АЛҒАН ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӘДЕБИТТЕРДІ ІРІКТЕУ
ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
«Қаржылық есеп- 1» пәні бойынша курстық жұмыстың такырыбын таңдағаннан кейін студент курстық жұмыс бойынша бірден әдебиеттерді іріктеуге кірісу керек (негізгі және қосымша). Мұны өз бетімен жасау керек. Студент каталогтармен библиографиялық анықтамаларды пайдалану білуін көрсету қажет. Сол кезде курстың тиісті тарауы бойынша негізгі әдебиеттер көрсетілген лекция конспектілерін де ұмытуға болмайды.
Пәндік тақырыптың каталогпен жұмыс кезінде курстық жұмыспен сәйкес қана емес, сонымен бірге таңдалған тақырыпқа жақын келетін бөлімдерді де қарау керек. Сол кезде проблеманың теориялық жағын ғана емес, сонымен бірге тәжірибеде қолданылып жүрген бухгалтелік есепті көрсететін әдебиеттерді де іріктеп алған жөн. Каталогтарды қарай отырып өз картотекасын жасау керек. Әрбір жұмысқа жеке библиографиялық карточка ашылып, оған авторы, әдебиет аты, баспасы, басылған жылы, қысқаша мазмұны жазылады. Картотекаға курстық жұмыс бойынша соңғы 3 жыл ішінде шыққан жаңа әдебиетті жазған дұрыс болады. Нұсқау беретін материалдардың ең соңғы шыққаны пайдаланылады.
Әдебиеттерді өз бетімен таңдап алғаны дұрыс, бірақ ғылыми жетекшімен жүйелі түрде кеңесіп отыру қажет. Іріктеліп алынған әдебиетттердің тізімі онымен міндетті түрде келісіледі. Іріктеліп алынған әдебиетттерді қарау кезінде қандай жаңа өзгерістер мен толықтыруларды ескеру туралы да жетекшімен ақылдасу керек. Танысу деңгейіне байланысты олар пайдаланылған әдебиеттер тізіміне тіркеледі.
Іріктеліп алынған әдебиетттермен алдын ала таныстыру кітапхана немесе жорналдағы мақаланың мазмұнын таңдаған тақырыпқа қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау үшін де қажет. Сонымен қоса мұндай танысусыз тақырыппен қаншалықты мәселенің ауқымының қаншалықты екендігін толық түсініп, курстық жұмыстың жоспарының алғашқы нұсқасын жасау мүмкін емес. Ең алдымен тақырып бойынша жалпы әдебиетпен, содан соң негізгі және қосымша әдебиетпен (нұсқаулармен, әдістемелік нұсқаулармен) танысады: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелік Департаментінің нұсқалық материалдарын, стандарттарын пайдалану қажет. Сонымен бірге жұмыста жаңа арнайы әдебиетті, соңғы жылдардың мерзімдік басылымдарынан мақалаларды, Бухгалтер Бюлетені, Бухгалтер файлы, «Қаржы – қаражат», «Салық комитеінің жаршысы» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |