Вербальді коммуникация. Сөйлеу – бұл вербальді коммуникация, яғни тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Вербальді коммуникацияның құралы болып қоғамдық тәжірибеде белгілі бір мағынаны құрайтын сөздер табылады. Сөздер дауытап, іштей айтылуы, жазылуы мүмкін немесе естімейтін адамдарда олардың орнын мағына беретін ерекше ым-ишаралар, жесттар басуы мүмкін (дактиология деп аталады, онда әрбір әріп саусақ қозғалыстарымен белгіленеді және жесттік сөйлеу, мұнда жест тұтас бір сөздің немесе сөздер тобының орнын басады).
Сөйлеудің мынандай түрлері бар: жазбаша және ауызша сөйлеу, соңғысы өз кезегінде диалогтық және монологтық деп бөлінеді.
Ауызша сөйлеудің ең қарапайым түрі диалог, яғни қандай да бір мәселені бірлесіп талдайтын және бірлесіп шешетін әңгімелесушілердің әңгімесі болып табылады. Ауызша сөйлеуге репликалар, әңгімелесушінің жекелеген сөздері мен фразаларын қайталау, сұрақтар қою, толықтырулар, сөйлеушіге ғана түсінікті намектарды қолдану, әр түрлі көмекші сөздер мен ??? тән. Бұл сөйлеудің ерекшелігі әңгімелесушілердің өзара түсінісу дәрежелеріне, олардың өзара қатынастарына тәуелді.Әңгімелесу кезінде эмоционалдық қозу деңгейінің үлкен мәні бар. Жабырқау, қуанған, қорыққан, ашуланған, таңданыс үстіндегі адам тыныш күйде болған кезіндегідей сөйлемейді, тек басқа интонацияларды ғана емес, сондай-ақ, басқа сөздерді ?? жиі қолданады.
Ауызша сөйлеудің екінші түрі – монолог, мұнда бір адам оны тыңдап отырған екінші адамға немесе көп адамдарға қарап сөйлейді: бұл мұғалімнің әңгімесі, оқушының жауабы,баяндама және т.с.с. монологтық сөйлеудің үлкен композициялық күрделілігі бар, ойдың аяқталуын, грамматикалық ережелерді қатаң сақтауды, монолог айтушының айтқысы келгендерінің қатаң логика мен жүйелілікпенбаяндалуын талап етеді. Монологтық сөйлеудің диалогтық сөйлеумен салыстырғанда үлкен қиындығы бар, оның развергнутое формасы онтогенезде кешірек дамиды. Еркін, қиындықсыз әңгімелесе алатын, бірақ монологтық сипаты бар ауызша хабарлама жасауда (баяндама, т.с.с.) алдын-ала жазып дайындалған мәтінге жүгінетін адамдардың кездесетіні кездейсоқ емес. Бұл көбінесе мектеп оқытушыларының оқушылардың бойында монологтық сөйлеуді қалыптастыруға байланысты жұмыс жүргізуге жеткілікті көңіл қоймағандықтарының салдары.
Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда адамзат тарихында көп кейін пайда болды. Ол кеңістік пен уақытқа қатысты алшақ ораласқан адамдар арасында қарым-қатынасқа деген қажеттіліктердің нәтижесі ретінде пайда болды және пиктографиядан дамып шықты (ол кезде қазіргі жазу пайда болғанға дейін ойлар шартты схемалық суреттер арқылы берілді, мыңдаған сөздер бірнеше ондаған әріптердің көмегімен жазылды).
Жазу арқылы адамдардың жинаған тәжірибелерін ұрпақтан ұрпаққа қолайлы түрде жеткізу мүмкін болды, өйткені оларды ауызша сөйлеудің көмегімен беру кезінде ол бұрмалануы, өзгеруі, тіпті ізсіз жоғалып кетуі мүмкін. Жазбаша сөйлеу ғылымда пайдаланылатын күрделі таңдауларды дамытуда, көркем бейнелерді беруде маңызды рөл атқарады. Жазу мен оқу мектепте баланың ақыл-ой горизонтын кеңейтеді және білімдерді меңгеру мен хабарлаудың маңызды құралы болып табылады. Жазбаша сөйлеуді пайдалану барынша дұрыс тұжырымдамалар жасау, логика мен грамматика ережелерін қатаң сақтау, ой мазмұнының терең болу қажеттілігін туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |