Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. (Абай) дегенде екі күрделі, екі үйірлі
анықтауыш бар: 1) қақтаған ақ күмістей; 2) кең маңдайлы; 3) аласы аз.
Жоғарғы
өлеңнің соңғы жолында қара көзі деген анықтауыштық тіркес бар.
Айқындауыш.Айқындауыш-анықтауыштың ерекше бір түрі. Ол анықтайтын
сөзінің заттық не пысықтауыштық сапасын қосымша, жанама қасиет ретінде
айқындайды. Бұл жагынан анықтауыша ұқсас болғанмен, одан кейбір өзгешеліктері
бар:
1)
Анықтауыш анықтайтын
сөзінің алдында тұрып, оның өзіне тан, баска
заттан ерекше сынын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып,
көбінесе оның лексикалық мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен дəлдеп
толықтырады немесе қосымша, көлденең сапасын көрсетеді. Сонда айқындалатын сөз
зат есім болса, айқындауыш оның, дəлдеп
айтқанда, қай зат, не оның қай тобына, қай
бөлшегіне, қай т6ріне жататын зат екендігін, мезгілдік үстеу болса, дəлдеп айтқанда,
қай мезгіл екенін, есімдік болса, соның, дəлдеп айтқанда, кім, кімдер екенін білдіреді:
инженер-механизатор; кеше, майдың орнында; Айкындауыштар кұрылысына қарай
үшке бөлінеді.1. Қосалқы айқындауыш; 2. Қосарлы айқындауыш; 3. Оңашаланған
айқындауыш. 1) Қосалқы айқындауыш зат есімдердің қосымшасы ретінде жұмсалатын
сөздер болады. Олар аныкталатын сөздердің қосымша заттық сапасы болатындықтан
анықтауыштардай олармен иығыз байланыста болмайды.
Сондықтан олар
айқындайтын сөздермен орын ауыстыра береді:
Алпамыс батыр, Жамбыл ақын,
Қамбар батыр. Бұл сияқты анықтауыштық катынаста жұмсалатын сөз тіркестерінің
анықталатын сөзі көбінесе кісі аты, оны анықтайтын қосалқы айқындауыштар
батыр,
ақын, етікші, машинашы, мерген, мырза, қарт, ақсақал.жолдас, қалқам, шырағым,
жаным сияқты зат, кейде сын есімдер болады. Қосалқы айқындауыш сөйлемде
айқындайтын
сөзімен ұласып, ол екеуі сөйлемнің біртұтас күрделі мүшесі болып
жұмсалады. Тиісті грамматикалық косымшалар айқындауыш сөздерге ғана жалғанады.
Баян бəйбіше аң-таң. Жақия ақсақалмен дойбы ойнайын деп едім.
2)
Қосарлы айқындауыш деп анықтайтын сөзімен қосақталып одан кейін
тұратын сөздерді айтамыз. Қосарланған айқындауыштар қазақ тілінде көп кездеспейді.
Олар орыс тілінен терминдер алу жəне орысшадан қазақшаға аудару процесінде
тілімізге соңғы кездерде ғана еніп, қазақ əдебиет тілінің де нормасына айналып келеді.
3)
Оңашаланған айкындауыш деп өзі қатысты сөзінен соң тұрып, ерекше
əуенмен айтылып, анықтайтын сөзінің заттық, шақтық, т.б. мағнасын дəлдеп көрсететін
айқындауышты айтамыз. Олар айқындайтын сөздерінен жəне
сөйлемдегі басқа
мүшелерден дауыс ырғағы арқылы оқшауланып айтылады да, жазуда көбінесе екі
жағынан үтірмен бөлінеді. Оңашаланған айқындауыштар арқылы ұғым екінші рет
қайталанып айтылады: айқындалатын сөз жалпылық ұғымда жұмсалып, айқындауыш
оны нақты түрде саралап, дəлдеп айтқан сөз не сөздер тіркесі болады.Ол айқындалатын
сөзге ой екпінін түсіріп, оған ерекше мəн беріп, мəнерлі
етіп айту керек болғанда,
тыңдаўшы мен оқушының назарын соған аудару керек болғанда жəне сөйлемдегі сөз
мағынасын дəлдеп аша кету керек болғанда қолданылады:
Артынан Абай ұғындырған
соң, олар үндемей қалысты.
Оңашаланған айқындауыштар айқындайтын сөздермен тұлғалас, мағына жағынан
əуендес болады: айқындалушы бір грамматикалық тұлғада не грамматикалық мағынада
айтылса, айқындауыш та сонымен қиысып сондай тұлғада не мағына жағынан онымен
үндес келетін басқа тұлғада жұмсалады. Мысалы,
біздер дегеннің айқындауышы да,
біз
дегенннің айқындауышы да да
оқушылар, колхоз мүшелері сияқты көптік жалғауда
айтылады.
Айқындауыштардың айқындалатын сөздермен тұлғалас болатынын мына
мысалдардан көруге болады;
Өзім ұшырған қыраныма, Нұрланыма, жұрт жапқан
жалаға мен де сеніп жүр деп қалып па ең?
Айқындауыш даралаған зат есім болып, айқындалатын сөз көптік жалғауындағы
жалпылық ұғымды білдіретін зат болса жəне ол екеуі екі түрлі сөздер тобына жататын
болса, айқындауыш көптік тұлағада жəне атау тұлғада қиыспауы мүмкін: Оқушылар,
оның бірі Жартас,… Кеше майдың онында…
Оңашаланған айқындауыштың кейбір нұсқалары қазақ тілінде бұрын да бар еді, бірақ
оның сапаланып жетілуі, көп жұмсалып əдеби тілдің нормасына айналуы соңғы 30-40
жылдар ішінде ғана болады. Əсіресе осы процесте орыс тілінің игілікті əсерін анық
көруге болады. Айқындауыштар дауыс ырғағы
арқылы оқшауланып айтылуына
сəйкестеніп жазуда үтірмен бөлінуі оларды дұрыс оқып, дұрыс айтудың таңбасы
болады.
Достарыңызбен бөлісу: