Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы



бет11/12
Дата02.02.2024
өлшемі122.04 Kb.
#490631
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
9 дәріс Рухани жаңғыру

Тұлғааралық қатынас - Тұлғааралық қатынас — этно психологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.
Тұлғалық белгілер - Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.
Тұлғаның бағыттылығы - Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүдделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зиятты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.
Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.
Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.
Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.
Қарым-қатынас іс-әрекеттің тиімді болуының маңызды факторы болып табылатындығы туралы ХІХ ғ. аяғында француз физиологы Фере, ал кейіннен Ф. Олпорт ашқан еді. В. Меде мен В.М. Бехтерев И.Н. Лангемен бірігіп әлеуметтік фасилитация феноменін суреттеген (ағылшынның facilitate - жеңілдету). Индивидтің іс-әрекетінің жылдамдығы мен өнімділігінің жоғарылауы сол индивидтің әрекетіне бақылаушының немесе бақталас түрінде шығатын шынайы қатысушылардың немесе оның санасында басқа адам бейнесінің болуына байланысты. Таныс емес адамдардың енжар қатысуының өзі адамның іс-әрекетінің нәтижесіне әсер ететіндігі анықталған. Қасындағы адамдар ұқсас жұмыс істегенде немесе олар жұмыс үстінде бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда мұндай әсер күштірек болады. Ұжымдық іс-әрекеттердің жекелеген іс-әрекеттерге қарағанда анағұрлым өнімді болатындығы В.М. Бехтерев эксперименттерінің қатарында көрсетілген. Басқа зерттеушілердің эксперименттерінде шешім қабылдауда топтық тәсілдің жекелеген тәсілден артықшылығын дәлелдейтін нәтижелер алынған. Алайда ғылымда басқа адамдармен нақтылы қарым-қатынас жасаудың өзі іс-әрекетнәтижесіне кері әсер ететіндігін дәлелдейтін басқа да фактілер анықталған. Осыған орай әлеуметтік ингибиция феномені айқындалған. Әлеуметтік ингибиция (латынның inhebere – тежеу, тоқтату) яғни басқа адамдардың (шынайы немесе қиялдағы) қатысуының орындалып жатқан іс-әрекеттің сапасы мен жылдамдығының нашарлауына әкеледі.
Сонымен, қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек адам іс-әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет