Арнайы пән оқытушысы



бет2/4
Дата28.01.2024
өлшемі26.54 Kb.
#490057
1   2   3   4
биликтиликке пикир

«Х.Өзбекғалиев атындағы
Маңғыстау жоғары политехникалық
колледжі» МКҚК
арнайы пән оқытушысы
Қалжан Ақбаян Құдайбергенқызына


ПІКІР

Қалжан Ақбаян Құдайбергенқызы 2022 жылдан бері ұлым Бектемисов Данияр Ерболұлының топ жетекшісі болып келеді. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, студенттермен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыр-сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.


Ұқыптылық Ақбаян Құдайбергенқызының басты қасиеті болып табылады. Жинақталған білім тәжірибесі студенттерге көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсалады. Ақбаян Құдайбергенқызы ата-аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Бізге әр уақытта көмегін аямады. Колледж ішінде өтетін тәрбие сабақтарына, ата-аналардың жиналыстарына, жарыстарға үзбей қатысып, бағыт-бағдар беріп жүреді. Оның өткізген әрбір сыныптан тыс шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын студент алдында ашық анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін, туған жерге деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді балаларымыздың санасына құюға аянбай еңбек етеді. Оның сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді.
Ақбаян Құдайбергенқызы – еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Ақбаянның алға қойылған мақсаттары орындала беретініне, шығармашылық табыстарға жететініне сеніміміз мол.
Ата-ана: _________________ Джуксангалиева Бактыгуль Мухаммедиевна


«Х.Өзбекғалиев атындағы
Маңғыстау жоғары политехникалық
колледжі» МКҚК
арнайы пән оқытушысы
Қалжан Ақбаян Құдайбергенқызына


ПІКІР

Қалжан Ақбаян Құдайбергенқызы 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндерден дәріс береді.


Ақбаян Құдайбергенқызы байсалды, тыным таппайтын, адамгершілігі мол адам, білім алушыларға әділ және мұқият қарап, білім алушылардың адамгершілік құндылықтарын құрметтейтін оқытушы.
Оқытушы жеке уақытын аямай, барлық жан-дүниесін, мамандыққа деген көзқарасының кәсібилігі мен жеке тұлғаның қалыптасуына көп мүмкіндіктер жасайды.
Оқытушының әдептілігі де білім алушылармен қарым-қатынасында жетекші орын алады. Әдептілік – оқытушының жоғарғы шындық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсетуі, өзін-өзі басқарып ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әр түрлі жағдайларда студенттермен өзге адамдармен, қарым-қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі. Ақбаян Құдайбергенқызы – әр уақытта білім алушылардың құрметті адамы. Олардың айтқанын шәкірттер мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады.
Ақбаян Құдайбергенқызы – өз жұмысына адал, жауапкершілігі мол, әрі білім алушылар алдында зор құрметке ие оқытушы.
Х.Өзбекғалиев атындағы
Маңғыстау жоғар политехникалық колледжі
арнайы пәндер оқытушысы _______________________ Р.Е.Манашева




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет