«арнайы педагогика және түзету психологиясы»



бет82/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94
Семей УМК

8.3 «Гайденс» эксперименті.
2000 жылы Ресейдегі Шахта қаласындағы №31 орта мектепте коррекциялық жұмыстың жағдаяттық сатысы негізінде «гайденс»-эксперименті жүзеге асырыла бастады. Оқушылардың тұлғасын зерттеудің құралы ретіндегі «гайденс» жүйесінің тарихы ХХ ғасырдың басында үлкен қалаларда мамандық таңдауға байланысты кеңес беру орталықтары құрылған америкалық мектептерден бастау алады. Бұл кезеңде «гайденс» оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беруге негізделді. З.Фрейдтің психоанализ туралы ілімі және гештальт-психологиялық әдістер мен технологиялардың танылуы, сонымен қатар Д.Дьюидің тұлғаның қоршаған ортаға бейімделуі туралы теориясы «гайденстің» зерттеу аумағын кеңейтті. Бұл аумақ көптеген мәселелерді (эмоционалдық, мінез-құлықтық, оқыту) шешуге көмек ретінде қарастырылды. Х.Петерс пен Б.Шертцердің пікірінше «гайденстің» мектептегі жалпы мақсаты тұлғаға толық қанды дамуға көмектесу болып табылады.
№31 орта мектептегі «гайденс»-экспериментінің құрамы мынадай болды: ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша мектеп директорының орынбасары психолог, 9-10 сыныптардың сынып жетекшілері (кеңесшілер).
«Гайденс»-қызметтің жалпы міндеттері мыналар болып келеді:

  • Бейімдеушілік: оқушыға өзінің мықты және әлсіз жақтарын, басқалардың оны қалай қабылдайтынын анықтауға көмектесу;

  • Коммуникативтік: оқушыны басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуге үйрету; адамдардың мінез-құлық ерекшеліктерімен,ашулану себептерімен, өз көңіл-күйін басқару тәсілдерімен таныстыру, әлеуметтік ортаның мәні туралы түсіндіру;

  • Когнитивтік-креативтілік: оқушыға білім алуға көмектесу, яғни оқу және шығармашылық жұмыстардың әдістерімен қаруландыру; қосымша білім бағдарламасын оқушының жеке бас ерекшеліктеріне қарай таңдауға көмектесу; оқу жетістіктері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда қолдау көрсету және көмектесу;

  • Мотивациялық-зерттеушілік: оқушыға өзінің қызығушылықтарын, бейімділіктерін, қабілеттерін анықтауға көмектесу; еңбек іс-әрекетінде оларды дұрыс пайдалана білуге үйрету.

«Гайденстің» аумағы үш базалық бірліктен тұрады: оқыту, оқушыларға кәсіптік бағдар және тұлғалық басқару. «Гайденстің» әрбір құрамдас бөлігін жеке қарастырайық.

  1. Оқушыларды оқыту:

  • Мектеппен таныстыру;

  • Оқушыларға мектептің жұмысы туралы толық ақпарат беру;

  • Қосымша білім беру бағдарламасын таңдау;

  • Оқушылардың еңбегін ғылыми ұйымдастыруды жарнамалау арқылы оқу дағдыларын тиімді қалыптастыру.

«Гайденстің» осы базалық бірлігінде кеңесшілер еңбекті ғылыми ұйымдастыруға байланысты мектеп бойынша экскурсия, жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу, дәрістер өткізеді.

  1. Оқушыларға кәсіптік бағдар:

  • Жалпы еңбек әлемімен таныстыру;

  • Нақты мамандықтар бойынша арнайы ақпарат беру;

  • Тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес кәсіптік мотивациясын анықтау мақсатында диагностика жүргізу;

  • Оқушылардың еңбек іс-әрекетінің дағдыларын тиімді қалыптастыру.

«Гайденстің» осы базалық бірлігі бойынша кеңесшілер ЖОО және арнайы кәсіптік білім беру мекемелеріне экскурсия ,жоғарғы және арнайы кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушыларымен кездесу ұйымдастырады.

  1. Оқушы тұлғасын басқару:

  • Тұлғалық қасиеттерін (қызығушылықтары мен мотивтері, қоғамдық бейімделу қабілеті) зерттеу;

  • Жекелей және топтық кеңес беру;

  • Тәжірибелік жұмыстар жүргізу.

«Гайденстің» осы базалық бірлігінің негізінде тұлғалық қасиеттерді зерттеу үшін тесттер, бағалау шкалалары, тексеру тізімдері, ассоциациялар техникасы, таңдау техникасы, социометрикалық әдістер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет