Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет48/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88
синтаксис кітап

Сұраулы сөйлем. Сөйлеу – тіл жұмсаудың басты тəсілінің бірі жүздесіп жəне 
басқа адамдар арқылы өзара сөйлескен адамдар істің, əр нəрсенің мəн –жайын білгісі 
келгенде, сұраулы сөйлемнің сұралуы түрлерін қолданылады. Ауызекі сөйлеу стиліне 
тəн пікір алсудың бұл түрі əдебиетте, əсіресе көркем əдебиет тілінде жиі қолданылады; 
мысалы:
-Əй , тілің бар ма өзіңнің? Неге бұғасың?… Неге жөніңді айтпайсың?- деді 
Қадырбек. Басқадан жауап күту мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. 


Сұраулы сөйлемдер көтеріңкі дауыспен айтылады. Көркем əдебиетте сөйлемдердің
əсіресе хабарлы сөйлемдердің қолдану мақсаты ойды əсерлі - көрікті, көркем ету де 
ескеріледі. Сұраулы сөйлемдер интонация арқылы жəңе сұрау есімдіктері, сұраулық 
шылаулар, кейбір көмекші етістіктер мен қосымшалардың қатысуы арқылы жасалады. 
Олардың бастылары мыналар:
Сұраулы сөйлемдер ма-ме, па-пе, ба-бе сұраулық шылаулары арқылы жасалады. 
Сұраулық шылау қысқарып жіктік жалғаулардан бұрын келу арқылы да сұраулы 
сөйлем жасайды.
Сөйлемде кім, не, қашан, қайдан, қандай, кімді… сияқты сұрау есімдіктері айтылу 
арқылы сұраулы сөйлем жасалады:
Мұнда қайдан жүрсіз?
- Ой, Бəтес, мұның не?
Шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі баяндауыштың құрамына 
еніп, сұраулық интонациямен айтылганда сөйлем сұраулы болады:
4.Баяндауыштың құрамында – ау, ғой шылаулары мен одағай айтылып та сұраулы 
сөйлем жасалады:
Сен кіп – кішкене қуыршақтай едің – ау, ə?
5.Ше демеулігі баяндауыштардың құрамына ену арқылы да сұраулы сөйлем 
жасалады. Сұраулы сөйлемде əдетте түгелімен кейде сұрау есімдіктері көтеріңкі 
дауыспен айтылады да, сұраулық интонациямен аяқталады. Сонымен қатар, көп 
құрамды сұраулы сойлемдерде жауап күтуді білдіретін сөздер басқа сөздерден гөрі 
басым əуенмен айтылады. Кейде, ондай ой екпіні түсіп, басым əуенмен айтылатын сөз 
тікелей баяндауыштың қасында тұрады.
Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың мазмұны əр түрлі болады. Олардың 
негізлері мыналар: Ашық сұрақ. Біреудің ойын немесе біреудің я бірдеңенің жайын, 
бар – жоқтығын білу мақсатымен айтылған сұраулы сөйлемдерде сұрау ашық 
қойылады: Ашық мəнді сұраулы сөйлемдердің баяндауыштарына ой екпінін түсіре, 
сұраққа жауап алу үшін бір сөйлемде сұрақ кейде екі рет айтылады. Ондай екі рет 
айтылатын сұрақтар көбінесе біріне –бірі қарсы мəнді сөздер болады. Сұраулы 
сөйлемнің сондай экспрессивті мəнін күшейту бір сұрақ қазбаланып кейде бірнеше рет 
қойылады. 
2. Қарсы сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдерге ашық жауап берілмей, сұраққа сұрақ 
түрінде де жауа беріледі де, қарсы сұрақ қойылады.
3. Күмəнді сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп 
айтылмай, айтушының бірдеңеге күманданғанын да білдіреді: Ондай əрі сұраулы, əрі 
күмəнді сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма-ме…екен, екен –ау жəне ə 
деген сөздер болады.
4. Таңырқаулы сұрақ. Баяндауышының құрылысы күмəнды сұрақ формаларында 
немесе демейсің деген сөзбен келетін сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, 
таңырқау мағынасында да айтылады. Ондай сөйлемдер əрі сұраулы, əрі лепті 
болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар қойылады:
Сізде де арман бар ма екен?!
Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?!
Жоғары сұраулы сөйлемдердің ішінде кісінің көңіл күйін білдіретін одағай сөздер 
болса, сұраулы сөйлемдердің мазмұнына тағы басқа эмоциялық реңк қосыла береді.
Риторикалық сұрақ. Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен айтылмай, 
бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Ондай сөйлемдерде риторикалық 
мəн болады. Риторикалық сұраулысойлемдер көркем əдебиетте жиі қолданылады. 
Риторикалық сұраулы сөйлемдер кейде салалас құрылмас сөйлемнің құрамына енгенде 
құрмаластың аралығында əйтеуір, қалайда деген сөздер қолданылады:


Əлде ақсиған тістері ме, əлде ақ көңілдігі ме, əлде қабағына қақ тұрмайтын 
ойнақлығы ма? - əйтеуір Шеген мені біржола тартып əкетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет