Курстық жұмыс кәсіпорын тәжирбиелік материалдары жинақталып, өңделген және мұқият зерттелген әдеби нұсқалар негізінде жазылады.
Курстық жұмыстың жекелеген тарауларының мазмұнын сипаттай отырып, мынаны атау қажет:
Екі-үш беттік кіріспеде курстық жұмыстың тақырыбының негізгі мазмұны мен мәні ашылады, мұнда студенттің жұмысты жазу кезінде алға қойған мақсаты да көрсетіледі. Тәжирбиелік материалы бойынша курстық жұмыс жазылған кәсіпорынның қысқаша сипаттамасын берген дұрыс. Сол кезде кәсіпорынның есепті ұйымдастыру мен методологиясына ықпал ететін ерекшеліктеріне тоқталу керек.
Бірінші тарау әдетте теориялық сипатта болады. Онда курстық жұмыс бағытталған есеп көрсеткіштерінің экономикалық табиғаты, маңызы көрсетіледі, одан есепті дұрыс ұйымдастырудың маңызы ашылады.
Осы айтылғандардың барлығы статистикалық анықтамалардан монографиялардан, жорнал мақалаларынан және басқа материалдардан алынған сандық деректермен өрнектеліп олардың қайдан алынғаны жөнінде сілтеме жасау ұмыт қалмасын.
Келесі тарауда кәсіпорында жүргізілетін есеп тәжірибесі қарастырылады. Баяндау рет-ретімен келіп, қисынды болсын. Ол сонымен бірге нақты және түгелімен жүргізіліп жатқан тәжірибеге сүйенуі қажет. Сонымен бірге тек жаза салу ғана емес, алынған кәсіпорынның есебін ұйымдастыру мен методологиясына сыни талдау жасау маңызды. Нақты материалдарды талдау нәтижесінде кәсіпорындағы озат тәжірибені жинақтап, оның жұмысындағы жекелеген кемшіліктердің бетін ашуға, мүмкіндігі болса ондай кемшіліктерді болдырмаудың жолын көрсетуге тырысқан жөн. Сол кезде есепті жетілдірудің шешуші шарты оны толық компьютерлендіру есептің прогрессивті әдісін бірқалыпты еңгізу естен шықпауға тиіс. Қосымшаларға сілтеме нөмірі көрсетіліп жасалғаны дұрыс. Жұмыстың барлық тараулары бір-бірімен байланысты болсын.
Сондықтан да бір тараудан екінші параграфқа көшкенде және тарау ішінде бір мәселеден екінші мәселеге көшудің қисынды болуына ерекше назар аударылсын.
Қорытынды бөлімде жалпы тұжырым жасап, есептің қолданылып жүрген тәжірибесін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды қысқаша баяндау қажет.
Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі келтіріледі курстық жұмыста қолданылған ретінде.
Жұмыстың көлемі қолжазба күйінде 20-25 бетінен аз болмауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |