«арнайы педагогика және түзету психологиясы»



бет10/13
Дата19.06.2016
өлшемі1.6 Mb.
#148308
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бақылауға, өзін-өзі құрметтеуге мүмкінддік туғызу, ынтымақтастықты нығайту.

Есімдерді есте сақтау үшін көптеген ойындар бар. Ұсынылатын ойындар үрдісінде топқа тапсырмалар шешуге тура келеді. Олар « команда сезімін » жасауға және зейінді дамытуға ықпал етеді. Топтың көпшілігі тапсырманы тез шешеді.

Командалық шешім қабылдау үшін топқа тапсырма дайындағаныңызды хабарлыңыз. Ол тапсырма қатысушыларды бір-бірімен танысуларына көмектеседі. Бірінші адам әркім өз есімін дауыстап және анық айтады.

Жүргізуші: есімдеріңізді қатты, нақты, мақтаныш сезіммен айтуға тырысыңыздар. Егер кімде-кім біреудің есімін ести алмай қалса, онда: «Тағы да қайталағызшы» деу керек. Әркімнің есімі нақты естілуі өте маңызды.

Бәрі есімдерін атап болған соң тапсырманы айтыңыз. Барлығы алфавит бойынша бір қатарға, келесі ережені сақтап тұруы қажет: есімдері алфавиттегі әріптердің орны бойынша, яғни есімі алфавиттегі бірінші әріптен басталса, бірінші орынға, екінші әріптен басталса, екінші орынға, соңғы әріптен басталса, соңғы орынға тұру керек. Қатарға тұру кезіндегі сөйлеуге, жазуға, есімдерінің әріптерін ыммен көрсетуге немесе ауада салуға болмайды. Есіміңіз жазылған ешқандай құжаттарды көрсетуге болмайды. Қатысушылардың кейбіреуіне ғана өз орындарынан тұру үшін орындарын ауыстыруға белгі беруге болады.

Жаттығудың мақсаты, тапсырманы өте жылдам орындау екенін қатысушыларға айтыңыз. Тапсырма орындалып болған соң тексеру жүргізіледі, барлығы өзінің есімдерін қатты дауыстап айтады. Егер орындарына дұрыс ретпен тұрмаса, бәрі қайта қайталанады. Қатысушылардың бәрі араласып, алфавит бойынша қайта тұруға тырысады.

Жаңылыспай алфавит бойынша бір қатарға тұру үшін топқа неше рет әрекет жасау керек?



Талдау: Тапсырма ұнады ма? Қазір өзімізді қалай сеземіз? Топ бірлігін біз сезе алдық па?

4.Жаттығу: « Рулетка » 10 минут



Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін есте сақтауын дамыту.

Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін қаншалықты жақсы білетіндіктерін білуге мүмкіндік береді. Ойынға қызығу екі команданың арасында жарыс туғызады.

Топты екі командаға бөлу. Олар екі шеңбер құрып бір-бірлерінің жанына арқаларын беріп тұрады ( топта 16 адамнан болған лазым, өйтпегенде ойын қарқынды түрде өтпейді).

Шеңбердің дұрыс болғаны маңызды, себебі, дөңгелене отыра айналу керек және бір-біріне өте жақын, қиылыспағаны абзал. Ойыншылар дұрыс шеңберді ұстап тұру үшін бір-бірінің қолдарын алады. Ойынды бастау туралы сіз белгі берген соң, екі шеңбер айнала бастайды, біреуі-сағат тілімен, екіншісі-сағат тіліне қарсы. Екі команда алдын-ала , қай бағытта қозғалатынын шешіп алсын.

« Тоқта » дегенде орнында қатып қалады. Әр командада шеңберлердің жанасу нүктесінде тұрған бір ойыншы болады. Олар бір-біріне арқа жақтаын беріп тұруы керек, ал сіз олардың бір-біріне қарамауын қадағалаңыз.

Сіз «Толық айналыңдар!» дегенде, осы жанасу нүктесінде тұрған екеулері 180 градусқа бұрылып бір-бірлеріне қарайды. Қайсысы бір-бірінің есімін бұрын атаса, сол оны өз шеңберіне алады және ойын жалғасады.



Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?

5.Жаттығу: « орынынды иемдену ».



Мақсаты: көңіл-күйді көтеру.

Ортада тұрған ойыншы бос орындыққа отыра алмауы үшін, қатысушылар шеңбер бойымен орындықтан-орындыққа орын ауыстырады.



Нұсқау: Ортадағы ойыншы өзі орын алу үшін, отырғандарды өзінің бұйрығы бойынша орындарынан ауыстырады (Қолында сағаты барлар орындарын ауыстырады, кім түнде қорылдайды орындарын ауыстырады және т.б.).

Талдау: Не ұнады? Алған әсерлеріңіз қандай?

6.Жаттығу: «Жіп».



Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйіне ұнамды әсер ету.

Нұсқау: Екі қатысушы алынады. Олар 1-5 м, қашықтықта, бір-бірлеріне арқаларын беріп отырады. Жүргізуші еденге бір қатысушыдан екіншісіне қарай жіп тартып қояды. Жіптің ұштары екі орындық аяқтарының ортасына жату керек. Кім бірінші болып жүргізушінің бұйрығы бойынша жіпті өзіне таотып алса, сол жеңімпаз атанады.

Талдау: жаттығу ұнады ма? Өзімізді қалай сезінуіміз керек?

7.Жаттығу: «Жыпылықтату»



Мақсаты: Оқушылар арасында жағымды сезім тудыру.

Қатысушылар жұптарымен шеңбер бойымен орналасады. Жұптың біреуі орындықта отырады, екіншісі орындықтың артында тұрады. Тағы бір ойыншы бос орындықпен тұрады да, отырғандарға білдіртпей кім-кімге жымиып белгі береді. Сол адам оның орындығына келіп отыруы керек. Ал оның артында тұрған ойыншы өз жұбының орнынан тұруына кедергі жасайды. Жұбынан айырылып қалса, бос орындықпен қалған ойыншы жүргізуші болады.



Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қандай қиындықтарға тап болдың? Қазір не сезіп тұрсын?

8.Жаттығу: «Допты шеңберден шығару».



Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйіне ұнамды әсер ету.

Ойыншылар қолдарын тізелеріне қойып, шеңбер бойымен бір-біріне өте жақын тұрады. Ортада – жүргізуші. Оның міндеті- допты шеңберден шығару.

Допты аяқпен созуға және допты соққанға дейін тізеден қолды алуға тыйым салынады. Допты өткізіп жіберген ойыншы жүргізуші болады. Егер доп қатысушылардың арасынан өтіп кетсе, онда оң жақтағы ойыншы жүргізуші болады.
6.7 Жеткіншектерге арналған сабақ жоспарының үлгісі
1.Тақырыбы: Жеткіншектердің қиын әрекеттер

2. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру



3. Міндеттері:

1) Нашақорлық,алкоголь, темекі шегудің фиологиялық салдары жайлы ақпарат беріп, бейнелеу;

2) Зиянды әрекетте жайлы теріс пікір қалыптастырып, дұрыс шешім қабылдауға баулу;

3)Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

4.Сабақтың түрі: Лекция

5. Сабақтың әдісі: ой қозғау, әңгімелеу,түсіндіру ойын ойнату, сұрақ жауап.

6. Көрнекілік: кесте, схема, суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу;

2. Түгелдеу.

7. Ми шабуыл Ассоциоция ойыны

Енді сол темекі деген сөзді естігенде сіздерде қандай ассоциация пайда болады.



Жағдаяттарды шешу:

Студенттерді үш топқа бөліп,Ситуациялық карточкалар ұсынылады, студенттер ұсынылған ситуацияларды талқылайды,өз араларынан көшбасшы сайлайды,ол топтың жауабын хабарлайды.

1. Сен құрбыларыңмен туған күнге шақырылдың,сенің досың анашаны шегуді ұсынды, сенің іс әрекеттің қандай болады?

2. Сен досыңның темекі шегетінін немесе есірткі қолданатынын білдің, сенің іс әрекетің?

3. Сенің достарың дискотекада саған алкогольдік ішімдік ұсынды, не істейсің?

Ішімдікке уақытым жоқ деп айта аласыңба?Сенің іс әрекетің?

Студентерден төмендегі сұрақтарға жауап алынып,сабаққа қорытынды жасалады.

1 Уақытты босқа өткізбеу дегенді қалай түсінесіздер?

2 Өмірде өкінбеу үшін не істеу керек?

3 Сіздердің қазір алып жатқан білімдеріңізге, таңдаған мақсаттарыңызға көңілдеріңіз толады ма?

4 Салауатты өмір не үшін қажет?

5 Бүгінгі сабақтан нендей ой түйдіңіздер.

Жағдаяттарды шешу:

Қорытынды сөз.

Дәл қазір, біздің жас кезімізде болашақ түрлі түсті кемпір қосақ болып көінеді,сондықтан біз өмірде күтіп тұрған қауіпті ұмытамыз.Кейде зиянды әрекеттерді үгіт жүргізу өте немқұрайлы сипатта болады.Мысалы: Бір тамшы никотин бір жылқыны өлтіреді –деген сөз тіркесіне Мен жылқы емеспін ғой –деп қыңыр жауап береді.Бұлда адам психикасы қасиеттерінің бірі,бір жағынан бәріне белгілі ақпараттымеңгеруге қабілеттсіз, екінші жағынынан ол қайғы қасірет мені айналып өтеді деп ойлайды.Міне осындай немқұрайлық бағасы болашақта қымбат болуы мүмкін.Әрине, барлық мәселелердің шешімі оңай табыла кетпейді.Бірақ,біз сіздерден алған білімдеріңізді өмір жағдайларында қолданып,зиянды әрекеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүруді насихаттайды деген үміттеміз.


6.8 Бекітуге арналған сұрақтар:

1. Педагогикалық қолдаудың маңыздылығы қандай?

2. Жеткіншектерді тәрбие мен оқытудың кері жақтары?

3. Жеткіншектермен жасөспірімдерге қандай түзету жұмыстары жүргізіледі?

4. Жеткіншектерді қайта тәрбиелеудің ерекшеліктері?

5. Жеткіншектердің қауіпті әрекеттерін ата?



6.9 Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбиелеу мен оқыту мәселелері тақырыбы бойынша

Тест

1.Т. В. Анохин бойынша тәрбие мен оқытудағы қиындық түрлері

А) әлеуметтік, субъективті, материалдық+

В) әлеуметтік, объективті

С) материалдық, рухани, әлеуметтік

Д) объективті, субъективті

Е) объективті, субъективті, әлеуметтік

2. Педагогпен бірлесіп жұмыс жасау

А) диагностикалық

В) ізденушілік+

С) іскерлік

Д) іс-әрекет

Е) рефлексивті

3. Жеткіншектердің қиын мәселесі

А) оқу мен іскерлігі

В) қарым-қатынас және тәрбиесі

С) іс-әрекеті мен қатынасы

Д) тәрбиесі мен оқуы

Е) іс-әрекеті+

4. Жеткіншектерді қайта тәрбиелеу барысында қандай жұмыстар жүргізіледі

А) мадақтап, қолдайды

В) түзету сабақтары жүргізіледі

С) тәрбие сағаты

Д) тренинг+

Е) түзету

5. Жеткіншектердің кері жақтары

А) есірткі, ішімдік, шылым шегу +

В) үлкендерді тыңдамау

С) бұзақылық жасау

Д) қарсылық көрсету

Е) қылмыс жасау

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Зайцева И.А., Кукушин В.С., Ларин Г.Г., Румега Н.А., Шатохина В.И. Коррекционная педагогика/ Под.ред. В.С.Кукушина. Изд-е 2с, перераб. И доп. – М: ИКЦ «МарТ»: Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2004.-84-135б

  2. /Мектептегі психология № 10 (40) 2011 35-36 бет.

  3. http//: www.google.ru



12- дәріс. Тақырыбы: Эмоциялық және мінез-құлық ауытқулары, психикалық аурулардың бастапқы көріністері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері (2 сағат)
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды үйрету

Жоспар:


    1. Шет елдердегі ХХ ғасырдың ортасына дейінгі ақыл-ой кемістігінің көрінуіне байланысты әдістердің өңделуі.

    2. Шетелдегі ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің заманауи жағдайы.

    3. Ақыл-ой дамуында артта қалған балаларға психология-педагогикалық сипаттама.

    4. Ақыл-ой кемістігі бар балаларға жүргізілетін коррекциялық жұмыс

    5. Мүмкіндігі шектеулі, ақыл-есі кем оқушылардың танымдық қызығулығын ойын арқылы арттыру.

    6. Үйден оқытылатын психикалық дамуы тежелген балалардың сауаттылығын арттыру

    7. Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігі төмен оқушылармен тренинг сабақ

    8. Бекітуге арналған сұрақтар

    9. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды үйрету тақырыбы бойынша тест


7.1 Шет елдердегі ХХ ғасырдың ортасына дейінгі ақыл-ой кемістігінің көрінуіне байланысты әдістерлің өңделуі.
Психологиялық толық жетілмеу туралы сұрақтармен ең алғаш психиатр-дәрігерлер айналыса бастады. Француз дәрігерлері Ж.Э.Д.Эскироль (1772-1840) мен Э.Сегеннің (1812-1880) ақыл-ойы кемдерге жүргізген алғаш зерттеулеріне кейбір дифференциялды-диагностикалық критерилер беріледі. Ж.Э.Д. Эскироль интеллектуалды дамудың көрсеткіші сөйлеу жағдайына байланысты деп есептеді. Және бұл кейін жүргізілген тестілеудің тілдік сипаттамасына әсер етті. Э.Сеген сенсорлық және еріктік үрдістерің жағдайына көп мән берді.

ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақыл-ойдың төмендігі медицинаның маңызды мәселесі болып келді.

Көптеген мемлекеттерде қарапайым мектептерде оқуға шамасы келмейтін балаларды анықтаудың тәжірибелік қажеттілігі туды. Сондықтан ХІХ ғасырдың 60-жылдарында алғаш рет ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы мектептер мен көмекші сыныптар ашыла бастады. Көмекші сыныптарға үлгермейтін, себепсіз үлгермеушілікті тудыратын балаларды да жіберіп тұрды. Ақыл-ойы кемдікті қалыптастыру психологиялық-педагогикалық мәселеге айналды. Психологтар балаларды зерттеуде әмбебеп, объективті жене компактті жолдары іздестіре бастады.

Кейбір психологтар ақыл-ойдың кемістігінің мәнін дұрыс түсінбей, оны бала тұлғасының дамуындағы сандық артта қалушылық ретінде қарастырды. Олардың зерттеулері диагностикада белгілі қателіктерге әкелетін зерттелушінің «сандақ ақылын» өлшеумен бекітілді.

Алғаш тестілеуді жүргізгендердің бірі ағылшын биологы Ф. Гальтон (1822-1911) болды. Ол жекелей айырмашылықтарды зерттеуге оңай тәжірибелерді сұрыптады. Осыған орай ол ақыл-ой қабілетінің басты көрсеткішін адамның сенсорлық қызметінің жағдайы деп есептеді: есту мен көру өткірлігі, психикалық реакция жылдамдығы және т.б. Гальтон Бине ұсынған тест ұғымын алі қолданбаған болатын.

Физикалық және ақыл-ой қабілеттерін тест әдісімен зерттеу американдық психолог М. Кеттелдің еңбектерінде өзіндік шешімін тапты. Оның есімімен психологиялық әдебиеттерде кездесетін «интеллектуалдық тест» терминінің пайда болуы тығыз байланысты. Кеттел жекелей айырмашылықтарды құру үшін қарапайым қызметтерді, психикалық реакциялардың жылдамдығын анықтауға бағытталған тесттік зерттеулердің серияларын дайындады.

Э. Крепелин (1856-1926) – күрделі психикалық үрдістерді (қабылдау, ес т.б) анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретін тесттік зерттеулірдің серияларын дайындаған неміс психологы. Ол психикалық ауру адамдарға зерттеу жүргізді және өзіндік психикалық тестілеудің алғышартын енгізгендердің бірі болды.

Француз психологы А. Бине (1857-1911) « естің өлшемдік жартасын», яғни баланы зерттеу үшін оның «ақыл-ойының жасы» есепке алынады деп есептеген. Сонымен қоса Бине алдына жоғарғы психикалық үрдістерді (ойлау, ес, қиял т.б.) зерттейтін тесттерді шығару мақсатын қойды. Т.Симонмен бірге Бине «Метрическая скала умственных способностей» деп аталатын тесттердің нақты жүйесін құрды.

«Метрическая скала умственных способностей» тестінің алғашқы нұсқасы 1905 жылы жарияланды. Ол қиындығына байланысты өсіп отыратын 30 тестен құралды. Тесттер балалардың сөз құрылымдарын түсінулерін, естерінің түрлерін т.б. анықтауға бағытталды. Бұл тест нұсқасында жасерекшелік көрсеткіштер болмады.

1908 жылы «Метрическая скала умственных способностей» тестінің екінші нұсқасы жарық көрді. Онда тестілер 3 пен 13 жас аралығындағындағы балаларды зерттеу үшін топтастырылған. Әрбір жасқа 3-тен 8-ге дейін теттер даярланған.

Үшінші нұсқасы 1911 жылы шығарылды. Онда А. Бине мен Т. Симон 3-тен 16 жасқа дейігі балаларды зерттеуді ұсынды. Тесттер қиындығына байланысты топтастырылды, әрбір жасқа 5 тапсырмадын.

«Өлшемдік жартастың» кемшілігі, онда тестің 80 пайызы сөздік түрде болды. Ол тілінде ақауы бар балаларды зерттеуде қиындықтар туғызды.

Бине мен Симонның әдісі көбіне шетелдерде қолданылған. 60-тай авторлар Бине-Симон шкаласын жергілікті жағдайларға бейімдеу мақсатында өзгертулер енгізді: О. Декорля (1910), Бельгия;Декедр, Швейцария;В. Штерн, Э. Мейман (1915, 1917), Германия; Х. Годдард, Л. Термен (1910, 1916), АҚШ.

1916 жылы АҚШ-та Л. Термонның Стенфорд университетінде дайындаған Бине-Симон шкаласының нұсқасы, психологтардың пікірінше, ең «жарамдысы» болды. Жүйені модернизациялау кезінде табылған тендендияның бірі – сөздік тестердің азайып, тесттік (вербалды емес) әрекеттердің жоғарылауы.

Термон алғаш болып Штерн енгізген «интеллектуалдық коэффицент» терминін қолданған (ІQ):
ІQ = 
7.2 Шетелдегі ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің заманауи жағдайы
Соңғы жартыжылдықта ақыл-ойы кем болудың мәнін, сондай-ақ ғылыми жетістіктермен байланысты әдістерді қолдануды анықтау үшін жаңа тенденциялар белгіленді. ХХІІІ Халықаралық конференцияның мәліметтері ақыл-ой дамуы артта қалған оқушыларға арнайы мектептердің әр түрлі ұйымдастырылған формада екендігін көрсетеді.

Көптеген елдерде іріктеу сұрақтарымен жеке мұғалімдер немесе дәрігерлер, не психологтар емес, ал аталған мамандардың біріккен топтары айналысады.

Мысылы, АҚШ-та ақыл-ойы кем балаларды іріктеу құрамына дәрігерлер, мектеп психологтары, дефектолог-мұғалімдер, медбикелер, сөйлеу мен есту жұмыстарының мамандары, мектеп әкімшілігінің өкілдері кіретін қабылдау комиссиясы арқылы өткізіледі. Олар әр түрлі сауалнамалар мен проективті әдістемелер қолданды.

Ақыл-ой кемістігінің негізгі көрсеткіші интеллектуалды коэффицент (ІQ) пен әлеуметтік коэффиценттің (SQ) көлемі деп есептелді. SQ ұғымына баланың тұрақтала алу қабілеті, коммуникативтілігінің деңгейі кіреді. ІQ зерттеу кезінде, яғни оқуға деген қабілетін тексеруде:



  • Оқи алу деңгейі

  • Санай алу деңгейі

  • Сурет салуының дамуы зерттеледі.

Англияда 5 жастан бастап барлық балалар қарапайым мектептерге жіберіледі. Егер олар 1,5-2 жыл ішінде бағдарламаны меңгере алмаса, мұғалімнің арнайы мінездемесі арқылы психоневропатологқа жіберіліп, психолог тексеруінен өтеді. Үлгермеушіліктің себебін баланың 7 жасқа дейін санап үйренбегендігі деп есептейді. Психологтар баланы тесттің көмегімен зерттейді.

Егер балада 6 жасында ақыл-ой кемістігінің белгілері анық байқалатын болса, онда оны арнайы мектептерге жібереді.

АҚШ-тағы секілді Англияда да ақыл-ой кемістігінің өзіндік түсініктері тараған. Оның қатарына нашар дамыған, психофизикалық нашар дамыған, педагогикалық босаңсыған т.б. оқушыларды жатқызады.

Ақыл-ой кемістігінің негізгі көрсеткіші ІQ көлемі болып табылады. Осыған орай бала құрдастарынан 20%-ға қалып отырса, оны арнайы сыныптар немесе көмекші мектепте оқыту мүмкін деп есептейді. Егер ол 50%-дан жоғары үлгермесе, онда оны оқытуға келмейтін деп есептейді және әлеуметтік қамтамасыздандыру арқылы арнайы интернаттарға орналастырады.

1908-1910 жылдары энтуизист-дәрігерлер (Е.В. Герье, В.П. Кащенко, М.П. Чехов және т.б.) мен педагог топтары үлгермеушілігі интеллектуалды жетіспеушіліктен болған Мәскеу мектептерінде оқитын балалардың үлгермеушілік себептерін анықтауға топтық зерттеу жүргізді.

Зерттеу бала туралы анкеталық берілулер, педагогикалық мінездемелерді қарау арқылы, үйдегі тәрбие жағдайы және дәрігерлік зерттеудің нәтижелерін жинақтау жолы арқылы жүргізілді.

Г.И. Россолимо (1860-1928) ресейлік ірі невропатолог, психологиядағы экспериментальды зерттеулердің жақтауышысы, тесттік әдістерді қолдаған. Ол зейін мен ерікті, көріп қабылдаудың дәлдігі мен мықтылығын, ассоциативті үрдістерді зерттеген.

А.Н Шуберт (ХХ ғасырдың 20 жылдары) 1923 жылы Бине-Симон тестін орыс тіліне аударды. Ол психиканың басты ақауын ұзақ уақыт жоспарлы бақылау кезінде ғана анықтауға болады деген. Сол себепті қалыпты және қалыпты емес балаларды зерттеудің клиникалық және психологиялық салыстыру мәліметтері ерекше маңызды.

Л.С Выготскиий бала тұлғасының дамуына тәрбие, оқыту және қоршаған орта әсер етеді деп қарастырған. Ғалым 1931 жылы бала психикасын зерттеудің келесі нұсқасын ұсынды:


  • Баланың өзінің, ата-анасының, оқу орны тәрбиешісінің шағымдарының жиынтығы;

  • Бала дамуының тарихы;

  • Педагогикалық диагноз;

  • Бала дамуының сипаттамасының болжамы;

  • Педагогикалық және емдік-педагогикалық бекітулер;

7.3 Ақыл-ой дамуында артта қалған балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама.

Ақыл-ойдың артта қалуын тек олигофренопедагогика емес, сонымен қатар психологтар, невропатологтар, психиатрлар, генетиктер және эмбриологтар зерттейді. Бүкіл әлемдік санақ бойынша, бұндай аномалиясы бар адамдар саны азаяр емес. Осыған орай, дамуында ауытқуы бар балаларды коррекциялау проблемасының өзектілігі пайда болды.

А.С.Выготский, А.Р. Лурия, К.С. Лебединская, В.И. Лубовский, М.С.Певзнер, Г.Е.Сухареваның және басқа ғалымдардың зерттеулері ақыл-ойының дамуы артта қалған деп тек, «ақыл-ойдың аз болуы емес», бұл психиканың сапалық өзгеруі, жеке адамның толық өзгеруін айтқан. Ақыл- ойының дамуы артта қалған балаларда шартты рефлекстің өзгеруі, қозу мен тежелу үрдісінің тепе-теңдігінің болмауы, сигналдық жүйенің өзара әрекеттестігінің бұзылуы байқалады.

Баланың психикалық дамуының аномалиясы келесілерді біріктіреді:



  • Танымдық үрдістердің артта қалуы, соның ішінде – қабылдау бөліп көрсетіледі;

  • Ойлаудың жүйесіздігі. Бұнда заттардың ерекше көзге көрінетіндері бөлінеді, заттар арасындағы ортақ байланыс орнатылмайды;

  • Естің бұзылуы;

  • Қабылданған образдарды қайта жаңғырту кезіндегі қиындықтар;

  • Сөйлеу дефектісі (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық), дыбыс-әріптік анализ бен синтездің тежелуі, сөйлеуді қабылдау мен түсінудің бұзылуы, сөйлеудің қарым-қатынаста қажеттілігінің төмендеуі;

  • Зейіннің жетіспеушілігі;

  • Эмоционалдық еріктік аймақтың ауытқуы

Балалардың бұндай ерекшеліктері тұрақты сипатқа ие, себебі әр түрлі даму кезеңіндегі органикалық бұзылулардың нәтижесі ретінде саналады (генетикалық, босану кезендері т.б).

Ақыл-ойдың артта қалуы мен соған ұқсас қалыптарды ажырата білуіміз қажет:



  • Мектептегі үлгермеушілік ақыл-ойдың артта қалуының адекватты еместігі, өйткені мектептегі үлгермеушіліктің көп таралған себебі – балалардың мектепте оқуға дайын еместігі;

  • Отбасында өмір сүру жағдайының болмауы, бұл да үлгермеушіліктің себебі болуы мүмкін;

  • Баланың астеникалық күйі, тез шаршауы, ес пен қабылдаудың нашарлауына әкеледі;

  • Психикалық дамудың тежелуі, бұл да мектептегі алғашқы жылдарда үлгермеушілікке әкелуі мүмкін;

  • Анализатор әрекеттерінің бұзылуы балалардың танымдық әрекетінде қиындық тудырады. Соның арқасында үлгермеушілік пайда болады (көру, есту дефектсі, дальтонизм).

Ақыл-ойдың артта қалуын нақты анықтау қиындығы мынада, көз көрмеуі мен құлақ естімеуімен салыстырғанда, ақыл-ойдың артта қалуының абсолютті-объективті критерий жоқ, яғни оны қандай да бір шкаламен өлшей алмайсың.

7.4 Ақыл-ой кемістігі бар балаларға жүргізілетін коррекциялық жұмыс.

Балалармен жүргізілетін әдістер мен жұмыс мазмұны арнайы маманмен анықталады. Ол баланың жекелей ерекшеліктерін және оның жасын міндетті түрде ескереді.

Баланың жоғарғы психикалық функциясын дамыту үшін, келесі түрдегі жұмыстар жүргізілуі қажет.


  • Баланың қимыл-қозғалысын дамыту: қол бұлшық еттерін, қол саусағының моторикасын шынықтыру; резеңке допты қысу, ермексаз бен кыштан жапсырмалар жасау; түйіншектерді шешу; құмыраларды ашып-жабу, қатты қағазды нүктелер және пунктир сызығы арқылы тесу; контур және трафарет үстімен сызу; бояу; қию; қағазды бүктеу; саусақтармен жаттығулар;

  • Кеңістіктегі бағдарлануды дамыту: өзінде, айнадағы бейнесінде және суретте оң және сол жақты анықтау; балаға қатысты заттардың координаталарын анықтау; жазық қағаз бетінде бағыттану (сол жағында, оң жағында, үстінде, астында, ортасында); заттарды симметриялы бояу; таяқшалардан фигураларды, сызықтарды үлгі көмегімен және есінде сақтау арқылы құрау.

  • Есті жақсарту үшін келесідей ойындар пайдаланылады: өрнекті есте сақтауы бойынша салу; сөздерді және сандарды қайталау; алдын-ала есте сақтауды жаттықтыру;

  • Ойлаудың барлық түрін дамыту үшін сурет салу, жапсырмалар жасау, аппликациялар қолданылады.

Бұл жаттығулар баланың сенсорлық қабілетін дамытады және танымдық қабілетін арттырады.

Барлық жаттығулар барысында балалардың сөйлеуін коорекциялау қажет. Коррекциялық жұмыс жекелеген психикалық процестерді емес, жеке адамға толық бағытталуы қажет. Коррекциялық жұмыс топтық, жекелей формада болуы мүмкін және келесідей әдістерден тұрады:



  • Интеллект дамыту

  • Адекватты темпте дамыту

  • Еңбек әрекетін және дағдыны дамыту

  • Коррекциялық жұмыс өткізілген бағдарламамен дамыту

  • Интеллект дамытатын әр түрлі әрекеттерге қызықтырып, тарту (ойын)

  • Құрдастары арасында өздерін жайсыз сезінуді жою

  • Материалдарды қызықты түрде түсіндіру

  • Толық отбасында тәрбиелеу (басқа балалармен)

  • Стандартты емес түрдегі оқыту.

Жеке түзету-тәрбиелеу жұмысы.

Дефектолог мұғалім ақыл-ой артта қалған мектеп жасына дейінгі балалармен түзету-тәрбиелеу жұмысы кешенін жеке сабақтардың маңызы зор. Оңалту орталығына балалар аптасына 2-3 рет дефектологтың сабақтарына қатысады. Сабақтарда қатысады. Сабақтарда дефектолог әрбір баланың жеке ерекшеліктерін есепке алады, психикалық дамуындағы тек оған тиісті спецификалық ауытқуларды көреді, оларды максимальді түрде жеңу және бәсеңдету үшін әдістемелік тәсілдерді таңдайды; жеке түзету-тәрбиелеу жұмыстарының тиімділігін айтуға және бағалылығы мен қажеттілігін мойындауға болады. Ақыл ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі балалармен жеке жұмыстар күтілетін нәтижелерді беруі үшін, жалпы сабақтарда оқыту барысында байқалған спецификалық қиындықтарды жеңу мен бәсеңдетуге мүмкіндік тудыруы үшін ол міндетті түрде балалардың даму ерекшеліктерін мұқият және жан жақты зерттеу негізінде жасалуы керек. Мұндай зерттеу баладағы олигофренияның этиологиясын ашатын клиникалықт диагнозды қаратыру тұрғысынан сияқты мұқият психологиялық педагогикалықзерттеу негізінде жүргізіледі.

Ақыл-ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі баламен жеке жұмысты ұйымдастыру мен өткізудің бастапқы кезеңі оны жан-жақты психологиялық-педагогикалық зерттеу. Ол бала оңалту орталығына түсетін кезде өткізіледі, зерттеу оның маңызды әрекет түрлерін меңгеру, қабылдауының дамуы, қарапайым операцияларды орындай алу деңгейін анықтауға бағытталған. Баланың сөйлеу тілінің дамуын талдауға, оның деңгейін табуға, мүмкін болатын сөйлеу мүкістерін анықтауға басты назар аудару керек.

Зерттеу барысында дефектолог ақыл-ойы артта қалған баланың мінез-құлқын талдайды, үлкендермен және құрдастарымен байланыс орнату мүмкіндіктерін, мақұлдау мен кінәлауға реакйиясын, қиындықтарға қарым-қатынасын, көрсетілген көмекті пайдалана алу ептілігін, әрекеттің бір түрінен келесі түріне ауысу қабілетін бағалайды. Педагог ақыл-ойы артта қалған балаға арналған түрлі тапсырмалар ұсына отырып және олардың орындалу барысын бақылай отырып, басты назарды нәтижеге емес, баланың әрекет ету әдістеріне ( орындады-орындамады) аударады. Бір тапсырманы шешуге бала мақсатты байқау, көру арқылы бейімделу сияқты айтарлықтай «жоғары» әдістермен әрекет етуі, немесе қимыл және бейберекет әрекеттер деңгейіне дейін түсуі мүмкін. Баланың тапсырмаларды орындау әдістерін бағалай отырып, дефектоглог психикалық дамудың жас ерекшелік талаптарына сай олардың арақатынасын белгілеу керек, осыған сәцкес ондағы тану әрекетінің белгілі жақтарының қалыптасуы туралы қорытынды жасауы керек. Ақыл-ойы артта қалған баланың психикалық дамуының шынайы деңгейін анықтау үшін оның даму деңгейін ғана емес, таяу арадағы даму аймағын, яғни тапсырманы үлкен адаммен бірге орындауын есепке алу маңызды талап болып табылады. Дефектолог зерттеу барысында бала үйренуге белгілі мүмкіндіктерді көрсете алатын жағдайларды жасағанда ғана оның психикалық дамуының нақты деңгейі анықталатынын атап өту керек. Л. С. Выготскийдің дамудың екі зонасы туралы ережесіне сүйену арқылы ақыл-ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі баланың бүгінгі жетістіктерін анықтаумен қатар, болашағын көруге мүмкін болып отыр.



7.5 Мүмкіндігі шектеулі, ақыл-ойы кем оқушылардың танымдық қызығулығын ойын арқылы арттыру.
Нәтижеге бағдарланған білім моделінде «Мұғалім оқытуды ұйымдастыру шарты ретінде оқыту процесін шығармашылық қарастыруға жауапты» - деп көрсетіледі, яғни оқу процесін ұйымдастыруда «оқушыны қалай оқыту емес» оқушыны оқуға қалай үйрету қажеттілігін ойластыруды талап етеді. «Ұстаз оқушының танымдық іс-әрекетін жақсы ұйымдастырушы, баланың табысына қатты ынта қоятын, олардың рухани өсуіне мүдделі, ықиятты да қамқор адам».

Көптеген зерттеулер бойынша танымдық қызметтің толық жетіспейтіндігі қосалқы мектеп оқушыларына тән қасиет екендігі дәлелденген.

Дәннің өсіп жетілуі топырағына, күтіміне байланысты болытыны сияқты, бала ақыл-есінің қалыптасуы да өскен ортасына, алған тәрбиесіне, білім алған мектебіне байланысты.

Ақыл-есі кем дамыған балаларға білім беру, оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларды оқытып қана қоймай, көкейіне тоқыту үшін көп тер төгуге тура келеді. Кейбір ата-аналар баласының кемістігін бетіне басып, ұрысып, кекетіп, кемсітіп ұрып соғады. Бұл әрине дұрыс емес. Бұл баланың психологиясына кері әсер ететіндігін түсінбейді.

Ақыл-ойы кем балаларға таныту, үйрету машақаттың машақаты, оған шыдамды төзім, оқушыларға деген махаббат, азаматтық парыз, имандылық, парасаттылық керек. Ақыл-ойы кем балалардың түсіну ұғыну, есінде сақтау, ойлау қабілетінің және тілінің бұзылғандығы оларды ақыл-ойы жетілген балалардан айырып тұрады. Жетістікке қол жеткізу үшін мұғалім алдында отырған шәкірттерінің мінез-құлқын, сана сезімін, жетілу дәрежесін, танымдық процестерінің (қабылдау, зейңн, қиял, ес, ойлау) дұрыс қалыптасқандығын қадағалап отыру керек.

Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: «Сабақ жасөспіріпдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана «мектеп – жасөспірімдер үшін рухани өмірдіңтілеген ошағын, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап – мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деген екен.

Сондықтан, ақыл-ойы кем балалармен өткізілетін әрбір сабақты балалар өз күштеріне сенімділігін сезінетіндей етіп, олардың оқуға деген ықыластарын оятып, қызықтыратындай етіп ұйымдастыру қажет.

загнутый угол 7

стрелка вниз 4стрелка вниз 6стрелка вниз 5

загнутый угол 1загнутый угол 2загнутый угол 3

Шәкірттерге әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден бастайды. Өзі оқытып жүрген шәкірттерінің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп, біліп алған соң, әдіс тәсілдерді деңгейіне қарай іріктеп талдап қолданады. «Өзгерегн қай әріп?» ойыны оқушыларға дыбыстар мен әріптердің айтылу мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту үшін қолданады. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптерді дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.

Бер – жер Тақта – мақта Бала – шала

Көл – шөл Көз – бөз Жас – тас


«Ойлан тап» ойыны арқалы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады. Ойын тәртібі: Оқушылар «мұғалімдер» және «оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» әр түрлі мағынасы бар сөздерді айтады, ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Мұғалімдер» мен «оқушылар» өз рөлдерін ауыстырады. Мысалы:

Қой – жануар Үй – зат Түс – зат

Қой – қимыл Үй – қимыл Түс – қимыл.
«Қай сөздерді жоғалттым?». Бұл ойын сөз және сөйлем тақырыптарын өткен кезде жүргізіледі. Мысылы: ... еріді. ... жылынды. Гүл ... Бұлбұл ... Ол ... оқыды. Құстар ... келді.
«Көрші – көрші» ойыны. Ойынның мақсаты: 10 көлеміндегі сандардың ретін меңгерту.

Ойынның мазмұны: Мұғалім бір санды атайды, мысалы: 7 дейді. Жеті саны тағылған бала ілгері шығып, тақтаның алдына тұрады. Мұғалім: бұл санның көршілері қатарға тұрыңдар.

6,7,8 сандарын құрады. Одан соң 6 және 7 сандарын салыстырады. 6-ның 7-ден біреуі кем, 6-ға бірді қоссаң 7 болады.

«Топтай біл» ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға дағдыланады. Мысалы: сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, түлкі, қасқыр, алша, т.б. Оқушылар бұл сөздердң топтап жазады. Түйе, жылқы, сиыр – үй жануарлары.

Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген ынтасын, мүмкіншіліктерін толық пайдаланып, алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін әр түрлі психологиялық жаттығулар, суретті кесетелр, танымдық ойын түрлерін пайдалану ақал-есі кем балалардың ой-өрісін, дүниетанымын, зейінін, есте сақтау, қабылдау, қиялдауын дамытумен бірге танымдық қабілеттерін дамытуға да көмектеседі.


7.6 Үйден оқытылатын психикалық дамуы тежелген балалардың сауаттылығын арттыру
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелері: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психологиялық ауытқулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырды. Қазақстанда кемтер болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын көбеюде. Біздің міндетіміз - түрлі ауытқулары бар балалардың сауаттылыған арттыру және әр алуан психокоррекциялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ойлау процесін дамыту. Ресейдегі дамуы кенже қалған балалардың диагностикасы мен коррекциясын алғаш зерттегн П.Я. Трошин дені сау бала мен дамуы кенже балаларды салыстыра сараптап: «Негізінде дені сау бала мен дамуы кенже балалардың арасында еш айырмашылық жоқ, ол да бұл да адам, ол да бұл да бала, оның да бұның да дамуы бір заңдылықпен жүреді. Айырмашылығы даму тәсілінде ғана», - деп жазды.

Психикалық дамуы тежелген, яғни үйден оқытылатын баланың сауаттылығынарттыру мен ойлауын қалыптастыруда психолог – маман мен пән мұғалімдері бірлесе әрекет еткенде ғана нәтиже болады. Пәндерден алған білімін одан әрі бекіту үшін психокоррекциялық жұмыстардың пайдасы зор. Төмендегі кестеде балаларға психокоррекциялық жұмыстар мен пәндер бойынша сауаттылығын арттыруда біршама әдіс-тәсілдердің үлгісі жинақталған

Жоғарыда атап өткен балалардың ойлау процесінің дамуы көрнекілік бейнелер: сурет салу, лабиринттен өту өту арқылы ғана жүрмейді, сонымен қоса сөздік нұсқау өзіндік әрекет арқылы жүзеге асады, онда ол құрастырудың объектісін ойлап табады, содан кейін өз бетінше іске асырады.

Психикалық дамуы тежелген балалардың психокоррекциялық жұмысында ерекше қызығушылық туғызып жүрген әдіс-тәсілдердің бірі А.Р. Лурия мен оның шәкірттері ойлап тапқан құрастыру әдісі. Бұл әдістің мәні мынада: балаға ақ қағазға жапсырылған үлгі-өрнектер беріледі, енді бала құрастыру үшін алдымен үлгі өрнектерді зерттейді, қажетті бөлшектерді таңдайды, яғни үлгі-өрнектер балаға белгілі бір тапсырманы ұсынады, бірақ оның шешілу әдісін көрсетпейді.




Әдіс-тәсілдері

Мазмұны

Сенсорлық процестер

Ойлау процестері

Пәнаралық байланыс

1.Балада заттардың орналасу ретін анықтауға: «Грамматикалық жүйені қалыптастыру» ойыны. (ойын түріндегі)

Балаға тапсырмалар беріп, «кітапты үстелдің үстіне (астына, жанына, тартпасына) қой, «аюдың оң (сол, артына, алдына жанына) қоянды орналыстыр», т.б.

«Үстінде», «астында», «жанында», «сол жағында», түсініктерін қалыптастыру, сол сияқты заттарды салыстыра білуге үйрету: «үлкен-кіші», «жуан-жіңішке», «ауыр-жеңіл», т.б.

Заттардың өзара байланысын түсіндіру (заттардыорналастыру)

Ана тілі пәніне әңгіме құрастырғанда заттарды дұрыс орналастыра білуді үйренеді.

2.Сандарды бір-біріне қостыра отырып, ойын элементтерін пайдаланып, баланың жыл мезгілдері жөніндегі білімін пысықтау. (сұрақ-жауап түріндегі)

Сырғанақта 8 бала ойнап жатыр еді, 3 бала үйларіне кетті. Сырғанақта неше бала қалды? (көрнекіліктерді міндетті түрде пайдалану) Балалар қай мезгілде сырғанақ тебеді? Қыз мезгілінің айларын ата: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тапсырма арқыла 8 баланың сұлбасынан 3 баланың сұлбасын алып, қалған балаларды санату.Сол арқылы есепті шығарту, қыс мезгілдерін жаттату (сол сияқты басқа жыл мезгілдері туралы да білімін бекітуге есептер үлгісін ойлап табуға болады)

Балада қосса көбейеді, алса азаяды түсінігінқалыптастыру.

Ойын элементтерін пайдаланып есепті де шештіру, жыл мезгілдері туралы түсінік беріп өту.

3.Ертегі айтқызу арқылы сөздерді байланыстыру және сөздік қорын молайту. (әңгімелесу түрінде).

«Шалқан» ертегісін айтып беру,

-Ата не отырғызды?

– ата шалқан отырғызды.

–шалқан деген не?

– жерде өсетін өнім.

–шалқан қандай болып өсті?

–шалқан үлкен болып өсті, т.с.с.


Әңгімелесуде төмендегі жаттығуларды да пайдалануға болады:

-үлкендер оқыған әңгімені немесе ертегіні айтып беру;

-көрген мультфильмді айтып беру;

-өткен күндердің әңгімесін әңгімелеу;

-экскурсия, қызықты серуендерді әңгімелеу;

-үлкендердің бастаған әңгімесін аяқтау (содан соң не болуы мүмкін);

-соңы біткен әңгіменің басын бастау (одан бұрын не болуы мүмкін) және т.б.


Ертегі терапия арқалы баланы еңбекке баулу, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды адам өз еңбегімен табуы тиіс екенін түсіндіру.

Ертегі мәтінін оқу арқылы түсінігін айтқан бала, ана тілі сабағында кез-келген мәтіннен түсінігін айта біледі.

Психокоррекциялық сабақтарды алдына қойылған тапсырмаларына сәйкес жеке, сол сияқты топпен де өткізуге болады. Мысалы, «Сөйлемді құра» ойыны.

Мақсаты – балада әр алуан, ал кейде мүлде кездейсоқ қабілеттерді тез айқындау, күнделікті заттардың өзара байланысынан, жекелеген дара элементтерлен жаңа тұтас шығармашылық түрде бейнедлерді құрастыру.

Балаға байланысы жоқ үш сөзді айтуды тапсырамыз,, мысалы, «көл», «қалам», «аю». Осы үш сөзді кірістіріп көбірек сөйлем құрауы қажет. Жауаптары жүйесіз ( «Аю көлге қаламын түсіріп алды»), жаңа объектілерді кіргізіп және ситуацияладың шегінен шыққан күрделі ( «Балақалам алып, көлге шомылып жатқан аюдың суретін салды») және осы заттардың стандартсыз байланысы ( «Қаламдай жұқа бала көлдің жағасында тұрып аю сияқты ақырды») болуы мүмкін.

Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, ір түрлі әдіс-тәсілдерді жетік білуі қажет.

Көмекші құрал ретінде қолданылатын ойындар арқылы түзету жұмыстарының алатын орны ерекше екені сөзсіз. Дегенмен, психолог маманның алдында жалпы білім беретін пәндер мен оқу дағдарысын еңбек пәнімен байланыстыра қолдану аса тиімді.


7.7 Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігі төмен оқушылармен тренинг сабақ

Мектеп психологының сөзі:

Сәлеметсіздер ме, Құрметті қонақтар! Құрметті оқушылар!

Бүгінгі біздің сабағымыздың І бөлімі психодиагностикадан басталады. ІІ бөлімі психокоррекциялық жұмыстарға арналады.

І. Танысу тренингі:



Мақсаты: оқушылар арасында жағымды есте сақтау қабілетін орнату.

Нұсқау: Қазір, балалар, сіздер 1-ші (партадағы) оқушыдан бастап өз есімдеріңе жақсы сөзбен мақтау немесе мадақтау (сөзін қосып танысу аяқталғанша алдындағы қағаздарына жазып) айтып шығамыз.

1-ші оқушы «Менің есімім .............» деп бастап, 2-ші оқушы жалғастырады, әрі қарай танысу аяқталғанша жалғастырады. Сонымен, танысып болған соң, есімдері жазылған парақты алдына қояды.



Не өзгерді?

Мақсаты: баланың танымдық белменділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Құралы: бірнеше ойыншық

Нұсқау: Үстелдің үстіне бірнеше ойыншық қойылады. Балаға үстелде тұрған ойыншықтарды есіне сақтау ұсынылады. Содан кейін «Көзіңді жұм! Деп нұсқау беріледі. Осы кезде жүргізуші 1 ойыншықты алып қояды. Жоғалғанын табу ұсынылады.

Сандарды есіңе сақта

Мақсаты: баланың есту арқылы қысқа мерзімде есте сақтауының көлемін анықтауға арналған.

Нұсқау: қазір мен саған сандарды айтамын, ал сен, жүйелі түрде сандарды жоғарыдан төменқарй оқуың керек (2 секунд ішінде).
9,4,6,5,9,3,8,3 3,9,4,2,1,3,7,5 2,1,7,0,1,8,9,5

Сөздерді жаттап ал

Мақсаты: жаттап алу прцесінің динамикасы анықталады.

Нұсқау: балаға 12 сөзден тұратын қатарды жаттап алу және қатесіз еске түсіру тапсырмасы беріледі.

Сөздер: ағаш, қуыршақ, гүл, құс, шаш, сурет, адам, кітап, қалам, киім, алма.

Жүргізуші сөзді бірінен соң бірін 3 рет оқиды. Әрбір қатарды еске түсіріп қағаз бетіне түсіреді. Содан соң оқытылып тыңдалады.



Мен жақсы көремін ойыны

Ойын шарты:

Дөңгеленіп тұрып, бір-бірімізге доп лақтырамыз. Доп кімнің қолына түссе, сол оқушы кімді жақсы көретінін айтады. Мысалы, мен анамды жақсы көремін. Өйткені, ол менің ең жақын адамым. Немесе мен Айнұрды жақсы көремін. Өйткені ол сыпайы және т.б. ойынның соңында доп жүргізушінің қолына тиеді.



Сәлемдесу

Ойын шарты: екі оқушы ортаға шығып, бірі інісі, бірі ағасы болып бір-бірімен сәлемдесуі қажет. Інісі ағасына қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін? Ағасы інісіне қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін?



Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып, мадақтау

Ойын шарты:

Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «Сиқырлы таяқшаны! Отырған оқушылардың біріне ұсынады. Ол жанында отырған баланың жақсы жақтарын айтып мадақтайды ды, таяқшаны оған береді. Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді.

Айтылған жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл сенің дауысың қандай көркем! Гүлнар сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді! Марат маған сенің ақкөңілділігің ұнайды және т.б. соңында балалар бір-біріне рақмет айтысып ойынды аяқтайды.

Психолог қорытындысы

Біріншіден, мұндай ойындар балалардың қызығушылығын тудырып, оқу іс-әрекетіне танымдық ынтасын арттырады.



Екіншіден, баланың қабілеттерін дамытады (зейінін бір жерге шоғырландыру, зейінді болуға керекті жерде қажетті нәрсені есте сақтау мен ойлап табуға үйренеді).
7.8 Бекітуге арналған сұрақтар

  1. Интеллектуалдық дамудың көрсеткіші сөйлеу жағдайына байланысты деп кім есептеген?

  2. Ақыл-ой қабылдауының басты көрсеткіші адамның сенсорлық қызметінің жағдайы деп айтқан және алғаш тестілеуді жүргізген ағылшын биологы?

  3. Т. Симон және А. Бине қандай тесттің нақты жүйесін құрды?

  4. «Өлшемдік жартас» тестінің кемшілігі неде?

  5. АҚШ-та ақыл-ойы кем балаларды іріктеуге арналған комиссия құрамына қандай мамандар кіреді?


7.9 Ақыл-ой кемістігі бар балаларды үйрету тақырыбы бойынша

Тест

  1. Психологиялық әдебиеттерде кездесетін М. Кеттелдің есімімен байланысты термин?

  1. «интеллектуалдық тест»+

  2. «жекелей тест»

  3. «топық тест»

  4. «сенсорлық тест»

  5. «соматикалық тест»

  1. Күрделі психологиялық үрдістерді анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретін тесттік зерттеудің серияларын дайындаған неміс психологы?

  1. А. Бине

  2. М. Кеттел

  3. Э. Крепелин+

  4. Ф. Гальтон

  5. Э. Сеген

  1. «Өлшемдік жартас» тестінің алғашқы нұсқасы қай жылы шықты?

  1. 1805 жылы

  2. 1900 жылы

  3. 1910 жылы

  4. 1905 жылы+

  5. 1915 жылы

  1. «Өлшемдік жартас» тестінің екінші нұсқасы қай жылы шықты?

  1. 1905 жылы

  2. 1907 жылы

  3. 1918 жылы

  4. 1923 жылы

  5. 1908 жылы+

  1. «Өлшемдік жартас» тестінің екінші нұсқасы қандай жастағы балаларды зерттеуге арналған?

  1. 5 пен 7 жас аралығы

  2. 8 бен 16 жас аралығы

  3. 5 пен 13 жас аралығы

  4. 3 пен 13 жас аралығы+

  5. 1 мен 3 жас аралығы

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Под.ред. В.С. Кукушина. Коррекционная педагогика. Москва-Ростов-на-Дону. 2004

  2. //«Мектептегі психология- Психология в школе» №10, 2011 қазан 18-23 беттер, - Муралинова Г.

  3. //«Қызықты психология» №3, 2010 қаңтар 18-19 беттер

  4. //«Мектептегі психология – Психология в школе» №2 (26), 2010, 34-36 беттер, - Пірназарова А.

  5. //«Мектептегі психология - Психология в школе» №3 (21), 2009. 44-45 беттер, - Амандықова З.



13- дәріс. Тақырыбы: Жалпы және арнайы білім беру: интеграция және дифференциация. Инклюзивті білім беру. Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру. Арнайы педагогика және гуманистік білім беру жүйелері. (2 сағат)
 Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етиетін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.

 Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.

    Инклюзивті оқыту- барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Педагогика тарихында Европалық білім беру тәжірибесіне бірге оқыту феномені  деген педагогикалық идеяны енгізген педагог И.Г.Песталоцци (1746-1827) болды. Көру, есту, зият кемістігі бар балаларды сау балалармен бірге оқыту идеясы XIX ғ. бірінші жартысында европалық мұғалімдердің ойын жайлаған идея болды (Франция, Германия, Австрия т.б.).

Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-нң Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білі беру мәселесі шкет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздернің білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді.  Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардыжалпы білім беретін ортада  біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар,, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы  «кедергісіз аймақтар» құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада  мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ. Бүгінгі таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі –жарымы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты:

 Жаңа құралдарды қолдану қызметімен балаларды үйрету

 Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы және бұзылысын түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны қолдану.

Оқытуда басқа құралдармен салыстыру бойынша компьютерлік  технологиянының артықшылығы:

Жеке түзетумен оқыту мүмкіншілігі; білімді меңгеру тәсілімен тек қана оның теңдестік темпі үшін әр балалға қамтамасыз ету мүмкіншілігі;

Дербес өнімді қызметтер мүмкіншілігін ұсынуда;

Кепілденген жүйелік көмекті қамтамасыз ету;

 Біздің  елімізде инклюзивті білім идеясына  қоғамның қатынасы әлі де болса төмендігі байқалады. Бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал,теледидар, радио) арқылы инклюзив идеясын халыққа жеткізу жеткілікті дамымаған десе де болады.Көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары  мүмкіндігі шектеулі балалар  кейпін «кемтар», «мүгедек», «әрдайым  материалдық жәрдемді қажет ететін» қоғам мүшесі ретінде көрсетеді.Инклюзивті білім беру  проблемасын жүйелі түрде шешу қажет , яғни тікелей немесе жанама қатысты барлық ішкі жүйені (білім беру, әлеуметтік, нормативті-құқықтық, экономикалық) мемлекеттік, аумақтық деңгейде келтіріп шешім қабылдау. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивтік білім берудің дамып жатқанын көрсетеді. Бірақ шешімін таппаған мәселелер көп. Орта білім беретін мектептерде педагогтарды дайындау, мектептердің ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәселелер шешілу керек.  Елімізде  инклюзивті білімнің нашар дамуы  «ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім бағдарламасында» сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және 2 кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Республиканың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесінде ерекше қажеттілікті балаларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі заманғы қазақстандық әлеуметтік экономикалық жағдайларды, ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Оның үстіне, инклюзивті оқыту мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сезімтал бағдарлама мен кадрлық базамен қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асуы қажет, ал әдістемелер баланың ерекше мүмкіндіктері мен қабілетіне, сонымен қатар оның дамуындағы ерекше қиындықтар сипатына сәйкес болғаны жөн.

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалық кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.

Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі –еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.

Инклюзивті білім беру оқыту процессінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педогогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн.Жалпы инклюзивті білім беру – мүміндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудін бір формасы. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін : жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады.

Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Инклюзивті білім берудін мазмұны:Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:

* жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары:

* мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары

мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы

Мен педагогикалық практикадан өткенімде инклюзивті сыныппен жұмыс жасадым.Онда Диляра есімді инклюзивті білім алатын қыз   бала болды.Сол сыныппен жұмыс жасау барысында инклюзивті білім беру керек екендігін    түсіндім. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным  процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептердегі  мүмкіндігі шектеулі балалар оқу  материалын меңгеруде,   жеке тәсілдің  жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық,  әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады.

 Сөзімді қорыта келе айтатыным,

Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында  мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі  қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның  балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.

Қорыта айтқанда,қазіргі таңда  әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне  бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім  -барлығы үшін»деген ұстанымды  қолдаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.   «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың  2011-2020 жылға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы»  Астана, 2010 ж

2.   А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы,  2008 ж

3.   Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау  туралы. ҚР 2002ж  №343 заңы

4.   Дефектологиялық сөздік .

 

14- дәріс. Тақырыбы: Даму ауытқулары бар балаларды тәрбиелеп отыратын отбасыларды психологиялық зерделеу (2 сағат)

Жоспар:

8.1 Қиын балаларға жалпы сипаттама

8.2 Қиын балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері

8.3 «Гайденс» эксперименті

8.4 Қиын балалардың мінез-құлқын түзертудің мәселелері

8.5 Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренингтер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет