Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы



бет10/12
Дата02.02.2024
өлшемі122.04 Kb.
#490631
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
9 дәріс Рухани жаңғыру

Такесика – адам психикасының көріністерін серіктестердің жанасуын зерттейтін ғылыми аумақ. Жанасу қарым-қатынасқа түсушілердің эмоционалдық жақындығының деңгейін және статустық-ролдік бағытын бейнелейді.
Коммуникативті жанасулардың көптеген түрлерінің ішінде қол алысудың мәні үлкен.
Мамандар қол алысудың үш түрін анықтайды: тең құқылы, өктем етуші, елгезек (тіл алушы).
Тең құқылы қол алысу (қатты, алақан түзу беріледі, еденге тіке).
Өктем етуші қол алысу (қол жоғары жақтан беріледі, алақанды төмен, әңгімелесушінің қолы кідіруі мүмкін) серіктестің өзі туралы ойы өте жоғары екендігі туралы айтады, өзара әрекеттесу кезінде оның мақсаттылық пен өктемдікке бел байлағандығы туралы айтады.
Елгезек қол алысу (қол солғын түрде төменнен, алақан жоғары беріледі) серіктестің өктемдігін мойындауға дайын тұрғандығын бейнелейді.
Қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін праксемика деген ғылыми аумақ зерттейді (ағылшынның proxiti - жақындық).
Тұлғааралық кеңістік зоналарға бөлінеді:
Сырластық зонасы (0-45 см) жақын адамдармен қарым-қатынас жасау үшін арналған (жақындармен, сүйіктілермен). Бұл зонаға қарым-қатынас жасау үшін сенімділік, тактильдік байланыс пен жәй сөйлеу тән.
Жеке зона (45-120 см) жақсы таныс адамдармен қарым-қатынас жасауға арналады (достармен, ұжымда істескен адамдармен)
Әлеуметтік зона (120-400 см) іскерлік қарым-қатынасты жүргізу үшін аз таныс адамдармен қарым-қатынас жасау үшін арналған. Бастықпен оның қол астында жұмыс істейтіндермен қарым-қатынас жасағанда әлеуметтік зонаны пайдаланады. Түрлі кездесулер жасау үшін пайдаланылады.
Көпшілік зонасы (400 см, жоғары) үлкен аудиторияларда қарым-қатынас жасару үшін арналған. Қарым-қатынас серіктерінің бірінің коммуникативті арақашықтықты бұзуы қарым-қатынастың психологиялық жағдайының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
.
Қарым-қатынастың өзара әрекеттестік қызметі (интерактивті жағы).
Қарым-қатынасқа түсетін кезде, я болмаса басқа дамға сұрақпен, бұйрықпен, бір нәрсені түсіндіру немесе суреттеу кезінде адамдар өз алдына басқа адамға ықпал ету мақсатын қояды. Яғни, одан өзіне керекті жауап алу үшін, тапсырманы орындату үшін, осы күнге дейін түсінбегенін түсіну үшін басқа адамға ықпал етеді. Қарым-қатынас мақсаты адамдардың бірлескен іс-әрекет қажеттіліктерін бейнелендіреді. Бұл жерде қарым-қатынас тұлғааралық әрекеттестік ретінде, яғни адамдардың бірлескен іс-әрекет процесінде қалыптасатын байланыстар және өзара ықпал ету жиынтығы ретінде шығады.
Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас әлеуметтік бақылау жағдайында өтеді. Әлеуметтік норма негізінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік норма дегеніміз – қоғамда қабылданған мінез-құлық үлгілері. Қоғам әлеуметтік норма ретінде өзі қабылдаған , қолдау көрсеткен, таратқан және әр адамнан күтетін мінез-құлық үлгілерінің ерекше жүйесі. Оларды бұзу нормадан ауытқыған мінез-құлықты жөндеуді, түзетуді қамтамасыз ететін әлеуметтік бақылау механизмдерін қосады (сынау, жазалау, жақтырмау). Өзара әрекеттестік процесін де әлеуметтік бақылалу қарым-қатынас жасаушы адамдардың “орындаған” рөлдер репертуарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Психология ғылымында роль деп әркімнің сол әлеуметтік позицияны алатын,әркімнен қоршағандардың күтетін нормативті қолдаған мінез-құлық үлгісін айтамыз (қызметі бойынша, жас және жыныстық ерекшелік бойынша, отбасында алатын орнына, т.б. байланысты),қарым-қатынас процесінің табысты болуының қажетті шарты болып өзара әрекет етуші адамдардың бір-бірінен күтетін мінез-құлқының сәйкестігі табылады.
Қарым-қатынастың интреактивті жағы – адамаралық қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанада жеке адамаралық қарым-қатынастың түрлерін талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек.
Тұлғааралық әрекеттесу стратегиясының сипаттамасы төмендегідей болады:
Әр түрлі зерттеулерде, адамның басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуінде бірнеше маңызды әлеуметтік мотивтер айқындалған.

  1. Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (немесе кооперация мотиві);

  2. Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм);

  3. Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві (конкуренция);

  4. Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтруизм);

  5. Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия);

  6. Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету (теңдік).

Әрекеттесу процесінің маңызды сипататмаларын қарастырудың бірнеше жолдары ұсынылған. Мәселен, Т. Парсонс теориясы бойынша, әрекеттесудің әрбір бөлек актісінің мынандай элементтері бар: а) әрекет етуші; ә) «басқа обьект» (әрекет бағытталған обьект); б) нормалар (әрекеттің ұйымдастырылуындағы); в) құндылықтар (әрбір әрекеттсушінің қабылдағандары); г) ситуация – жағдай (әрекет жасалынатын кездегі). Бұл өте «абстрактылы» теория, экспериментте қолданылуы күрделі болғандықтан көп пайдаланылмайды.
Екінші бір түрі, әрекеттесу сатыларын қарастырумен байланысты. Поляк социологы Я. Щепаньски ұсынған, осыған жақын схеманы В. Н. Панферов та (1987) қарастырады.
Тағы да бір, әрекеттесудің құрылымдық сипаттамасы транзактылы талдауда – қатынасушылардың әрекеттерін олардың позициясы, ситуацияны есептеу және әрекеттесу стиліне байланысты реттестіруде ұсынылады (Берн, 1988). Осы әдіс кейінгі кезде практикада кең қолдау табуда. Транзактылы талдау бойынша әрбір әрекетке қатысушы үш позицияның біреуінде болады (2 схема).
Шартты түрде бұл позицияларды – Ата-ана, Ересек, Бала деп делгілеуге болады. Балалық позицияның психологиялық сипаттамасы «Қалаймын!», Ата-ана позициясы «Керек!», Ересек позициясы «Қалаймын» мен «Керектің» бірлесуі.
Әрбір әрекетте мінез-құлық пен әрекеттің өз стилі болады. Негізінен стиль үш түрлі: ритуалды (салт-жоралары), манипулятивті және гуманистік болып ажыратылады. Ритуалды стиль негізінде стильді ситуациямен сәйкестендіру қажеттігінен анық көрінеді. Стиль әдетте белгілі мәдениетпен анықталады. Мысалға, амандасу стилі. Американдық мәдениетте «Хал қалай?» дегенде «өте жақсы» деген жауап алынса, орыс мәдениетінде сұрақтың мәнісіне жауап беріледі, хал нашарлау болса, оны жасырмай айту тән, қазақ мәдениетінде «аралық» стиль қалыптасқан. Қазақтар көбіне «жаман емес», «орташа», «жайлап жүріп жатырмыз» деген жауаптар береді. Бір салттың адамы екінші бір салттың жауабын естігенде түсініспеушілік туындауы мүмкін. Манипулятивті және гуманистік стильдер практикалық әлеуметтік психологиядағы өздігінен үлкен проблема болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет