Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет47/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88
синтаксис кітап

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Бірыңғай мүше дегеніміз не? 
2. Бірыңғай мүшелердің жасалу жолдары. 
3. Бірыңғай тұрлаулы мүшелерге сипаттама берің. 
4.Бірыңғай тұрлаусыз мүшелердің жасалуындағы жалғаулықтардың қызметі 
қандай? 
Пайдаланылатын əдебиеттер: 
1. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.
2. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 
3. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
4. Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006 
5.Шаяхметова М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Алматы.1980ж. 
 
 
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері 
Жоспары 
1.Хабарлы сөйлем, жасалу жолдары.. 
2. Сұраулы сөйлем, ерекшеліктері. 
3. Бұйрық сөйлем, жасалу жолдары. 
4.Лепті сөйлем. 
Тірек сөздер: хабарлы сөйлемдердің мазмұны, сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары, 
бұйрықты, лепті сөйлемдердің жасалу жолдары. 
Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы 
болады. Мысалы: Асау Терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол салған, тасты 
жарып.
Хабарлы сөйлемдердің мазмұны əр түрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге 
қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің əсіресе баяндауыштардың мағыналық, 
тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты.
Хабарлы сөйлемдер, жалпы алғанда, бірсыдырғы баяу əуенмен айтылады: жалаң 
сөйлемдер тақ –тұқ қайырылса, жайылма сойлемдерді айтқанда, дауыс сөйлемнің 
соңында бəсеңдей түсіп тынады. Мысалы: Түн жым- жырт. Жел жоқ. Бірақ сəл ғана 
білінген салқын бар.
Бір сөйлемнен екінші сойлемнің межелі жігі пауза арқылы айрылып тұрады. Бірақ 
хабарлы сөйлемдегі жеке сөздердің айтылу əуені əр уақытта бірқалыпты бола бермейді.
Көп құрамды хабарлы сөйлемнің ішіндегі бастауыштын не толықтауыштың 
манына топтаған сөздердің саны неғұрлым көп болса, сол топ солғұрлым оқшаулана 
түсіп, көтеріңкі дауыспен айтылады да, одан кейін дауыс бəсеңдей береді. Мысалы: 
Таудан төмен сырғанап келе жатқан шаңғышылар колхоз клубының алдына келіп 
тоқтады. Баяндауышы зат есім мен есімдіктен болатын сөйлемдер интонация жағынан 
екі бөлініп айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет