«арнайы педагогика және түзету психологиясы»



бет36/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94
Семей УМК

8- дәріс. Тақырыбы: Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі.
М.Монтессоридің концепциясының мазмұны. Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту. М.Монтессори жасаған жүйе бойынша балаларды оқуға және жазуға үйрету (2 сағат )



  1. Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі

    1. М.Монтессоридің концепциясының мазмұны

    2. Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту

    3. М.Монтессори жасаған жүйе бойынша балаларды оқуға және жазуға үйрету

    4. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тренингтер

    5. Бекітуге арналған сқрақтар

    6. Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі тақырыбы бойынша тест




    1. М. Монтессоридің концепциясының мазмұны

Баланы түсінетін – тек басқа бала.
М.Монтессори
Мария Монтессори (1870-1952) – балабақшадағы балалардың және бастауыш мектеп оқушыларының ерте дамуы мен еркін тәрбиелеу идеясын алға тартқан итальян педагогы.
3-7 жас аралығындағы балалардың психикалық дамуы мен тәрбиелеуімен жүйелі түрде Мария Монтессори айналысқан. Ол осы жасты ең маңызды кезең деп көрсетті. М.Монтессори өз жұмысын ең алғаш жан ауруларын емдейтін клиникада бастады. Оның балалар үйінің мақсаты – бала дамуына жағдай жасап,олардың табиғи қабілеттерін дамытуға бағытталған. Монтессори тек ақыл-ой кем балалармен ғана емес, қалыпты балалармен де жұмыс жасады. Ол өзінің тәжірибесі мен бақылауын “Балалар үйіндегі балалар тәрбиесіне ғылыми педагогикалық әдістерді қолдану” деген кітабына жазып отырған.
М.Монтессоридің «Балалар үйінің» мақсаты - балалар қабілеттерінің дамуына жағымды жағдай жасауға бағытталған. Қиындықтарды жеңу мен тынымсыз еңбек М.Монтессоридің бүкіл өмірін қамтыды. Ата-анасының сүйкімді қызы бола тұра, ол сол кезде университте оқи алу құқығы үшін күресті. Дегенмен, Римде әйелдерге оқуға жол берілсе де, бұл қадам қыз үшін жат болып есептелді. Бірақ соңында М.Монтессори ата-анасының келісімімен университетті жақсы аяқтап, медицина докторы атағын алды. Ол Римдегі жоғары дәреже алған ең алғашқы әйел болып есептелді.
Лондонда және Парижде М.Монтессори адамның жүйке жүйесі мен миының жұмысын теория жүзінде ғана емес, тәжірибеде де зерттеуді жалғастырды. Дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс істей отырып, М.Монтессори көптеген француз ғалымдарының еңбектерін оқыды, алдымен аударып жазған, кейін каллиграфиялық түрде, әрбір сөздің мағынасын саралап, автордың жан дүниесін түсіну үшін уақыт үнемдеу мақсатымен көшіріп жазған. Тек 1 томдық еңбегінің өзінде 600 бет болған.
«Ақыл-ойы кем және жүйке жүйесі тозған балалардың дамуы» сияқты қарапайым әйел үшін ауыр және қайырымсыз жұмысты өз мойнына алған медицина ғылымының докторы М.Монтессори ғажайып нәрсеге тап болды: «өлі болып көрінген есуастың санасы - қайта тірілген». Т.Л.Сухотинаның айтуы бойынша «Монтессори әдістемесі бойынша тәрбиеленген ақыл-ой кем, дамуында артта қалған болып есептелген бала, басқа қарапайым балаларға қарағанда қалалық мектепке емтиханды өте жеңіл және еркін түрде төзіп шыққан». Мұндай ғажайып нәрселер кейіннен қарапайым құбылыс сияқты қайталана бастады.
М.Монтессори ақыл-ойы жағынан кем және психикалық дамуы жағынан артта қалған балалармен ғана емес, сонымен қатар қарапайым, дені сау балалармен де жұмыс істеді. Ол өзінің тәжірибелері мен бақылауларын «Балалар үйіндегі балалар тәрбиесіне қолданылған ғылыми педагогикалық әдістер» атты еңбегінде жазған.
Балалардың тәрбиесі мен дамуы жүйесін құрған оның ойлары қарапайым және әйгілі болып келеді. Олар: бостандық, білім (ғылым), махаббат. Бұлар Л.Г.Песталоций теориясында, Л.Н.Толстойдың мектебінде қолданылған.
Уақыт өте келе адамдар бұл үш түсінікке басқаша мағына берген және олар сенімсіздік тудыра бастады. Бірақ осы түсініктердің өзі тәрбие жүйесінің негізі болып табылады. Тәрбиелеу, білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылыққа жол берілмейді. Бала – Монтессоридің айтуынша, өздігінен дамиды. Дамуға кедергі жасауға, оны тоқтатуға болады. Мәжбүрлеу – дамуды кідіртеді, осы үрдістерді тоқтатады және тәрбиешіге қажетсіз күйлердің: агрессия, өшпенділіктің пайда болуына мүмкіндік береді. Егер адам тек өзіне тән ерекшеліктер мен тұлғалық қасиеттерімен дүниеге келсе, тәрбиешілер мен ата-аналар оны жойып жібермей керісінше дамыту керек. М.Монтессоридің ойынша, бала тұлғасына, оның мінез ерекшеліктеріне «аса күтімділікпен» қарау қажет. Бала оның пікірінше, тамақтанғандықтан, тыныс алғандықтан, қажетті эргономиялық жағдайларда болғандықтан емес, өмірге деген құлшынысы оянғандықтан өсе бастайды. Сондықтан педагогтың міндеті – «баладағы кейде мызғыған өмірді ояту және өзінің жеке жақтарын өзіне дамытуға еркіндік бере отырып, бағыттау болып табылады».
Монтессори бойынша өзін-өзі тәрбиелеу - баланың жеке тұлғасының дамуына кілт болып табылады.
Өз бетімен, тәуелсіз болу балаға бостандық береді. Педагог әлсіз балаларға өмір сүре алу шарты ретінде тәуелсіздікке өзінің қайталанбас сапарын салуға көмектесу қажет. Т.Л.Сухотина әлзіз балаларға көрсетілетін көмектің түрлерін бөліп көрсеткен, олар: ешкімнің көмегінсіз жүруге, жүгіруге, жерге түсіп қалған заттарды көтеруге, киінуне және шешінуге, жуынуға, баспалдақтан көтеріліп-түсуге, анық сөйлеуге көмектесу.
Психиканың даму деңгейінен артта қалған және сау балалармен жұмыс істеудің бірінші этапы – ерте балалық шақтан бастап барлық сезім мүшелерін дамыту. Көбінесе сезім мүшелері 3-7 жас аралығындағы балаларда жақсы дамиды. Білім беру мекемелеріндегі қарапайым оқыту әдістемесі келесіден тұрады: «Біз ... алдымен бізді қызықтыратын зат жайында айтамыз, - деп жазады М.Монтессори, - оқушы түсінген кезде, біз осы затқа қатысты жұмысты орындауға мәжбүрлейміз. Оқушы оның мәнін түсінгенмен, ол өзінен талап етілетін жұмысты орындауда үлкен қиындықтарды басынан кешіреді. Себебі, тәрбиелеуде бірінші маңыздылық факторы – түйсіктердің кемелденуінің болмауы».
М.Монтессоридің әдістемесі бойынша сезім мүшелерінің дамуы үшін баланың өзі таңдайтын, өзінің ішкі келісімі бойынша, өз еркімен қатыса алатын іс-әрекет түрлерін табу керек болады. Монтессори мектебінде бұларға итермелеуші күш ретінде баланың өзіндік дамуына ықпал ететін әртүрлі ойындар, тапсырмалар, арнайы дидактикалық материалдар қызмет атқарды. М.Монтессори мектебіндегі педагогтар әр баланың жекелік ерекшелігін сақтай отырып, сонымен қатар олардың өзіндік дамуларын аса байқампаздықпен бағыттай отырып көбіне балаларды бақылаған.
Балаларды оқытуға қозғалмалы үстел мен орындық қолданылған. Бұларды қолданудың мәні бала оларды алып өзіне отыруға қай жер ыңғайлы, қай жерге отырғысы келеді, сол жерге қояды. Баланың орындықты құлатып алған кезідері де болған. Ол өзінің икемсіздігін түзеу үшін, бірден орындықты көтеріп орнына қойған.
М.Монтессоридің айтуы бойынша мұндай жағдайда бала орындықпен қайда баратындығын, қай жерге қоятындығын өзі таңдап, өзінің икемсіздігін, өзін-өзі түзеуге үйренген.
Ал егер бала орындықтардың арасынан оларға сүйенбей өтуді үйренсе, онда бұл баланың жүруге үйренгендігін білдіреді. Ауыр және қозғалмайтын парталар баланың қозғалысын тежейді, ал партада бірнеше сағат бойы отыру балалардың табиғи дамуына кедергі жасайды. Қазіргі уақытта да омыртқаның қисаюына байланысты омыртқа аурулары медицина ғылымының докторлары айтқанның дәлелі болып табылады. М.Монтессори мектептік тәрбиені таратуды дәлелдейтін мысал келтіреді. Оның жазуы бойынша, алғашқы қауымдағы адамның омыртқасы жабайы аңдармен шайқаста, тастарды қазып алуда, темір майыстырғанда, жер қазғанда және т.с.с ауыр жұмыстарды орындауда қарсы тұра алды. Бірақ бұл омыртқа бала партада отырғанда шыдамай, қисаяды. М.Монтессори әдістемесі бойынша бала өз орнында отырғысы келмесе сол мезетте ол еденге немесе кілемшеге отыра, жата алады. Жанама әрекеттер тежелуі мен өзгенің еркіне қарсы әрекеттерден аулақ болу қажет. Баланың өзіндік тәрбиелеуі жүретін жол біздің байлауға бейім жолымыздан өзгеше. Біздің тарапымыздан оның бейімділіктері жетелейтін сол жолдан тайдыру қателік.
Тәрбиешілер ата-аналар сияқты балалар үшін кейбір іс-әрекеттерді орындауға тырысады. Олар серуенге шығарда бәтеңкесінің бауын байлап береді, киіндіреді, шарфін байлайды және т.б. Осылайша балаға өмірден өздігінен сабақ алуға, үйренуге мүмкіндік бермейді. Монтессори қиындықтан, кедергілерден өтуге тырысқан 2,5 жасар баланы және жағдаяттың мәнін түсінбеген тәрбиешінің әрекеттерін бақылаған. Бала бір топ баланың жанына келіп, олардың қатарына қосылмақ болды. Бірақ ол іске аспады. Содан кейін бала көзімен бір орындықты таңдап, оны балалардың жанына апарып соған шықпақшы болады. Ол орындыққа жақындай бергенде тәрбиеші оның ойын түсініп, кенеттен баланы үйіліп тұрған балалардың үстіне көтеріп, суы бар легенді көрсетеді. М.Монтессоридің байқауынша, бала судағы қалқып жүрген ойыншықтарды көріп мәз бола қойған жоқ. Оның ойынша тәрбиеші балаға өзін-өзі тәрбиелеуге кедергі жасады, бала жеңімпаз болып сезіну үшін бара жатқан, бірақ ол тәрбиешінің қолында тұтқын болып қалды.
М.Монтессори тәртіп мәселесіне ерекше назар аударған. Оның ойынша тәртіпке тәрбиелеу үшін жамандық пен жақсылық жайлы түсінік болу керек. Сол себептен де баланы енжарлыққа, әлсіздікке, бағынуға тәрбиелемей, керісінше жұмысқа, іс-әрекетке, жақсылыққа тәрбиелеу керек. Тәрбиелеу мәселесі мадақтау мен жазалау тәсілдерімен тығыз байланысты. Монтессори оларды өз әдістемесіне қажет емес деген оймен енгізген жоқ. Монтессоридің айтуы бойынша, егер бала қайсыбір іс-әрекетті өзі таңдауы, ол бала үшін сыйлық болып табылады. Сыйлықтың дәл осындай түсінігі М.Монтессори мектебінде болды. Зорлық, ұпай, марапаттау баланың табиғи дамуымен сәйкес келмейді. Олар тұлғаны басып-жаншу ретінде бағаланып, М.Монтессори мектептерінде қолданылған жоқ. Ол былай жазған:
«Қалыпты адам үшін нағыз жазалау – өзінің күшінің жоғалтқандығын сезіну болып табылады. Адам өзін ешқашан алдамайтын нағыз, жалғыз жүлдені сезіне бастайды: өзінің күш-жігерінің өсуі және өзінің ішкі өмірінің еркіндігі». Монтессори мектебінде мұғалімнің мақтауы мен мадақтауына жол беріледі. Ал жалғыз сыртқы жазалау бұл – өзгелерге кедергі жасайтын оқушыны басқа оқушылардан алшақтау, бірақ оларды көретіндей отырғызу. Мұндайда оқушы өзіне ұнайтын заттарды ала алады. Жазалаудың бұл түрі Т.Л.Сухотинаның айтуынша әрдайым балаларды тыныштандыратын. Ол балаларды, олардың әрекеттерін, мұғалімді көріп, қобалжымайтын. Бұзақы осылайша достарының ортасында болу артықшылығын түсінуге және сезінуге үйренеді. Бұл балада басқа балалардың әрекеттерін орындау тілегінің туындауына ықпал етті.
М.Монтессори – қыздар мен ұл балаларды біріктіріп оқыту және тәрбиелеудің жақтаушысы. Оның «Балалар үйі», «Балалар бақшасы және жазуға, оқуға, санауға үйрететін мектеп» типі бойынша құрылған. Монтессори өз жұмысындағы басты мәселе – қабылдау мүшелерін дамыту деп білетін. Монтессори баланың сезімін тәрбиелеу мақсатында 40-қа жуық құралдар жасап шығарған.
Монтессори балаларды тәрбиелеу мен дамытуда олардың жоғары қабылдағыштығы мен сезімталдық кезеңдеріне көп бағытталған(сензитивті кезеңдер). Егер оларды баланы тәрбиелеу мен оқытуда қолданбаса, олар мүлдем жоғалып кетеді. Бірақ сензитивті кезеңдер жеке болып табылады. Олар әртүрлі балаларда, әр кезде жүреді. М.Монтессори әртүрлі сензитивті кезеңдердің шегін көрсетуге тырысқан. Олардың әрқайсысының өтуі өте баяу бастаумен, жоғары интенсивтілік этапымен және әрдайым сезімталдықтың төмендігімен сипатталады. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • сөйлеудің даму кезеңі (туғаннан 6 жасқа дейін);

  • тәртіпті қабылдау кезеңі (туғаннан 3 жасқа дейін);

  • сенсорлық даму кезеңі (туғаннан 5,5 жасқа дейін);

  • кішкентай заттарды қабылдау кезеңі (1,5 жастан 2,5 жасқа дейін);

  • қозғалыс пен әрекеттің даму кезеңі (1 жастан 4 жасқа дейін);

  • әлеуметтік дағдының даму кезеңі (2,5 жастан 6 жасқа дейін).

Бала өміріндегі сензитивтік кезеңдермен қатар Монтессори жасерекшелік бойынша дамуды атап көрсеткен. Олар мыналар:

  • туғаннан 3 жасқа дейін – заттық-сезімдік бағдар;

  • 3 жастан 6 жасқа дейін – сөйлеуге деген сензитивтілік, тілді меңгеру, көрнекі-бейнелі ойлау;

  • 6 жастан 9 жасқа дейін – абстрактілі әрекеттерді меңгеру;

  • 9 жастан 12 жасқа дейін – оқытудың бастапқы кезеңінің аяқталуы;

  • 12 жастан 18 жасқа дейін – жоғары және гимназиялық деңгей.

М.Монтессори бала-бақша мен мектептегі іс-әрекеттің негізгі түрі етіп «еркін жұмысты» есептеген. Онда арнайы оқу бағдарламасы болған емес. Ұжымдық оқыту формасы – сабақты, ол қосалқы деп санады. Сабақтың негізгі өзіне тән сипаттары, Мария Монтессоридің пікірінше, қысқа сөйлеу, қарапайымдылық және обьектівтілік. Мұғалім қысқа сөйлеуі керек және осы айтылған сөздері қарапайым болуы керек. Мұғалімнің өзінің тұлғасы жойылуы тиіс. Балалар педагог зейін аудартқысы келетін пәнді тереңірек оқулары тиіс. Қысқа әрі қарапайым сабақ, пәнді түсіндірудің көп бөлігі ретінде қызмет атқарады.
М.Монтессори әдістемесі бойынша жұмыс істейтін мектептерде күн шеңберден басталады. Осыдан кейін барлығы таңдаған пәндермен(математикамен, ән-күймен, әдебиетпен, химиямен ...) айналысуға кіріседі. Жұмыс аяқталғаннан кейін әрқайсысы мұғалімге қандай жұмыспен айналысқандығын көрсетеді. Бұл өздік жұмыстың нәтижелері бірге талқыланады. Балаларды тақтаға сабақ сұрауға шығармайды, оларға үй тапсырмалары берілмейді. Жұмыс күнінің ортасына қарай қандай да бір пән бойынша 10-20 минуттық ортақ сабақ болады. Осы ұжымдық сабақта балалардың білімі жүйеге келтіріледі, оларға жаңа дидактикалық материал беріледі және жаңа терминологиямен таныстырады. Мұғалім оқу дәптерлерінде сабақ материалын өздік, логикалық ретпен құрылған жаттығулар көмегімен бала үйреніп жаттығуы үшін құрастырады және сипаттайды. Оқушыларда 3 пәннен дәптерлері болады. Олар:ана тілі, математика, ғарыштық тәрбиелеу.
М.Монтессори адам – жануарлар, өсімдіктер сияқты әлемдік ғарыштық дамуға сәйкес құрылған және әрекет етеді деп есептеген. Сондықтан ол өзінің құрушы қызметін атқара отырып, өзінің ғарыштық міндетін түсінуі қажет. Дәптерлерде тек потенциалды мүмкіндіктерді жүзеге асыруға көмектесетін тапсырмалар болуы тиіс.
Көптеген балалар зұлымдық көріністерін, агрессияларын, қызғаныштық, өзімшілдік, қатыгездік танытады. Осындай ауытқу мінез-құлқының пайда болудың негізгі себебін М.Монитессори ақыл-ой үшін жетімсіз тағамда деп біледі. Сондықтан 3 және 6 жас аралығындағы балаларға өздерінің таңдауы бойынша материалдармен еркін жұмыс, оларда зейіннің шоғырлануын дамытады. Олар сыртқы әсерлерге көңіл бөлмей, тағңдалған әрекетепн шұғылданады. Зейіннің мұндай концентрациясы Монтессоридің ойынша балада үлкен өзгерістердің бастамасын, яғни мінез-құлықтың қалпына келуін білдіреді. Демек, балада біртіндеп шоғырлана алу дағдысы, өз бетімен жұмыс атқару, басқа балаларға достық таныту, тәртіптік, көмекке дайындық дамиды деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет