КЕЛЕСІ КҤНІ
«Қарабет болып қашқанша,
Қайрат кӛрсетіп ӛлген артық!»
Келесі күні таңертең тағы да арқа жағымыздан гүрсілдеген зеңбірек
үні естілді. Бірақ алдыңғы жағымызда әзірше тыныштық. Зеңбірек үні былай
тұрсын, тұрс еткен мылтық даусы да шықпайды. Донских пен Брудный ауық-
ауық телефон соғып, жол бойы жаудан аман екенін хабарлап тұрады. Ілгері
жіберілген барлаушылар, биік ағаштың басына шығып алып, қарауыл
қарайды, немістердің келер жолын аңдиды.
Бұл тыныштық кӛпке бармас деп едім. Айтқанымдай, телефон
мезгілсіз шылдыр ете қалды. Телефоншы жауынгер трубканы құлағынан
ажырата:
- Жолдас комбат, ана жақтан сізді сұрайды… - деді.
«Ана жағы«: айтпаса да белгілі - бұл күндері үлкен-кішіміздің
ойлағанымыз жол бойында тосқауыл жасаған жігіттер еді.
- Иә, тыңдап тұрмын.
- Жолдас комбат, мына қызықты қараңыз: жол үстінде салт атты
немістер келе жатыр.
Даусынан таныдым: Брудный екен. Аптығып сӛйлейді. Мұның да
кезегі келіпті, Ӛзіңізге айтқам, ол екінші жолды торып жатқан.
- Жаудың саны қанша? - деп сұрадым.
- Жиырма шақты,
116
- Ендеше ӛткізіп жібер.
- Құп, жолдас комбат.
Кавалеристерінің соңынан мотоциклге мінгендері кӛрінішті.
Бұнысына қарап, немістердің бүгін аса сақ екенін білу қиын емес еді. Бірақ
қаншама сақ десе де, орман ішінде мұқият жасырынып жатқан біздің
жауынгерлерді жау байқамады.
Брудныйдың взводы бекінген жол бойындағы орман аумағы үлкен
емес. Бірақ одан бері жарты километрдей жерде тағы бір тал бар. Қысылтаяң
кезеңде, есебін тауып, соған жалт беріп ӛтуге, содан кейін, жауға білдірмей
орағытып барып, басқа жерден қайтадан жолға шығуға болады.
Ӛзенге дейінгі жол бойын барлаған, бірақ сезікті нәрсе кездестірмеген
салт атты және мотоциклді немістер бір сағаттан соң ізінше кейін қайтты.
Кӛп ұзамай Брудный жау әскері мінген грузовиктер шұбап келе жатқанын
хабарлады. Жол бойында ешқандай қауіп жоқ деп есептеген немістер,
кешегідей машиналарына мініп алып, қаннен-қаперсіз ілгері тартты. Ӛкпе
тұстарына, алдыңғы жаққа енді күзеттерін жіберген жоқ.
Мен Брудныйдан:
- Ұрысқа дайынбысың? - деп сұрадым.
- Дайынбыз, жолдас комбат, - деп ол батыл жауап қайырды.
- Жақын жіберіп алда, тарпа бас сал! Салмақпен қимылда.
- Құп, жолдас комбат!
Енді әңгіменің мән-жайын хабаршы жауынгерден естіп тұрдым. Бұл
арада да кешегі оқиға болыпты, Тосқауылда жатқан взвод елу шақты
винтовкадан тұтқиылдан бір, екі, үш дүркін сатырлата оқ жаудырғанда,
бірталай неміс жан тапсырыпты, тірі қалғандары намысты, тәртіпті, әскери
салтты, кӛпірме паңдығын ұмытып, машиналарынан түсе-түсе, үріккен
қойдай қаша жӛнеліпті.
Мен телефон арқылы хабаршыдан істің анық-қанығын қазбалап
сұрадым:
- Анығын айт! Қашып бара ма? Әлде, дата қалысып, атыса бас- тады
ма? - деймін.
- О, қашқанда қандай, жолдас комбат! Қол-аяқтары жерге тиер емес!
Әне, біз тағы да жаппай аттық! Кейбіреулері құлап жатыр…
Кешегі күні-ақ мен: мұндайда, тұтқиылдан жаппай атылған оққа
ұшыраған соң, немістер табанда жерге жабысып жата қалар да, ӛршеленіп
ӛздері де оқ жаудырар деп жорыған едім. Тіпті жай бас сауғалау сезімі де
ешбір командасыз-ақ оларды осындай әрекетке бастар деп едім. Бірақ тағы да
айтайын, соғыс үстінде қапелімде кісіні ақылдан адастырып, мегдететін,
адамды ажалдың ойыншығына айналдыратын ӛзгеше бір қияпат бар екен,
оны осы жолы аңғардым.
Кісінің ақыл, ойына тұтқиылдан әсер етіп, күрмеу салатын бұл
қияпаттың мән-жайын осы алғашқы ұрыстар үстінде пайымдап аңдай
бастадым. Әзірше сұрамай қоя тұрыңыз. Кейін, орайы келгенде, бұл жайтты
ӛз алдына әңгіме етеміз.
117
2
Ұрыстың тап бастапқы кезеңінде, күтпеген жерден телефон қатынасы
үзіліп, Брудныйдың взводының хабарсыз қалдық.
Үзілген сымды жалғауға жіберілген байланысшылар жолда немістерге
кезігіп, дәнеңе бітірмей қайтып келді. Не болранына кӛзім жетпей, дал
болдым. Қанша тақақтап сұрасам да, байланысшылар әңгімеге жарытпады.
Олардан бар білгенім, жол бойындағы қыстаққа жете бергенде, бұларды
немістер атқылапты. Бірақ бұлар жаудың санын да, сипатын да білмепті,
Взводтың тағдырын ойлап, ішімнен қатты қынжылдым. Бәрінен де
жаныма батқаны жағдайдың белгісіздігі еді. Япырау, шынымен қоршауға
түскені не? Тапқыр, пысық, амалшыл деген Брудныйым қалай алданды екен?
Бірақ қынжылғанмен не пайда? Бір әрекет істеуім керек, Ӛз
адамдарымды ӛлімге беріп қоя алман! Құтқару менің міндетім. Осыған бекіп,
бір взводты ӛзім бастап кӛмекке барғым келді. Артынан тағы бір ойға
килігіп, бұл талаптан бас тарттым, оның мәнісі: мен сегіз километр шепке
созылған батальон командирінің, менің орным осында, ендеше, жел
ӛкпеленіп шошаңдайтын жӛнім жоқ.
Салмақпен сан тарапқа ой жүгіртіп, мәселені толғап кӛрдім. Тіпті,
взвод қоршауға түсті десек те, менің елу қаһарманым жау алдында жасыр ма?
Қолдарын кӛтеріп берілер ме? Жоқ, ӛліспей беріспейді, оған кәміл сенемін.
Ақтық демдері біткенше, намыс үшін, ӛмір үшін арпалысады. Оның бер
жағында олар күн қол емес, елу винтовкасы, тӛрт қол пулеметі, жетерлік
патрондары бар. Жау оңайлықпен ала алмайды.
Мен кӛмекке жаяу барлаушылар взводының жартысын жӛнелттім.
Қолымда бұдан артық күш жоқ еді. Жүрер алдында барлаушылардың
командиріне былай дедім:
- Аяғыңды аңдап бас. Кӛзсіз ұрынба. Есеппен, ақылмен әрекет істе.
Қараңғы түскесін, Брудныймен байланыс жасап, оған кӛмектес. Брудныйға
айт, жау ортасынан сытылып шыққансын, менің алғашқы бұйрығым
бойынша, взводымен қайтадан жолға барып бекінсін, сӛйтіп, ертең тағы да
жауға тұтқиылдан тиіссін.
3
Барлаушылар жеңілген соң, сыртқа шықтым. Ымырт жабылуға екі
сағаттай уақыт қалған. Ешкіммен кездесуге де, сӛйлесуге де зауқым жоқ. Бар
ойым қапаста қалған взвод жақта. Елу сұңқарым қайда екен, қандай
арпалысқа, нендей машақатқа кезікті екен? деймін.
Дітгегенім солар болып, ӛзен жаққа аяндадым. «Әу» дерлік шамада
қызыл әскерлер тоң жерді қопарып, ағаш тасып, жалған шеп жасап жатыр.
Оларға да барғам жоқ. Бірақ алыстан жүмыстары ӛнімсіз, қимылдары сылбыр
секілді кӛрінеді. Неге шапшаң қимылдамайды?! Арғы жақта біздің елу
жауынгер жаудың жолын бӛгеп, біздің еркін жұмыс істеуімізге мұрсат беру
118
үшін табан аудармай қарысып ұрыс жүргізуде. Ендеше, осы аса зәру
уақытты, әрбір сағат, әрбір минутты бұлар неге қарыштап пайдаланбайды! -
деп ішімнен кіжіндім. Әрине, қастарына жетіп барармын, іштегі ашуым теуіп
сыртқа шығар, қапелімде жазықтыға да, жазықсызға да тілім тиер. Осы
күйімді сезіп, қастарына бармадым да.
Атыс үні естілер ме екен ден, арғы жаққа құлағымды тігем. Бірақ тым-
тырыс. Әр түрлі дүдәмал ой басымды кептеп, жүрегімді лоблытады, жанға
батады. Әлде, болары болды ма екен? Брудный мен Курбатовты және соларға
ерген басқа да боздақтарымды енді қайтып кӛре алмас күн туды ма екен? -
деп уайымдаймын.
Кейіннен, майданда ӛлімге бой үйреніп, қатайып алған соң мұндай
жан ашырлық сезім кӛп мазаламайтын болды.
Блиндажға қайтып, барлаушылардың келуін тықырши күттім.
4
Кӛп кешікпей:
- Жолдас комбат, сізді сұрайды, - деді телефоншы.
Екінші ротаның командирі лейтенант Севрюков екен, ол:
- Жолдас комбат! Лейтенант Брудныйдың взводы қоршаудан
шығып келді, - деп мәлімдеді.
Мен жұлып алғандай:
- Оны қайдан білесіз? - деп сұрадым.
- Қайдан білгені қалай? Олар осында, жолдас комбат.
- Қайда?
- Баяндап тұрмын ғой сізге, - деді Севрюков, ежелгі салмақты
мінезінен аумай. Олар осында, жолдас комбат. Ротаға келіп қосылды.
- Кімді айтасыз?
Айтқанының ұзын ырғасына түсінсем де, әлі де иланбадым.
Севрюков:
- Әлгі қайтып келгендерді айтам… Лейтенант Брудный деп жауап
жауынгерлерімен бірге келді. Алтауы оққа ұшыпты,- деп жауап берді.
- Неміс ше? Жол ше?
Орынсыз екенін білсем де, бұл сұрау абайсызда ауыздан шығып кетті.
Не болғаны айтпаса да айқын ғой… Севрюков жолды жаудың басын алғанын
мәлімдеді. Менде үн жоқ.
- Жолдас комбат, телефонда тұрсыз ба? - деп сұрады Севрюков.
- Иә.
- Брудныйды телефонға шақырайын ба, жолдас комбат?
- Керегі жоқ.
- Сізге барсын ба?
- Керегі жоқ.
- Онда қалай ет дейсіз?
- Ӛзім барам, күтіңдер.
119
Трубканы іліп, бойым ауырлап орнымнан тұрдым.
5
Міне, сұмдық, міне, үлкен машақат! Жанға батқан нәрсе жолды
жаудың басып алғаны ғана емес. Екі жақтың теңдессіз күшін есепке алғанда,
ерте ме, кеш пе, ертең бе, бүрсігүні ме, әйтеуір, жолдан айырылуымыз
шүбәсіз еді. Әйткенмен сол арада жауды бірер күн аялдатармыз деп ұйғарған
едім. Бірақ бүтін амащыл деген лейтенантым жолды алдырыпты, іріктеп
алған взводым бедерсіздік істепті, сұңқар деген жауынгерлерім жаудан
қашыпты.
Командирдің бұйрығы бұзылмайтын заң болса, оны аттап ӛткендердің
кесірі кӛпке тимей ме? Айтыңызшы, мұндайларға не шара?
Бірнеше минуттың ішінде салып-ұрып ротаға жеттім. Бұдан үш тәулік
бұрын ымырт жабыла сол жауынгерлерді осы арадан аттан дырып едім. Қазір
де сол мезгіл, ымырт жабылған кез. Бірақ ол кеште менің кӛргенім сап түзеп
тұрған еңсесі биік жауынгерлер еді. Бүгінгі ер ұнжырғасы түсіп қырбақ
қардың үстінде мелшиіп отыр, кейбіреулері жамбастап жатыр. Кедір-бұдыр
жарқабақтың аясында кішкене тӛмпешік тәрізденіп әзер кӛрінген
блиндаждың қасында бір топ командирлер тұр екен. Аласа бойлы біреуі
топтан бӛлініп, маған қарай жүгірді. Келе жатқан бетінде ол:
- Встать! Смирно! - деп команда берді.
Бұл кәдімгі Брудный еді. Тӛрт-бес адымдай жақын келіп, тақ тұра
қалды да, әскерше тәжім етіп:
- Жолдас командир… - дей бергенінде, мен оның сӛзін бӛліп:
- Лейтенант Севрюков! Мұнда келіңіз!… - дедім.
Қорбаңдай жүгіріп, егде тартқан Севрюков қасыма келді.
- Мұндағы үлкен бастығың қайсың? - деп сұрадым одан.
- Мен, жолдас комбат.
- Сіз болсаңыз, неге ӛзіңіз команда бермейсіз? Взвод неге сапқа
тұрмаған? Бұл неғылған бейбастық? Жұрттың бәрі, жауынгерлер де,
командирлері де сапқа тұрсын!
Қасыма Бозжанов келді. Ол жайлап қана қазақша:
- Ақсақал… - дей беріп еді.
Мен оған сӛйлетпей, орысшалап тіл қаттым:
- Бұйрық сіздің құлағыңызға кірмей ме, жолдас политрук? Сапқа
тұрыңыз!
Бозжанов балғын жүзін жоғары кӛтеріп, қас-қағым сәттей менің
бетіме аңыра қарап қалды. Бірдеңе айтқысы келген сияқты, бірақ осы қазір
менің ешқандай жұбаныш сӛзге құлақ аспайтынымды, ырық бермейтінімді
сезіп, сӛйлеуге батпады.
Ақ қар бетінде сапқа тізілген жұрт тартқан сымдай түп-түзу боп
қарауытып кӛрінеді. Айнала жым-жырт. Тек алыстан, шығып жақтан
зеңбірек сарыны еміс-еміс естіледі. Мен аттан түсіп, сапқа жақындадым. Бұл
120
жолы Севрюков рапорт берді. Оның қасында мелшиіп Брудный тұр. Мен
оған қарап;
- Ал баянда, - дедім.
Брудный аптығып сӛйлей бастады:
- Жолдас комбат! Бүгін мен басқарған взвод ұрыста жүзге тарта
немісті қырды. Бірақ артынша жау бізді қоршап алды.
Сонан соң біз де дүрсе қоя беріп, жаудың тобын жарып шықтық…
- Дұрыс. Бірақ қайтадан неге жолға шықпадың?
- Жолдас комбат, артымыздан қуалады.
- Ә, қуалады ма? - деп зекіре дауыстадым мен. - Қуалады ма?
Үялмай-қызармай қай бетіңмен мұны сыныққа сылтау етіп тұрсың?
Дұшпан бізді Оралға дейін қуатының айтып әлемге жар салды. Сеніңше,
осылай болмақ па? Москваны, елімізді жауға алдырсақ, бала-шағаның,
кемпір-шалдың, әйелдердің алдыңа барғанда не бетімізді айтамыз?
Артымыздан қуалады дейміз бе? Айтшы!
Брудный тұнжырап тӛмен қарады.
- Әттең, не керек, дедім мен тағы да, - сонау елдегі әйелдер сенің бұл
сӛзіңді естіген жоқ. Әйтпесе, ӛзіңе лағынет айтып, бетіңе түкірер еді.
Жігерсіз, жасық атанар едің Ана үшін аян ба - ант ұрады, бала үшін аянба -
бетін күйеді, ел-жұртың үшін аянба - ерлігіңе сын. Қарысып қайрат
кӛрсетпей қара бет боп қашқан жігіт – жігіт емес. Сен Қызыл Армияның
командирі деген атақты былғадың сен қорқақсың.
Тап сол мезетте арқа жағымыздан тағы да зеңбіректер сарыны естілді.
- Әне, естіп тұрмысың? Сырт жағымызда да немістер бар. Дұшпан
Москваға омыраулап ӛтпекші. Біздің аға-інілеріміз жаумен арпалысып
жатыр. Біз мұнда олардың бір жақ бүйірін жау соққысынан қорғауға
тиістіміз. Жаудың жолын бӛгейді, ілгері ӛткізбейді деп, олар бізге сеніп
отыр. Мен де саған сеніп, жау жолын бӛге деп тапсырып едім. Сен қорқақтық
істедің, қаштың. Жалғыз жолды ғана тастап қаштым деп ойлайсың ба? Жоқ,
сен Москваны да жауға ӛз қолыңмен беріп отырсың.
- Жолдас комбат, мен… мен…
- Бұдан басқа саған айтарым жоқ. Бар!
- Қайда барам?
Сонау келген жағыңа, деп мен ӛзен жақты нұсқадым. Нұсқаған жаққа
бұрылып қарағысы келгендей, Брудный иегін кекшең еткізді де, қайтадан
әдепкі тік тұрған қалпына түсті.
- Бірақ онда… не ғой… жолдас комбат, деді ол даусы
тарғылданып.
- Иә, ол жақта немістер бар! Кет соларға! Қаласаң, соларға қызмет ет.
Әйтпесе, ӛлтір жауды! Сӛйтіп, бұйрықты орындамаған кінәңді ӛте. Мен сені
мұнда кел деп шақырған жоқпын. Маған қашқынның керегі жоқ! Бар!
- Взводпен бірге ме? - деп сұрады Брудный күмілжіп.
- Жоқ, Взводқа басқа кісі командир болады, Сен жалғыз барасың.
121
Командир айбынды бұйрығын орындамаған офицерге не жаза
қолданам десе де ерікті. Не жазықты кісіні орнынан алады, ия қайтадан
ұрысқа жібереді, не сотқа береді, ал қысылтаяң кезеңде табанда атып та
тастайды… Мен де Брудныйды ӛзімше соттадым, үкімімді айттым, Кеудеде
шықпаған жаны қалса да, бұл жаза ату жазасынан артық болмаса, кем емес
еді. Қаһармандық абыройын кетіріп, жауынгерлермен бірге қашқан
командирді мен топ алдында, сап алдында тірідей ӛлтірдім.
Үнсіз тізбек алдында Брудный міз қақпай тұр. Бұл оның ӛміріндегі ең
бір масқара оқиға еді. Комсомол мүшесі, зерделі жас жігіт болғасын, ол талай
рет соғыс жайын, ӛлім жайын ойламады дейсіз бе? Батыр болуды,
кескілескен ұрыста ерлік кӛрсетіп, жеңіс қуанышын бастан кешіруді кім
арман етпейді. Ер жігіт, керек болса, Отан үшін жан қияды, Сонымен қатар,
жеке басының саулығын, бақытын, даңқын кӛздемейтін кім бар. Мына
Брудныйдың да ойына түйген арманы осындай еді.
Бірақ сұрапыл соғыс туды, кескілескен ұрыс кез болды; ілік алды
арпалыста, комсомол мүшесі лейтенант Брудный жаудан тай- салып
взводымен бірге кейін қашты. Енді кӛптің кӛзінше батальон бастығының
сотына түсіп, жазаға, «қорқақ» деген жаман атқа ілігіп отыр. Ізгі ниеттің,
қасиетті арманның күйрегені емес пе! Кісінің ішкі сезімін түсіну қиын ғой,
Брудный осы жайды ойлады ма, жоқ па, білмеймін, әйтеуір, ол менен тағы
бір ақтық сӛз естігісі келгендей, сазарып тұрып қалды. Мен де үнсіз күйде
оның бетіне тесіле қарадым. Тап осы сәтте мен жібімеске бекіп едім.
Кеудемді кернеген жек кӛру сезімінен басқа титтей де аяушылық менде
болған жоқ.
Брудный әңгіменің тиянағы осы екенін түсінді білем, қатуланған
пішінде қолын шұғыл кӛтеріп қайтадан тӛмен түсірді де:
- Құп болады, жолдас комбат! - деп, уставтың бабына сәйкес, сол
иығынан, табанының ұшымен кілт бұрылды, Сӛйтті де, Руза ӛзеніне, кӛпірге
қарай аяғын жылдамдата басып, қараңғыға сүңгіп кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |