Өкпенің тыныс бетінің азаюынан, керілуінің шектелуінен болады. Өкпенің тыныс бетінің шектелуіне әкелетін себептер: - Өкпе тінінің инфильтрациясы
- Өкпе тінінің деструкциясы
- Өкпе тінінің дистрофиясы
- Пневмосклероз
- Өкпенің даму кемістіктері (гипогенезия, агенезия)
- Өкпенің басылуы, ателектазы (пневмоторакс, плеврит, ісік)
- Плевраның тұтасуы, жабысқақтары
- Тыныс орталығы қызметтерінің бұзылыстары (наркотиктік, ұйықтатқыш дәрілер әсерінен, церебросклероз, инсульт, мас миының жарақаты)
Диффузды тыныс жеткіліксіздігі Тыныс жеткіліксіздігі альвеола – капиллярлық мембрананың физмкалық және химиялық қасиеттерінің бұзылысынан болады. Мысалы, қалыңдауынан, диффузиялық қасиетінің төмендеуінен. Альвеола – капиллярлық мембрананың қалыңдауынан, диффузиялық қасиетінің төмендеуі мына жағдайларда болады: - Өкпенің интерстициялық тінінің және альвеолааралық қалқалардың түрлі себептерден ісінуі
- Өкпенің интерстициялық тінінің және альвеолааралық қалқалардың фиброзы
- Вентиляция мен перфузия арақатынасының бұзылуы
- Кіші шеңберде қанайналымның бұзылысы
Созылмалы тыныс жеткіліксіздігі Клиникалық көрінісі төрт топ белгілерден құралады: - Тыныс жеткіліксіздігіне әкелген негізгі аурудың көріністері
- тыныс қызметінің күшеюімен жүретін ентікпе
- Организмде оттегінің жетіспеу белгілері
- Организмде көмірқышқыл газының жетіспеу немесе көбею көріністері.
Созылмалы тыныс жеткіліксіздігінде организмде оттегінің жетіспеу белгілері: - Орталық нерв жүйесі функциясының бұзылыстары: ұйқының нашарлауы, эмоциялық белсенділіктің жоғарлауы, психикалық бұзылыстар.
- Жүрек – тамыр жүйесі функциясының бұзылыстары: тахикардия, жүрек шығару көлемінің ұлғаюы, шеттік тамырлардың кеңеюі, өкае гипертензиясы
Достарыңызбен бөлісу: |