«арнайы педагогика және түзету психологиясы»


Бекітуге арналған сұрақтар



бет8/13
Дата19.06.2016
өлшемі1.6 Mb.
#148308
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Бекітуге арналған сұрақтар

  1. Мектепте оқуға даярлық деген не?

  2. Мектеп табалдырығын енді аттаған балаларда қандай қиындықтар болады?

  3. Баланың мектепке даярлығын қалай тексереміз?

  4. Бастауыш сыныпта педагогикалық тәрбиеден босаңсуға қандай факторлар әсет етеді?

  5. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаға сипаттама беріңіз.

  6. Психологиялық-педагогикалық алдын алу және психологиялық-педагогикалық коррекция ұғымдарына анықтама беріңіз.

  7. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаларға алдын алу және коррекциялық жұмыстар жүргізудің жалпы принциптері қандай?

  8. Баланың жасына байланысты алдын алу әдістері қандай топтарға бөлінеді?

  9. Қорқыныш пен үрейдің айырмашылығы неде?

  10. Жас ерешелігіне байланысты қорқыныштар дегеніміз не?

  11. Невротикалық қорқыныштарға сипаттама беріңіз.

  12. Бастауыш сынып оқушыларындағы мектептік үрейді жеңу үшін қандай жұмыстар атқаруға болады?

  13. Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу мақсатында қандай іс-шаралар жүргізіледі?

  14. Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу жұмыстар қандай бағыттар бойынша жүргізіледі?


4.8 Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция тақырыбы бойынша тест

1-нұсқа

1.Бастауыш сыныпта педагогикалық тәрбиеден босаңсуға әсер ететін мектептік фактор:

А) оқу нәтижесін төмен бағалау +

В) жолдастарымен қарым-қатынасы

С) отбасындағы мәселелер

D) оқушының жеке бас ерекшеліктері

Е) мұғалімнің жеке бас ерекшеліктері

2. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған бала тұлғасына оны қарым-қатынас, іс-әрекет және өзіндік сана субъектісі ретінде қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін психологиялық-педагогикалық әсер ету тәсілдерінің жиынтығы қалай аталады?

А) психологиялық-педагогикалық коррекция +

В) психологиялық-педагогикалық диагностика

С) психологиялық-педагогикалық терапия

D) психологиялық-педагогикалық кеңес

Е) психологиялық-педагогикалық алдын алу

3. Балаларды тәрбиелеу ұжымының өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты алдын алу әдістерінің түрі:

А) ойынның таным сипаты;

В) эмоционалдық қайғыру жағдайын тудыру;

С) шұғылданушылық;

D) ұжымдық ойындар +

Е)өмірлік тәжірибеге сүйену

4. Баланың эмоционалды жағымсыз жағдайының көрініс беруінің жеңіл формасы – бұл ...

А) қорқыныш

В) ерік


С) үрей +

D) ішкі көзқарас

Е) агрессия

5. Жоғары эмоционалдық интенсивтілікпен, ұзақ уақыттылықпен немесе тұрақтылықпен, мінездің және тұлғаның қалыптасуына жағымсыз әсер етумен, т.б сипатталатын қорқыныш түрі

А) сыртқы

В) ішкі


С) жас ерекшелігіне байланысты

D) жеке бас ерекшелігіне байланысты

Е) невротикалық

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Зайцева И.А., Кукушин В.С., Ларин Г.Г., Румега Н.А., Шатохина В.И. Коррекционная педагогика/ Под.ред. В.С.Кукушина. Изд-е 2с, перераб. И доп. – М: ИКЦ «МарТ»: Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2004.-84-135б

  2. Трофимова С. Балапанның дәптері. 6-дан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған жазу.-Алматы: «8&8», 2011.-1-2б.

  3. http//: www.google.ru



10- дәріс. Тақырыбы: Оқушыларының жағымсыз эмоционалды жағдайын түзету және жағымды оқу мотивациясын қалыптастыру

5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері. 5-сынып оқушыларына мұғалімдер және ата-аналар тарапынан көмек көрсету мәселелері5-сынып оқушыларын бейімдеуге арналған тренинг (2 сағат)


5-сынып оқушыларының жағымсыз эмоционалды жағдайын түзету және жағымды оқу мотивациясын қалыптастыру

Жоспар:


5.1 5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері

5.2 5-сынып оқушыларына мұғалімдер және ата-аналар тарапынан көмек көрсету мәселелері

5.3 5-сынып оқушыларын бейімдеуге арналған тренинг

5.4 5- сынып оқушыларының сынып ішілік қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренинг

5.5 Бекітуге арналған сұрақтар

5.6 5-сынып оқушыларыныңжағымсыз эмоционалды жағдайын түзету және жағымды оқу мотивациясын қалыптастыру тақырыбы бойынша тест


5.1 5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері

Балалық шақтан орта сыныптарға (5-6 сынып) өткен кездегі мектеп оқушыларының психикалық және жеке дамуында көптеген психологиялық өзгерістер болатындығы анық . Сондай-ақ 5-сыныпқа көшу - оқыту кезеңінің «ересек» түрінде әділ бағаланып, сабаққа деген өзіндік қатынастың қалыптасуын жеңілдетеді, алайда балалардың барлығы бірдей оған дайын еместігі байқалады. Яғни бұрынғы ұсыныстарды балалар мойындамайды, ал жаңа ұсыныстар әлі пайда болмағандығымен сипатталады. Сондықтан 5-сынып оқушыларын 4-сыныппен салыстырғанда, олардың көпшілігі «оқу саған ұнайды ма?» деген сұраққа «білмеймін» деп жауап береді. Бұл «ауыспалы» кезеңде өзін-өзі бағалау дағдарысының пайда болуы туралы айтуға болады. 4-5-сыныпта өзін-өзі жағымсыз жағынан бағалау көлемі ұлғаяды, өзін жағымсыз және жағымды бағалау арасындағы тепе- теңдік алғашқысының басымдылығымен жойылады. Өзіне-өзі көңілі толмауы бұл кезеңде олардың өмір әрекетінің жаңа аумағына ғана емес , сонымен қатар, оқу әрекетіне де , тіпті игерілген аймаққа да әсерін тигізеді.

Диагностикалық зерттеулер қорытындысы 4-5-сынып аралығы оқушылардың оқуға, мектепке деген қызығушылығының төменделуімен сипатталады. Бұл бағытты түзету, орайына қарай дұрыс тәрбиелеп, бағыт беру мұғалім және психологтар міндеті екендгі анықталады.

Мектеп педагог - психологы бастауыш мектеп оқушыларының орта мектепке ауысуына қаншалықты дәрежеде дайын екендігін қандай көрсеткіштер арқылы білетіндігіне тоқталайық. Орта мектеп буынында оқуға дайындықты келесі түсініктер арқылы көрсетуге болады:



  1. Оқу әрекетінің негізгі компоненттерінің қалыптасқандығы, бағдарламалық материалдың сапалы меңгерілуі;

  2. Кіші мектеп жасының жаңа құрылымы, ырықтылық, рефлексия, ұғым бойынша ойлау;

  3. Мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым-қатынастың сапасының ересектеу типі.

Мектеп психологы бұл жастағы балалармен жұмыс барысында олардың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын ғана емес, сонымен қатар мектепке қатысты әлеуметтік – педагогикалық ерекшеліктерді де есінде сақтауы керек.

Бастауыш мектеп оқушыларының орта буынға ауысуындағы жиі кездесетін мәселелердің бірі – ол бесінші сыныптардың жаңа мұғалімдерге деген бейімделуіндегі қиындықтар. Олар оқушы мен мұғалімнің бірін-бірі түсінбейтін жағдайды және жанжалдар туғызулары мүмкін. Алайда, мұндай қиындықтар балалармен ғана емес, сонымен бірге ата-аналар, мұғалімдер арасында да пайда болуы мүмкін. Бастауыш мектепке қарағанда енді 5-сыныпта ата-ана өз баласы туралы мәліметтерді түрлі мұғалімдерден алады, сондықтан оларда балаларының оқуындағы жетістіктерін, әр түрлі сабақтардағы олардың мінез-құлқының қандай екенін салыстыруға мүмкіндік туады.

Олар балаларының жетістіктері мен сәтсіздіктерін бұрынғыларымен салыстырып, қорытынды жасай алады. Егер нашар жаққа өзгерсе, ол мұғалімдер мен мектеп психологының бұрыс қатынасымен түсіндіріледі.

Бұл жағдайда психологтың басты міндеті – тек балалармен ғана емес, сонымен қатар бастауыш және орта буын мұғалімдерімен жұмыс істеп, әсіресе болашақ сынып жетекшілерінің балалардың жаңа қарым-қатынас типін ауыр қабылдамауына үлес қосу.

Көптеген оқушылар мектептегі орта буынға оқу үрдісіндегі және адамдармен қарым-қатынастағы әлі де шешіле қоймаған мәселелермен келеді. Әр «мәселелі» бала өзінің ерекшеліктері мен қиындықтарының сипаты бойынша жекеленеді.Сондықтан, диагностикалық бағдарлама баланың психикалық дамуының түрлі жақтарын анықтауға бағытталуы тиіс.

5.2 5-сынып оқушыларына мұғалімдер және ата-аналар тарапынан көмек көрсету мәселелері

Жаңа оқу жылының басталуы бесінші сынып оқушыларымен қатар ұстаздары мен ата-аналары үшін де аса маңызды, қиын кезең. Бұл қиындықтар тек оқу барысымен ғана байланысты емес, сонымен қатар мектеп ішілік кезеңге де байланысты.

Бесінші сынып оқушыларының айтуы бойынша, мынадай қиындықтарға тап келеді:

• сан қилы ұстаздар қауымы;

• дағдыланбаған сабақ кестесі;

• беймәлім орналасқан жат іс-бөлмелері;

• жаңа сынып жетекшісі;

• жоғарғы сынып оқушыларымен шиелініскен мәселелер және т.б.

Әрине, қоғамдық қатынастар мен мектептің міндетті нормалар жүйесіне тез және оңай енетін балалар да бар, бірақ 5-сынып оқушыларының көбісі диагностика көрсеткіштері бойынша дезадаптацияға ұшыраған, яғни бала ұқыпсыз, жауапкершіліксіз болады, өзіне қойылған жоғарғы талаптарды орындамай, жаңа сыныптастарына және бейтаныс мұғаламдерге жағымсыз қылық танытады әрі сенімсіздік пайда болады.

Сонымен қатар, баланың психологиялық қасиеттері, олардың икемділігі және ерекшеліктері оқылатын пәнге қатысты нақты білімді мұғалімнің талаптарына қаншалықты сай келуі де аса маңызды.

Психологтардың мәліметтері бойынша, көп жағдайда бесінші сынып оқушыларының оқуға бейімделу жағдайларында мектеп жағдайларына қатысты және өз жеке өмірлерінде уайымдау, сонымен бірге аз ғана қорқыныш сезімі пайда болады. Мысалы, қорқыныш ңәтижесінде қоршаған адамдардың күткен нәтижелері сәйкес келмеуі, яғни өзіндік көрсеткіш бойынша бала қорқыныш салдарынан өз сөзінде тұтығады. Және бұл қалыпты жағдай болып табылады.

Барлық бесінші сынып оқушыларының үш-үш жарымы мұғаліммен қарым-қатынас кезіндегі қорқыныш жағдайын сезінеді. Өз кезегінде, ата-аналар баланы мектептегі өз күшіне сенімсіздік танытатын балалармен байланыстыра, төмен баға алып қалу қаупін ескере отырып, бағаға жұмыс істеуге соншалықты итермелейді. Бұл факт әсіресе бесінші сыныптықтардың мектеп өміріне бейімделу кезеңінде, яғни баланың барлық мектеп талаптарын жақсы орындауға, өзін жақсы жағынан көрсетіп, белсенділік танытуға деген ықыласы кезеңінде белең алады.

Бесінші сынып оқушылары үшін жаңа сынып жетекшісімен ара қатынасы аса маңызды. Себебі оқушылар төменгі сынып оқушыларының орта буынға ауысу кезінде сабақ үстінде және сабақтан тыс кездерде мұғаліммен талапқа сай қатынасты қажет етеді. Мектеп және сынып ішілік әлеуметтік және этикалық нормаларды қабылдау мен ұстану алдымен сынып жетекшісі арқылы жүзеге асады.

Дағдылану мәселелері балаларда бастапқы, сондай-ақ ортаңғы және жоғарғы сыныптардағыдай оқу барысында туындайды. Әрбір осындай ауыспалы кезең өз ерекшелігіне ие. Барлық осы психологиялық ерекшеліктер 10-11 жас шамаларында орта мектепке ауысу кезінде біртіндеп біліне бастайды. Сондықтан да бейімделу үдерісі бұл жаста соншалықты оңай болмауы мумкін: үдеріске ұстаздың араласуы өте қажет. Және бұл біздің көзқарасымыз бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Мұғалімдер және ата-аналар балалардың сабақты қаншалықты дәрежеде меңгергенін, өткен материалды оқушының түсінгенін қадағалап отырулары аса маңызды және көп көңіл бөлулері қажет.

Ол үшін баланың тапсырмаларды түсіну және қабылдауына қатысты (қадағалау, тыңдау, визуалдық, кинестетикалық - тактикалық) сараптамаларды жақсы білу керек.

Мұғалім сыныптағы оқушылардың тұлғалық қарым-қатынастарына көп көңіл бөлу керек, көш басшы және қабілетті балаларды тауып олармен атқарылатын жұмыстарды жақсы жолға қоюға тиіс. Балалар ұжымына көмекті шиелініспеген жағдайда жетілдіріп отыру және оларды шиеленіспеген қарым-қатынастқа үйретуі тиіс.

Мұғалімдер мен ата-аналар бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, оқу барысындағы қиындықтарды бірігіп шешулері керек және де қиындық туғызған мәселерді анықтап, алдын алуға тиіс.

Мұғалім өз бақылауында, әсіресе, мектеп ортасына бейімделу сипатындағы тәртіп пен әрекет жағдайларына ерекше көңіл бөлуі қажет.

Пән мұғалімдері сыныптағы жағдайға қиындық туғызбайтындай сауалнама өткізуіне болады.. Оқушыларды шақырғанда аты және тегімен атағаны дұрыс.

Оқушы дұрыс жауап бермегенде сыныптың алдында оны ұялтпай, жекірмей, ренжітпей дұрыс жауабын түсіндруге тырысуы тиіс.

Сыныптағы күйзелістік жағдайды әзілмен жуып - шайып отыру жақсы көмек көрсетеді. Жемісті еңбекті қажетті түрде қолдап отыру қажет. Әрбір оқушыға аса маңызды болып келетін қызығушылықты арттырып отыру қажет.

Ұсыныстар:

• Сəтсіздікке ұшыраудан қорықпау;

• Өздерінің қалай оқитындықтары туралы жоғары дəрежеде хабардар болу;

• Өз мойындарына жауапкершілікті алу жəне өз оқулары бойынша белсенді жұмыс жүргізу;

• Өздерінің жеке мақсаттарын көп қолдану;

• Өздерінің ойларын сенімді айту, басқа адамдардың ойларын тыңдау жəне сыйлау;

• Өздерінің жеке жетістіктері мен сыныптастарының жетістіктерін қарастыру жəне қалай жетілу керектігін жақсы түсіну;

• Ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін өздерінің білімі мен дағдыларын кеңейту үшін пайдалану.

Әрбір ата-ана бала бойындағы жасқаншақтық пен ұялшақтық мінезге ұсақ-түйек мәселе деп қарамауы шарт.Баласының бұл мінезін есейе келе қалатын уақытша құбылысқа балап, елең қылмаса, бұл мінез-құлық баланың бойына тереңдей еніп, есейе келе одан арылу үшін қиындық туғызады.

Жасқаншақтық мінез бала әлденеден жасқанған жағдайда пайда болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының жасқаншақтық мінезін сезген сәттен бастап, оған көмек қолын ұсынғаны жөн.

Баланың сәл-пәл атқарған жақсы істерін қолдап, бойында өзіне деген берік сенімді орнықтырып,қолға алса, кез келген істі атқара алатынына, басқалардан ешқандай кемістігі жоқ екендігіне көзін жеткізуі керек. Баланың өтпелі кезеңде, одан кейін де талай қиындықтарға килігетініне көзін жеткізіп, өмірдің бірыңғай жақсылықтан тұрмайтынына, сонымен қатар кемшілік атаулының барлық адамның бойында болатынына көзін жеткізуге тырысқаны абзал.


5.4 5- сынып оқушыларын бейімдеуге арналған тренинг

Сабақ барысы

1 саты – танысу.

Психолог (сыныпқа қарап):

Балалар сендер бастауыш сыныпты тамамдадыңдар.Сендер бір жылға есейдіңдер. Бесінші сыныпта сендер көп жаңа нәрселермен кездестіңдер және әлі де кездесесіңдер. Бастауыш сыныптарда болмаған жаңа нәрселерден не естеріңде қалды?

Балалар:жаңа мұғалімдер, пәндер.

Педагог:Айналадағы жабдықтарға қарап өздеріңнің қалай өзгергендеріңді көріп отырсыңдар, себебі енді сендер бесінші сыныпқа көштіңдер.Сендермен жақсы танысу үшін біз бесінші сыныптағылар әлеміне саяхатқа шығамыз.Ол үшін біз ең алдымен билеттер сатып алуға тиіспіз.

(Люшердің топтық тесті алынады.Балаларға карточкаларының ішінен өзін көретіндей түсті таңдау ұсынылады).

2 саты – саяхат.

1 бекет – «Танысу». Танысу үшін «Сыныптасың туралы айт» ойыны қолданылады.



Педагог:Балалар сендер бір-біріңді жақсы білесіңдер ме? Айтыңдаршы сыныптарыңа жаңадан келген оқушылар бар ма?

(Балалар жаңадан келген оқушыларды айтады)

Ойынның жалғасы: сынып жетекшісі бір баланы сипаттайды, қалғандары кімді айтып тұрғанын табады.Тек жақсы нәрселерді айтуы керек.Мысалы, «Ол мейірімді, жақсы бірақ үзілісте жүгіреді және сабаққа кешігіп келеді»

Педагог:Ал енді қайсыларың өз сыныптастарың туралы оның атын айтпай, сипаттап бергілерің келеді? Құрдастарыңды ренжітіп алмайтындай етіп сипаттауға тырысыңдар.Кім сипаттап көреді?

3 саты – Қағазбен жұмыс.

Сабақ барысында барлық балаларға шақпақ қос беттер таратылады.

2 бекет – «Мен нені жақсы көремін?»

Балалар екі бөліктен тұратын жүректі толтырады.




Педагог:Менің берген белгім бойынша, жүректі толтырыңдар.Мысалы, мен оқығанды жақсы көремін, пиязды жақсы көрмеймін.

3 бекет – «Талқылау» Оқушылар қағаздағы «Аяқталмаған сөйлем» анкетасын толтырады:

- бастауыш мектепте маған бәрінен бұрын ұнағаны...

- бесінші сыныпта маған бәрінен бұрын ұнағаны...

- бастауыш мектепте маған ұнамағаны...

- егер мен директор болсам, мектепте бұдан да жақсы болу үшін мынаны істер едім...

- егер мен сынып жетекшісі болсам, сыныпта қызықты болу үшін мынаны істер едім...

4 бекет – ойындық. «Хайуанаттар бағы» ойыны. Балалар шеңбер болып отырады.Қазір балалар, әрбіреуіңе хайуанаттар аттары жазылған карточкалар таратылады. Менің нұсқауым бойынша, сендер қағаздарыңда жазылған хайуан бейнесін жесттер мен дыбыстар көмегімен көрсетесіңдер. Әр қатысушының міндеті – сыныптастарың қай хайуанды сомдап тұрғанын табу.Ойын барысында сөйлеуге тыйым салынады.

Сосын балалар жұп болып екі қатарға тұрулары тиіс; бірінші қатардағы балаларға жануардың аты жазылған карточкалар беріледі және балалар оны сомдайды, ал екінші қатар хайуанның атын табады.Нәтижесінде тұтас сынып ондағы оқушылар санына байланысты 4-5 адамнан топтарға бөлінеді. Осындай құрамда балалар партаға отырып келесі бекетке сапар шегеді.

5 бекет – «Нағыз бесінші сыныптағы оқушы»

1 тапсырма. Өзіне ат таңдау.

2 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру

- сендерге сабақ беретін мұғалімдерді алдымен жазып сосын атап беру;

- нағыз бесінші сынып оқушысының 5 қасиетін атау;

6 бекет – «Ақырғы». «Қарым-қатынастың түрлі-түсті тесті» әдістемесі қолданылады. Қос беттің соңғы бетінде төрт шаршы салынған.

Педагог:Балалар шаршыларды өздерің мыналарды қалай деп көресің, сол түстермен бояп шығыңдар:


  • мұғалім;

  • ана;

  • сыныптасың;

  • мектеп;

Бекітуші саты: «Менің жанұям» атты суретті тест жүргізіледі.

Сабақ нәтижесін шығару:балалар сендерге сабақта не ұнады және не ұнамай қалды?

Қоштасу.

5.5 5-сынып оқушыларының сынып ішілік қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренинг

«Біз және біздің сынып»

Мақсаты: сынып ішілік қарым-қатынасты жақсарту

Сабақ барысы.

1. Ең алдымен оқушыларға ұсынылады: оң жағында отырған көршісіне, сол жақтағы көршісіне қарап күлімсіреп, қолынан қысып, СӘЛЕМ деулері керек.
2. Сынып жетекшісі барлығы бір уақытта айғайлап, өз мекен-жайларын айтуларын өтінеді. Кейіннен кез келген оқушыдан басқа оқушының мекен-жайын сұрап, не себепті ақпаратты дұрыс түсінбегендіктерінің себептерін айтып, қарым-қатынастың ережелерін енгізеді:

3. Сынып жетекшісі дискуссия ұйымдастырады, аяқталмағын сөйлемдерді оқиды, ал оқушылар соған сәйкес сыныптастарының атын мен тегін айтады.


  • Біздің сыныпта өз бетінше жұмыс істейтін оқушы…

  • Мені жиі таңқалдыратын оқушы...

  • Өмір деген қиын нәрсе, бірақ біздің сыныпта қиындыққа төзе білетін оқушы...

  • Бұзақыға қиын соғады, егер ол біздің ... кезіктірсе.

  • Біздің сыныптағы ең дарынды тұлға ...

  • Сыныпта бәрінен де жақсы тыңдай білетін, түсінетін, қолдау көрсете білетін...

  • Егер сыныпта көңілсіз болса, демек сыныпта... жоқ.

  • Маған …тақтада жауап бергені қызықты.

  • Жақын арада…үздік оқушы атануы мүмкін.

  • Менің түсіме жиі кіретін оқушы…

  • Тапқырлық…тән.

  • Сыныптық кештердің сәні…

  • Сыныптағы ең мейірімді оқушы деп …айта аламын.

  • Саясатқа қызығатын оқушы…

  • Біздің сыныптағы жомарт оқушы …

  • Қарапайымдылығы ерешелеп тұратын оқушы…

  • Сыныпта …келгенде көңілдірек.


4. Оқушыларға оқу жылындағы ең басты жетістіктері туралы айтып беру ұсынылады. Әрбір айтылған жетістікке қалған барлық оқушылар хормен «Тамаша!» деп айғайлап, бас бармақтарын жоғары көтереді.

5. Сергіту жаттығуы

Өзіңді келесі категорияға жатқызатын болсаң, қолыңды шапалақта:



  • Барлығымыз шапалақтаймыз;

  • Тек қана қыздар;

  • Дәмді тамақтанғанды ұнататындар;

  • Сабаққа кешігетіндер ғана;

  • Жақсы оқитындар ғана;

  • Жазғы демалысты жақсы көрмейтіндер ғана;

  • Тәттіні жақсы көретіндер ғана;

  • Футбол ойнағанды жақсы көретіндер ғана;

  • Көңіл-күйі көтеріңкілер ғана.


6. «Менің бейнем күн сәулесімен шағылысуда» жаттығуы

Әрбір оқушыға парақ таратылады. Парақтың дәл ортасында шеңбер ішінде «Менің шамам келеді!» деп жазылған. Оқушылар күннің шашып тұрған сәулесін салып, әрбір сызыққа өздерінің басқа біреу үшін не істей алатындарын жазады. Жазбалардың кейбіреулері оқылады.


7. Оқушыларға алты бұрышты формадағы қағаз, түрлі түсті қарындаштар таратылады. Әрқайсысына өзінің елтаңбасын салу тапсырмасы беріледі және ол елтаңбада міндетті түрде аты және бір жағымды қасиеті жазылу керек екенін ескертеді. Елтаңба әдемі безендірілуі керек. Кейіннен оқушылар үлкен алты бұрышты формадағы ортақ шаблонға өз елтаңбаларын жабыстырады. Елтаңбалалар бір-біріне тығыз жанасып тұратындай етіп жабыстырылуы керек. Шаблонда кейінірек «БІЗ» деп жазу үшін орын қалтырылуы керек. Ватманға алдын алты бұрышты фигура салынып, ілінеді. Әрбір оқушы тақтаға келіп осы алты бұрышқа өз елтаңбасын жапсырады. Мұғалім олардың ортақ елтаңбасының араның ұясына ұқсайтындығына назарларын аударады. Аралар өте еңбекқор келеді және олар бірігіп берік үй құрастырады. Оқушыларға әрбір «МЕН» жиналып келіп «БІЗ»ді құрайтындығын түсіндіру керек. «БІЗ» сөзі бос орынға жазылады. Қорытындыда «БІЗ»дің «МЕН»сіз бола алмайтындығы туралы айтылады.

Барлық оқушылар хормен «Біз бәріміз» деп айтады да, бір бала әрбір елтаңбадағы жағымды қасиеттерді оқиды. Мысалы, біз бәріміз әдеміміз, ақылдымыз.


8. Рефлексия.

Оқушыларға қағаз ұялы телефон арқылы бүгінгі тренинг қалай өтендігі жайлы хабарлап досына SMS-хат жолдау тапсырмасы беріледі





5.6 бекітуге арналған сұрақтар:

1. Орта мектеп буынында оқуға дайындықты қандай түсініктер арқылы көрсетуге болады?

2. Бастауыш мектеп оқушылары орта буынға ауысуында қандай қиыншылықтар кездеседі?

3. Орта буынға бейімделдің қандай ерекшеліктері бар?

4. 5-сынып оқушыларына ата-аналар мен мұғалімдер қандай көмек көрсете алады?

5. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қандай ұсыныстар беріледі?

6. 5-сынып оқушыларына қандай тренинг жаттығулар жүргізуге болады?

5.7 5-сынып оқушыларының жағымсыз эмоционалды жағдайын түзету және жағымды оқу мотивациясын қалыптастыру тақырыбы бойынша

Тест

1. 5-сыныпқа көшуде туындайтын қиындық:

А) оқу бағдарламасы жеңілдейді

Б) орта буынға бейімделу қиындығы+

В) мұғалімдер қатал болады

Г) қиындық болмайды

Д) барлық жауап дұрыс

2. бесінші сынып оқушыларының өздерінің айтуы бойынша кездесетін қиындықтардың түрі:

А) дағдыланбаған сабақ кестесі+

Б) оқу бағдарламасының қиындауы

В) мұғалімдердің қаталдығы

Г) жоғарғы сынып оқушыларының қысым көрсетуі

Д) қиындық болмайды

Е) барлық жауап дұрыс

3. Орта мектеп буынында оқуға дайындықтың мәнін ашып көрсетпейтін түсінікі анықта:

А) оқу әрекетінің негізгі компоненттерінің қалыптасқандығы, бағдарламалық материалдың сапалы меңгерілуі;

Б) кіші мектеп жасының жаңа құрылымы, ырықтылық, рефлексия, ұғым бойынша ойлау;

В) мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым-қатынастың сапасының ересектеу типі.

Г) сынып жетекшісі мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы

Д) оқу бағдарламасын жеңілдетуге бағытталған жұмыстардың маңыздылығының артуы+

Е) дұрыс жауабы жоқ

4. оқушының қызығушылығын арттыруға байланысты қандай ұсыныс беруге болады?

А) өз мойындарына жауапкершілікті алу жəне өз оқулары бойынша белсенді жұмыс жүргізу+

Б) сабақтан қалмау

В)отбасы тәрбиесіне көңіл бөлу

Г) сабақ кестесін өзгерту

Д) оқу бағдарламасын өзгерту

Е)дұрыс жауабы жоқ

5. «біз және біздің сынып» тренингінің мақсаты:

А) отбасындағы қарым-қатынасты жақсарту

Б) мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту

В)сынып ішілік қарым-қатынасты жақсарту+

Г) ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту

Д) отбасылық жұптар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту

Е) барлық жауап дұрыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет