268. Архивке келіп түсетін сұратулар былайша бөлінеді: - 1) белгілі бір проблема, тақырып, оқиға, факт бойынша ақпарат беру туралы сұратулар (тақырыптық сұратулар);
- 2) екі немесе одан көп тұлғалардың туыстығын, туыстық байланысын, отбасының тарихын, тегін анықтау үшін қажетті ақпарат беру туралы сұрату (генеалогиялық сұрату);
- 3) әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрату (жұмыс өтілі мен жалақы мөлшерін, жасын растау, отбасының құрамы, білімі, марапатталуы, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың аударылғаны, ғылыми дәреже мен атақтар берілгені, жазатайым оқиғалар, емделуде, эвакуациялауда болғаны, қуғын-сүргін қолданылғаны туралы, ақталғаны туралы, әскери бөлімдер мен құралымдардағы қызметі, экологиялық апат аймағында тұрғаны, бас бостандығынан айыру орынында болғаны туралы, азаматтық хал актілері туралы сұратулар.
Архивтік анықтамаға архивтік анықтамада баяндалған мәліметтерді растайтын архивтік құжаттардың көшірмелері немесе олардан үзінділер қоса беріледі. - Архивтік анықтамаға архивтік анықтамада баяндалған мәліметтерді растайтын архивтік құжаттардың көшірмелері немесе олардан үзінділер қоса беріледі.
- 281. Сұратуды орындау үшін қажетті құжаттар ұйым архивінде болмаған жағдайда ұйым хатының бланкісіне сұратудың тақырыбы бойынша архивтік құжаттардың болмауының себептері туралы жауап жасалады.
- 282. Сұратылған мәліметтерді қамтитын архивтік құжаттардың жоғалу фактісі құжатпен расталған жағдайда, ұйым архиві осы мәселе бойынша қажет болған жағдайда ұйым мөрімен куәландырылған анықтама береді.
- 283. Архивтік үзіндіде архивтік құжаттың атауы, оның нөмірі мен уақыты толық жазылады. Архивтік құжаттардың мәтінінен алынған үзінділер сұрату бойынша толық деректерді қамтиды. Үзінді бір-біріне қатысы жоқ бірнеше жеке мәселе қамтылған құжаттардан ғана жасалады.
- Әрбір үзіндінің басталуы мен соңы, сондай-ақ архивтік құжат мәтініндегі жекелеген сөздердің болмағаны көп нүктемен белгіленеді.
- Архивтік үзінді мәтініне ескертпеде түпнұсқа мәтінінің түсініксіз жазылған, автор түзеткен, мәтіннің бүлінуі салдарынан оқылмайтын бөліктері туралы тиісті ескертулер жасалады. Түпнұсқаның дәлдігіне күмән келтірілетін жекелеген сөздері мен тіркестері "Түпнұсқа мәтінінде солай", "Құжатта осылай" деген сөздермен ескертіледі.
- Сұрату бойынша берілген архивтік үзінділердің тең түпнұсқалығы ұйым басшысының қол қоюымен және ұйымның мөрімен куәландырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |