Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы


Педагогикалық қарым-қатынас



бет12/12
Дата02.02.2024
өлшемі122.04 Kb.
#490631
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
9 дәріс Рухани жаңғыру

Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жүйесі. Қарым-қатынастың мазмұнын ең алдымен, хабар алмасу, мұғалімнің әр түрлі коммуникативті құралдарынаң көмегімен оқушылармен өзара түсіністік пен өзарақатынастарды ұйымдастыруы құрайды.Оқытушылар мен оқушылар ұжымының қарым-қатынас процесін ұйымдастырмайынша, педагог қызметінің дидактикалық және тәрбиелік міндеттерін жемісті түрде іске асыту мүмкін емес. Сонымен, педагог қызметіндегі қарым-қатынас дегеніміз: біріншіден, жеке оқу міндеттерін шешу құралы ретінде; екіншіден тәрбие процесін әлеуметтік психологиялық қамтамассыз ету жүйесі ретінде; үшіншіден, оқытушылар мен оқушылардың оқу мен тәрбиенің табысты болуына негіз болатын өзарақатынастарының белгілі бір жүйесін ұйымдастыру тәсілі ретінде, төртіншіден, оқушы тұлғасын онсыз тәрбиелеу мүмкін емес процесс ретінде көрінеді. Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз- мазмұны хабар алмасу, оқу-тәрбиелік ықпал ету және өзара түсіністікті ұйымдастыру болып табылатын, педагог пен оқушылар ұжымы арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі, тәсілдері мен дағдылары. Педагог осы процестің инициаторы болады, оны ұйымдастырады және басқарады.
Педагогикалық қарым-қатынас бір жағынан, оқу-тәрбие процесінің эмоционалдық фоны, ал екінші жағынан оның тікелей мазмұндық сипаттамасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет