жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен жəне
өзара тіркесу
қабілеті, байланысу тəсілдері, сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі
қарастырылады.
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді жəне
етістікті болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі
басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады.
Есімді, етістікті
сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты əр түрлі болады. Сөз
тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын жəне сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын
синтаксистік тірек – сөздердің байланысу формалары. Есімді жəне етістікті сөз
тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса жəне
меңгеріле байланысады, етістікті сөз
тіркестері қабыса жəне меңгеріле байланысады.
Соңғылар қандай сөздерден құралатынына қарай өзара тағы бірнеше топқа
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: