Цифрландыру жүйесінің архив саласындағы мамандарға уақыт үнемдеуге, құжаттарды сақтауға, сұраныс берушілерге қолжетімділікті арттыруда тигізетін пайдасы зор. Мәселен, бір құжат күніне 5-6 рет сұранымға түсетін уақыттар болады. Ол кезде архивист кітапты сөгіп, арасындағы құжатты алып, көшірмесін жасап, қайта қорға өткізеді. Қаншама жылдан бері сақтауда тұрған құжаттарды күнделікті ақтара бергесін тозады, мәтіні өшеді, тіпті қағаздың күйреп кететіні де бар. Ал сандық жүйеге қосылған соң ең соңғы үлгідегі технологияларды қолданғанда кітапты сөгіп әуре болмайды, 1 минутта 150-180 парақты цифрлы көшіріп беруге болады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы республикамызда 2017 жылы қабылданғаны белгілі. Аталған бағдарлама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруды және шалғайдағы елді мекендерде 2022 жылға дейін интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейді. - Цифрландыру жүйесінің архив саласындағы мамандарға уақыт үнемдеуге, құжаттарды сақтауға, сұраныс берушілерге қолжетімділікті арттыруда тигізетін пайдасы зор. Мәселен, бір құжат күніне 5-6 рет сұранымға түсетін уақыттар болады. Ол кезде архивист кітапты сөгіп, арасындағы құжатты алып, көшірмесін жасап, қайта қорға өткізеді. Қаншама жылдан бері сақтауда тұрған құжаттарды күнделікті ақтара бергесін тозады, мәтіні өшеді, тіпті қағаздың күйреп кететіні де бар. Ал сандық жүйеге қосылған соң ең соңғы үлгідегі технологияларды қолданғанда кітапты сөгіп әуре болмайды, 1 минутта 150-180 парақты цифрлы көшіріп беруге болады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы республикамызда 2017 жылы қабылданғаны белгілі. Аталған бағдарлама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруды және шалғайдағы елді мекендерде 2022 жылға дейін интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейді.
Ұйым архивінің құжаттарын пайдаланудың негізгі нысандары: - 1) пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша, сондай-ақ бастамашылық тәртіппен ұйым архивінде қандай да бір құжаттардың бар-жоғы және олардың мазмұны туралы ақпарат беру;
- 2) ұйым архивінің оқу залында жұмыс істеу үшін құжаттар беру;
- 3) құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану;
- 4) ақпараттық іс-шараларға (көрмелер, конференциялар, презентациялар) дайындалу;
- 5) құжаттарды уақытша пайдалануға беру болып табылады.
- 267. Пайдаланушыларды ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы архивтің негізгі құжаттары:
- 1) архивтік анықтама;
- 2) архивтік көшірме;
- 3) архивтік үзінді;
- 4) ақпараттық хат;
- 5) архивтік құжаттардың тақырыптық тізбесі;
- 6) архивтік құжаттар көшірмелерінің тақырыптық іріктемесі;
- 7) архивтік құжаттарды тақырыптық шолу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |