«арнайы педагогика және түзету психологиясы»


Жанұя тәрбиесінің кейбір кемшіліктерінің коррекциясы



бет32/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94
Семей УМК

Жанұя тәрбиесінің кейбір кемшіліктерінің коррекциясы

Ата-ана мен тәрбиешілердің негізгі міндеттері - бұл баланы өзінің жақындары мен үлкендерді сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу. Егер балада осы қасиет қалыптаспаса онда ол болашақта үлкендердің талаптарына бағынбайды. Тәрбиесінде кемістіктері бар балалар басқа балалар ішінен байқалып, көрініп тұрады. Ол дөрекі, ешкімді тыңдамайды, ерке және айналасындағы адамдарды сыйламайды.


Әрине, сыйластыққа үйретудің ең алғашқы қадамдары отбасынан басталады. Әкесі мен анасы мінез-құлықтың және қоршаған ортамен қарым-қатынастың үлгісі ретінде болады. Отбасының түріне, жағдайына байланысты балада қоршаған ортаға деген ішкі көзқарасы пайда болады. Себебі, 6-7 жастағы бала іс-әрекетті түсінумен бірге ненің жақсы, ненің жаман екенін біледі, сонымен бірге көп жағдайларда олар жаман мінез-құлыққа қарсы тұра алмайды, әсіресе олар жақын адамдарынан шыққан іс-әрекет болса.
Баланың үлкендерді сыйламауының себептері: келісе алмаушылық, балаға қатаң талап қою, үлкендер арасында түсініспеушілік, олардың өзін-өзі ұстай алмауы және ұрыс-керістердің болуы. Мысалы: 6 жасар ұл баланың анасы : «Біз өкінішке орай өз ұлымызға өзіміз үлгі көрсетеміз. Себебі біз баланың көзінше ұрысып, түсініспеушіліктерді жасыра алмайсыз. Бір жағынан әжесі, бір жағынан біз балаға қатты қысым жасаймыз!» - деп жазған.
Қазіргі уақытта балаға тәрбие беру қиыншылықтары,көбінесе, отбасы құрылымына байланысты болады. Ол бір бала және екі-үш үлкен адамдардан тұрады. Бұндай отбасының өмір сүру іс-әрекетінде тең емес жағдайлар болады. Көп ата-аналар өзінің баласын түсінбейді және оның
мүмкіншіліктерін бағаламайды, әсіресе оның адамгершілік қасиетінің дамуын. Осыдан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қойылатын талаптар бұзылады.
Көптеген ата-аналар тәрбиенің негізгі әдісі деп үлкендерді сыйлап, сезімдеріне әсер ету, баланың санасына байланысты деп есептейді. Мысалы:
-Біз ұлымызға түсіндіруге тырысып сәйкес келетін мысалдарды келтіреміз.
- Біз оны сендіреміз, оған түсіндіреміз.
-Жақсы нәрсе істеуге итермелеп, бұның қаншалықты маңызды екенін түсіндіреміз.
-Егер әңгімелесу мен түсіндіру көмектеспесе – сәйкес келетін әңгіме, ертегі оқымыз немесе қандайда бір тәрбиелік жайтты мысал қылып келтіреміз.
Адамгершілік тәрбие - шыныменде баланың дамуында қажет әдіс-тәсіл. Ата-аналар, бала-бақша тәрбиешісі, мұғалімдер үнемі оқуға мәліметтерді іріктеп алуы керек. Қоғамда, ұжымда, отбасындағы өмірдің ережелерін талқылап отыруы керек. Мектепте ата-аналар, мұғалімдер жағдайға сәйкес келетін әңгімелер, өлеңдерді қолданатын болса, олар баланың қате іс-әрекеттерінің алдын ала алады.
Отбасында баланы тәрбиелеу мен даму кезіндегі қателіктердің бірі – ол баланың өзіндік іс-әрекетін бағаламау. Көптеген отбасыларда баланың еңбексүйгіштігін, қамқорлығын тәрбиелеу мақсатында, қандай да бір тапсырмаларды орындатуға тырысады. Бірақ бұны жүйелі түрде емес жағдайдан жағдайға қарай орындайды, нәтижесінде ата-аналар өздерінің күткен нәтижелеріне жете алмайды.
Тәрбиелеу кезінде балалардың өздерінің қызығушылықтары, өздерінің өмірлері бар екенін ескеріп, оны құрметтеу керек. Баланың не ұнататындығын, не қызықтыратынын, немен өмір сүретіндігін және нені ұнатпайтындығын, кімдермен ойнайтындығы, достарының кім екендігін білуіміз керек. Балалар бұндай қамқорлықты, қарым-қатынасты бағалайды және бұл үшін өзінің ата-анасын сыйлайтын болады.
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады.
Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Ата-аналар балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып , қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай, кейбір ата – аналар бұған жетткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитының, сабақтарын, жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Кейбір ата – аналар балаларына өте қымбат заттар алып беріп жатады. Ондай балалар өсе келе көрсеқызар, дүниеқұмар, өзімшіл, кекшіл болатының өмір көрсетіп келеді.
Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертенгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ.. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет