінің ажырамас бір бӛлігі болып саналады. Олардың түрлері мен сипаттары әр түрлі және ӛте бай. Күмбез ұштары «алем», «кубба» деген атпен аталған.
Күмбезді адамзаттың діни түсінігінде жасалған, бірақ үнемі жаңғырып отырған Космос символы деп түсінеді. Ислам сәулетіндегі символдың мәні тұрақтылық, бұл пәнидегі дұрыстық, Аспан мен Әлем деген мән алған. Осы пәнидегі тіршілік, бар әлемнің Жаратушымен байланысын бейнелейді. Күмбез – қасиетті құрылыс. Күмбездің тӛменгі тұсындағы сегіз қырлы бӛлік кӛкті кӛтерген сегіз періштенің тұрағы, ӛз кезегінде Әлемнің сегіз тұсына сәйкес келеді (Ходжатолла, 2008]. Ахмет Ясауи кесенесінің маңында, сегіз метр жерде Қазақ хандығы кезінде салынған кесенелердің ішінде сегіз қырлы (бұрышты) кесене бар (Тұяқбаев, 2017: 59 ].
1904 жылы Отырар цитаделінде А. Кларе, А. Черкасов жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар ішінде шырағдандар және күмбез ұштары табылған (Кларе, 2011: 331]. Олар кӛк түсті шыңылтырмен қапталған және кӛне болған. Жерлеу орнынан табылған екі сынған, бір бүтін мазар күмбездерінің ұшына қойылған күмбез ұштары сол кезеңде діни ғимараттарды, кесенелерді әрлеудің белгілі бір жүйесі болғанын нақтылайды. Мазарлар, кесенелер қыш, қам кесек т.б. материалдардан жасалса, Отырардан табылған кубба, күмбез ұштарының керамикалық материалдардан жасалып, шыңылтырланғаны, негізі кӛк, жасыл бояулармен боялғаны байқалады.
1904 жылы Отырар цитаделінде табылған куббалар XX ғасырлың соңында Мыңшұңқырдан (Отырар) табылған күмбез ұштарына сәйкес келеді. Куббалардың бүтін нұсқасының бірінде ӛсімдік тектес және геометрияланған түрде бітпес, тӛрт құлақ
ӛрнектері түсірілген. Мұндай ӛрнектер қазақ халқының заттай мәдениетінде ӛте кӛп кездеседі. Осы ӛрнектермен ата-бабаларымыз кілем, алаша тағы басқа кӛптеген заттарды әрлеген. Аталған ӛрнектер ӛмір, әлем, дүниенің тӛрт бұрышы деген мағына береді. Ӛрнектер елдің тіршілігінде кӛп қолданылып, заттарды әрлеуде кең пайдаланылғаны белгілі. Киіз, кілем, үй заттарын т.б. ӛрнектеуде осы сарындар кӛп кездеседі.
Қазақтар батырдың жерленген жерін келесі ұрпаққа белгілі ету үшін топырақ үйіндісімен қоршап немесе күмбез салып, болмаса мұнара тұрғызған. Олар күйдірілген кірпіштен немесе шикі кірпіштен жасалды (Уалиханов, 2010: 166]. Кӛне ескерткіштер пішіндерінің әр түрлілігімен, күмбездерімен, ойма ӛрнектерімен ерекшеленген.
Ғылыми зерттеулердегі, атап айтқанда, Отырардың алғашқы қазба жұмыстары кезінде мола ішінен табылған күмбез ұштары, Созақтағы Қара Бура баба мазарынан табылған екі ғасыр бұрын жасалған куббалар, Әзірет Сұлтан кесенесі, кесененің оңтүстігінде, сегіз метр жерде орналасқан сегіз қырлы сағана, Рәбия Сұлтан бегім мазарының күмбезді куббалары, бӛлмелердің сегіз қырлы болып келуі ислам сәулетіндегі қалыптасқан дәстүрдің заттай дәлелі болды. Ислам сәулетіндегі ғимараттардың ішінде орта ғасырларда күмбезді, куббамен ұшталған, сегіз қырлы құрылыстар жиі кездеседі. Пейіш сегіз түрлі нәрседен тұрады, жәннаттың сегіз есігі туралы түсініктер бар. Сегіз саны Әлемдегі мәңгілік, үздіксіз қозғалысты білдіреді. Сегіз шексіздік уақыты, ӛлшемі, мӛлшері, сегіз қиыр шартарап, күшті әлем, дүниенің тӛрт бұрышы деген мағына береді (Қондыбай, 2008: 395). Қазақта «сегіз қырлы, бір сырлы» деген сӛз бар. Осының ӛзі бүкіл Әлемнің сегіз (шексіз, сансыз) қыры барын меңзейді. Куббалы, сегіз қырлы болып салынған кесенелер белгілі бір дүние, ӛмір, ғалам, жаратылыс туралы түсініктерге негізделген.
Сакральді, киелі, діни ғимараттардың күмбезі Әлем рухын білдірсе, оны ұстап тұрған сегіз бұрышты орама «тақты ұстап тұрған» сегіз періштені айшықтайды. Олар жел раушанының сегіз бағытына сәйкес келеді. Текше пішіндес ғимарат бӛлігі тӛрт бұрышында тӛрт тірегі бар ғарышты, тӛрт баған – кӛрінбейтін әлемнің, заттай дүниенің тӛрт ұстанымының белгісі. Ғимараттардың кӛп бұрышты бӛлігі Тәңір сапаларының қырларына сәйкес, күмбез Бірлікті білдіреді (Әлемдік мәдениеттану ой-санасы, 2005: 276).
Кіші Азиядағы Османлы дәуірінде салынған діни ғимараттар, атап айтқанда, Селим мешітін салудағы құрылымдық-кеңістіктік
сипатында күмбез сегіз бағанаға сүйеніп тұр (Всеобщая история искусств, 1961: 54]. Сегіз қырлы, күмбезді кесенелер, діни ғимараттар салу дәстүрі ислам сәулет ӛнерінде кең дамыған. Кӛптеген кесенелер, діни ғимараттар сегіз қырлы етіп салынған. Мысалы, Қара Бура әулие кесенесі, сегіз қырлы қос бӛлме, күмбезді, сегіз қырлы бӛлмелі Рәбия Сұлтан бегім кесенесі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік тұсында орналасқан сегіз қырлы сағана т.б. айтуға болады. Орта Азия мен Қазақстанда XII-XV ғасырларда сегіз қырлы, қас бетті күмбезді мавзолейлер салу дәстүрі болды.
Ортағасырлық Сығанақ қаласынан табылған керамикалық материалдар ішінде күмбездің ұшына қойылған шошақтардың бӛлшектері болған. Олар "кубба"деп аталған күмбез ұшының орта ғасырлардағы қабырғалы формасын бейнелейді. Күмбез ұшын бояуда кӛк түсті бояулар қолданылған. Мұндай бояулар Сауран, Отырар, Сығанақ т.б. қалаларының керамикаларында кездеседі. XII ғ. қалайы шыңылтыр кең тарап, «люстр» деп аталған бояулар қолданылды (Байпаков, 2006: 208). Бояу алтын мен металдың керемет жарқылынан піл сүйегі түсті қалайы шыңылтырдың түсімен ұласып, күн сәулесімен үйлескен түс береді. Кезінде жасыл не кӛк сырмен сырланған осындай куббалар Отырар, Мыңшұңқыр сәулет керамикаларынан табылған. Ортағасырлық куббалар сол кезеңнің сәулет материалдарын ӛңдеу технологиясын қолдану негізінде жасалған. Куббалар люстр әдісімен ӛңделіп, шыңылтырланған деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |