Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


кірісті.(С.Мұқанов). Абайға



Pdf көрінісі
бет14/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   88
синтаксис кітап

кірісті.(С.Мұқанов). Абайға агашты таулар… шидем айналдырып киген кəрінің өңдей 
көрінеді.(М.Əуезов). Парома мініп ар жаққа бұлар да өтті.(С.Мұқанов).Олар заңға 
бағынады. (Ол) Нұрланды көрген соң, табалдырықтан əрі аттамай тұра қалды. 
(З.Шашкин). 
Сабақты етістіктер ден барыс жалғауы есімді меңгере алады, бірақ олардың 
көпшілігі жоғарғы тізімде саналған салт етістіктерден жасалған сабақтылар болады. 
Олармен тіркесетін барыс жалғаулы есімдер тура обьект қызметіндгі заттармен де 
мағыналық байланыста тұрады: 
Адамға жол бермеген қайран тілім… 
Барыс жалғаулы есімдер етістікті сөз тіркесінде объектілік жəне пысықтауыштық 
катынастарда жұмсалады. 
А) Объектілік қатынастағы соз тіркестері, негізінде,қимыл процесінің кімге, неге 
арналғанын, андай затпен үстемеленгенін, бағытын, қандай затпен түйіскенін, неге 
қамтылғанын білдіреді.Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келдіАбайға үйдегі 
кемпір де бүрылып қарады.
ə) Пысықтауыштық қатнастағы сөз тіркестері, негізінде, кимыл процесінің бағытын 
білдіреді жəне мекендік, мезгілдік, мақсаттық мағыналарда жұмсалады.Мен ауданға 
барамын. Ол…үйге кірді. Барыс жалғаулы есімдер кейде есім мен көмекші 
етістіктерден болған құрама баяндауыштар да меңгереді. Сейіт бұл топқа жалпы сəлем 
берді де, тоқтамай өтіп кетті. Судьялар ешкімге тəуелді емес
Шығыс жалғаулы сөз тіркестері. Етістікті сөз тіркестерінің жиі ұшырайтын 
ендігі бір түрі шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тобы. Мұнда да жалғаулы 
есімдерді етістіктер меңгеріп, солардың байланысынан толықтауыштық жəне 
пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады. Шығыс жалғаулы есімдерді 
(көбінесе зат есімдер мен есімдіктерді) меңгеретін етістіктер, негізінде, мыналар: шығу, 
шығару, қайту, қайтару, тастау, алу, (таудан асу), өлу, тарау, ұшу, тоқу, істеу, тігу, салу, 
қалу, пісіру, орнату,(тастан орнату),соғу, қарғау, сұрану,т.б. Бұлардың көбіқимыл 
(мысалы:тастау,шығару, тарау,тоқу) жəне қабылдау (мысалы:көру, қорқу, қарау, 
үйрену) мəнді етістіктер. 


Меңгеретін етістіктер, осылардай, əр түрлі мағынада жүмсалатындықтан, олармен 
шығыс жалғауда тұрып сөз тіркесін құрайтын сөздер де əр алуан болды. Олардың 
тіркесінен түрлі –мағыналық қатынастағы сөз тіркестері жасалады: Мысалы, шығу 
етістігімен тіркесетін зат есімдер үйден (шығу), тоғайдан (шығу), сияқтылар. Бұлар-
пысықтауыштық қатынаста тұрып, мекендік мағанада жұмсалған сөз тіркестері. Ал 
жіптен тоқу, барқыттан тігу, (қораны) қамыстан салу тəрізді тіркестер толықтауыштық 
қатынаста тұрып, іске қатысты заттың материалдық тегін білдіреді. Толықтауыштық 
қызметте жүмсалатын шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің мағыналары, негізінде, 
мынадай болады.1.Заттың басқа заттан істелу тегін білдіреді.Тастан жер ошақ жасап, 
май қайнаттым (Ғ.Мүсірепов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет