«арнайы педагогика және түзету психологиясы»


Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту



бет37/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
Семей УМК

3.2 Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту
Бала “өзінің қолдарымен” заттарды тануға үйренеді. Мысалыға, оларға сырты тегіс емес немесе бұдыр-бұдыр нәрселермен қапталған заттарды тану жатады.
Балалар үш түрлі ереже арқылы қолмен қандай заттарды сезінгенін түсіну қажет:

  • Тақтайшаның үстін сипап отырып, балалар мұғалімге сол затты атау керек;

  • Мұғалімнің басшылығымен тақтайшалардың үстіндегі әр түрлі бейнелерді тауып көрсету;

  • Оқытушының негізгі сұрағы бойынша балалар тақтайшалардың үстін анықтау керек.

  • Әр түрлі түстерді ажыратуға үйрету үшін түрлі түсті жіптер оралған катушка пайдаланылған. Ең алдымен балаларға қарама-қарсы түстерді таңдатады. Сонымен бірге осы жіптерді жақсылап қарайды, ұстап түстерін ажыратады. Кейін балаларды бірдей түсті жіптермен таныстырады. Мысалы, екі катушка қызыл жіппен, тағы екеуін көк және бір сары түсті бар катушкалар таңдалады. Ең алдымен балаларға түсті атап көрсетеді, кейіннен түстері бірдей катушкаларды көрсетеді. Бекітуден кейін осы бес катушкаларды араластырады да оқытушының сұрауымен атап отырады. Қызықты құбылыс, түстерді тануды оқытудан кейін оларды жекелей жұмыс істеуі үшін жалғыз қалдырады.

Көп жылдық тәжірибеден кейін М.Монтессори балаларға катушкамен жұмыс істеген ұнағанын байқайды. Соған байланысты сегіз түрлі түсті катушкаларды екі данадан жасады.

  • Балалардың жылу мен суықты түйсіну үшін олардың саусақтарын ыдыстағы әр түрлі температурадағы суға салады.

  • Ауырлылықты түйсіну үшін бірдей өлшемді, бірақ әр түрлі тақтайшаларды пайдаланған. Ұлдар мен қыздар тақтайшаларды қолына алып тұрып, ауырлылықты сезінумен қатар қандай ағаштан жасалғанын атауы қажет.

Естуін дамыту үшін “үндемес” ойынын қолданады. Бұл баланың зейінін де дамытады. Терезедегі перделер жабылады. Балалар көзін жұмып бастарын қолына қояды. Осы уақытта оқытушы алыстағы бұрышқа тұрып, сыбырлап қана балалардың есімдерін атайды. Өз есімдерін естіген балалар мұғалімге қарай барлығынан бұрын жетуі тиіс. естімей қалған балаларға қаттырақ тағы бір қайталап айтылуы керек.
Осы ойын арқылы М.Монтессоридің бақылауы бойынша оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас арта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет