«Қаржылық есеп 2»


Сатылмай тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активтер



бет2/8
Дата15.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#136938
1   2   3   4   5   6   7   8

Сатылмай тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активтер


Кәсіпорын пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс, өйткені оның баланстық құны негізінен алғанда пайдалануды жалғастыру арқылы өтеледі. Алайда, егер пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс шығаруға арналған топ көрсетілген критерийлерге жауап берсе, онда кәсіпорын шығаруға арналған топтың ақша қаражатының нәтижелері мен ағындарын пайдалану тоқтатылған күні сәйкес тоқтатылған қызмет ретінде көрсетуі тиіс. Пайдаланылуы тоқтатылатын ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) экономикалық қызметінің мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) және жабылатын, бірақ сатылмайтын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) кіреді.

Кәсіпорын пайдаланудан уақытша алынып тасталған активті (немесе шығаруға арналған топты) оның пайдаланылуы тоқтатылған ретінде есепке алмауға тиіс.

2.Жалғастырылатын қызметке қатысты басқа да пайда немесе залал

Сатуға арналған ретінде жіктелген, тоқтатылған қызметтің анықтамасына сәйкес келмейтін ұзақ мерзімді активті (шығаруға арналған топтарды) қайта өлшеуден болған басқа да пайда немесе залал жалғастырылған қызметтен түскен пайдаға немесе залалға жатқызылуға тиіс. Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті немесе шығаруға арналған топты көрсету

Кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті және сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың активтерін баланста басқа активтерден бөлек көрсетуге тиіс. Сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың міндеттемелері баланста басқа міндеттемелерден бөлек көрсетілуі керек. Бұл активтер мен міндеттемелер өзара есепке алынбауы және бір сома ретінде көрсетілмеуі керек. Сатуға арналған ретінде жіктелген активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметі бөлек не баланстың өзінде, не рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, ескертулерде ашып көрсетілуге тиіс. Кәсіпорын тікелей меншікті капиталда танылған және сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активке (шығаруға арналған топқа) жататын кез келген жинақталған кірістер мен шығыстарды бөлек көрсетуге тиіс.

Егер шығаруға арналған топ сатып алған кезде сатуға арналған ретінде жіктелген критерийлерді қанағаттандыратын еншілес кәсіпорын таяу арада сатып алған болып табылса, онда активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметтерін ашып көрсету талап етілмейді.

Кәсіпорын ұзақ мерзімді активтер бойынша немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтардың активтері мен міндеттемелері бойынша көрсетілген сомаларды өткен кезеңдердің баланстарында ең соңғы көрсетілген кезең үшін баланста көрсету үшін екінші рет қайта жіктемеуге және ұсынбауға тиіс.

Ақпаратты қосымша ашып көрсету


Кәсіпорын ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелген не сатылған кезең үшін ескертулерде мынадай ақпаратты:

(а) ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) сипатын;

(b) сату немесе болжанатын шығаруға әкелетін фактілер мен жағдайлардың сипатын және осы шығарудың күтілген тәсілі мен уақытын;

Кәсіпорын компонентіне операциялық жағынан және қаржы есептілігінің мақсаттары үшін кәсіпорынның басқа бөлігінен айқын оңашаланған болуы мүмкін ақша қаражатының қызметі мен ағындары кіреді. Басқаша айтқанда, кәсіпорын компоненті ол пайдалануға арналып тұрған кезде ақша қаражатын құрайтын бірлік немесе бірліктер тобы болуға тиіс.

Тоқтатылған қызмет кәсіпорынның не шығарылып кеткен, не сатуға арналған ретінде жіктелетін компоненті болып табылады, және

(а) жеке маңызды қызмет түрі немесе операциялар жүргізудің географиялық ауданы болып табылады;

(b) жеке маңызды қызмет түрінің үйлестірілген біртұтас шығару жоспарының бір бөлігі болып табылады;

(с) тек кейіннен сату мақсатында сатып алынған еншілес кәсіпорын болып табылады.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді қалай анықтайды?

2. Жалғастырылатын қызметке қатысты басқа да пайда немесе залал қалай анықталады?

3.Айналымнан тыс активтер қалай есепке алынады?



Тақырып 5. Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер (ҚЕХС (IFRS) 37)
Лекция жоспары: (2 сағат)

1. Бағалау міндеттемелерін жіктеу


2. Шартты міндеттемелер мен шартты активтерді тану

1. Бағалау міндеттемелері :

(а) компанияның бұрынғы оқиғалар нәтижесіндегі ағымдағы міндеттемелері (заңды немесе тәжірибеден туындайтын) бар болғанда;

(b) міндеттемелерді өтеу үшін мүмкін болып табылатын экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажеттілігі туындағанда (яғни мүмкін емес болғаннан, мүмкін болуы ықтимал);

(с) міндеттеме сомасы шынайы бағалануы тиіс. Сенімді бағалау тек сирек жағдайда ғана мүмкін емес.

Кейбір жағдайларда, мәселен, сотта қарағанда, компанияның ағымдағы міндеттемелерінің бар-жоқтығы анық болмайды. Мұндай жағдайларда бұрынғы оқиға, есептік күніне ағымдағы міндеттемелердің болу ықтималдығы осындай міндеттемелердің болмау мүмкіндігінен асып түскен жағдайда барлық бар куәліктерді ескере отырып, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына алып келеді деп есептеледі. Жоғарыда сипатталған мойындау критерийлері орындалған жағдайда, компания осы ағымдағы міндеттемелерді бағалау деп таниды. Міндеттемелердің болмау мүмкіндігі оның бар болуынан жоғары болған жағдайда, компания экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болған жағдайлардан басқа, шартты міндеттемелерді ашады.

Танылған бағалау міндеттемесінің сомасы есепті күні болған міндеттемелерді орындау үшін қажетті шығыстардың ең жақсы бағасын білдіруге тиіс, басқаша айтсақ, есептік күніне міндеттемелерді өтеу үшін немесе осы күні үшінші тарапқа осы міндеттемелерді беру үшін дұрыс пікірді негізге ала отырып, компания төлейтін сома.

Бағалау міндеттемелерінің сомасын анықтау кезінде компания:

(а) тәуекелдер мен белгісіздікті есепке алуы қажет. Бірақ белгісіздік шамадан тыс бағалау міндеттемелерін жасауды немесе міндеттемелерді әдейі көтеруді ақтап ала алмайды;

(b) ақшаның және шығындарды есептік бағалауда көрінбейтін міндеттемелер үшін ерекше тәуекелдердің уақытша құнын ағымдағы нарықтық бағалау көрінетін салыққа дейін дисконтталған ставканы (ставкаларды) қолдану арқылы бағалау міндеттемелерін ақшаның уақытша құны елеулі түрде дисконттайды. Дисконттау қолданылғанда уақыттың ағынымен бағалау міндеттемелерінің өсуі пайыз төлемдеріне шығыстар ретінде танылады;

(с) заңнамаға өзгеріс және технологиялық өзгерістер сияқты олардың болуына жеткілікті түрде объективті негіздемесі бар болашақ оқиғаларды есепке алады; және

(d) күтілген шығару бағалау міндеттемелерінің пайда болуына себеп болатын оқиғалармен тығыз байланысты болса да активтердің күтіліп отырған шығуынан түскен пайда есепке алынбайды;

Компания бағалау міндеттемелерін реттеу үшін қажетті кейбір немесе барлық шығындарды (мәселен, сақтандыру шарты арқылы, залалдарды өтеу немесе жеткізушілердің кепілдіктері туралы келіссөздер) өтеуді күтуі мүмкін. Бағалау міндеттемелері әрбір есептік күнде қайта қаралуы және ағымдағы ең жақсы есептік бағалауды көрсету үшін түзетілуі тиіс. Міндеттемені реттеу үшін экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажет болмаған жағдайда бағалау міндеттемелері жойылуы тиіс.

Бағалау міндеттемелері бастапқыда танылған шығындар бойынша ғана пайдалануы тиіс. Бағалау міндеттемелері мойындау және өлшеу бойынша жалпы талаптар сияқты үш ерекше жағдайда қолданылатынын түсіндіреді: болашақ операциялық залалдар; міндет жүктелген шарттар; және қайта құрылымдау.

Компанияның міндет жүктелген шарты болған жағдайда осындай шарт бойынша ағымдағы міндеттеме бағалау міндеттемелері ретінде танылуы және өлшенуі тиіс. Міндет жүктелген келісім-шарт дегеніміз міндеттемелерді орындау көлемі ол бойынша алатын экономикалық пайдадан асып түсетін шарасыз шығындарды талап ететін келісім-шарт.

2. Шартты міндеттемелер бұрынғы оқиғалардан туындайтын және компанияның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; міндеттеме сомасы жеткілікті сенімділікпен бағалана алмайтындықтан, танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды. Компания шартты міндеттемені танымауға тиіс. Компания, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі алыс болып табылған жағдайларды қоспағанда, шартты міндеттемені ашуға тиіс. Шартты активтерті бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы компания толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды. Оған компания соттың қарауы арқылы ғана қанағаттанатын, нәтижесі белгісіз талап-арыз мысал бола алады. Компания шартты активті танымауға тиіс. Шартты актив экономикалық пайданың түсуі ықтимал болған жағдайда ғана ашылады.

Кіріс алу іс жүзінде күмәнсіз болса, онда қолданылып жүрген актив шартты актив болып табылмайды және оны мойындау орынды Бағалау міндеттемелері мөлшері бойынша не орындалу мерзімі бойынша белгісіз міндеттемені білдіреді. Міндеттеме - реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстарды компаниядан шығаруға себеп болатын өткен кезеңдер оқиғаларының нәтижесі ретінде пайда болған компанияның ағымдағы міндеттемесі. Міндеттейтін оқиға - нәтижесінде компанияда осы міндеттемені орындаудың нақты баламасы болмайтын заңды түрде немесе міндеттеменің практикасынан пайда болатын оқиға.

Заңды міндеттеме - бұл:

(а) шарттан (нақты немесе болжанған жағдайлар негізінде);

(b) заңнама; немесе

(с) заңның басқа да іс-әрекеттерінен туындайтын міндеттеме.

Енгізілген міндеттеме - компанияның іс-әрекеттерінен пайда болатын міндеттемелер, мұнда:

(а) саясатпен немесе жеткілікті түрде нақты ағымдағы мәлімдемемен жарияланған, бұрынғы қызмет тәжірибесімен қалыптасқан компания өзіне жекелеген міндеттерді қабылдайтынын басқа тараптарға көрсетті; және

(b) нәтижесінде компания өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтынын негізделген күтулермен тараптарға сендірді.

Шартты міндеттеме - бұл:

(а) бұрынғы оқиғалардан туындайтын және компанияның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; немесе

(b) бұрынғы оқиғалардан туындайтындықтан, бірақ:

(і) экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; немесе

(іі) міндеттеменің көлемі жеткілікті сенімділікпен өлшенбейтіндіктен, танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды.

Шартты актив - бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы компания толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды.

Міндет жүктелген шарт - бұл келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау көлемі ол бойынша алатын экономикалық пайдадан асып түсетін шарасыз шығындарды талап ететін келісім-шарт.

Әдетте, барлық жағдайларда өткен оқиғаның ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына әсері анық болады. Сирек жағдайларда ғана, мәселен, сот қарауларында, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына белгілі бір оқиғалардың әсері болған-болмағандығы туралы пікір таластыруға болады. Мұндай жағдайда компания, мысалы, сарапшылардың пікірлерін қоса алғанда, барлық мәліметтерді назарға ала отырып, есептік күніне ағымдағы міндеттеменің болғандығын анықтайды. Қаралатын мәліметтерге есептік күнінен кейінгі оқиғаларға байланысты алынған кез келген қосымша деректер де кіреді. Осындай мәліметтер негізінде:

(а) есептік күні ағымдағы міндеттеменің болу мүмкіндігі оның болмау мүмкіндігінен жоғары болған жағдайда, компания бағалау міндеттемесін таниды;

(b) есепті күні ағымдағы міндеттеменің болуына ешқандай негіз жоқ болған жағдайда, компания экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болған жағдайлардан басқа, шартты міндеттемелерді ашады.

Бағалау міндеттемелері ретінде компанияның болашақ іс-әрекеттеріне (яғни, өз ісін болашақта жүргізуге) тәуелсіз бұрынғы оқиғалардан пайда болған міндеттемелер ғана танылады. Осындай міндеттемелердің мысалы ретінде айыппұл немесе компанияның болашақ іс-әрекеттеріне тәуелсіз міндеттемелерді реттеу кезінде экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығаруға әкеп соғатын қоршаған ортаның заңға қарсы ластануы нәтижесінде ауаны тазалауға кеткен шығындарды айтуға болады. Компания, сол сияқты, мұнай өңдеу немесе атом электр станциясы ғимараттарын жоюға кеткен шығындар бойынша бағалау міндеттемелерін таниды және компания үшін келтірілген зиянды жою міндет болып саналады. Осыған қарама-қарсы нарық конъюктурасының қысымымен немесе заң талаптарына байланысты компания болашақта белгілі бір түрде (мысалы, компанияға белгілі бір түрдегі түтін фильтрлерін орнату) жұмыс істеу үшін шығын шығару қажет болуы мүмкін. Компания өз іс-әрекеттерімен болашақ шығындарды болдырмау үшін операцияларды жүргізу әдісін өзгерте отырып, осы болашақ шығындар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қабылдамауы мүмкін және ешқандай бағалау міндеттемелері мойындалмайды.

Міндеттеме әрқашан алдында міндеттемесі бар басқа тараптарды тартады. Осыған қарамастан, алдында міндеттемесі бар тарапты білу міндет емес, - бұл тұтастай бір қоғам болуы мүмкін. Міндеттеме басқа тараптың алдындағы міндет болғандықтан, басшылықтың немесе директорлар кеңесінің шешімі практикадан туындаған міндеттемелердің есептік күні пайда болуына әкелмейді, бұған осындай шешімге тап болатын тараптар бұл туралы есептік күніне дейін және барынша нақты нысанда компанияның өз міндеттемелерін орындайтыны туралы негізделген күтулер тараптарда пайда болғандығы хабарланған жағдайлар қосылмайды.

Міндеттеменің тез туындауына әкелмейтін оқиғаның басталуы міндеттеменің кейін, мысалы, заңнамаға өзгерістер немесе компанияның іс-әрекеті (мысалы, нақты ашық мәлімдеме жасау) практикадан туындайтын міндеттемелерге әкелуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Мысалы, қоршаған ортаға зиян келтірілген кезде зардаптарды жою жөніндегі міндеттеме болмауы мүмкін. Алайда, жаңа заң бар зиянды жоюды талап еткен немесе компания өзіне ашық түрде практикадан туындайтын міндеттеме жасайтын зиянды жоюға жауапкершілік қабылдаған жағдайларда зиян келтіру міндет жүктелген оқиға болады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет