Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 134.68 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі134.68 Kb.
Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №1597 қаулысы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шендер, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №1597 қаулысымен бекітілген


Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шендерді, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жойылу сәтінде арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иеленген, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

1) ақшалай үлестің белгіленген мөлшері – арнаулы атақтар және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде белгіленген ақшалай қаражат пен қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшін үстемеақылардан тұрады;

2) ақшалай қаражаттың белгіленген мөлшері – арнаулы атақ және сыныптық шенді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде белгіленген айлықақыдан және арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшiн қосымша ақыдан құралады;

3) белгіленген лауазымдық айлықақы – арнаулы атақтар және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде белгіленген лауазымдық айлықақының мөлшері;

4) белгіленген арнаулы атақ немесе сыныптық шен – арнаулы атақтар және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтіндегі құқық қорғау органы қызметкерінің арнаулы атағы немесе сыныптық шені;

5) қызметті өткерудің шекті жасы – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сай келетін арнаулы атақтар және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде белгіленген арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша жасы.

3. Қағидалар арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған және құқық қорғау органдарында мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшілер лауазымдарында жұмыс істеуін жалғастырып отырған адамдарға қолданылады.

4. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар жойылу сәтінде соңғы қызмет атқарған жері бойынша құқық қорғау органдарында зейнеткерлікке шыққан кезде қызметкердің Т.А.Ә. лауазымын, атағын, ақшалай үлесін, әлеуметтік қамсыздандыруын, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды міндетті түрде көрсете отырып, жетекшінің немесе уәкілетті жетекшінің тиісті бұйрығын шығару арқылы міндетті тіркелуге жатады.

Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізіліміне және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне және Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесінде көзделген мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшілерге арналған тиісті санаттардағы лауазымдарға тағайындалады.

Кадр қызметі жетекшінің немесе уәкілетті жетекшінің бұйрығы негізінде тіркеу туралы анықтаманың екі данасын (бір данасы арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамға, екіншісі – оның жеке ісіне беріледі) Қағидаларға қосымшаға сәйкес толтырады.
2. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау тәртібі
5. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдардың заңнамаға сәйкес мынадай:

1) арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде республикалық бюджет туралы заңмен айқындалған мөлшерде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған ақшалай өтемақыға;

Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде көрсетілген ақшалай өтемақыны төлеу, егер тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған ақшалай өтемақы құқығы жойылу сәтінде төленген жағдайда, жүзеге асырылады;

2) зейнетақы тағайындаған кезде есепке алынатын еңбек сіңірген жылдарына (күнтізбелік есептеуге) байланысты жыл сайынғы еңбек демалысына қосымша ақылы демалысқа:

он жылдан аса еңбек сiңiрген жылдары барларға – ұзақтығы күнтізбелік бес күн;

он бес жылдан аса еңбек сiңiрген жылдары барларға – ұзақтығы күнтізбелік он күн;

жиырма жылдан аса еңбек сiңiрген жылдары барларға – ұзақтығы күнтізбелік он бес күн;

3) шұғыл әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуге, сондай-ақ өзге де дәлелді себептермен демалысты өткізу орнына бару және кері қайту уақытын есепке алмағанда, күнтізбелік он күнге дейін қысқа мерзімді ақылы демалысқа;

4) демалысты өткізу орнына бару және кері қайту үшін жыл сайынғы еңбек демалысына қосымша күндерге.

Жол жүруге арналған уақыт демалыстың бiр бөлігіне ғана берiледi.

5) Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсетілуіне;

6) кезеңі «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 65-бабында белгіленген мерзімнен аспауы тиіс еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап, еңбек қабілеті қалпына келген күнге дейін уақытша еңбекақының жүз пайыз мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алуға;

7) құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін заңнамада көзделген тұрғын үй құқықтарына;

8) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертігу, жаралану (контузия алу), жарақаттану, ауыру нәтижесінде мүгедектік белгіленген кезде:

1) I топтағы мүгедекке – отыз айлық ақшалай қаражат;

2) II топтағы мүгедекке – он сегiз айлық ақшалай қаражат;

3) III топтағы мүгедекке – алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақыға;

9) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмаған ауыр жарақаттанған (жараланған, мертіккен, контузия алған) жағдайда бiр жарым айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде, жеңiл жарақаттанған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақыға;

10) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 156-бабы 1-тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес салық салуға құқығы бар.

6. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе атқаруы міндетті қызметтік міндеттерді атқару кезінде алған мертігу салдарынан қызметтен босағаннан кейiн бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдарға немесе мұрагерлерiне соңғы атқарған қызметi бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленеді.

Қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, мертігу, жаралану (контузия алу), жарақаттану, ауыру нәтижесінде расталған мүгедектік кезінде, жарақаттану (жаралану), мертігу, контузия алу жағдайында біржолғы жәрдемақыны төлеу үшін ескерілетін ақшалай қаражат жағдай болу сәтінде айқындалады және мынадай:

1) (мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші лауазымдық айлықақысы мөлшерінің белгіленген ақшалай қаражаттың мөлшерінен асқанға дейін) ақшалай қаражаттың белгіленген мөлшері;

2) (мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші лауазымдық айлықақысының белгіленген ақшалай қаражаттың мөлшерінен асқан жағдайда) атқарып жүрген қызметінің айлықақысы болып қабылданады.

7. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар белгіленген ақшалай үлестің белгіленген мөлшері және тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған ақшалай өтемақының сомасынан төмен емес еңбекақыға құқылы, бұл ретте:

1) егер мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде белгіленген лауазымдық жалақыдан төмен болса, көрсетілген адамдарды әкімшілік мемлекеттік немесе азаматтық қызметшілер лауазымына тағайындаған кезде соңғы лауазымдық айлықақысы сақталады.

Мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшілердің айлықақысы көтерілген жағдайда:

егер белгіленген лауазымдық айлықақы мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшілер лауазымдық айлықақысының мөлшерінен артуды ескере отырып жоғары болса, белгіленген лауазымдық айлықақы қайта есептеуге жатпайды;

егер белгіленген лауазымдық айлықақы мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшілер лауазымдық айлықақысының мөлшерінен артуды ескере отырып төмен болса, мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшілер лауазымдық айлықақысы белгіленеді;

2) егер мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшінің атқаратын лауазымы бойынша белгіленген үстемақылар мен қосымшаақыларды ескере отырып есептелген еңбекақы түрғын үйді ұстауға және коммуналдық төлемдерді төлеуге белгіленген ақшалай үлес пен ақшалай өтемақының бұрын алып отырған сомасынан төмен болған жағдайда еңбекақыдағы тиісті айырма төленеді;

3) белгіленген лауазымдық айлықақыны сақтау туралы шешім тиісті құқық қорғау органы (мекеме) басшысының бұйрығымен ресімделеді;

4) сауықтыруға жәрдемақы екі лауазымдық мөлшерінде төленеді, бұл ретте:

мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші лауазымдық айлықақысы олардың белгіленген лауазымдық айлықақысынан асқанға дейін белгіленген лауазымдық айлықақы;

мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші айлықақысы лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерінен асқан жағдайда атқарып жүрген лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы қабылданады.

8. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін заңнамада көзделген барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталады:

1) жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы салымдары ақшалай қаражаттың мөлшерінен жиырма пайыз мөлшерінде есептеледі және бюджет қаражаты есебінен салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына аударылады.

Бұл ретте міндетті зейнетақы салымдарын есептеу үшін ақшалай қаражат:

(мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші лауазымдық айлықақысы олардың белгіленген ақшалай қаражаттынан асқанға дейін) ақшалай қаражаттың белгіленген мөлшері;

(мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші айлықақысы ақшалай қаражаттың белгіленген мөлшерінен асқан жағдайда) атқарып жүрген лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы қабылданады;

2) еңбек сіңірген жылдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін:

әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiргендер, арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде арнайы атағы, сыныптық шені бойынша белгіленген құқық қорғау қызметінде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толғандар, не штаттың қысқартылуына, өз еркі немесе денсаулық жағдайы бойынша шығарылғандар;

құқығы жойылу сәтінде құқық қорғау органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдар, әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiргендер арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде арнайы атағы, сыныптық шені бойынша белгіленген құқық қорғау қызметінде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толғандар, не штаттың қысқартылуына, өз еркі немесе денсаулық жағдайы бойынша шығарылғандар, жиырма бес жыл және одан жағары жалпы еңбек өтілі барлар, оның арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында үздіксіз қызметі кемiнде он екi жыл алты ай қурайың адамдар алуға құқылы;

3) қызметтен шығарылған кезде мынадай мөлшерде біржолғы жәрдемақы төленеді:

күнтізбелік 10 жылдан аспайтын еңбек сіңірген жылдары барларға, денсаулығының жағдайына, штаттың қысқартылуына байланысты – үш айлық ақшалай қаражат;

күнтізбелік 10 жылдан жоғары еңбек сіңірген жылдары барларға және құқық қорғау органдарында қызметте болудың шекті жасына жеткендерге, денсаулығының жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты:

10 жылдан 15 жылға дейін – төрт айлық ақшалай қаражат;

15 жылдан 20 жылға дейін – бес айлық ақшалай қаражат;

20 жылдан 25 жылға дейін – алты айлық ақшалай қаражат;

25 жылдан 30 жылға дейін – жеті айлық ақшалай қаражат;

30 жылдан жоғары – сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;

4) зейнетақы мен біржолғы жәрдемақы тағайындау үшін есепке алынатын ақшалай қаражатты анықтау кезінде:

(мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші лауазымдық айлықақысы олардың белгіленген ақшалай қаржатынан асқанға дейін) ақшалай қаражаттың белгіленген мөлшері;

(мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші лауазымдық айлықақысы ақшалай қаражаттың белгіленген мөлшерінен асқан жағдайда) қызметтен шығару сәтіндегі лауазымдық айлықақы қабылданады;

5) құқық қорғау органдарында қызметте олардың шекті жасына жеткендердің қызметтен шығуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері күнтізбелік есептеуде зейнетақыны тағайындау кезінде есепке алынатын еңбек сіңірген жылдарына байланысты анықталады.

9. Зейнетақы тағайындауға есепке алынатын ақшалай қаражат мемлекеттік әкімшілік не азаматтық қызметтен босаған күнгі соңғы қызмет атқарған орны бойынша белгіленген ақшалай қаражаттың не лауазымдық жалақысын көрсете отырып, соңғы қызмет орны бойынша тиісті қаржы органының белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.

10. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнетақы тағайындауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.

11. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға құқық қорғау органдар желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары зейнетақы тағайындау кезінде, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызмет көрсету және санаториялық-курорттық емделу құқығы сақталады.

12. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамды жерлеу үшін олардың үш айлық ақшалай қаражаты, ал олардың қатарындағы зейнеткерлерге – үш айлық зейнетақы мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.

Біржолғы ақшалай өтемақы төлеу үшін есепке алынатын ақшалай қаражатты анықтау кезінде: келесі жағдайда қабылданады:

1) (мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші лауазымдық айлықақысы олардың белгіленген ақшалай қаражатынан асқанға дейін) ақшалай қаражаттың белгіленген мөлшері;

2) (мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші лауазымдық айлықақысы ақшалай қаражаттың белгіленген мөлшерінен асқан жағдайда) қайтыс болу сәтіндегі лауазымдық айлықақысы қабылданады.

13. Арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) асыраушысының үш айлық зейнетақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне – оның қайтыс болған күніне дейін төленген асыраушысының айлық зейнетақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін анықтау кезінде жәрдемақы алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына:

Жасы мен еңбекке қабілеттігіне қарамастан әйелі (күйеуі);

18 жасқа толмаған немесе бұл жастан жоғары балалар, егер олар 18 жасқа толғанға дейін асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының білім алушылары болып табылатын және 23 жасқа толмаған болса;

қайтыс болған адамның асырауындағылар заңнамада белгіленген зейнетақы жасына жеткендер не мүгедек болып табылатындар.

14. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар үшін барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыруды және салық салуды қоспағанда, осы Қағидаларда көзделген ақшалай үлестің белгіленген мөлшері мынадай:

1) құқық қорғау органдарында кез келген басқа лауазымдарға кадрлық орын ауыстырған;

2) мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші лауазымдық айлықақысының мөлшері ақшалай үлестің белгіленген мөлшерін және тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған ақшалай өтемақы сомалары деңгейінің тиісті санатына жеткен жағдайларда тоқтатылады.

Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар үшін осы Қағидаларда көзделген барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар құқық қорғау органдары болып табылмайтын басқа мемлекеттік органдарға кадрлық орын ауыстыру жағдайында тоқтатылады.

15. Құқық қорғау органдары осы Қағидаларда көрсетілген адамдар тіркеу туралы берілген анықтамалар туралы мәліметтерді Т.А.Ә, ЖСН (СТН) көрсете отырып салық органдарына ұсынады.


Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларына қосымша
Құқық қорғау органдары желісі бойынша зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамтамасыз етуді, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтай отырып, арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарды тіркеу туралы

АНЫҚТАМА
____________________________________________________ берілді

(мемлекеттік органның, бөлімшенің атауы)


1. Тегі, аты, әкесінің аты_________________________________________
2. Жойылу сәтіндегі арнаулы атағы (сыныптық шені) ________________
3. Құқық қорғау органы қызметкерінің жойылу сәтіндегі атқарған лауазымы _________________________________________
4. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылуына байланысты мемлекеттік немесе азаматтық лауазымға ауыстыру туралы

2012 жылғы «____»_________ № ______ бұйрық.


Мөр орны Органның кадр қызметінің басшысы


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет