«арнайы педагогика және түзету психологиясы»


Қиын балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері



бет81/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94
Семей УМК

8.2 Қиын балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері.
Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3)Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою.Әңгімелесу оқу – тәрбие үрдісінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім, тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың көшедегі жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Осы әдісті іске асырудың бірнеше жолы бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, сондай–ақ ата- ана, мектеп инспекторы қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшедегі жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсер ету керек.. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т.б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсінеді, өзін - өзі тәрбиелейді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдіс–тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
- дайындық кезеңі;
- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларды аңықтау;
- екінші кезең – қиын оқушылар мен көшедегі жора – жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесінің тереңдігін аңықтау.
- үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер байқала бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілік сапалардың арасында күрес басталады.
- соңғы кезең бекіту кезеңі, әрбір қиын оқушы мінез-құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс-шараларын мектеп ұжымдары нақты анықтап, оларды дұрыс жолға түсіре отырып, соңына дейін күрес жүргізулері керек.
Қазақ халқы - ғажап тәлімгер. Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтан арашалауда, олардың санасына адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп. Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің ана тілінде дұрыс сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ертегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.
«Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса.олар өз ана тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.
Кейбіреулер: "Жазалау — бұрынғы көне педагогиканың тәрбиелеу шарасы, ол бiздiң әдебімізге сай келмейдi" — десе, ендi бiреулерi: "жазалаусыз — тәрбие iсiн жүргiзудiң өзi мүмкiн емес", — дегендi айтады. Кiмдiкi дұрыс? Бұл сауалға А.С.Макаренко толымды да сенiмдi жауап берген. «Менiң мынаған анық көзiм жеттi», — деп жазады ұлы педагог, — жазалайтын жерiнде педагогтың жазаламай қалуға хақысы жоқ. Жазалау — бұл тек құқық ғана емес, сонымен қатар міндет те. Жазалау да басқа шаралар тәрізді табиғи, қарапайым және логикалық орынды шара ретінде хабарлануы тиіс.
Алайда "қиын балалармен" жұмыс істегенде, жазалау шарасын аса сақтықпен қолдану керек. Олардың ақыл-кеңестің қай түріне де құлағы үйреніп қалғанын және бойында оны қабылдауға қарсы өзінше бір иммунитет пайда болғанын есте ұстаған дұрыс. Сондықтан бұл салада жан-жақты ойластырылған кешенді тәрбие қажет.
"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу үшін берік қалыптасқан, ұйымшыл да тату ұжым керек. Осы ретте педагогтар мен "қиын" оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыру — ең қажетті шарт. Білікті ұстаз қандай "бұзылған" баламен де тіл тауып сөйлесе алады. "Қиын" оқушының қоршаған ортамен байланысын кеңейту, осы мектептің қоғамдық өміріне тарату — қайта тәрбиелеудің ең тиімді жолы. Сондықтан әрбір "қиын" оқушыға қандай да болсын қоғамдық тапсырма жүктеу қажет. Ал, мектеп тәжірибесінде қоғамдық жұмыстарға тек оқу озаттарын, тәртібі жақсы оқушыларды ғана тарту әдетке айналған. "Қиындықтар" мен нашар үлгеретіндер қоғамдық тапсырмалардан сырт қалады, оларға сенбейді. Міне, бұл — педагогикалық қателік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет