«арнайы педагогика және түзету психологиясы»



бет30/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94
Семей УМК

7- дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция
Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары (2 сағат)



  1. Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция

Жоспар:

    1. . Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары

    2. Жанұя тәрбиесінің кейбір кемшіліктерінің коррекциясы

    3. Мектепке дейінгі жастағы балалармен әңгімелесу сұрақтары

    4. Мектепке дейінгі балаларға арналған ойындар

    5. Бекітуге арналған сұрақтар

    6. Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция тақырыбы бойынша тест

2.1 Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары
Баланың агрессивті іс - әрекетін ерте балалық шақтан байқауға болады. Өмірінің алғашқы жылдарында олар импульсивті көрінеді. Бұл қырсықтық, ашуланшақтықпен қоса айғаймен, жылаумен, тістенумен,төбелесумен де бірге жүреді. Әдетте, егер 1 жастағы бала анасына қолын сілтеп ұрса, онда анасының жағымсыз іс-әрекетіне баланың қалыпты реакциясы деп есептеледі.
Өмірінің 2-ші жылдарында баланың белсенді дамуы мен өсуі кезінде іс-әрекетіндегі тәуелсіздік пайда болады. Ол өзінің өзбеттілігін үлкендердің қажеттілігіне және тілектеріне қарсы тұруымен көрсетеді.
Бала үш жасында қырсықтығын таныта түседі. Кикілжіңдер, әдеттегідей ойыншық үшін туындайды. Ата – аналарының жауап қайтару реакциясы да салмақты болатын уақыт келеді. Егер бұрын қырсықтық, еркелікке ата – аналары көніп, еркелікпен жауап қайтарса, енді баланың іс-әрекетіне шыдамсыздық танытып, ашық агрессияға әкеледі. Нәтижесінде оның психикасына әсер ететін белгілік агрессия формалары пайда болуы мүмкін.
Зерттеушілер бала өскен сайын көптеген тыйым салулармен кездеседі. Оның қызығушылықтары мен ата–аналарының «болмайды» деген сөздерінен конфликттік жағдайлар пайда болады. Баланың қызығушылығына ата – аналарының қарсы тұруы балада жағымсыз агрессивті жағдайлар туғызады. Балада өкпе мен ашудың пайда болуына әсер етеді. Егер жағдайды баланың қорғансыздығын түсіну жағынан, оның қоршаған ортаны қабылдай алмауынан, оған көмек көрсету жағынан қарастырса, ата – аналар мен ересектер баланы тыныштандырудың әдістерін табуы мүмкін. Осыдан кейін ғана бала үлкендер талап ететін өнегелі мінез – құлық нормалары жайлы түсініктерін тыңдай алады.
Ересек пен баланың арасындағы конфликттілік жағдай, әрине үлкендердің пайдасына шешіледі. Жасына байланысты үлкен балаға өзінің қысымымен талаптарды орындатуға тырысады. Ал бала ше? Ол тәуелсіз болғысы келеді, үлкендер сияқты өз қалауларын қанағаттандырғысы келеді, соған тырысады, бірақ үлкендер тарапынан белсенді қарсыласуға тап болады.
Балада өзін қорғау үшін, қарсы тұру үшін күші де, тәжірибесі де жоқ. Үрей сезімі де өседі. Зигмунд Фрейдтің пікірінше, үрейдің үш түрін айыруға болады:

  • Шынайы үрей – қауіп – қатерге және сыртқы өмірдің шынайы қаупіне эмоционалды жауап(мысалы: балаға үлкен ит, ал жеткіншекке – мектептегі сыныптан сыныпқа көшу емтиханы); шынайы үрей өз - өзін қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі және жойылады.

  • Жүйкелік үрей бұл белгілі инстинкттер нақты болу қауіпіне эмоционалды жауап. Ол, бала инстинктінің туындауын бақылай алмай, артынан ауыр салдары болу мүмкіндігінен қорқумен аңықталады. Жүйкелік үрей көбіне шынайы үрей сияқты әсер етеді, өйткені жазалау сыртқы көздерден шығады, содан соң ғана инстинкттік импульстар өзін - өзі басқарудан өту қаупі болады, жүйкелік үрей пайда болады.

  • Рухани үрей төменгі инстинкттер әдепсіз ойлар мен іс - әрекеттер формасында белсенді көрінгенде, ал баланы ұят, өзін - өзі алдау, өзін кінәлі сезіну сезімдері билегенде үнемі пайда болады. Үрей өткен немесе қазіргі күнәларын өтеуді тосу мен өлім қорқынышына өседі.

Хорнидың пікірінше, балалық шақ үшін 2 қажеттілік тән: қанағаттану және қауіпсіздікке қажеттіліктері. Қанағаттану барлық негізгі биологиялық қажеттіліктерді қамтиды – тамақ, ұйқы. Жылу және т.б. Бірақ сонда да негізгісі қауіпсіздікке деген қажеттілік. Бұл қажеттілкті қанағаттандыруда бала түгелдей өз ата –анасына тәуелді. Егер ата- ана балаға деген қарым – қатынасында шынайы махабаты мен жылуын білдірсе, оның қауіпсіздікке деген қажеттілігі қанағаттанып, сонымен бірге дені сау жеке тұлға қалыптасады. Ал, керісінше болған жағдайда, Хорнидың пікірінше, жеке тұлғаның потологиялық дамуы да мүмкін. Көп уақытта ата – аналардың іс - әрекеті баланың қауіпсіздікке деген қажеттілігін фрустрациялауы мүмкін, яғни тұрақсыз іс - әрекеттері, мысқыл, орындалмаған уәделер, шамадан тыс қамқорлық , сонымен қатар оның ағалары мен апайларының аңық қалауларының әсер етуі. Бірақ ата – ана тарапынан осындай жаман, жат үндеулеріңің негізгі нәтижесі балада базалық өшпенділік пен базалық үрей сезімдерінің қалыптасуы болып табылады.
Базалық үрей – жағыздық сезімі мен өшпенділік әлемінде оқшаулану.
Базалық өшпенділік – баланың, яғни оған теріс айналғандар (ата - ана)
немесе онымен жаман сөйлескендерге байланысты ашу,ыза сезімдері. Бала екі оттың ортасында қалады: ол ата – анасына тәуелді сонымен қатар оларға деген реніш пен наразылық сезімдерін сезінеді.
Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым – қатынастан, қорытып үркітуден пайда болады.
Адамның түскен ортасының ерекшелігі агресситі әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы, ауасы тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады? Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін - өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді.
Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі. Э.Фромм екі түрлі бар дейді: «зиянды», «зиянсыз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет