Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы бұйры.ҚР 114-Ші-iv 2008 жылғы 29 бап


) мемлекеттік органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілермен өзара іс-қимылы



бет3/4
Дата21.10.2022
өлшемі0.9 Mb.
#463197
1   2   3   4
әлеметтану томирис

4) мемлекеттік органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілермен өзара іс-қимылы;

  • 5) кешенділік;
  • 6) әлеуметтік ықпалдасу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту;
  • 7) кемсітпеушілік қағидаттарына негізделеді.
  • .
  • 5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері 1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды. 2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. 2-1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады. 3. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде көрсетіледі. 4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетуді қамтуы мүмкін. 5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетеді. 6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келуге тиіс. 7. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.

    -6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер:

    • -6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер:
    • 1. Адам (отбасы) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылуы мүмкін:
    • 1) жетімдік;
    • 2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
    • 3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;
    • 4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
    • 5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
    • 6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
    • 7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет