«Қаржы» мамандығы студенттері үшін


Жергілікті бюджетті жасау тәртібі



бет4/4
Дата20.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#149437
1   2   3   4

Жергілікті бюджетті жасау тәртібі.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық
маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстық, республикалык маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған
жыл алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

Жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:


  1. өлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;

  2. үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдык саясатты;

  3. жергілікті бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;

  4. жергілікті бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер мен болжамдық
    есептерді;

  5. алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасында негізге
    алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.

Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей
бекітіледі.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджеті тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне кол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей бекітіледі.

Мәслихат белгіленген мерзімде алдағы каржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті аткарушы органы алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқылы, ол жергілікті бюджетті мәслихат бекіткенге дейін қолданылады.

Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

Кезекті қаржы жылының бірінші токсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

Облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (калалық) мәслихаттар аудандар-


дың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешім
кабылдағаннан кейін бір апта мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орта-
лық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға
бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинакталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тізбесін табыс етеді.

Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет


туралы қабылдаған шешімдері қосымшаларымен және жергілікті атқарушы
органдардың алдағы каржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті
қаржы жоспары туралы шешімдері қосымшаларымен бұкаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Өкілді органдар бюджет жобасын караған кезде мынадай припциптерді:



  1. негізділік принципін;

  2. бюджеттің теңдестірімділігін сақтау принципін ұстанады.

Негізділік принципі депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе
толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары, негізделіп жасалған
есептерді оларға қоса тіркей отырып, осы түзетулерді енгізудің қажеттігін,
олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігін жазбаша баяндаумен қатар жүруге тиіс екендігін білдіреді.

Бюджеттің теңдестірімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жоба-


сына кез келген өзгеріс пен толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының
мөлшерін бюджет жобасында белгіленген деңгейден асырмай сақтау үшін
қосымша түсімдердің нақты көздері не қысқартылатын шығыстар айқында-
луға тиіс екендігін білдіреді.

Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұракты комиссияларында қаралады. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің


арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарыпа жергілікті атқарушы
органдардың өкілдері тартылуы мүмкін. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен қоса жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды тиісті мәслихат белгілеген бас тұрақты комиссияға жібереді.

Бас тұрақты комиссия тұракты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл


ретте жинақтамаға тиісті негіздемелері мен есептері бар ұсыныстар ғана
енгізіледі.

Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бгоджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік өкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уөкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті, өкімшілік-аумактық бірліктің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасы бойыішіа баяндамаларын, сондай-ақ мөслихат уәкілеттік берген адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.

Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін тыңдауға құқылы. Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту мәслихаттың шешімін қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Тақырып 13. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру.

Бюджеттің атқарылуы бойынша қаржылық процедуралар. Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын ұйымдастыру. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті құру және бекіту. Бюджет көрсеткіштеріне экономикалық талдау.
Тақырып 14. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлі.

Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлі. Қазынашылықтың функциясы мен міндеттері. Қазынашылық бюджет атқарылуының негізгі принциптері. «Касса бірлігі» принципінің мазмұны. Бюджет шығыстары және кірістерінің жазбаларының түсінігі, кепілді қаржылық міндеттемелердің лимиті.

Қазынашылық бюджет атқарылуының негізгі процедурасы мен технологиясы. Қазынашылық бюджеттің атқарылуындағы қаржылық және банктік құрылымдардың өзара әрекеті. Республикалық бюджеттің кассалық атқарылуы. Мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырылатын мекемелердің есеп-кассалық қызмет етуі. Касса қалдықтарының бекітілген лимиті және қолма-қол ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау. Қазынашылық рұқсаттың берілуі тәртібі. Кірістерді бір қазынашылық шотқа апару тәртібі.

Қазынашылық бюджеттің атқарылуындағы телекоммуникациялық компьютерлік жүйе. Қазынашлықты модернизациялау және оның негізгі элементтері.


Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. Бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Бюджеттің атқарылу принциптері:

1. Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципі - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-қүқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқыктық актілермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану.

2. Уақтылылық принципі - бюджет түсімдерін есепке алу және бюджет каражатын белгіленген мерзімдерде пайдалану.

3. Бюджеттің бірқалыпты атқарылу прннципі - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу.

4. Кассаның бірынғайлык принципі - түсімдердің барлығын бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңгай қазынашылық шоттан ұлттык валютамен жүзеге асыру. Бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы принципі негізінде атқарылады.

Бірыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебіп жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот. Бірыңғай қазынашылык шот қолма-кол ақшалы бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды қамтиды. Қолма-қол ақшаны бақылау шоты бюджеттің тиісті деңгейінен түскен түсімдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған.

Мемлекеттік мекеменің шоттары бюджеттік шығыстар мен Қазакстан Республикасының заң актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке алуға арналған. Шетел валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады.

Бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол берілмейді. Мемлекеттік органдарды коспағанда, мемлекеттік мекемелер республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен және Бюджеттік кодексте көзделген жағдайларда өзге де қаражат есебінен қаржыландырылады.

Ішкі істер органдарын қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді. Ішкі істер органдарын қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржылан-дырылатын мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен каржыландыруға жол берілмейді.

Мемлекеттік мекемені екі және одан да көп жергілікті бюджеттен каржы-ландыруға жол берілмейді. Бір мемлекеттік мекемен баска мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

Мемлекеттік органдар тек қана республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттер каражаты есебінен қаржыландырылады.

Мемлекеттік мекемелерге Бюджеттік кодекстің катысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазакстан Республикасы Үлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.

Мемлекеттік мекемелердің мынадай шоттары болуы мүмкін:


  1. бюджеттік шот - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылатын шот;

  2. тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алуға арналған шот - мемлекеттік мекемелердің иелігінде калатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуден алынатын, ақша түсімдері мен жұмсалуын есепке алу үшін ашылатын шот;

  3. демеушілік және қайырымдылык көмек шоты - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңды және жеке тұғалардан кайырымдылық және демеушілік көмек ретінде алынатын, ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де түсетін ақша түсімі мен жұмсалуын есепке алу үшін ашылатын шот;

  4. депозиттік шот - ұлттық және шетел валютасымен мемлекеттік мекеменің уақытша иелігіне түсетін және белгілі бір жағдайлар орын алған ретте, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге мақсаттарға жұмсау құқығынсыз, оны аударушы тұлғаларға қайтарылуға немесе бюджетке не үшінші тұлғаларға аударылуға жататын ақшаны есепке алу үшін ашылатын шот;

  5. бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоты - үкіметтік сыртқы қарыздың немесе гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын халықаралық қарыз шартында немесе грант туралы келісімде айтылған шетел валютасындағы шот. Арнайы шотты бюджеттік бағдарлама әкімшісі үкіметтік сыртқы карыздың немесе гранттың есебінен халықаралық
    қарыз шартына не грант туралы келісімге сәйкес тауарлар (жүмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алуға және бюджеттік имвестициялық жобаға немесе бағдарламаға әкімшілік етуге шығарылған шығыстар үлесінің орнын толтыру үшін ашады;

  6. бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына үлттық валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін ашылған шот;

  7. бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты – үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде бюджетті аткару жөніндегі орталық атқарушы органға ашылатын шот;

  8. шетел валютасымен операциялар жүргізуге арпалған шетел валютасындағы шот;

  9. нысаналы қаржыландыру шоты - ерекше шығыстар жасауға ақшаны есепке алу және жұмсау үшін республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге ашылатын шот.

Мемлекеттік мекемелердің шоттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ғана ашылады. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгіленген тәртіппен шоттар екінші денгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.

Тақырып 15. Бюджеттік бақылауды ұйымдастыру

Бюджеттік бақылаудың мазмұны, мәні мен міндеттері. Бюджетті бақылаудың жіктелуі. Оның жүргізудің формалары мен әдістері. Ревизия – бюджеттік бақылаудың басты формасы ретінде. Бюджеттік бақылау органдары.

20. Мемлекеттік қаржылык бақылаудың үлгілері, түрлері.
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) - мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептілік жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет қепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеру.

Мемлекеттік қаржылык бақылау мынадай үлгілерге бөлінеді:

1) сәйкестікке бақылау жасау - мемлекеттік қаржылык бақылау объектісі қызметіңің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау;

2) қаржылық есептілікті бақылау - мемлекеттік каржылық бақылау


объектісінің каржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау;

3) тиімділікті бақылау - мемлекеттік қаржылык бақылау объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелілікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен бағалау.

Мемлекеттік каржылык бақылау түрлері:


  1. кешенді бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінін накты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;

  2. такырыптық бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау;

  3. үстеме бақылау - мемлекеттік қаржылық бакылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Мемлекеттік қаржылык бақылауды жүргізу құпиялылык режимін қамтамасыз ету ескеріле отырып, келесі принциптер бойынша жүзеге асырылады:

    1. тәуелсіздік;

    2. объективтілік;

    3. аныктық;

    4. ашықтық;

    5. құзыреттілік;

    6. жариялылық.

Тәуелсіздік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, ішкі бақылау қызметтерінің және олардың қызметкерлері мен мүшелерінің тәуелсіздігіне, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде олардың жүргізіп жатқан бақылау іс-шарасының тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген араласушылыққа жол бермеу.

Бақылаудың объективтілік принципі - бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына катаң сәйкестілікпен жүргізу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелері бойынша анықталған және құжаттармен расталған фактілер негізінде ғана шешімдер қабылдау.

Бақылау нәтижелерінің анықтық принципі - бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және мемлекеттік қаржылык бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау.

Бақылаудың ашықтық принципі - бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға есеп беретіндігі.

Құзыреттілік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, ішкі бақылау кызметтері қызметкерлерінің, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерінің бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшін кажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

Жариялылық принципі - құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, бақылау нәтижелерін жариялау.

Сырткы бақылау - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау;.

Ішкі бақылау - ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган және ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау.



2. Тәжірибелік сабақтар – оқу жұмысының бір формасы болып табылады, ол студенттердің дербестігін, іскерлігін және дағдысын дамыту үшін бағытталған.
Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы
Сабақтың мақсаты: экономикалық мәнін ашу, қажеттілігі, мемлекеттік бюджеттің табиғатын; бюджеттік саясат пен бюджеттік механизмнің ролі
Сабақтың мазмұны:


    1. Бюджеттің қызмет етуінің экономикалық және ұйымдастырушылық формалары.

    2. Бюджет – мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде.

    3. Мемлекеттік бюджеттің функциилары, олардың қызмет жасау шекарасы, ерекшеліктері.

    4. Бюджеттік қор.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні.

  2. Мемлекет қолындағы бюджет қаражаттарын орталықтандырудың қажеттілігі.

  3. Бюджетті тағайындаудың маңыздылығы.

  4. Қоғамдық тағайындаудағы ерекше категория ретіндегі бюджетке тән белгілер.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Тақырып 2. Бюджет жүйесі.
Сабақтың мақсаты: бюджет жүйесінің негізгі түсініктерін оқу, оның ерекшеліктерін, құрылу принциптерін.
Сабақтың мазмұны:


  1. Бюджеттің құрылымы.

  2. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік трансферттер.

  3. Бюджеттің құрылысы.

  4. Бюджеттік құқық.

  5. Бюджеттік қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдары мен жергілікті және атқарушы органдардың құзыреті

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Бюджеттік жүйенің экономикалық мазмұны және оның қызмет етуі.

  2. Бюджеттік қатынас және бюджетаралық байланыс.

  3. ҚР бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері.

  4. Унитарлы және федералды мемлекеттердің бюджет жүйесінің ерекшеліктері.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Тақырып 3. Бюджеттік жіктелу
Сабақтың мақсаты: ҚР бюджеттік жіктелуімен танысу.
Сабақтың мазмұны:


  1. Бюджеттік жіктелудегі шығындар ерекшелігінің мәні және экономикалық мазмұны.

  2. Бюджет шығндарының экономикалық жіктелу ерекшелігінің құрылысы.

  3. Бюджет тапшылығын қаржыландыруды жіктеудің қайнаркөзі.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Бюджеттік жіктеудің ролі мен мәні, оның құрылымы.

  2. Бюджеттік жіктеудің жалпы принциптері.

  3. Бюджеттік жіктеудің өзгеруі, жаңа бюджеттік жіктеуді құрудың принциптері.

  4. Бюджет түсімдерін жіктеу.

  5. Бюджет шығыстарын функционалдық жіктеу.

  6. Бюджет шығыстарын экономикалық жіктеу.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Тақырып 4. Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны

Сабақтың мақсаты: мемлекеттік бюджет түсімдерінің мазмұнымен танысу, мемлекеттік бюджет түсімдерін қалыптастырудың негізгі бағыттарымен танысу.
Сабақтың мазмұны:


  1. Қазақстан Республикасының салықтары, алымдары және төлемдері туралы жалпы түсінік.

  2. Ресми трасферттер.

  3. Бюджетке түсетін кірістердің негізгі қайнаркөзі ретіндегі – алынған несиелерді алдын-ала қайтару.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Бюджет түсімдері және олардың қайнаркөздері.

  2. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің бейнеленуі.

  3. Республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамындағы олардың алатын ролі мен мәні.

  4. Қазақстан Республикасының салық жүйесі.



Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Тақырып 5. Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау.


Сабақтың мақсаты: Германияның мемлекеттік қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін үйрену.

Сабақтың мазмұны:



  1. Меншікке салынатын салық, салық салынатын базаны анықтау.

  2. Экономиканың жеке секторлары бойынша қосылған құнға салынатын салықты есептеудің ерекшеліктері. Табиғи ресурстар үшін төленетін түсімдер.

  3. Әлеуметтік салық бойынша контингенттерді есептеудің әдістемесі.

  4. Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салықтар, оларды есептеудің тәртібі мен ерекшеліктері.

  5. Жергілікті бюджеттердің кірістік базасын нығайт мәселелері және салықтық реформа.

  6. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін түсімдер, кәсіпкерлік қызметтен түсетін түсімдердің жоспарын қалыптастыру.

  7. Айып пұлдар мен санкциялар бойынша түсімдер.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Табысқа салынатын салықты жобалау әдістері мен тәсілдері.

  2. Тауарлар, жұмыс және қызмет ішкі салықтар (ҚҚС, акциз) бойынша түсімдерді болжаудың қалыптастырылуы.

  3. Мемлекеттік баж, ставкасын анықтау әдісі, есептеу механизмі.

  4. Салықтық реформалар, олардың мазмұны мен мәні.

  5. Әкімшілік алымдар мен төлемдер бойынша, коммерциялық емес және соған сәйкес сатулардан түсетін түсімдер бойынша және басқа да салықтық емес түсімдерді есептеудің ерекшелігі,


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Тақырып 6. Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.


Сабақтың мақсаты: ҚР мемлекеттік бюджеттің шығыстарын қаржыландыру жүйесімен танысу.
Сабақтың мазмұны:

  1. Бюджеттің түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырудың ерекшеліктері.

  2. Шығыстарды қаржыландырудың сметалық тәртібі.

  3. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің шығыстарының сметасын қалыптастыру , бекіту және оларға өзгеріс енгізудің ережесі.

  4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі.

  5. Бюджеттік шығыстарды реструктуризациилаудың негізгі бағыттары.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Мемлекеттік бюджет шығыстарының экономикалық мәні.

  2. Бюджет шығыстарының жүйесі және жіктелуі.

  3. Бірдей стандартты шоттар жоспары, оның мәні мен қолданылуы.

  4. Екінші деңгейдің құрама сметасы.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.


Сабақтың мақсаты: Білім беруге арналған бюджет шығыстарын қаржыландырудың ерекшеліктерімен танысу.
Сабақтың мазмұны:

  1. «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» Заңы.

  2. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері: бастапқы және орта білім беру; кәсіби техникалық білім беру; орташа арнайы білім беру; жоғары білім беру.

  3. Олардың қаржыландырудың қайнаркөздері.

  4. Кадрларды кәсіптік даярлау.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Білім беруге арналған бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы.

  2. Жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы.

  3. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі.

  4. Бюджеттен білім беруге бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Тақырып 8.Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары.


Сабақтың мақсаты: Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстарын қаржыландырудың ерекшеліктерімен танысу және қаржыландырудың тәртібі мен әдіс, тәсілдерін білу.
Сабақтың мазмұны:

  1. Кең ауқымдағы аураханалар мен поликлиникаларды қаржыландыру, халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығыстар.

  2. Емдеу мекемелерінде құралдарды пайдалану мен құрудың жаңа әдістері.

  3. Мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері.

  4. Бюджеттен денсаулық сақтауға бөлінетін қаражаттарды пайдалануға бақылау жасау.

Бақылау жұмысының сұрақтары:



  1. Денсаулық сақтауға арналған шығыстардың құрамы мен құрылымы.

  2. Медициналық мекемелердің қызметін қаржыландыру және жоспарлау.

  3. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қаржыландыру көздері.



Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8
Тақырып 9.Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстары.
Сабақтың мақсаты: Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстарын қаржыландырудың ерекшеліктерімен танысу.
Сабақтың мазмұны:

  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (мүгедікке байланысты, жасы бойынша және асыраушысынан айырылғанда).

  2. Мемлекеттік арнайы жәрдемақы.

  3. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы.

  4. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының түсімдерін қамтамасыз ету.

  5. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.

  6. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығыстары.

Бақылау жұмысының сұрақтары:




  1. Зейнетақымен қамтамасыз етудегі мемлекеттің саясаты..

  2. Осы шығыстарды қаржыландырудағы бюджеттің ролі.

  3. Зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы.

  4. Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қорғау.

  5. «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Тақырып 10. Қорғаныс пен басқаруға арналған бюджет шығыстары.


Сабақтың мақсаты: Қорғаныс пен басқаруға арналған бюджет шығыстарын қаржыландырудың ерекшеліктерімен танысу.

Сабақтың мазмұны:



  1. Қорғанысқа арналған бюджет шығыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері.

  2. Құқық қорғау, қаржы және фискалдық қызметтер органдарын ұстауға арналған шығыстарды жоспарлау.

  3. Жалпы бейнедегі қызметтер мен сыртқы экономикалық қызметтерге арналған шығындар. Фундаментальды ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған бюджет шығыстары.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Қорғанысқа раналған бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы.

  2. Аталған функционалдық топ бойынша мекемелерді қаржыландыру.

  3. Осы мақсатқа бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Тақырып 11. Бюджеттің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстары.


Сабақтың мақсаты: Бюджеттің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстарын қаржыландырудың ерекшеліктерімен танысу.
Сабақтың мазмұны:

  1. Тұрғын үй құрылысы.

  2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жергілікті бюджеттен жұмсалатын шығыстардың құрылуының ерекшеліктері.

Бақылау жұмысының сұрақтары:



  1. Бюджет шығыстарының тұрғын үй шаруашылығына, коммуналдық шаруашылығына, сумен қамтамасыз етуге, санитарлық қызметтер жүргізуге, қала көшелерін жарықтандыруға, қалалар мен тұрғындарға құрылыс салалардың орташа құрамы мен құрылымы.

  2. Мемлекеттік жаңа тұрғын үй саясаты, тұрғын үй заң нормасы.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Тақырып 12. Бюджет процесін ұйымдастырудың негізі


Сабақтың мақсаты: ҚР бюджет процесін ұйымдастырудың негізімен танысу.
Сабақтың мазмұны:

  1. Бюджеттік жоспарлау мен жобалаудың мәні мен ролі.

  2. Бюджеттік жоспарлаудың әдісі.

  3. Брутто-бюджет және нетто-бюджет.

  4. Бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша бюджеттің атқарылу тәртібін ұйымдастыру.

Бақылау жұмысының сұрақтары:



  1. Республикалық бюджетті құру, қарау және бекіту.

  2. Жергілікті бюджетті құру, қарау және бекіту.

  3. Бюджет процесін ұйымдастырудың негізі.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Тақырып 13. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру.


Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысу.

Сабақтың мазмұны:



  1. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру және бекіту.

  2. Бюджеттік көрсеткіштерге экономикалық талдау.

Бақылау жұмысының сұрақтары

1. Бюджеттің орындалуы бойынша қаржылық процедуралар

2.Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8
Тақырып 14. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлі
Сабақтың мақсаты: Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлін ашу.
Сабақтың мазмұны:

  1. Қазынашылық бюджет атқарылуының негізгі процедурасы мен технологиясы.

  2. Қазынашылық бюджеттің атқарылуындағы қаржылық және банктік құрылымдардың өзара әрекеті. Республикалық бюджеттің кассалық атқарылуы.

  3. Мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырылатын мекемелердің есеп-кассалық қызмет етуі.

  4. Касса қалдықтарының бекітілген лимиті және қолма-қол ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау.

  5. Қазынашылық рұқсаттың берілу тәртібі.

  6. Кірістерді бір қазынашылық шотқа апару тәртібі.

Бақылау жұмысының сұрақтары



  1. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролі.

  2. Қазынашылықтың міндеті мен функциясы.

  3. Бюджеттің қазынашылық атқарылуының негізгі принциптері.

  4. «Касса бірлігі» принципінің мазмұны.

  5. Бюджет шығыстары және кірістерінің жазбаларының түсінігі, кепілді қаржылық міндеттемелердің лимиті.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8
Тақырып 15. Бюджеттік бақылауды ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: ҚР бюджеттік бақылауды ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысу.
Сабақтың мазмұны:

  1. Бюджеттік бақылауды жүргізудің түрлері мен әдістері.

  2. Ревизия бюджеттік бақылаудың басты формасы ретінде.

  3. Бюджеттік бақылау формалары.

Бақылау жұмысының сұрақтары:



  1. Бюджеттік бақылаудың мазмұны мен мәні.

  2. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі бюджеттік бақылаудың мәні мен ролі.

  3. Бюджеттік бақылаудың жіктелуі.


Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8

Студенттердің өздік жұмыстар тақырыптары


  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жүргізілген реформалардың бағыттары мен негізгі принциптері.

  2. Ревизия бюджеттік бақылаудың басты формасы ретінде.

  3. Бюджеттің қазынашылық атқарылуының телекоммуникациялық компьютерлік жүйесі.

  4. Қазынашылықты модернизациялау және оның негізгі элементтері.

  5. Бюджеттік процестің кезеңдері.

  6. Бюджеттің кірісі мен шығысының тепе-теңдігі.

  7. Мемлекеттің қолындағы бюджет қаржысын орталықтандырудың қажеттігі.

  8. Қоғамдақ тағайындаудағы спецификалық категория ретіндегі бюджетке тән бейнелер.

  9. Бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері және унитарлы және федералды мемлекеттердегі бюджет жүйесінің ерекшеліктері.

  10. Бюджеттік жіктелудің өзгертулері, жаңа бюджеттік жіктелуді құру принциптері.

  11. Қазақстан Республикасынң салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салықтар, алымдар және түсімдер сипаттамасы.

  12. Салық реформасы және жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайтудың проблемалары..

  13. Әкімшілік алымдар мен төлемдер, коммерциялық емес және ілеспе сауда табыстарымен және басқа да салықтық емес түсімдерді есептеу ерекшеліктері..

  14. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік

мекемелердің шығыстарының сметасын қалыптастыру, бекіту және оларға өзгеріс

енгізудің ережесі.



  1. Бюджеттік шығыстарды реструктуризациилаудың негізгі бағыттары.

  2. Жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы.

  3. Бюджеттен білім беруге бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау.

  4. Емдеу мекемелерінде құралдарды пайдалану мен құрудың жаңа әдістері.

  5. Мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері.

  6. Зейнетақымен қамтамасыз етудегі бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы.

  7. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығыстары.

  8. Фундаментальды ғылыми зерттеулерге арналған бюджет шығыстары .

  9. Бюджеттік жоспарлаудың әдістері.

  10. Бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша бюджеттің атқарылу тәртібін ұйымдастыру..

  11. Бюджет көрсеткіштеріне экономикалық талдау.

«Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған «Мемлекеттік бюджет» курсы бойынша емтихан сұрақтары
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны, оның функциялары.

2. Бюджеттің құрылымы.

3. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізудің тәртібі.

4. ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері, олардың құрылымы.

5. Бюджеттік жіктелудің анықтамасы, оның міндеті.

6. Бюджет түсімдерінің жіктелуі.

7. Бюджет шығыстарының функционалдық жіктелуі.

8. Бюджет шығыстарының экономикалық жіктелуі.

9. ҚР бюджет жүйесі, құрылымы және құрылу принциптері.

10.Республикалық бюджеттің экономикалық мазмұны.

11.Жергілікті бюджеттердің экономикалық мазмұны.

12. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры: функциясы, қалыптастыру көздері және қор қаражаттарын шығындаудың бағыттары.

13.Бюджетаралық қатынастардың ұғымы, ұйымдастыру принциптері.

14.Бюджетаралық қатынастарды реттеудің әдістері.

15.Бюджет кірістерінің ұғымы, олардың құрамы.

16.Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдердің құрылымы.

17.Республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдердің құрылымы.

18.Облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдердің құрылымы.

19.Облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдердің құрылымы.

20.Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салықтық түсімдердің құрылымы.

21. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салықтық емес түсімдердің құрылымы.

22.Бюджет шығындары ұғымы, оның түрлері.

23.Бюджеттік бағдарламаның анықтамасы, оның түрлері.

24.Республикалық бюджет шығыстарының құрылымы.

25.Жергілікті бюджет шығыстарының құрылымы.

26.Мемлекеттік тапсырыс, қаржыландыру және орналастыру тәртібі.

27.Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібі.

28.Мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру.

29.Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.

30.Жоғары білім беруді қаржыландыру.

31. Бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау мекемелерінің шығыстарын жоспарлаудың көрсеткіштері.

32. Мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі медициналық мекемелердің шығындарын қайтару тәртібі.

33. Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмектің экономикалық мазмұн
34.Өмір сүру минимумының анықтамасы, оның міндеті. Кедейшілік шегі ұғымы.

35Мүгедектікке байланысты жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі.

36.Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі.

37.Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібі.

38.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі.

39.Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібі.

40.Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі.

41.Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылымы.

42.Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақыны тағайындау тәртібі.

43.Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыз ету.

44. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың түсінігі, оның түрлері.

45.Қазынашылықтың функциялары және оның негізгі міндеттері, оның құрылымы.

46.Қаржыландырудың жоспарын құру және бекіту.

47. Түсімдер бойынша бюджеттің атқарылу процедурасы.

48. Бюджетті жоспарлаудың мәні және принциптері.

49. Ағымдағы қаржы жылына республикалық бюджетті өңдеудің тәртібі.

50. Ағымдағы қаржы жылына облыстық , республикалық маңызы бар қала , астана бюджеттерін өңдеудің тәртібі.

51. Ағымдағы қаржы жылына аудан бюджетін (облыстық маңызы бар қала) өңдеудің тәртібі.

52.Бюджеттің атқарылуының мазмұны, бюджеттің атқарылуының негізгі принциптары.

53.Бюджет қаражаттарының қалдықтарын пайдалану тәртібі.

54.Бюджетті нақтылаудың тәртібі.

55 Секвестр түсінігі.

56.Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау.

57. Гранттардың түсінігі және жіктелуі.

58.Бюджеттік кредиттеудің мазмұны.

59. Мемлекеттік займдардың түрлері мен формалары.

60. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың мазмұны: типтері, түрлері, принциптері.

Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өздік жұмысының мазмұны және студенттің өздік жұмысының саны кесте 4 енгізіледі.

Тағайындалған тақырыптар бойынша жазылған аудиториялық бақылау жұмыстары «Мемлекеттік бюджет» курсы бойынша ОСӨЖ негізінде 1- бақылау жұмысы ретінде көрініс тапқан.

«Мемлекеттік бюджет» курсы бойынша СӨЖ жазған кезде реферат бетінің саны 5 беттік машинамен басылған мәтін көлемінен аспауы керек.

Студенттердің өздік жұмыстарын орындауына қатаң бақылау жүргізу үшін «Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша оқу процесінің күн тізбелік графигін құру қажет, бұл график кесте 5-те көрініс тапқан.

«Қаржы» мамандығы бойынша жоғарғы білікті экономист маманын даярлаудың маңызды шарты болып оқытушының жетекшілігімен студенттің ғылыми жұмысын орындауы табылады (ОСӨЖ).

«Қаржы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулықтар даярланған, ол әдістемелік нұсқаулық арқылы студент өзінің ғылыми жұмысын таңдауға, кәсіпорынның қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасай алуына, таңдап алған тақырыбы бойынша экономикалық әдебиеттердің тізімімен танысуға, ғылыми жұмысының жоспарын құруға байланысты көмектер ала алады.

«Мемлекеттік бюджет» қаржысы пәні бойынша СӨЖ реферат түрінде орындалады және семестр бойына орындалған жұмыстың саны 5-тен кем болмауы керек (1 модуль тақырыптары бойынша – 1 реферат, 2 модуль тақырыптары бойынша – 2 реферат, 3 модуль тақырыптары бойынша – 2 реферат).

СӨЖ жазу және рәсімдеу бойынша келесі талаптар қойылады:

бет көлемі – 5 беттен кем емес;

таңдап алған тақырып бойынша жоспардың болуы;

рефератта СӨЖ бойынша алынған тақырыптың негізгі мазмұны ашылуы қажет.

«Мемлекеттік бюджет» пәнінде экономикалық категория ретіндегі қаржы мәнінің теориялық сұрақтары қарастырылады; шет мемлекеттерінің қаржы жүйесінің бөлімдері мен олардың өндіріс процесін кеңейтудегі ролі қарастырылады; келесі түсініктердің мәні ашылған, мысалы қаржылық саясат, қаржыларды басқару және нарықтық экономикасы дамыған елдердегі қаржылардың маңызды анықтамалары қарастырылған.

ҚР бюджет жүйесін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан ұйымдастыру мақсатында «Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша студент бақылау жұмысын орындауы қажет.

Бақылау жұмысын орындау барысында жұмысты рәсімдеудің талаптары орындалуы қажет. Жұмыс анық жазылуы керек, мәтін барысында қолданылған цифрлерге әдебиеттер бойынша сілтемелер болуы міндетті. Жұмыстың көлемі 18-22 бетті құрауы керек, яғни жұмыс оқушылық тәптерде орындалуы қажет және сыртқы беті талапқа сай орындалуы қажет.

Бірінші бетте бөлімдердің беттері көрсетілген жұмыстың жоспары жазылады. Мәтін дәптердің бетіне жазылады және оқытушының ескертулері жазылуы үшін алаң қалдырылады, беттердің барлығы номерленген болуы керек. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі жазылады және рецензия жазылуы үшін бір бет қалдырылады.



Студент өзінің бақылау жұмысынның вариантының номерін идентификацияланған кодтың соңғы цифры арқыл таңдайды.


Кодтың соңғы цифры

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Студенттің фамилиясының бастапқы әріпі































А К У Ю

20

23

16

5

19

1

9

17

4

14

Б Л Ф Я

1

7

3

9

10

4

18

20

13

6

В М Х

7

10

2

15

12

14

4

3

16

18

Г Н Ц

2

6

11

16

1

15

17

12

14

19

ДО Ч

8

4

13

18

6

2

3

15

18

11

Е П Ш

4

9

19

8

3

12

5

20

1

15

Ж Р Щ

6

5

15

10

7

4

8

9

12

2

С З Ы

5

12

1

17

2

11

13

16

6

4

И Т Э

3

14

18

3

17

5

1

12

7

8

«Мемлекеттік бюджет» курсы бойынша бақылау жұмыстарының варианттары


1 вариант.

  1. Қаржылардың қалыптасуы, олардың мемлекетпен байланысы және тауар-ақша қатынастарының дамуы.

  2. Бюджеттік бақылаудың әдістері.

  3. ҚР бюджет жүйесі.

2 вариант.



  1. Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні және функциялары.

  2. Бюджеттік бақылауды ұйымдастыру.

  3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлар мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының ролі.

3 вариант.



  1. Аудиторлық бақылау.

  2. Мемлекеттік қарызды басқару.

  3. Бюджеттік құрылым және бюджеттік жүйе.

4 вариант.



  1. Салықтар туралы түсінік және олардың әлеуметтік-экономикалық мәні.

  2. Әлеуметтік сақтандыру қоры.

  3. Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі.

5 вариант.



  1. Салық жүйесі.

  2. Мемлекеттік займдардың жіктелуі.

  3. Облстың бюджет профицитінің сомасын есептеңіз. Бюджеттің реттеуші кірістерінің сомасы – 320 млн. тенге. Бекітілген кірістердің сомасы – 380 млн. тенге. Бюджеттің шығыс бөлігінің сомасы - 580 млн. тенге

6 вариант.



  1. Бюджеттік жүйе.

  2. Салықтарды өндіріп алуды ұйымдастыру.

  3. Облыстың бюджет дефицитінің сомасын және субвенцияның көлемін есептеңіз. Бюджеттің реттеуші кірістерінің сомасы – 220 млн. тенге. Бекітілген кірістердің сомасы – 270 млн. тенге. Бюджеттің шығыс бөлігінің сомасы – 560 млн. тенге. Дефицит сомасының 40% субвенция сомасы құрайды.



7 вариант.

  1. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны мен міндеті.

  2. Нарықтық экономика жағдайындағы салықтық саясаттың негізгі бағыттары мен түсінігі.

  3. Мүлік салығының жылдық сомасын есептеңіз. Шаруашылық субъектісі мүлігінің орта жылдық құны 1,2,3,4 тоқсандарда 125, 130, 150, 200 мың теңгені құрайды. Осыған орай сатып алуға құқығы жоқ арендаға алынған мүлік сәйкесінше 10, 10, 50, 50 мың тенге. Құрады. Мүлік салығының ставкасы – 1%.

8 вариант.

  1. Нарықтық экономика жағдайындағы салықтық реттеу.

  2. Мемлекеттік шығындардың мәні, олардың құрамы, жіктелуі.

  3. Азаматтың мүлкіне салынатын салықтың сомасын есептеңіз. Жекешелендірілген пәтер 5 адамнан тұратын отбасының иелігінде, соның ішінде 2 адам – зейнеткерлер, пәтердің инвентаризацияланған құны – 66 000 мың. тенге. Салық ставкасы – 0,1% пәтер құнынан.

9 вариант.



  1. Бюджеттік қаржыландыру кезіндегі мемлекеттік реттеу.

  2. Жанама салықтар: табиғаты және функциялары.
  3. Бюджеттік жіктелу.

10 вариант.


  1. Қазақстан экономикасын реттеудегі қаржылық мәселелер.

  2. Жергілікті бюджетке түсетін салықтар.

  3. Бюджеттік жоспарлау. Бюджет тепе-теңдігі.



11 вариант.


  1. Әлеуметтік-экономикалық процестегі бюджеттік саясат пен бюджеттік механизмнің мәні мен мағынасы.

  2. Салықтық түсімдер құрамындағы табиғи ресурстар үшін алымдар мен төлемдер.

  3. Қаржылық бақылаудың мәні мен мағынасы, оның жіктелуі.

12 вариант.


  1. Мемлекеттік кірістердің мәні, олардың жіктелуі.

  2. Мемлекеттік кредит және мемлекеттік қарыз.

  3. Аймақтың тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымын дамытудағы жергілікті бюджеттердің ролі.

13 вариант.



  1. Экономиканы қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығындар.

  2. Мемлекеттік кредиттердің формлары.

  3. Келесі мәліметтер бойынша жергілікті бюджеттің құрылымын анықтау.






Шығыстардың атауы

Сома млн.тенге

Құрылымы

% шаққандағы қорытынды үлес салмағы



1.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұстауға

7,2




2.

Құқық қорғау қызметі

12,0




3.

Ауыл шаруашылығы

6,0




4.

Көлік және байланыс

8,6




5.

ТҮКШ және қаланы көгалдандыру

80,0




6.

Әлеуметтік сфера, барлығы

91,0




7.

Трансферттер

0,4




8.

Басқа да шығыстар

5,3




9.

Барлық шығыстар

220,0



Қорытынды жасау.

14 вариант.


  1. Әлеуметтік-мәдени шараларға мемлекеттік шығындар.

  2. Халықаралық мемлекеттік кредит.

  3. Сыртқы мемлекеттік қарыз.

15 вариант.



  1. Әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған мемлекеттің шығындары.

  2. Мемлекеттік бюджет тапшылығы ішкі мемлекеттік қарыздың өсуі мен қалыптасуының негізгі себепкеріі ретінде.

  3. Облыстың бюджет дефицитінің сомасын және субвенцияның көлемін есептеңіз. Бюджеттің реттеуші кірістерінің сомасы – 340 млн. тенге. Бекітілген кірістердің сомасы – 420 млн. тенге. Бюджеттің шығыс бөлігінің сомасы – 760 млн. тенге. Дефицит сомасының 35% субвенция сомасы құрайды.



16 вариант.

  1. Бюджеттік жоспарлау.

  2. Қорғанысқа арналған мемлекеттік шығындар.

  3. Мүлік салығының жылдық сомасын есептеңіз. Шаруашылық субъектісі мүлігінің орта жылдық құны 1,2,3,4 тоқсандарда 175, 180, 200, 220 мың теңгені құрайды. Осыған орай сатып алуға құқығы жоқ арендаға алынған мүлік сәйкесінше 15, 20, 50, 60 мың тенге. Құрады. Мүлік салығының ставкасы – 1%.

17 вариант.

  1. Қаржылық жоспарлардың жүйесі.

  2. Басқару шығыстарына арналған мемлекеттік шығындар.

  3. Азаматтың мүлкіне салынатын салықтың сомасын есептеңіз. Жекешелендірілген пәтер 5 адамнан тұратын отбасының иелігінде, соның ішінде 1 адам – зейнеткер, пәтердің инвентаризацияланған құны – 300 000 мың. тенге. Салық ставкасы – 0,1% пәтер құнынан.

18 вариант.



  1. Қаржылық көрсеткіштер.

  2. Ғылыми-техникалық прогресті мемлекеттік қаржыландыру.

  3. ҚР сақтандыру ісі.

19 вариант.



  1. Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні.

  2. Әлеуметтік сақтандыру.

  3. ҚР бюджет процесін ұйымдастырудың негізі.

20 вариант.



  1. Қаржыларды басқарудың мазмұны.

  2. ҚР мемлекеттік бюджеті және оның кірістері мен шығыстарының сипаттамасы.

  3. Мүліктік және жеке сақтандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет