Әдебиеттер тақырып бойынша мұқият зерттеліп, жүйеге келтірілген соң жұмыс жоспарының алғашқы нұсқасынà кейбір өзгертулер енгізілуі мүмкін. Жоспардағы өзгерту жұмыстың өзінің бағытына кейбір түзетулер енгізумен, зерттеп жатқан проблемамен жан-жақты таныса келе автор түзету кіргізу қажет екендігіне көз жеткізгенде немесе өз алдында жеке алынған бөлімдегі көптеген мәселелерде материалдар жеткілікті болмағанда, ал басқаларында, керісінше теориялық және практикалық жаңа деректер пайда болуымен байланысты болуы мүмкін.
Егер әдебиет материалдарымен танысып шыққан соң жоспардың жаңа нұсқасы жасалған жағдайда соңғысы да курстық жұмыстың жетекшісімен келісіледі. Курстық жұмыс ең соңында нұсқасы оның жазылатын мерзімі көрсетілген графикпен толықтырылады.
ТӘЖІРБИЕЛІК МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨНДЕУ
«Қаржылық есеп- 1» пәні бойынша курстық жұмыстың ерекшелігі нақты кәсіпорынның қызметі туралы деректерді зерттеудің негізінде жазылады. Сондықтан да нақты тәжирбиелік материалдарды жинау ең жауапты кезең болып табылады. Нақты материалдың қаншалықты дұрыс және толық жиналуы курстық жұмыстың сапаны жазылуына көп әсер етеді. Сондықтан тәжирбиелік материалды жинауға кіріспес бұрын жұмыс үшін қандай материал қажет екендігін мұқият ойластырып, мүмкіндігі болса арнаулы жоспар жасаған дұрыс.
Кәсіпорынның жұмыс тәжірибесін зерттеген кезде «Қаржылық есеп- 1» курсын оқу кезінде сол сияқты әдеби нұсқаларды оқып үйрену кезінде алған білімді пайдалану қажет.
Нақты тәжирбиелік деректерді жинастыру мен өңдеу кезінде есеп жұмысының тиісті учаскесіндегі оң тәжірибе мен кемшіліктерін анықтауға ерекше назар аударылуы қажет. Сонымен қоса есеп кәсіпорын мен оның жекелеген буындарының басшыларын қажетті ақпаратпен қаншалықты қамтамасыз ететіндігіне, есептегі қосарласу болған жағдайда оперативтілігі мен алынған деректің толықтығына есептің компьютерлендірілуіне, т.б. назар аудару керек. Нақты тәжирбиелік материалдарды жинастырып, өңдеу процесінде есептің ұйымдастырылуы мен методологиясын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды ойластыру және ол ұсыныстарды дұрыс жазу қажет.
Есептің методологиясы мен құрастырылуы кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылуы мен технологиясына қатысы көп болатындығы жағдайын ескере отырып, курстық жұмыстағы есептің проблемасы мен тәжірибесі кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының нақты жағдайымен тікелей байланысты қарастырылуы үшін де бұл мәселені де мұқият зерттеу керек.
Нақты тәжирбиелік материалдарды жинау және оны өңдеу жалпы тақырыпқа курстық жұмыс жазу кезінде де пайдаланылады. Бұл жағдайда ол жұмыстың теориялық жағын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |