Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет19/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
Арпалыс 1,2

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҦРЫС 
 «Әдіссіздік - әлсіздік, 
Ептілік те ерлік». 

Панфиловтың нүсқауы бойынша капитан Шилов екеуміз екі 
батальон аралығындағы ӛңірді аралап, жер жағдайын қарастырдық, тізе 


104 
қосып қимылдап, ұрыста бір-бірімізге жолдастық кӛмек кӛрсету жӛнінде 
келістік. 
Капитанмен қоштасып, ӛзен жағалап ӛз штабыма қайтып 
келемін. Осы түнді ауыр ойлармен ұйқысыз ӛткізсем де, Панфиловпен 
әңгімелескеннен кейінгі жерде қаншама жаңа міндет мойныма артылып, 
соның ауырлығын сезсем де, бір ғажабы бүгін аса ширақ әрі тың секілдімін. 
Түндегідей еңсемді басқан ауыр зіл җоқ, бойым жеңіл. Күрең тӛбел де, бейне 
қанат біткендей, лыпылдап келеді. 
Айнала, құлаққа ұрған танадай, жым-жырт. Алыстан да, 
жақыннан да зеңбірек үні естілмейді. Бүгін, октябрьдің он жетісі күні, сонау 
солжағымызда да тыныштық орнады. Кеше осы уақытта, 
сол маңда майданды бұзып ӛткен неміс танкілерімен жүргізілген ұрыс 
дүбірі құлақ жарғандай еді. 
Бұл күнгі кӛріністер естен кеткісіз: меңіреу тыныштық; күйедей 
қара аспан; әр жеріне қақ тұрып, суы күмісше жылтыраған дала; ирек-ирек 
қазылған орлар жиектерінде жас топырақ 
сарғыштау саз балшық. 
Осы топырақ жайын әлгінде ғана Панфилов менің есіме салды. 
Жаңа шығарылған жас топырақты жанжаққа жайып, кӛрінбестей етіп тастау 
керек еді. Ӛйткені ал алыстан кӛз тартып атыс ұяларының орнын айгілеп 
тұрады. 
Ӛзеннің ар жағында қасқиып қара жол жатыр. Ол таяудағы 
қалың орман арасына кіріп жоқ болады. Беріректе бұл жол ӛзен жағасымен 
ӛрлеп барып, батальон шебін қақ жара, қарауытқан үйлердің арасымен, 
кірпіш шіркеудің тұсынан ӛтіп, Волоколамск тас жолына, Москваға қарай 
кетеді. Жол жағалай қаз-қатар тізілген телеграф бағаналары. 
Сол күні таңертең жол-жӛнекей кездескен нәрсенің бәрі де кӛз 
алдымда тұрғандай. 
Ӛзен жағалауындағы қыстақтың арасымен Күрең тӛбел бӛкен 
желіске салып келеді. Анадай жерде кекселеу тартқан орыс әйелі тұр. Әжім 
басқан жүзі күнге күйіп, бейнет кӛріп, жел қағып қарайтын. Кірбің тартқан 
кӛкшіл кӛздерінде уайымның, беймаза ойдың белгісі: «Қайдан жүрсің, 
жігітім? Қандай хабар әкелесің? Біздің күніміз не болмақ?» деп сұрағандай; 
«Жылы сӛз айтып жұбатшы, кӛңілімді жадыратшы», деп жалбарынғандай… 
Әйелдің тұсынан ӛте беріп, бір қызыл әскерді кӛрдім. Қолында 
кәтелек, ұршықтай ғана кішкене балаға қарай еңкейіп, бірдеме деп тұр. Ақ 
кӛңіл, жайдары пулеметші Блоха екен. Оның пулемет расчеты осында 
болатын. Мені кӛрген замат сәл түсін ӛзгертіп, бозғылт қасын керіп, жалма-
жан қолын кӛтеріп, маған сәлем берді. Бала да аса зеректілікпен соның 
істегенін қайталады. "Құртақандай мужиктің» қылығына іші-бауырым 
елжіреп, кӛңілім босағандай еді. 
Бұдан әрі ӛткенде келесі бір кӛрініс кӛзге түсті. Шарбақ 
аузында, бір түп ағашқа сүйеніп бойжеткен қыз тұр. Әлдекіммен әзілдесіп, 
күле сӛйлейді. Анадай баспалдақтан аяңдап қызға таман пулемет ротасының 


105 
политругі Жалмұхамбет Бозжанов келе жатыр екен. Екеуінің де кӛздері 
күлімдеп, жүздерінде жастық нұры жайнайды. Мені кӛрген замат сәл 
ыңғайсызданып, Бозжанов сәлем берді. Мен жаққа қыз да бұрылып қарап еді. 
Мұның да бет-пішіні кенет ӛзгеріп, кӛзқарасынан беймаза ойдың, сары 
уайымның белгісі кӛрінді. 
Бұл кӛзқарас та жүректі ауыртып, кӛңілді қамықтырды. 

Қыстақтан ӛтіп, лейтенант Брудныйдың взводына келдім. Бұл 
жерде де қызыл әскерлер қатынас жолдарын қазып жатыр екен. Біреу, 
белуарына дейін жалаңаш, тесемен жерді ойып жатыр. Қара суықты елер 
емес. Қайратты бұлшық еттері ойнап, бусанып шыққан тері денесінде жылт-
жылт етеді, Бұл ӛзіміздің Курбатов, взвод командирінің жәрдемшісі. 
- Жолдас комбат, жердің тастағы да, қайыршағы да бізге бұйым 
емес, - дейді ол маған қарап, - үйреншікті жұмыс қой, қалай қазу керек екенін 
жігіттерге кӛрсетейін және бойымды қыздырайын деп, енді ӛзім кірістім. 
Ішімнен: «Шіркін, жігіт болсаң осындай бол, суық желдің ӛтіне 
тӛсін тӛсеп тұрғанын қарашы!» деп сүйсінем, Сымбатты, батыр мүсінді, ер 
тұлғалы, қайраты сыртына шыққан жауынгер кӛз алдыңда тұрғанда 
сүйсінбеске бола ма? Мен оған: 
- Жердің астан-кестенін шығарыпсыңдар. Сонадайдан кӛз 
тартады. Тазаласандар етті. Енді қазуды қойып, тез топырақты тегістеңдер, 
кӛрінбейтін болсын, - дедім. 
Лейтенант Брудныйды сұрап едім, анадай жерде ӛзі де асыға 
басып маған қарсы келе жатыр екен. Келісімен, мүдірместен рапорт берді. 
Мен оған: 
- Жұрт жұмысын аяқтасын. Мына топырақтың бәрін кӛзден 
таса қылыңдар. Осыған бас-кӛз болыңдар, жолдас лейтенант. Сонан соң, 
дереу штабқа жетіңіз, - дедім. 
Ол жалма-жан: 
- Құп, жолдас комбат, - деп жауап қайырды. 
Бағана генералдың қарындашпен карта бетіне белгі соғып 
тапсырған міндетін орындауға ебі бар деп ұйғарған екі командирімнің бірі 
осы лейтенант Брудный еді. 
Басқару пунктіне келіп, блиндажға енгенде, штаб бастығы 
лейтенант Рахимов пен кіші адъютантым лейтенант Донских мені қарсы 
алды. 
Рахимов мен кеткелі ешқандай ӛзгеріс болмағанын мәлімдеді. 
Оның айтуынша, жау бұрынғыша ешқандай қимылсыз жатыр барлаушылары 
да кӛрінбейді. Рахимов екеуміз кейбір тығыз жұмыстарды қолға алдық, 
Жалған шептің нобайын ол бұдан бірнеше күн бұрын жасап қойған еді. Мен: 
жұрт тездетіп жалған шеп жасауға кіріссін, алдыңғы шептегі жұмыс 


106 
тоқтатылсын, тек жаңа қазылған жер-топырақ кӛрінбестей етіп тасалансын 
деп тапсырдым. 
- Құп болады, жолдас комбат, - деді Рахимов. – Орындауға 
рұқсат етіңіз. 
- Орындаңыз. 
Рахимов Донскихқа бір қарап; 
- Жолдас комбат, лейтенант Донсках қазір бізге керек пе? - деп 
сұрады. 
- Керек. 
Рахимов блиндаждан шықты. 
Кӛп ұзамай, ентігіп, екі беті қызарып Брудный кіріп келді. 
Келген бетте ойнақшыған кӛздерімен блиндажды бір шолып шықты да, недер 
екен дегендей, аңырып менің бетіме қадалды. Донских анадай жердегі столда 
бірдеме жазып отыр. Мен: 
- Донских! Мұнда кел! Қортынды әкел! - дедім. 
Үлкен істің үдесінен шығар деп сенген екеудің бірі, екінші 
қуатты взводтың командирі етіп тағайындауға ұйғарған жігітім осы Донских 
еді. 

Брудный мен Донских, ауызданбаған жас түлектей, бірде-бір 
ұрысқа қатыспаған еді. Бұлардың екеуі де комсомолец, екеуі де он жылдық 
мектеп тауысқан. Кейін, бірнеше уақыт әскери мектепте оқып, бұлар 
лейтенант атағын алып шыққан еді. 
Дивизия құрылған кезде Донских рота командирі болып 
белгіленген, бірақ артынша орнынан алынған. Оның себебі, бастапқы кезде 
Донских тым кӛңілшек, қыздай ұялшақ, баладай мүләйім еді. Ол 
қарауындағы жазықты кісіні жазғыра білмейтін. Командирдің командир 
болатын бір сипаты ӛктемділік, қаталдық болса, бұл қасиеттер Донскихтың 
жаратылысына жат еді. Осының сарынан оның ротасында тәртіп босаң 
болды. Бірақ рота командирлігінен алынғанда, Донских ішінен тынып, кӛпке 
дейін қамығып жүрді. Шынында да, бұл оқиға оның жанына батып, 
намысына тиген еді. 
Октябрьдің он бесі күні, роталардан түнгі жорыққа арнап 
жауынгерлер іріктеп алып жатқанымызда, Донских менің қасыма келіп, 
мұңайған пішінде: «Отрядпен бірге мен де барайын деп едім, жолдас комбат, 
рұқсат етіңіз" деген. Бірақ түнгі жорыққа менің үлкен адъютантым былайша 
айтқанда, батальон штабының бастығы лейтенант Рахимов сайланған еді. 
Мен Донскихқа: «Болмайды» деп келтесінен жауап айтқам. Сонда да 
Донских біраз сазарып тұрып 
алған. Бәлкім, сол сағатта: «Кідіре тұр, Донских, сенің де кезегің 
келеді» деуім керек еді. Бірақ үндеген жоқпын. Донских та ләм-мим деген 
жоқ болатын. 


107 
Содан бері кіші адъютантымды сынап та, ішімнен сарапқа 
салып та үлгергендей едім, Менің байқағаным, ол аса намысшыл жігіт, 
кӛпірме сӛзге әуестігі жоқ, не сыры болса да іште сақтайды, қандай тапсырма 
берсең де, ерекше зейінділікпен, құнттап орындайды. 
Міне, қазір де картаны ұсынып, ол менің алдымда тұр. Біз 
онымен бір блиндаж ішінде тұратынбыз. Әйтсе де, жаңа кӛргендей-ақ, оның 
қыздың бетіндей үлбіреген ақша бетіне, кӛгілдір мүләйім кӛзіні байыптап 
қарадым. 
Маған Брудный да ұнайтың. Ол взвод командирлерінің 
ішіндегі ең таңдаулысы еді десем, асылық болмас. Ӛзі айлакер, епті пысық 
жігіт, Ол шеп тұруға керекті заттарды басқалардан бұрын таба біледі, 
взводындағы күрек-сайманы әрдайым қайрауды, жұмысты да оның взводы 
ӛзгелерден бұрын істеп үлгереді. Ӛзіне біткен бір мінез, ол мақтануды сүйеді, 
істегенімді кӛзі кӛрсе екен деп тұрады. Мұндайда қу тапал ӛте 
жайдарыланып, қарақат кӛздері ойнақшып: мақтасаңшы дегендей, сыңай 
білдіреді. 
Бірде Брудныйдың жүректі екенін де сынап кӛрдім. Оның 
взводы атыс ұяларын ӛзгелерден бұрын жасап бітірген еді. Барып 
қарағанымда, маңдай ағаштары жіңішке сияқтанып кӛрінді. 
- Бітіргендегің осы ма? - деп сұрадым мен Брудныйдан. 
- Осы, жолдас комбат. 
- Жұртты осының ішіне отырғызбақшысың ба? 
- Иә, жолдас комбат. 
Мен бір жауынгердің винтовкасын алып: 
- Брудный, түс ішіне, - дедім. Ол не істегелі тұрғанымды сезіп, 
сұп-сұр боп кетті, - Жұртты осының ішіне отырғызбақ екенсің ғой, алдымен 
ӛзің түс. Мен атып кӛрейін. 
Сәл бӛгеліп тұрып, ол қолын шекесіне апарды да, жалма-жан 
кілт бұрылып, окоптың ішіне секіріп түсті. 
Мен дереу дауыстап: 
- Тоқта! Былай кет! - дедім. 
Ол қайтадан сыртқа шыққанда, мен окоптың маңдайшасын 
кӛздеп, атып жібердім. Оқ ағаштан ӛтпеді. Соңдағы Брудныйдың сыңайын 
кӛрсең! Қӛздері ойнақшып: «Қәне, қандай екен? Енді де мақтамайсың ба?!» 
дегендей еді. Содан бері осы қутыңдаған бәкене қара лейтенантты қатты 
ұнататын болдым… 
Алғашқы үлкен іске лайықтаған екі лейтенантымның жайы 
осындай еді. Мен: 
- Отыр, Брудный! Отыр, Донских! - дедім. 

Донских картаны жайды. Қай жерлерде тосқауыл жасау керек 
екенін мен ойыма тоқып алғам, сонда да картаны тағы да қарап шықтым. 


108 
Онан соң міндетті түсіндірдім. Жол жағасына жасырын бекініп алып, табан 
тіресіп тұру керек, жаудың авто колоннасын, артиллериясын алға ӛткізбеу 
керек дедім. Немістің кішігірім барлаушы топтарына оқ атпай, ілгері ӛткізіп 
жібере беріңдер, ал егер колоннасы кездессе, залпымен, пулемет оғымен 
қарсы алыңдар. Тосыннан 
оқ атып, жаудың есін қашырғаннан кейін, ол арадан оп-оңай жылысып 
кетіп, басқа жерден тағы да тосқауыл жасау керек деп түсіндірдім. 
- Бірақ сендердің негізгі мақсаттарың оп-оңай кете салу емес, - 
дедім мен. - Қайта, жау есін жинап үлгергенше, тағы да ұрысқа кіріскенше, 
табан аудармай, жолды бӛгеп жатып алыңдар. Жау бар күшін ұрыс тәртібіне 
келтіріп, қанатын жаятын болсын. Бұл бір. 
Түсінікті ме? 
- Түсінікті, - деп күмілжіді Брудный. 
Ежелгі жайдары пішіні, қағілез бейнесі ӛзгеріп, ол қатты 
діттеніп, томсырайып отыр, Донскихта үн жоқ. 
- Донских, түсіндің бе? - деп сұрадым мен. 
- Түсіндім, жолдас комбат, Қарысып тұрып алу керек… 
- Жоқ, Донских, олай емес, қимылдау керек. Маневр жасау 
керек. Жауға тиісу керек. 
Маневр дегеніміз ұрыс әдісі. Аз күшпен топты жауға қарсы 
әрекет істегенде, оны күн қайратпен алу мүмкін емес, Әдіс қолданбай 
болмайды. Қимылыңды әр саққа жүгіртіп жауды алдау керек. Әдіссіздік - 
әлсіздік, ептілікте - ерлік. Мен екі лейтенантқа осылай түсіндірдім. 
- Тиісу керек деймісіз? - деп сұрады Брудный. 
- Иә. Тосқауылда жатып тиісіңдер. Гитлершілдерді оқпен 
қырыңдар. Онан соң, жау қанатын жазып, қайтадан ұрысқа кіріскенше, 
сендерді қоршауға әрекет істегенше, күтіп жатыңдар. Сол кезеңде жалт беріп, 
сытылып шығыңдар да, тағы да басқа жерден жолға бекініп, жауды 
тосыңдар. 
Осыны айтып, мен карта бетіне Панфиловтың кӛрсеткеніндей 
ирек сызық тарттым. 
- Осы әдіспен біз жауды арам тер қыламыз. Немістер күшін 
босқа жұмсап, ақымақ боп алданады. Екінші жерде де осылай тиісіңдер. 
- Тиісіңдер деймісіз? - деп Брудный қайыра сұрады. 
Енді ол қайтадан қалпына келіп, отша жайнады. Донских те 
үнсіз күлімсіреп отыр. О да түсінді. 
Сол кезде немістер шабуыл жасаушы, біз қорғанушы жақ 
болғасын, ұрыстың тәсіліне түсінбегендер қорғаныстың мәнісі табан тіреп 
қарысып тұрып алуда деп жорушы еді. Жаудың күші басым екенін сезіп, 
ондайлар мұнан басқа әрекет, мұнан басқа қимыл барын ойламаған да еді. 
«Жауға ӛздерің бұрын тиісіндер, оны аз күшпен әлек қылыңдар" деген 
Панфиловтың манағы сӛзі кӛкейге қонып, бойға үлкен куат бітіргендей 
болды. Қасымдағы жігіттердің қӛңілі жадырап, еңсесі кӛтерілген себебі де 


109 
осы еді. Бұл әдіс жалаң тактика ғана емес, бұл кісіні құлшыңдыратын ӛзгеше 
бір терең сыры бар амал екенін білдім. 
Біз ұрыс жоспарының егжей-тегжейін сӛз қылдық. Брудный 
әбден ынталы, жігерленіп арман. Анда-санда сӛз қыстырып қояды. Әне жерге 
окоп қазып адамдарын кӛрінбестей етіп орналастыратынын, кезі келгенде, 
мына жермен сырғып кететінін айтады. 
- Иә, дұрыс айтасың. Окопты терең қазып, мықтап бекініңдер. 
Әсіресе, саған айтам, Донских. Бұл жӛнде ешбір аяушылық болмасын, - 
дедім.
Донских үндемей менің бетіме қарады. Мен оған Панфиловтың 
сӛзін қайталап: 
- Аяудың арты аямаушылық болып шығады. Түсіндің бе? 
дедім. 
Донских қату пішінмен: 
- Түсіндім, жолдас комбат, - деп жауап берді. 
Енді оның кӛгілдір кӛздерінен жарты сағат бұрынғы 
мүләйімдік емес, пайымшылдықтың, қатулықтың оты кӛрінеді. 

Екі лейтенант взводтарын жолға әзірлеуге кетті, Мен отырған 
қалпымда тағы да ойға шомдым. Бәлкім сіз: бұйрық берілді, байлауы 
айтылды, ӛз міндетін ұғыныш, орындауға құлшынған жігіттерің бар, енді 
ойланатын не қалды? - дерсіз. 
- Айтсам, алда ең қиыны - ұрыс қалды. 
Соғыс жайында кітап жазбақ болсаңыз, бір «кішкене» кілтипан 
бар, соны ұмытпағайсыз. Кілтипан деп отырғаным жау. Ол арзан саудаға 
кӛнбейді, О да ӛзіміз секілді ой жүгіртеді, толғанады. Ол сұм кӛбінесе 
кӛздеген жеріңнен шықпайды, қалауынды істемейді. 
Менің ендігі ойлағаным сол. Бүгін ақыл мен ақылдың 
арпалысын-да біз, Панфиловтың арқасында, айламызды асырдық. Одан әрі 
ше? Жау бір алданар, екі алданар, бірақ үшінші жолы да оққа басын байлап, 
ата беріңдер деп қарап тұра ма? "Ұлы нәсілді алдияр" неміс те ақырында ойға 
түсіп, ӛзінше әрекет қолданбай ма? 
Соғыста екі жақ, екі түрлі амал, екі түрлі бұйрық бар. Дұрыс 
үстінде екі жақтың бірінің амалы іске аспай, бұйрығы орындалмай қалады. 
Неліктен? Оның себебін айта аласыз ба? 

Кешқұрым екі взвод қамданып болды. 
Лейтенант Донскихтын тобы Руза ӛзеніне салынған кӛпір 
түбіңде еді. Атыма мініп, соларға бардым. Жорыққа сайланған елу тӛрт 
жауынгер тізіліп сап түзеп тұр. Бәрі де буынып-түйініп алған, қолдарында 


110 
қаруы, арқаларында қапшығы, белдерінде оқшантай, гранат сӛмкесі. Тӛрт 
жауынгер иықтарына бір-бір қол пулеметті артып алған. Үш жігіттің 
арқасында телефон сымының шумағы. Бұлар телефоншылар. Взводқа екі 
санитар берілген, бұлардың дорбаларында жарақат таңатын мақталы 
шүберек, ақ үлдірек және дәрі-дәрмегі.
Он жақ флангіде взвод командирінің жәрдемшісі сержант 
Волков тұр. Бұл жігіт соғыстан бұрын бір ӛндірісте слесарь болып істеген, 
әрі шебер, әрі батыр. Жұмыс десе ӛгіз қара күші бар. Ӛзіне біткен мінезі, 
үнемі тұнжырап жүреді, кезегі келгенде тіс жарғаны болмаса, қаңқа сӛзбен ісі 
жоқ тұйық адам. Әнеугі түні бұ да жорыққа қатысып, Середаға барып 
қайтқан. Айтушының сӛзіне қарағанда, бұл ұрыста да үн жоқ, түн жоқ 
қимылдап, кездескен жауды жайрата беріпті. Қайтып келгесін де басқалардай 
лешірген жоқ, бұрынғы қалпынан айныған жоқ. Осы қасиеттерін елеп, оны 
Донскихқа әдейі серік қып қосып бердім. Ӛйткені басқалар да мұның 
айнымас мінезін біледі, жау алдында бірен-саран шайлыққандар болса, бұл 
оны табанда атып тастаудан тайынбайды. 
Сапта тұрғандарды кӛзіммен бір шолып ӛттім. Бұлардың 
ішінде ұрысқа бірер рет қатысып, аз да болса, кезіккендері де, әлі де 
ауызданбаған жаңа талаптары да бар. Күні ертең-ақ мұндайлар ажал оғы 
түтеген арпалыстың тезіне түсіп, сыннан ӛтпекші. 
Айтар 
сӛз айтылған, істер іс тапсырылған, міндет 
түсіндірілген енді бұларға не демекпін?! 
Елу адымдай жерде, жарқабақтың тӛбесінде зәулім биік 
қарағай тұр. Взвод болып соны кӛздеп бір мезгілде залпымен оқ атсын дедім. 
Менің командам бойынша жауынгерлердің бәрі солға қарай қырын бұрылды, 
елу винтовка бірден лып кӛтеріліп, ағашқа кезелгенде, майланған затворлары 
сырт-сырт етті. Жауынгерлер ақтық команданы күтіп, тынып тұр. 
Мен: 
- Огонь! - дедім. 
Ымырт қараңғысында елу мылтықтың аузынан жарқ жұрқ от 
шығып, біркелкі сатыр-күтір үн құлақты тұндырды. Артынша-ақ, опырылып, 
қар бетіне түскен бұтақтардың дыбысы естілді. Тағы да мылтық затворлары 
сырт-сырт етіп әуелгі тыныштық қайта орнады. 
Әлі әсем қарағайдың енді сәні кетіп, бұтақтары сирексіп қалған еді. 
- Огонь! - дедім тағы да. 
Бұл жолыда жарқ-жұрқ қызыл жалындар сыртқа теуіп, бір 
дүркін атылған елу винтовканың сарыны айналаны жаңғырықтырды. 
Қарағайдың бірсыпыра салалы бұтақтары тағы да сынып түсті. 
- Огонь! 
Үшінші жолы атқанда ағаш басы опырылып, еңкейіп барып, 
бетінде тӛменгі бұтақтарын сындыра, жерге гүрс етті. Зәулім қарағайдың 
әлгіндегі сүйір тӛбесі енді мұқылданып, едәуір аласарып қалды. 
Винтовкалар қайтадан аяқ түбіне түсірілгенде, мен: 
- Жақсы атады екенсіңдер! - дедім. 


111 
Жауынгерлер бәрі бір дауыстан: 
- Совет Одағына қызмет етеміз! - деп саңқ ете түсті. Ұласқан 
дауыс, 
залпымен 
атылған 
елу 
мылтықтың 
үніндей, 
айналаны 
жаңғырықтырды. 
- Немістерді команда бойынша осылай залпымен атып 
жайратыңдар! Жауға нӛсерлете оқ тӛгіңдер! Басына ажал ойнатыңдар! 
Алейтенант Донеких, баста! Жолдарың болсын… 
Басқа жерде мен Брудныйдың взводымен де осылай 
қоштастым. 

Келесі күні, былайша айтқанда, октябрьдің он сегізінде 
Донскихтың немесе Брудныйдың взводы ұрысқа килігер деп ойлаған едім, 
Бірақ ол күні де, он тоғызында да немістер біз тарапқа 
аяқ баспады. 
Екі взводтың әрқайсысы айтулы жерге шеп құрып, жол 
жағасындағы тал арасына мықтап бекінген еді. 
Бақылаушылар биік қарағайдың басына шығып, үнемі 
қарауыл қарайды. Бірақ екі жолдың бойы да бос, маңайда қыбыр еткен жан 
жоқ. Белгілі бір сағаттарда Донских пен Брудный күніне бірнеше рет телефон 
арқылы: «Жау кӛрінбейді», - деп хабарлады. 
Волоколамскінің бекіністі ауданының біз орналасқан 
орталық шебі әлі де тыныш. Әзірге жау тараптан таянған тықыр жоқ. Керек 
десе, немістер барлаушыларын да жібермейді. 
Оның есесіне, сол жағымыздан, Руза ӛзені қақ жарып аққан 
соң нау қалың ормандардың ту сыртынан, зеңбірек сарыны дамылсыз естіліп 
тұрады. Онда біздің зеңбіректер жаудың танкілерімен тай-таласып жатыр. 
Жаудың салмақ салған жері дивизияның сол жақ қанаты болғасын, Панфилов 
барлық зениттік пулеметтерді, оның ішінде маған берілгендерін де сонда 
жіберткен. Әнеукүні ғана біздің оң жағымаздағы кӛршілес батальонның бір 
ротасын алып, оны да ұрысқа жӛнелтті. Кеткен ротаның орнын біз ӛз 
күшімізбен толтырдық, Күндіз зеңбірек сарынына құлақ тігіп, түнде ұрыс 
ӛртінің күрең сәулесіне кӛз салып, біз майданның қалай қарай ауысқанын 
аңғарып отырамыз. Ұрыс дүбірі алыстамаса, жақындаған жоқ, бірақ бара-
бара біздің ту сыртымызды орай, ішке қарай ілгері жылысқан сияқты. 
Ол алаптағы ұрыс жағдайының ұзын ырғасын білетінмін. 
Немістер бұрынғы бағытынан аумай, қосымша күш келтіріп, қысымын үдете 
түскен. Олар екі-үш дивизиясын, оның ішінде танк дивизиясын, ұрысқа 
салып, Можайск мен Волоколамскінің арасындағы кӛлденең тас жолға - 
рокадаға - жарып ӛткен. Жарып ӛтіп, Волоколамскіге бет бұрған еді. 
Біздің батальон сол майдан шебімен қатарлас кӛлденең жолда 
ұрысып жатқан әскерлеріміздің бір бүйірі мен тылын жаудан қорғауға тиіс 


112 
еді. Бірақ немістер бізге әлі әзір тиіскен жоқ. Жау бізден он екі-он бес 
километр алшақ жатқан. 

Октябрьдің жиырмасында Донских мезгілсіз телефон соқты. 
- Жолдас комбат, неміс солдаттары мінген автомашина келе 
жатыр. 
- Бір машина ма? 
- Иә. 
Ӛткізіп жібер. 
Бірнеше минуттан кейін Донских тағы да телефонға 
шақырды. 
- Жолдас комбат, машиналар колоннасы кӛрінді. Бәрінде де 
жаяу әскер. 
- Қанша? 
- Әзіргісі он, арты кӛрінбейді. Жоқ, он екі дейді: қазір ғана 
айтты 
- Ал Донских… - дей бергенімде, ол аузымдағы сӛзімді іліп 
алып 
- Қапы қалма дейсіз бе, жолдас комбат? - деді. 
-Иә. 
- Қапы қалмаймыз. Ӛткізбейміз, жолдас комбат, Донских 
телефоннан кетсе де, мен бұрынғыша трубканы құлағыма тосып тұрмын. 
Сонау жол бойында әрекетке кіріскен взводтың хабаршысы да, терең орға 
бекініп ап, кӛрген-білгенін телефонмен хабарлап тұр. Әр сӛзін еліріп 
тыңдаймын. Оның түнін, қай нәшпен айтқанына қарап, істің тӛркінін 
танимын, сегіз километр жердегі хабаршының кӛргені менің де кӛз алдыма 
келгендей болады. Қырбақ қар түсіп, ағарыңқы тартқан қатқақ жол, жол 
бойымен шұбап келе жатқан ұзын-ұзын ашық автомашиналар. Машина 
үстіндегі орындықтарда қаз-қатар тізіліп отырған кӛк шинельді, кӛк 
пилоткалы солдаттар, бәрі де автоматпен, винтовкамен қаруланған. 
Сырттан қарағанға немістердің бұл қылығы ғажап боп та 
кӛрінер; бет алдарында жау бар екенін біле тұра, олардың қаннен-қаперсіз 
келе жатқаны ақылға сыя ма? деушілер болар. Бірақ сол кездегі шындық 
осындай еді. Алғашқы табыстарына есірген гитлершілдер мың да тоғыз жүз 
қырық бірінші жылдың күзінде кейде осы рет- пен, керек десе алға 
дозорларын, барлаушыларын жіберместен, машиналарына жайласып отырып 
ап, ілгері ӛңмеңдей беретін. «Русь» кездесе қалған күнде де, айбатымыздан 
шошып, қаша жӛнелер деп ойлайтын. 
Сол «русі» үркіп қашудың орнына, мылтықтарын кезеніп, 
жайпап ататын кезеңді күтіп, жолдарын тосып жатыр еді. 
Телефонда бір тырсыл естілді. Мен телефоншыдан: 
- Ол не? – деп сұрадым. 


113 
Тағы да бірдеме тырс етті. 
- Ол не деймін? - деп қайыра сұрадымен тықыршып. 
- Атып жатырмыз, жолдас комбат, Мен де атып жатырмын. 
- Қалай атып жатырсыңдар? 
- Команда бойынша, залпымен… 
- Немістер қайтты? 
Біразға дейін жауап болмады. Бір мезгілде телефоншы 
масаттанған үнмен: 
- Қашып барады! Оллаһи, қашып барады! - деп даурықты. 
Менің де кӛңілім ӛсіп, жүрегім алып ұшты. Ӛздерін «жоғары 
нәсілдің» ұрпақтары деп санаған, жалпы әлемді жаулайтын жеңілмес күшпіз 
деп күпінген немістер, пандығын ұмытып тәртібін бұзып, кетіп, үріккен 
қойдай тым-тырағай қашса, бұған қуанбасқа бола ма! Әттең, не керек, қазір 
дайын тұрған атты әскерің болар ма еді! Андытып, артынан қудырсаң, есі 
кетіп тұрғанда, емін-еркін қыра берсең! 
Қуанышпен бірге: жаудың тәнін тесетін, оны жаннан бездіретін бізде 
де күш бар екенін, жеңіске жетудің ӛзгеше бір сыры, кілті болатынын 
аңғардым. Тек сол кілттің тілін білу керек екен. 

Бірер сағат ӛткенде, Донских телефон арқылы мынадай хабар 
жеткізді. Тосқауылда жатып, тосыннан оқ атқандар алғашында жүз шақты 
немісті қырыпты, сау қалғаны үш жүздейі ме, тӛрт жүздейі ме, ізіне түскен 
қуғыншы жоқ екенін білген соң, қайтадан есін жиып, гәртіпке келіпті, жатып 
алып, атыса бастапты. 
Мен Донскихқа былай дедім; 
- Мейлі атыса берсін. Бізге керегі де сол. Кӛбірек бӛгелгені жақсы, 
айналдыра түс. Ӛз адамдарыңды мықтап бекіндір. Бірақ жан-жагынды 
байқаста, сақ бол. 
Телефон арқылы ұрыстың мән-жайын біліп отырдым. Немістер ең 
әуелі автомат, винтовка, пулеметтерінен оқ жаудырып, сонан соң 
минометтерінен де атқылай бастапты. Жаудың ол кездегі бір артықшылығы, 
минометтердің кӛптігі еді. Немістер минометтерін жіктеп салып, 
машиналарына отын секілді тиеп жүретін. 
Немістер екі сағат атқылаған соң, барлаушыларын жіберіпті. Бірақ 
алдарынан тағы да бұршақтай жауған оққа ұшырап, кейін шегініпті. 
Мен телефонмен рота командирлеріне ұрыстың бет алысын айтып: 
осы хабарды тездеп жауынгерлерге жеткізіңдер, жол бойыңдағы достарының 
жауды қалай жамсатып жатқанын білсін дедім. 
Екінші ротаның командирі егде тартқан, байсалды Севрюков: 
- Жауынгерлер біледі, жолдас комбат, - деді маған. 
- Қайдан біледі? 
- Сымсыз телефон бар, жолдас комбат, - деді ол кӛңілді үнмен. 


114 
- Неткен телефон? 
- Сол жақтан жаралылар келді, жолдас комбат. Жарыса сӛйлеп, 
кӛрген-білгендерін айтып жатыр. Ғажап ӛздері… Жанға батарлық 
жарақаттарын елер емес. Еңселері кӛтеріңкі. Немістің әкесін таныттық дейді. 
Бұларды кӛріп, әңгімесін тыңдап, басқа жауынгерлер де мәз-мейрам болысып 
қалды. Кӛрдіңіз бе, жолдас комбат, жаралылар да жұрттың рухын кӛтере 
біледі екен… 
- Келгені қанша? 
- Тӛртеу… Жарақаттары таңулы, дегенмен дереу дәрігерлік пунктке 
жіберу керек еді. Бірақ ауыздары әңгімеден босар емес, қалай ұрысқандарын 
айтып жатыр, айтып жатыр. Қалай жіберерсің... 
Менің бойымды кернеген қуаныш, бүгінгі жеңіс қуанышы әр кеудеге 
ұялаған еді. Севрюковтың әңгімесінен, кӛңілді үнінен мен осыны сездім. 
Мен телефонды ілгенімде, батальон штабының бастығы, сӛзге сараң, 
бірақ пайымшыл, ашаң жүзді Рахимов лып етіп ұшып тұрды да; 
- Рұқсат етіңіз, жолдас комбат, жаралыларға барып, жағдайды 
анықтайын, - деді. 
- Жарайды. Барыңыз. 
10 
Арада біраз уақыт ӛткенде, Донских мені тағы да телефонға шақырды. 
Ол: неміс шебінің флангілерінен қырық-қырықтан екі топ солдат бӛлініп 
шығып, взводты екі жақтан орай бастағанын айтты. Донских абыржулы. 
Үнінен күдіктің, сытылып кетер кез жеткен жоқ па дегендей беймаза 
сұрақтың емеуріні сезіледі, бірақ ұялшақ әрі намысшыл сабаз Донских 
ауызша батып сұрамады. 
Мен оған: 
- Қаймықпа, Донских, - деймін. - Жаудың алдын тосуға адам бӛл. Келе 
бергенде, оқпен қарсы алсын. Жаудың ӛзі де сенен қорқады. Батыл болсаң, 
пақыр болмайсың. 
Келесі жолы Донских: 
- Жолдас комбат, үш жақтан бірдей атып жатыр, «Русь, қаруыңды 
таста, беріл!» деп айқайлайды, - деді. 
- Сен ше? 
- Біз де атып жатырмыз. 
- Дұрыс. Сӛйтіп әлек қыла бір. 
Донских ақырында ӛз ойын айтып салды. 
- Жолдас комбат! Қоршап алуы мүмкін… 
- Түк етпейді. Кеш батуға айналды. Қараңғыда шығасың. Берік бол, 
жігітім! 
Бәлкім, сіз: Донскихтың сонша абыржығаны несі? - дерсіз. Бір есептен 
ол сізге жігерсіз, жалтақ бопта кӛрінер. Бірақ ұрыс ойыншық емес. Ол 
кеңсенің столынан, үйреншікті станоктан, жайшылықтағы атыс-шабысқа 


115 
машықтанатын әскери оқудан ӛзгеше сынақ. Кісі тұңғыш рет сондай сынға 
түсіп, ажал оты ойнаған арпалысқа киліксе, минут сайын, секунд сайын 
басына қатер тӛнгенде, ӛзгермей, сыр білдірмей қала алар ма? Бір Донских 
емес, ұрысқа алғаш кірген әркім-ақ, ысылғанша, кӛндіккенше, жан 
түршіктірген сезімді бастан кешіреді. Осыны еске алсаңыз, Донскихтың 
мезгеулік қобалжыған себебін түсінесіз. 
Арамыз алшақ болса да, тап қазір мен оның ішкі сезімін, ойын 
таныдым. Оған қайрат-қуат беруге талпындым. 
Күтпеген жерден Донских тағы да телефон соғып, немістердің 
шегінгенін хабарлады, Бақсам, күн батып, ымырт жабылған екен. Немістер, 
біздің жігіттерді атыспен де, босқа айқаймен де ала алмаған соң, кеш бата, 
ӛліктерін теріп ап, ізінше кейін қайтыпты. Шағын ұрыс болса да, шудегенде-
ақ жаудың тауын шағылдырып, талабын қайтардық. Бақыт құсы басқа қонып, 
мұратыма жеткендей қуандым. Сонау жол бойындағы жеңімпаз 
сұңқарларыма ұшып жетіп, әрқайсысын аймалап, сүйгім келгендей еді. 
Сол түні лейтенант Донскихтың взводы қоныс аударып, басқа жерге 
бекінді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет