Сабақтың барысы: оқушылар 4 топқа бөлініп, тіршілік тірегі деп өздері тұжырымдаған ұғымды қорғайды. Мұғалім сөзі



Дата09.07.2016
өлшемі63.45 Kb.
#187010
түріСабақ
№ 38 жалпы білім беру мектебі

Тәрбие сағаты:

Тақырыбы:

Орындаған: Уалиева А.Р.

Павлодар 2012 жыл

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өмір сүру үшін ең қажетті тіршілік тірегі болатын негізгі ұғымдар туралы ой толғап, өзіндік пікірлерін тұжырымдадауға баулу;

2. Адамгершілікке, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;

3. өзіндік ой-пікірлер қалыптастыру дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы: оқушылар 4 топқа бөлініп, тіршілік тірегі деп өздері тұжырымдаған ұғымды қорғайды.

Мұғалім сөзі:

-Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Тіршілік тірегі» деп аталады. Балалар, сіздерге тіршілік тірегі деп өздерің ұғынған ұғымды қорғап, ой-пікір өрбіту тапсырылған. Сіздер адам баласы өмір сүру үшін мына ұғымдар: бірінші топ – денсаулық, екінші топ – достық, үшінші топ – еңбек тобы, төртінші тобы - бақыт қажет деп таныдыңыздар. Ендеше, осы өздерің таңдаған тіршілік тірегі туралы ой – пікірлеріңді қорғауға кезек береміз. Пікір қорғау әр топ өз ұрандарын айтудан басталады.



Денсаулық тобы: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Достық тобы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

Еңбек тобы: Еңбек ширатады, өмір үйретеді.

Бақыт тобы: Еңбек пен бақыт егіз.

Мұғалім: Денсаулық тобы, сіздер неліктен денсаулықты тіршілік тірегі деп бағаладыңыздар. Сіздердің пікірлеріңізді тыңдайық.

Әнел: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық терең бақыт» деген сөзді.

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.



Адия: Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.





Саша: Достар, денсаулықты бағаласаң, ертедегі мың жасаған Ұлықпан Хәкімнің біздерге айтып кеткен 7 өсиеті – ғибратты сөздерді қаперіңізде жүрсін. Олар: 1) ерте тұру; 2) орта тазалығын сақтау; 3) дене шынықтыру; 4) дене тазалығы; 5) сергектік; 6) артық тамақ ішпеу; 7) көп ұйықтамау.

Денсулық туралы мақал мәтелдер:



  1. Таза су тәнді сауықтырады, жақсы сөз жанды сауықтырады.

  2. Тәні саудың жаны сау;

  3. Өзіне қатал қараған – саулығы мықты нар адам;

  4. Дәрігерге сенбеген, дәріге де сенбейді;

  5. Саулық қайда, сұлулық сонда;

  6. Тәні сау тасты да шайнайды;

  7. Ауамен тыныс ап, өсті өмір, ырыс бақ;

  8. Шынықсаң – шымыр боласың.

Топ басшысы: Ендеше, бәріміздің айтарымыз бір – ақ нәрсе. Ол денсаулық екен. Қоғамға пайдалы адам – денсаулығы мықты адам.

Мұғалім: Денсаулық туралы пікір тыңдалды.

Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманменен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп, - демекші, «Достық» тобына сөз береміз.

Топ басы: Досытық – адамдардың бір – бірін шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Қарағөз: Бұрынғылар айтқандай, «адамның адамсыз күні жоқ». Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл – өте қажет тетабиғи тілек. Әйтпесе, халық даналығы: «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», -демес еді.

Алижан: Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаң да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілік жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», - дейді.

Еламан: Достық нәрі – оның қадіріне жете білу. Ол үшін, Абай атап көрсеткендей, «Достыққа достық –қарыз іс» екенін жадында ұстаған жөн.

Қарағөз: Достықтың тағы бір тіреуі – теңдік. Бұл жөнінде: «Достыққа құл да, қожа да қажет емес. Достық теңдікті сүйеді», деп орыс жазушысы И.А. Гончарев өте дұрыс айтқан. «дос – досқа айна» деген сөз де соған меңзейді.

Алижан: Нағыз достықтың бір белгісі – шыдам, сабыр. Ежелгі грек философы Биастың: «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады», - дегені рас.

Топ басшысы: Досытық туралы өсиет сөз.

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста достары Әйтімбетке былай деп сұрақ қойыпты: «Достық деген нешеу?». Сонда Әйтімбет былай депті: «Достық екі түрлі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық».

-«Бұныңыз дұрыс – ақ, екі достықтың қайсысы дос екенін қалай ажыратамыз», - дегенде:

«адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достың өмірі қысқа болады», - деп жауап берген екен.



Достық туралы ұлағат сөздер:

  1. Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді;

М. Қашқари.

  1. Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Адал дос тап тең құрбыңның ішінен.

Әл – Фараби.



  1. Досы жақсының өзі де жақсы.

Ахмет Үйгінеки.

  1. Дос адам баспанаңды бейіш етеді,

Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол.

Абай.


Мұғалім: Еңбек пен бақыт егіз демекші ендігі сөзді еңбек тобына берейік.

Топ басшысы: Еңбек – адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып, тиісті құрал – саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс – қимыл процесі.

1.Еңбек – тіршіліктің негізгі тірегі. Ол туралы ағылшынның әйгілі дрматургі Б.Шоу: «Іс доғарсақ, өмір сүруді де доғарамыз», - деген.

2.Фолософ Жан Мари Гюйо: «Адам жұмыс істеген уақытта ғана толық адам болады», - дейді.

3.Ұлы Абай атақты «Сегіз аяқ» өлеңінде:

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын, - деп, еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегендікпен тамаша тұжырымдап береді.

4. Еңбек адамды өмір сүруге тәрбелейді, жазушы, тарихшы Вольтер: «Жұмыс бізді 3 үлкен жаманшылықтан: зерігуден, ауру – сырқаудан және жоқшылықтан құтқарады», деген.

5.Атақты француз жазушыР.Роллан «Еңбек – шын инабаттылықтың бірден – бір көрінісі», - деген. Демек, адамның адам болуына еңбек шешуші рөл атқарған. Адамзат еңбекті, еңбек құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп, кемелденіп отырған.

Мұғалім: Еңбек пен бақыт егіз деген, ендеше сөзді Бақыт тобына берейік. Адам қай кезде бақытты болады екен?

Топ басы: Бақыт деген өте күрделі ұғым, сондықтан оны әркім әр түрлі түсінеді, ол заңды да. Енді топ мүшелеріне кезек берейік.

Сымбат: Мен бақыт дегенді – барға шүкірлік ете білу деп білемін.

Мұғалім: Адам қандай нәрсеге шүкіршілік ете білу керек?

Сымбат: Адам екі нәрсеге шүкіршілік ету керек. Олар: 1) ақыл есінің бүтіндігіне; 2) денінің сау екендігіне, міне, бақыт дегеніміз осы.

Ердос: Мен бұл сұрақтың жауабына Мұқағали Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңімен жауап бергім келеді. (Өлең оқылады).

Оқушылар: біз бақыт туралы ойымызды ғұлама ақын Қабан жыраудың өлеңі арқылы өрістетпекпіз.

Өлеңді Дариға мен Бақдаулет диалог арқылы оқиды).

-Бақыт, қайдан келесің?

-Берекесіз адамнан,

Ата – анасы наданнан,

Үркіп, қашып келемін.

-бақыт, қайдан келесің?

-Мақтанып көңілін өсірген,

Білгішпін деп есірген,

Есірік ұлдан келемін.

-Бақыт, қайдан келесің?

-Сүйектен сөзін өткізген,

Мыйына шатақ еккізген,

Кесапат қыздан келемін.

-Бақыт, қайдан келесің?

-Ауызбірлік болмаған,

Ойына бәле орнаған,

Сойқанды үйден орнаған,

-Бақыт, қайда барсың?

Ата – анасын сйлаған,

Ұйымшылдық ойлаған,

Тату жанға барамын.

-Бақыт, қайда барсың?

-Туысымен татулы,

Жаман сөз жоқ шатулы

Ынтымақты үйге барамын, соғысқа құмар ойыц жоқ

Ұлан асыр тойы көп



Бейбіт елге барамын

Топ басы: Демек, Бақыт дегеніміз – өз еліңде, өз жерінде, өз тіліңде еркін сөйлеп, береке – бірлікте адал еңбек ету. Бейбіт өмірде барыңа қанағат тұтып, ұйымшылықпен ынтымақта өмір сүру.

Мұғалімнің сөзі: Сонымен ойымызды түйіндесек, адам баласына өмірде тірішілік ету үшін аса қажет тіршілік тіректерінің ішінен біз төрт түрлі тірегін таңдап бүгінгі тәрбие сағатымызға арқау еттік. Бұл тіректер бір – бірімен тығыз байланыста екен, әрі бірін – бірі толықтырып, біз әлі сөз етпеген басқа тіректермен бірлесе келіп, «Тіршілік» деген ұлы ұғымды қуаттап тұрады екен. Бұлардың әрқайсының тіршілік үшін аса қажет екенін әр топ өз пікірлерінде қорытып айтып кетті. Ендеше, денсаулығымыз мықты, достығымыз адал, еңбегіміз берекелі, бақытымыз баянды болсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет