111- Айлық жалақы бойынша 2005 жылғы анықталған жоспар 7046,0 мың теңге, нақты орындалғаны 7046,0 мың теңге, оның ішінде 25 % -ті 1554,0 мың теңге.
139 (шаруашылық шығыны) –ерекшелігі бойынша 2005 жылғы қаралған 734,0 мың теңге толығымен игеріліп, төмендегілерге жұмсалынды:
Қызметкерлерге арнайы киімдер тіктіруге- 62,0 мың теңге, жылыту жүйелерінің тазалығына рұқсат алу үшін -5,0 мың теңге, кеңсе-шаруашылық заттарын алуға- 168,0 мың теңге, және 2005 жылға қызметтік басылымдарға-499,0 мың теңге жұмсалынды.
146 (Ғимараттарды, үй-жайларды ұстау, оларға қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық шығыны) –ерекшелігі бойынша 2005 жылғы қаралған 211,0 мың теңге орталық кітапхананы ағымдағы жөндеуге жұмсалынып, толығымен игерілді.
411 (Негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу) –ерекшелігі бойынша 2005 жылғы қаралған 840,0 мың теңгенің, 550,0 мың теңгесі Ұлы Жеңістің 60-жылдығына, 140,0 мың теңге жерлес ақын Х.Ескарақызының кітәбін сатып алуға, және 150,0 мың теңге редакциядан сатып алынған «Аналар асыл жандар» атты кітәбін сатып алуға жұмсалынды.
457.013.000.Мәдениет объектісін дамыту бағдарламасы бойынша 260,0 мың теңге қаралып, ол -“Қазығұрт-Проект” ЖШС-іне (Рабат е.м. Алматы-Термез жолынан этнопарк салуға ЖСҚ дайындау үшін жұмсалынып, толығымен игерілді.
45708000421 – Спорт объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша Қазығұрт елді мекеніндегі спорт кешенін қайта жабдықтау жұмыстарына 8 700,0 мың теңге қаралып толық игерілді.
- 8 700,0 мың теңге “Мух-Дан” ЖШС-іне қаржыландырып, Қазығұрт е.м. спорт кешенін толығымен аяқтады.
456001003 Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі бойынша 2005 жылға 3190.0 мың теңге жоспарланып 100 пайызға қаржыланды.
111 – ерекшелiк бойынша
Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің 4 қызметкеріне айлық жалақы қорына 2005 жылға 1237,0 мың теңге қаралған. 2005 жылға айлық жалақы қорына 1237,0 мың теңгеге қаржыландырылып, бұл сомма толығымен 2005 жылдың айлық жалақысына жұмсалынды. 2005 жылға айлық жалақыдан 122,0 мың теңге қарыз .
139 – ерекшелiк бойынша
Бұл ерекшелiкке 2005 жылға 462,0 мың теңге қаралған. болса, Бұл соммаға қаржы толығымен түсіп, қаржысы толығымен игерiлген. Соның iшiнде:
Мекеме балансындағы автокөлiкке жанар-жағар майға 75.0 теңге аударылды.
Мекемеде жұмыс iстеп тұрған принтерлерге вал алу және катриджді толтыру үшін, кеңсе-шаруашылық заттарын алуға 186,5 мың теңге жұмсалды.
монитор LG, камераға арналған окумулятор, телефон аппараты, системный блок, цифровой диктафон, прожектор, модем 56К, сетевой фильтр, компьтер колонкалары үшін – 178,5 мың теңге
2005 жылға қызметтік басылымдарға жазылуға - 22,0 мың теңге жұмсалды.
146 – ерекшелiк бойынша
Бұл ерекшелік бойынша 2005 жылға 45,0 мың теңге қаралған. 2005 жылға бұл ерекшелікке 45,0 мың теңге бөлінген. Бұл соммадан мекеме балансындағы автокөлiкке матор майына және қосалқы бөлшектер үшiн 30,0 мың теңге, ТОО Tehnology мекемесіне компьютерді жөндеу жұмыстарына 15,0 мың теңге жұмсалған.
149 – ерекшелiк бойынша
Бұл ерекшелікке 2005 жылға 474,0 мың теңге қаралған. Бұл қаржы толығымен келiсiм шарт негiзiнде жұмыс iстейтін 4 қызметкерлердің айлық жалақысына, табыс салығына, 10% зейнетақы қорына, әлеуметтiк салыққа, кәсiподақ жарнасына, әлеуметтік сақтандыру қорына және банк қызметiне аударылды. 2005 жылға айлық жалақыдан 43,0 мың теңге қарыз .
159 – ерекшелiк бойынша
Бұл ерекшелік бойынша 2005 жылға 100,0 мың теңге қаралған. БАҚ қызметкерлері күні мен Қазығұрт тынысы газетінің 70 жылдық мерей тойына 100,0 мың теңгеге «Қазығұрт тынысы» мекемесіне компьютер алынып берілді.
411 – ерекшелiк бойынша
Негізгі қорларды сатып алу үшін 2005 жылға 220,0 мың теңге қаралған. 2005 жылға бұл ерекшелікке бөлінген қаржы 220,0 мың теңге болса , 220,0 мың теңгесi яғни қаржы толығымен игерiлдi. Соның iшiнде:
KONICA MINOLTA фотоаппаратын сатып алу үшiн - 85,0 мың теңге,
Компьютердiң системный блогін, мониторын сатып алу үшiн – 65,0 мың теңге
Материалды – техникалық базаны нығайту үшін – 70,0 мың теңге.
456003000 – бағдарлама бойынша
Бұл бағдарлама бойынша 2005 жылға 850,0 мың теңге қаралған. 850,0 мың теңге толығымен жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру үшін жұмсалды.
456002100 – бағдарлама бойынша
Бұл бағдарлама бойынша 2005 жылға 3312,0 мың теңге қаралған. 2005 жылға бұл бағдарламаға бөлінген қаржы 3312,0 мың теңге болса , 3312,0 мың теңгесi яғни қаржы толығымен бұқаралық ақпаратқұралдары арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу үшін игерiлдi. Соның iшiнде:
«Қазығұрт тынысы» газетіне үшiн - 2892,0 мың теңге,
«Қазығұрт айнасы» газетіне – 300,0 мың теңге
«Аналар – асыл жандар» газетіне – 70,0 мың теңге.
«КӨП ЖАСА» газетіне – 50,0 мың теңге.
456002101 – бағдарлама бойынша
-
Бұл бағдарлама бойынша 2005 жылға 590,0 мың теңге қаралған. 2005 жылға бұл бағдарламаға бөлінген қаржы 590,0 мың теңге болса , 590,0 мың теңгесi яғни қаржы толығымен жергілікті жердегі телеарналар арқылы мемлекеттік саяси ақпараттар жүргізу жене «Қазығұрт теледидары» мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорынның жабылуына байланысты, мекеменің шығындарына төлем жасау үшін игерiлдi.
8.Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары:
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласы бойынша 2005 жылғы анықталған жоспар 7749,0 мың теңге, нақты орындалғаны 7748,0 мың теңге, яғни жоспар 99,9 % - ке орындалды.
450.001.003 Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары органдарының аппараттары 2005 жылға 3190.0 мың теңге жоспарланып 100 пайызға қаржыланды.
139 –ерекшелік бойынша: Шаруашылық шығындарға нақты орындалғаны 350,0 мың теңге талдай келе, жанар-жағар майға /бензин отыны/-208,2 мың теңге.
ЖК А.Орынова мен түзеткен есеп-шот фактурасы негізінде кеңселік заттарға 69,0 мың теңге, жұмыс кабинетін жөндеу жұмысына керекті /краска, щетка, разбавитель, известка, синька, есік сыртын қаптауға дермантин/ алуға 3260,0 мың теңге, және есік құлыпын алуға 1,8 мың теңге.
146 –ерекшелік бойынша:Ағымдағы жөндеуге нақты орындалғаны 81,0 мың теңге. ЖК Смайловпен түзеткен есеп-шот фактура негізінде автокөлік бөлшектерін алу үшін 25,7 мың теңге, ЖШС Натим мен түзетілген келісім шарт негізінде компютер принтерін жөндеу үшін 31,9 мың теңге, ЖШС «Сервис-плюс» түзетілген келісім шарт негізінде принтер катридж унтақпен толықтыру ұшін 3,8 мың теңге жұмсалды.
149 –ерекшелік бойынша нақты орындалғаны 696,0 мың теңге осы ерекшелік бойынша 5 қызметкер келісім-шарт негізінде жұмыс істеп жалпы еңбек ақы қоры 484,0 мың теңге, әлеуметтік салық 96,0 мың теңге, зейнет ақы қоры 57,9 мың теңге, банк қызметі 10,3 мың теңге, кәсіподақ жарнасы 6,2 мың теңге, табыс салығы 25,6 мың теңге, әлеуметтік сақтандыру төлемі 7,9 мың теңге, және еңбекке жарамсыздық қағазы 8,0 мың теңге.
159 –ерекшелік бойынша 2005 жылға 225,0 мың теңге жұмсалып атап айтқанда: автокөлікті техикалық байқаудан өткізген ұшін 0,8 мың теңге, ластанған ортаны қорғау үшін -14,2 мың теңге, «Алтын күз» мерекесін өткізу үшін марапаттау сыйлықтарына 170,0 мың теңге, «Жәрменке» мерекесін өткізуге 40,0 мың теңге.
411–ерекшелік бойынша 1 комплект компютер алуға 140,0 мың теңге жұмсалды.
450.009.000.--бағдарлама бойынша қаралған –2393,0 тенге мал шараушылында пайдаланылатын арнайы ќоймаларды күтіп ұстау үшін “Ауыл” МКЌМ аударылып толығымен игерілді.
9.Өнеркәсіп, сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі:
Өнеркәсіп, сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы бойынша 2005 жылғы анықталған жоспар 2148,0 мың теңге, нақты орындалғаны 2145,0 мың теңге, яғни жоспар 99,9 % - ке орындалды, оның ішінде:
457001003111- ерекшелік бойынша 1139,0 мың теңге қаржы қаралып, 4 қызметкерге 1139,0 мың қаржы толығымен игерілді.
457001003139 - ерекшелік бойынша 308,0 мың қаржы қаралып, 308,0 мың қаржы кеңсе шығындарына толығымен жұмсалды. Атап айтқанда:
3. 149 ерекшелік бойынша 149,0 мың теңге қаржы қаралып, 149,0 мың теңге толығымен игерілді. Атап айтқанда:
1 штат касса ісі жөніндегі инспектордың айлық жалақы қорына-124300 теңге
Әлеуметтік салыққа аударылғаны-16900 теңге
Табыс салыққа аударылғаны-5000 теңге
Қаржылық қызметке аударылған қаржы – 2800 теңге
159 – ерекшелік бойынша 3,0 мың теңге жұмсалған қаржы:
Қоршаған ортаны қорғау /экология/ үшін – 3000 теңге жұмсалды.
10. Көлік және коммуникациялар:
Көлік және коммуникациялар саласы бойынша 2005 жылғы анықталған жоспар 9200,0 мың теңге, нақты орындалғаны 9194,0 мың теңге, яғни жоспар 99,9 % - ке орындалды, оның ішінде
458.023.000. Автомобиль жолдарын ұстауға қаралған 6500,0 мың теңгенің 6494, мың теңгесі «Қазығұрт жолдары» ЖШС-не аударылып, жоспар 99,9 %-ке орындалды.
11. Басқалар:
Басқа шығындар бойынша 2005 жылғы анықталған жоспар 7750,0 мың теңге, нақты орындалғаны 7744,0 мың теңге, яғни жоспар 99,9 % - ке орындалды.
Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу үшін 2005 жылғы анықталған жоспар 2280,0 мың теңге, нақты орындалғаны 2280,0 мың теңге, яғни жоспар 100,0 % - ке орындалды, оның ішінде:
Қазығұрт аудан әкімиятының 2004 жыл 6 желтоқсан күнгі «Көпірлердің жөндеу жұмыстарын жүргізгені үшін 61,0 мың теңге қарызды төлеу туралы» №584 қаулысы.
Қазығұрт аудан әкімиятының 2005 жыл 24 қаңтар күнгі «Аудандық мал дәрігерлік қызметі таралуына байланысты желтоқсан айының еңбекақысын және қорытынды есебін беру үшін 969,0 мың теңге бөлу жайлы» №39 қаулысы
Қазығұрт аудан әкімиятының 2005 жыл 12 сәуір күнгі «Аудан көлемінде таулы аймақтарда қарлардың еруіне байланысты және жауын шашынның мол болуы әсерінен жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 200,0 мың теңге бөлу туралы» №257 қаулысы
Қазығұрт аудан әкімиятының 2005 жыл 12 сәуір күнгі «Көкібел ауыл округіне қарасты Қызыл-кемер каналының басындағы тоғанда және Жігірген өзенінің көктемгі жауын-шашынның әсерінен Шақпақ елді мекені тұсындағы арнасы ауып, жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 500,0 мың теңге бөлу туралы» №256 қаулысы
Қазығұрт аудан әкімдігінің 2005 жыл 15 тамыз күнгі «Жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп төндірген, аудан көлеміндегі дүлей дауылдан келтірілген залалдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 550,0 мың теңге бөлу туралы» №471 қаулысы.
12. Ресми трансферттер:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер бойынша 2005 жылғы анықталған жоспар 2002,0 мың теңге, нақты орындалғаны 2001,0 мың теңге, яғни жоспар 100 % - ке орындалды.
2005 жылғы
есеп – қысап жұмыстарына түсініктеме
Қазығұрт аудандық қаржы бөлімі тарапынан 2005 жылдың бақылау – экономикалық жұмыс жоспарына сәйкес ауданның бюджеттік мекемелерінде есеп-қысап жұмыстарына талдау жасалып, есепшілерге практикалық көмек берілді.
Атап айтқанда : Қазанның 30 жылдығы, Елшібек батыр, Алтынсарин, Жамбыл орта мектептерінде, Шанақ, Көкібел, Қарабау, Жаңабазар ауыл округі әкімдерінің аппаратында есеп-қысап жұмыстары бойынша талдау жасалынды. Нәтижесінде кейбір бюджеттік мекемелердің бухгалтерлік проводкалары дұрыс берілмегендігі, мұғалімдер мен техқызметкерлердің бет есептері ескі форма үлгісімен жүргізілгендігі, кассалық және нақты шығыс есебінің, өзге дебитор және кредиторлар есебінің кітаптары, зейнетақы төлемінің есебін жүргізу кітабы, негізгі құралдар мен арзан бағалы тез тозатын заттардың есебін жүргізуге арналған кітаптардың ашылмағандығы анықталды. Талдау жүргізу барысында есепшілерге практикалық көмек көрсетіліп, кемшіліктер орнына келтірілді.
3.3 Мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік
қатынастары реттеу саласындағы құзырет.
Мемлекеттік басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымы Мемлекеттік басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын:
Қазақстан Республикасының Президенті;
Қазақстан Республикасының Парламенті;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;
ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган;
мәслихат;
жергілікті атқарушы орган құрайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;
Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы ережені бекітеді;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді;
осы Кодексте көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Парламенті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді; Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құзыреті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді;
ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге жүзеге асырады;
бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді;
жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды;
республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайды;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
қарыз алуды жүзеге асырады;
шикізат секторы ұйымдарының тізбесін бекітеді;
орта мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды; бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау тәртібін айқындайды; салықтық емес түсімдерді алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін, оларды бюджетке аудару тәртібін айқындайды; мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру қажеттігі туралы шешімдер қабылдайды;Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқару тәртібін айқындайды;мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану тәртібін айқындайды; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктің тізбесін айқындайды; Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитінің өткізілуін қамтамасыз етеді; төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке - бюджеттік алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік субвенцияларды аударудың тәртібі мен кезеңділігін айқындайды; жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемдері есептерінің әдістемесін айқындайды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді; заттай нормаларды бекітеді; бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекітеді және оны жасау тәртібін айқындайды; бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды; ішкі бақылау жүргізу тәртібін белгілейді; орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимитін бекітеді; жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымын және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимитін бекітеді; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасайды; Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатының жобасын әзірлейді;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді;
бюджеттік өтінім жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды;
мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді;
бюджет түсімдерін болжау әдістемесін айқындайды;
бірыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзірлейді;
жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнінде ұсыныстар енгізеді;
бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алуды және борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
бюджеттік кредиттеуді жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын әзірлейді;
басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады;
гранттарды тартуға басымдығы бар өтінімдердің тізбесін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
бюджеттік инвестициялар мен гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізеді;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган:
республикалық бюджетті атқарады және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысады;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады;
бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады;
республикалық бюджеттің түсімдері мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді;
мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асырады;
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады;
уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырады;
банктік шоттардан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін айқындайды;
осы Кодексте белгіленген жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұрады;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу тәртібін айқындайды;
бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды;
есептілік жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарын алады, пайдаланады, тіркейді, өтейді және оларға қызмет көрсетеді, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады;
мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;
бюджет қаражатын игеру мониторингін жүзеге асырады;
республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есепке алу, есептілік жөніндегі әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер береді;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарына және мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екінші деңгейдегі банктерді конкурстық негізде айқындайды және оларға уәкілеттік береді;
республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджет кредиттерінің берілуін, оларға қызмет көрсетілуін және олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан
(облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыреті
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:
жергілікті бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті бекітеді;
жергілікті бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мәслихаттың тексеру комиссиясын сайлайды;
жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізу туралы есептерді қарайды;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан
(облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің құзыреті
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі:
жергілікті бюджет жобасын әзірлейді және оны мәслихатқа табыс етеді;
жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді және мәслихатқа оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді;
тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы жергілікті өкілді органның шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
жергілікті атқарушы органның орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді;
экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарды құрады;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
осы Кодексте көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспарын бекітеді;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |