Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет58/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
Арпалыс 1,2

 
МЕЗГЕУЛІК ҤРЕЙ САЛДАРЫ 
«Алтын басты болсаң да, 
ардан артық емессің». 
Кӛз алдымда Горки деревнясы… Кӛшесінің бір жағы кӛлеңкелі болса, 
екінші жағындағы үйлер терезелерінің әйнектері күнге шағылысып, жалт-
жұлт етеді. 
Немістер басып алған ӛңірдегі жорығымыз кеше ғана аяқталып, ӛз 
әскерлерімізге қосылғанбыз. Шарбақ сыртындағы кӛшпелі үш асхана бірдей 
түтіндетіп жатыр. Ендеше біздің обозымыздың келіп жеткені ғой. Әр ордадан 
бӛлінген жауынгерлер отын жарып, картоп тазалауда. Ал кӛше бойында җан 
баласы жоқ - роталар шепке барып бекінген. Менің штабым орналасқан үйдің 
алдында Күрең тӛбелдің басын тежедім. Сол заматта жүгіріп келген 
Синченко аттың шылбырын ұстады, мен штаб бӛлмесіне кірдім. 
Мұнда орнатылған телефон аппаратының қасында байланысшы 
жауынгер отыр. Стол үстінде жатқан топографиялық картаға батальон 


360 
қорғанысы түсірілген. Бӛлімшелердегі адам санының тізімі және басқа ақпар 
жазылған қағазды Рахимов столдың бір шетіне қойыпты. 
Мен қағазға кӛз салдым.Батальонның қайтадан жинақыда мығым, әрі 
басқаруға икемді күшке айналғанын онсыз да білемін. Тӛсекте аяғыңды 
кӛсіліп біраз жатуға, жаның мен тәніңді тынықтырып алуға мүмкіндік те бар. 
Осы қалауымды істеп, тӛсекке жабылған плащ-палатҡаның үстіне қисая 
кеттім де, жастығымды жайластырып, гимнастеркамның жағасын ағыттым. 
- Отыр, Рахимов… Мәлімде. 
Жаным жай тауып, буын-буыным босап, мәлімдемені тындаудамын. 
Терезе сыртынан естілген дабыр-дұбыр кӛнілімді алаңдатты. Мойнымды 
бұрып, Рахимовқа: 
- Не боп қалды екен, білші, - дедім. 
Сыбдырсыз шығып кеткен Рахимов бір минуттан кейін қайта оралды. 
Кӛңілінің қобалжып тұрғаны байқалады. Оның беймаза түрі лезде маған да 
әсер етті. Бӛлмеде ешбір ӛзгеріс болмаса да, әлденеден құлағым шыңылдап 
кетті. 
- Жолдас комбат, мәлімдеуте рұқсат етіңіз. 
- Ал, не боп қалыпты? 
- Пулемет арбасымен Заев келіп тұр. 
- Заев? 
Сол күнгі оқиға: жарылып жатқан миналар, аласұра шапқан Күрең 
тӛбелдің қыландаған бейнесі, пулемет арбасының үстінде шыбығын сермеген 
Заев айна-қатесіз кӛзіме елестеді. Заев пен пулеметшілер мінген арба да, 
Күрең тӛбелдің соңынан зымырай жӛңкіп, қас қаққанша ұрыс майданынан 
ғайып болған-да. Міне, содан екі күн ӛткеннен кейін ғана Заев қайта келіп 
отыр. Орнымнан ұшып тұрдым. Босаңсуым да, шаршап-шалдығуым да су 
сепкендей басылып, қатуланып алғанмын. 
- Қайда ӛзі? 
- Аула ішінде. 
- Пулеметшілер ше? 
- Олар да осында. 
Ӛзіме-ӛзім келіп, есімді жидым. Енді құлақ-шекемнің шыңылдауы да 
басылды. 
Гимнастеркамның 
қатпарын 
жазып, 
түймесін 
салып, 
табалдырықтан аттадым. 

Жаңадан із салып, ауланы айғыздаған, балшық жабысыш баттасқан 
қос дӛңгелекті арба мал қораның кӛлеңкесінде тұр. Заевпен бірге ұрыс 
майданынан қашқан тӛрт пулеметші дӛңгелектің жанында иін тіресе 
қалыпты. Тек арбакеш Гаркуша ғана іспен айналысып, атына бір құшақ 
пішен әкеле жатыр. Ақбоз мәстек әлі де үсік шалмаған, күн нұрымен бейне 
қайта кӛктей бастаған шӛпті жұлып жұп жүр. 


361 
Әлгі Заев қайда екен? Жасырынып қалған ба? Менің бетіме қарауға 
дәті шыдамағаны ма? Жоқ, жасырынбапты. Қол-аяғы арбиған, ұзын тұра 
қалпында қора іргесіндегі кӛрнекті жерде, милығына түсіре киген бӛркінің 
астынан маған қадала қарауда. 
Аулаға жүгіріп келген Бозжанов Заевқа жақындай бергенде ғана мені 
байқап: 
- Смирно! - деп саңқ етті. 
Пулеметшілер қаздия қалды. Шӛбін жерге тастаған Гаркуша да бойын 
түзеді. Жалгыз Заев қана басын кӛтерместен, кеудесін керместен, ұзын 
қолдарын тӛмен түсірген қалпында мұңайып тұр. 
- Ӛңшең қорқақтар! - дедім мен. - Сендер тылда тырағайлап жүргенде 
адал жауынгерлер жаумен жағаласты. Енді неге келдіңдер, кӛздеріне қалай 
қарамақсыңдар? Ар-ұяттарың қайда? 
Менің сӛзімді бәрі тұнжырап тыңдауда. Тӛрт пулеметшінің ішінде 
Ползунов та болатын. Бұдан не бәрі бірнеше күн бұрын ғана генералға 
мұның есімін айрықша мақтанышпен атағанмын. Ползуновтың ежелгі 
байыпты да нұрлы кӛздері қазір қарауытып кеткен. 
- Сенің ар-ұятың қайда, Ползунов? 
Ол тайсалмай жауап қайырды: 
- Жолдас комбат, сіздің қалай қарсы алатыныңызды білгенбіз. Сонда 
да алдыңызға келіп тұрмыз. 
- Бірден неге қайтпадыңдар? Жолдастарыңның жаумен шайқасып 
жатқанын кӛргеннен кейін бірден неге бұрылмадыңдар? 
Заев үн қатпады. Гаркуша мынадай жауап айтты: 
- Немістерге тап болдық, жолдас комбат. Басқа жаққа бұрылған едік, 
тӛбемізден тағы да оқ жаудырды. 
- Содан кейін ше? 
- Содан кейін сізге қайтып келер жолымыз жабылып қалды… Неміс 
ӛткізбей қойды. 
Мен былай деп бұйырдым: 
- Заев! Штабқа барыңыз. Ал сендермен, ӛңшең қаңғыбастар, әңгіме 
басқаша. 
Салым суға кетіп, кілт бұрылдым да, штаб бӛлмесіне қарай беттедім. 

Мен кӛп күткен жоқпын. Ұзамай Заевтың салмақты қадамымен еден 
тақтайының сықырлағаны есітілді. Оның соңынан бӛлмеге жуасып қалған 
Бозжанов кірді. 
Заев еңсесін кӛтерді. 
- Жолдас комбат, сіздің жарлығыңыз бойынша келіп тұрмын. 
Бұл жолы ол ӛзінің үйреншікті әдеті бойынша күңкілдемей, сӛздерін 
анықтап айтты. 


362 
Мен орындыққа отырдым. Қиғаш үйек тәрізденген күн сәулесі Заявқа 
түсіп тұр. Оның әскери форманы қатаң сақтап киінгенін мен еңді ғана 
байқадым. Бұдан бұрын оның бұлайша киінгенін, сірә, бірде-бір рет кӛрмеген 
шығармын. Бүгін комбаттың тӛрелігіне қылмыскер, қашқын атаулыға 
аяушылық жасау дегенді білмейтін тӛрелігіне - жүгінгелі батальонға қайта 
оралған Заев жуынып-қырынып, шинелін әбден тазартып, біз майданға 
келгелі бері үстіне іліп кӛрмеген қайыс бауларын тағып алуды лайық санаған 
тәрізді. Екінің бірінде Заев ӛз қаруын да, әр түрлі басқа заттарын да салып 
сақтайтын қойны бұрынғыдай торсиып тұрған жоқ: шинелінің ілгектері мен 
түймелері түгел салынған. Сұр елтіріден тігілген офицерлік құлақшынының 
бауы бұрынғыдай емес, байлаулы, маңдайында эмалі түскен жұлдызы бар. 
Тек шинелінің бұрынғыша томпиып тұрған сыртқы қалталары ғана Заевтың 
бұрынғы сӛлекеттігін танытқандай. Терезеден түскен күн сәулесімен оның 
бет пішіні: екі шекесі үңгіш, жақ сүйектері шығыңқы, екі ұрты суалып, иегі 
состиып кӛрінеді. 
- Қаруыңды тапсыр, - деп бұйырдым мен. 
Заев асынған қайыс бауларын ағытып, белдігін, пистолет қабын 
шешіп, бәрін стол үстіне қойды. 
- Жұлдыз алынсын! Айырым белгілері сыпырылсын! 
Осындай жазира кіріптар болатынын Заев, әрине, білген де, осыған 
әзірленген де еді, дегенмен оның беті түтігіп, аузы әнтек ашылып, сабалақ 
қабағы бұрынғыдан бетер селдірей түсті. Ол тез-ақ бойын билеп алды: 
кезеріп, жарылып кеткен еріндерінен кешірім сұрау емеуіріні білінген жоқ, 
маған қадалған үңгіш кӛздерінен жалыныш ұшқыны байқалмады, Заев 
жарлықты үнсіз орындады. Сыры кӛнерген қызыл жұлдызы да, шинелінің 
петлицаларынан жұлынып алынған қызыл текшелері де стол үстіне қойылды. 
- Петлицаларыңды жұл, - деп талап еттім мен. 
Тарс етіп ашылған есіктен Толстунов кӛрінді. Кәдімгі салмақты 
қалпында, ептеп теңселе басып, жауынгерлік ар-намыс бұйымдары жатқан 
столдың қасына барып отырды. 

- Петлицаларыңды! - деп қайталадым мен. 
- Жолдас комбат, мүмкін, петлицаларымды қалдырарсыз? 
- Жоқ, жұлыңыз. 
Заев назарын тайдырмастан, сүйекті де қайратты қолын кӛтеріп, екі 
петлицасын да жұлып-жұлып алып, столдың үстіне тастады. Енді Заев жәй 
солдат болудан да қалды, мен оның ең соңғы жауынгерлік белгісін де алып 
қойдым. 
- Барлық қалта ақтарылсын. Ондағы зат біткеннің бәрін стол үстіне 
салыңыз. 
Жарлыққа мойын сұнған Заев қалталарындағы нәрселерін шығара 
бастады. 


363 
Стол үстіне жеке адамға арналған жыртық дәрігерлік пакет тасталды. 
Оның ішінде үлдірекпен оралған қаттаулы мақта, йод құйылған шӛлмекті, 
ағылшын түйреуіші бар екен, бірақ бинті жоқ болып шықты. Сонда қол 
пулеметінің бинттен ӛріп жасаған бауы, ротасын немістерге қарсы шабуылға 
бастаған Заевтың жүгіре басқан бетте осы бауды қарына іліп, оқ жаудырғаны 
есіме түсті. Міне қара қошқыл жентекке айналған, қолдан жасалған осы ӛрме 
бау да қалтасынан шығарылды. Шалбарының қалтасынан Заев машина майы 
жұққан қол орамалын, сіріңкесін, жыртылған шылым қорабын, саусақтың 
таңбасы түскен кестелі қызыл әмиянын, олақтау жасалған ағаш сабы бар 
әйдік бәкісін алды. Тӛс қалтасын сипалаған Заевтың қолы бӛгеліп қалды.
- Бұл аяулы нәрсе, жолдас комбат. 
- Шығар бәрін. 
Түймесін ағытып, қалтасынан бір буда хат алды. Хаттармен бірге 
сақтаулы жатқан суреттер де шықты. Бірі алты-жеті жасар баланың суреті 
екен. Бала орындық үстінде тұрған қалпында, барлық түймесі салынған, 
белдікпен шарт буылған, қайырма жағалы кӛйлегімен суретке түсірілген. 
Шекесінің үңгіштігінен, қалың қабағынан Заев ұрпағы екені аңғарылады. 
Фуражкасына қызыл әскер жұлдызы тағылған. Одан баланың қолымен 
шалпы-шарпы жүргізілген бояу қызарып кӛрінеді. Анықтап қарағанымша 
болмай, Заев суретті тез аудара қойды. Алайда оқыстау қимылдаған қолына 
ілінген екінші сурет аударылып түсті. Оның сыртына ірі әріптермен мынадай 
сӛздер жазылған: «Досым, орыс туысым…» Мұны жазған кім болды екен? 
Суретті аударып қарап едім, жаздың күні қазақ даласында, Алатау аясында 
тұрған екі адамның бейнесін кӛрдім: бірі ұзынтұра ашаң Заев, әлдекімге 
«сазайыңды тартқызам» деп кӛрсеткендей, ызғарлы да наразы пішінде бір 
шетке қарауда; екіншісі – пандана кеудесін керіп, жайдарлана күлімдеп, 
қырынан тұрған аласа бойлы, толықша Бозжанов - жұбы жазылмайтын екі 
дос, командир мен политрук, біздегі Пат пен Паташон. 
- Хаттар кімнен келген? 
- Әйелімнен. 
- Сеніміңіз кәміл болсын, Заев, - дедім мен, - бұл хаттарға ешкім 
тимейді, бұларды ешкім оқымайды. 
Хаттарды дестелеп, терезенің текшесіне қойдым. Бұл дестенің үстіне 
Бозжанов пен Заевтың суреті бар ашық хат салынды да, мұның бәрі шуда 
жіппен айқыш-ұйқыш буылып-түйілді. 
- Бары осы ма? 
- Жоқ, тағы бір зат бар, жолдас қомбат. 
Осыны айтып, ол шинелінің ішкі қалтасынан ұзынша мӛлдір пакет 
шығарды, одан әмиян, ақ қолғап айқын кӛрініп тұр. Мұны Берлинде кию 
үшін сақтап жүргенін Заев естен кетпес түнгі күзет кезінде айтқан болатын. 
Сонда ұзын аяқтарын салбыратып мәстекке жайдақ мінген Заевтың: «Қалай 
ойлайсыз, жолдас комбат. жұмыр жерді әлі талай шарлайтын шығармыз?» - 
ден күжілдегені есіме түсті. 


364 
Жо-жоқ, ӛткен елес менің кӛңілімді жібіте қоймайды. Бұл дүниеде 
сенің саудаң біткен, Заев. Ар-намысынан айрылып, жауынгерлік борышын 
аяққа басқан сендей жанның енді кӛрер қызығы да, істер ісі де жоқ. Бар 
болғаны: лайықты жазаға сӛзсіз мойынсұну. 
- Енді біткен болар? 
- Иә, жолдас комбат, бітті. 
Оның ылғи "еһе", "әһә" дейтіні қайда, осындай сӛздері үшін менен 
талай-талай сӛгіс есіткен еді ғой? Енді мұның бәрі су сепкендей басылыпты. 
- Шылымды алуыңызға болады, - дедім мен. 
Заев шылымы мен сіріңкесін қалтасына салып алды. Бұдан соң 
ұқыптылықпен шинелінің әрбір ілгегін, әрбір түймесін салды. Оның 
қалтырау дегенді білмейтін қайратты да сүйекті қолы қату еді. Тап-тұйнақтай 
түрге енгеннен кейін ол бойын түзеп, тына қалды. 

Бӛлме ішінде тыныштық орнады. Мен ішімнен үкім шығарып, шешім 
қабылдап та қойдым: ату жазасы. Бірақ тағы бір минуттай ойланып-
толғандым. 
Стол үстінде жатқан заттардың әрқайсысы – Заев қару-жарақты 
бӛлшектеп, құрастырған сайын қолданатын жуан бізі, түрлі ашқыш-
бұрандалары бар, ағаш сапты бәкі де, Заев осы күнге дейін жанынан тастамай 
алып жүрген қол пулеметінің тірегі ретінде кірлі бинттен жасалған бау да, 
Берлинде киюге арнап, есерсоқтықпен сатып алынған қолғап та, жіптері 
үзілген, жасыл екі петлица да - бәрі-бәрі: «Кешірім ет!» деп жалбарынғандай. 
Ал менің жүрегіме соғыстың күйдіріп басқандай ӛшпес қағидасы 
ұялаған: «Қорқақтық, опасыздық жасаған екенсің, саған ешбір кешірім жоқ. 
Бәлкім, бұрын сені жұрт жақсы кӛрген де, мақтаған да шығар, бірақ алтын 
басты болсаң да, ардан артық емессің сондықтан әскери қылмысың үшін, 
қорқақтығың үшін ӛлім жазасына кесілесің». 
Иә, тіпті алтын басты болсаң да!… Сонымен, шешім қабылданды. 
- Рахимов! 
- Мен, жолдас комбат. 
- Екінші ротаны, мынамен бірге келген жауынгерлерді сапқа 
тұрғызыңыз… 
Жолдас комбат, олар тамақтанып жатыр. 
- Тамақтанғаны қалай? Кім рұқсат етті оларға? 
- Мен рұқсат еттім, - деп жауап қайырды Толстунов. – Жұрт аш қой. 
Ақырында, мен қатты кеттім. 
- Немене, біз ашықпаппыз ба? Бұлар тылда тырағайлап жүргенде 
біздің неше тәулік бойы нәр татпағанымызды білемісің? 
- Жарайды, комбат, - деп тоқтау айтты Толстунов. - Тамақтарын ішіп 
болсын жұрт. 
Мен енді қызулығымды бастым. 


365 
- Жақсы. Күте тұрайық. Ал әзірше, Заев, әйеліңізге хат жазуға 
мүмкіндік бере аламын. Бұдан басқа ешқандай ақтық тілекті тыңдағым 
келмейді. Сіз ӛзіңіз басқарған рота сапының алдында атыласыз, сізді 
ӛзіңізбен бірге қашқан жауынгерлер атады. 
- Жолдас комбат, - деп үн қатты Заев, - менің абыроймен ӛлуіме 
мүмкіндік беріңіз! Ӛз ротамда қатардағы жауынгер ретінде ӛлуіме мүмкіндік 
беріңіз. 
- Болмайды! 
- Жолдас комбат, білемін… Ӛлім жазасына лайықпын. Ӛзім де тірі 
жүргім келмейді. Бұл мезгеулік үрей салдары екенін, осыдан бар 
қасиетімнен, ӛмірден айрылғалы отырғанымды білемін. Бірақ менің 
абыроймен ӛлуіме мүмкіндік беріңіз. Барлауда ма, атака кезіндеме, әйтеуір 
жау оғынан ӛлетін болайын. Мен сіздің қатал тӛрелігіңізден бас сауғалап 
қалуға, басқа батальонға, басқа ротаға ӛтуге әрекеттенген жоқпын. 
Масқаралық таңбасын шыбын жанымды пида етіп кетіруім үшін ӛз 
жауынгерлеріме жіберіңіз. Қатардағы солдат ретінде жаумен шайқасып
абыроймен ӛлейін. Жолдас комбат, осы ӛтінішімді орындаңызшы! 
Заев тұңғыш рет шешен болып кетті. Айтқан сӛздері әрі нанымды, әрі 
әсерлі еді. Жан күйзелісі мұны марқайтып, ӛресін ӛсіргендей. Енді менің 
алдымда тұрған, мені сенім күшімен иландырмақ болған бұрынғы есерсоқ, 
қылжақбас Заев емес, есейіп, кемеліне келген Заев еді. Ӛзімнің қобалжи 
бастағанымды сезіп, кесіп айттым: 
- Жоқ! Жоқ! Болды енді! Келесі үйге барыңыз. Әйеліңізге ақтық 
хатыңызды жазыңыз. 
Тұнжыраған Заев қинала үн қатты: 
- Мейлі, солай-ақ болсын… Тӛрелігіңізге тақ тұрамын, жолдас комбат. 
Осыны айтты да, жауынгерлер қауымынан аласталған, белдіксіз, 
жұлдызсыз, петлицасыз қалған Заев қош айтыспастан шығып кетті. 

Мен ӛз жолдастарыма: Толстуновка, Рахимовқа, Бозжановқа қарадым. 
Мен Заевты айыптап, соттағанда бұлардың ешқайсысы әңгімеге 
араласқан жоқ. Қазірде де ешқайсысы бір ауыз сӛз айтпады. Бірақ не айтарын 
кӛздерінен таныдым. Заевтың қазіргі мінезі, оның ӛзін-ӛзі ерлікпен 
айыптауы, тіпті әсерлі сӛзі - ӛзіне абыройлы ӛлімді қиюды ӛтініп 
сұрағандағы қүтперден пайда болған шешендігі, ӛтімді де нанымды дәлелі 
бәрін тебірентіп, әрқайсысының жүрегінде оған деген жанашырлық сезімін 
туғызған еді. Осынау үш кӛнен кӛз: «Кешірім ет, ӛмірін аман сақта!» - деп 
жар салғандай. Жоқ! Алтын басты болсаң да… Жоқ, жолдастар, болмайды! 
Кӛпке созылған үнсіздікті Бозжанов бұзды: 
- Кәне, тамақ ішейік. Бәрі дайын. 
- Here асығасың? - дедім мен. - Кейін ішерміз. 
Бірақ Бозжанов ас ішуге әзірлік қамын тоқтатқан жоқ. 


366 
- Столды босатыңдар. Мен қазір… 
Маған қарауға батпастан, ол ас пісіріліп жатқан бӛлмеге тұра жӛнелді. 
Рахимов стол үстін тез босатып, плащ-палаткасын жайды да, 
үйреншікті ұқыптылықпен Заевтың үюлі жатқан заттарын тәртіпке келтірді. 
Штабтағы қорымыз жартымсыз бола тұрса да, таза ақ қағазға Заевтың 
петлицаларын, жұлдызын, қызыл текшелерін орап, бұл түйіншекті оның 
әмиянына салды. Одан соң терезе алдындағы хаттар мен суреттерге кӛзінің 
қиығымен қарады, бірақ бұларды алуға батпады. Сӛйтіп, ептілікпен буылып-
түйілген шағын салмақты бума бӛлменің арғы мүйісіндегі сандықтың үстіне 
қойылды. 
Сол мезетте Бозжанов бір кастрел сорпаны алып кірді. 
- Кейін, кейін, Бозжанов, - дедім мен. 
- Бұл қалайша, жолдас комбат? Онсыз да кӛп қайнады ғой. 
Толстунов Бозжановты қолдады:
- Тамақтанып алайық, комбат. Анау қағазын жазып болғанша 
үлгереміз. Синченко, тарелкаларыңды қой, нан әкел. 
Синченконың бӛлмеде қашан және қалай пайда болғанын 
байқамаппын да. Ол ыдыс-аяқты үнсіз жайғастырып, нан кесті. Дыбысын да, 
тықырын да білдірмеуте тырысып, ӛзі жазықты балаша мұңая тӛмен қарап 
жүр. Толстунов былай деді: 
- Комбат, бір рюмкадан арақ ішуге рұқсат ет. 
- Керегі жоқ. 
- Керегі жоғы қалай? Мына біздердің кінәміз не, комбат? 
Сыбағамыздан қақпасайшы. Тамақ алдында бірден тартып жіберейік. 
- Мейілдерің, қаласаңдар, іше беріңдер. 
- Ӛзің де бізбен соғыстыр, комбат. Синченко! Құты қайда? Синченко 
құтыны ұсынды. Стақандарға Толстунов құйған арақты жұрттың бәрі үнсіз 
ішісті. 
Бозжанов шуда жіппен айқыш-ұйқыш таңылған буманың үстіндегі 
суретті иегімен нұсқады. 
- Онда не себепті күліп тұрғанымды білемісіз, жолдас комбат? 
- Не себепті? 
- Біз әзірленіп болып, суретке түсе бастағанымызда рота маңында 
әлдеқайдан пайда болған бір қызды оның кӛзі шалып қалды. Мүлде бейтаныс 
қыз еді. Соған айқайлап тұрған қалпы ғой. Мен болсам… Жә, мұның келер-
кетері жоқ… Ӛзі әрқашан таза адам болатын, жолдас комбат. Кӛбімізден таза 
жан… 
- Мен үшін мұның ешбір қызығы жоқ, - деп мен Заев жайындағы 
әңгімені тойтарып тастауға тырыстым. 
Бірақ әңгіме жалғаса берді. 
- Тыңдашы, комбат, - деді Толстунов. - Оны әскери трибуналдың 
соттағаны жақсы. Қазір біз ұрыс жағдайында емеспіз ғой… 
- Ұрыс жағдайында емесі қалай? Қарсы алдымызда жау тұр. 


367 
- Әйтеуір әзірше ұрыс жоқ қой. Оны трибуналға жӛнелт, ақты-
қарасын сол трибунал ажыратсын. - Мен үндемедім. Толстунов сӛйлей берді: 
- Егер атуға үкім етсе, соған сәйкес батальон сапы алдыңда атамыз. 
Егер дәрежесінен айырса, онда қатардағы жауынгер ретінде кінәсін жуып-
шаятын болады. 
- Оған күмәнданатын бар ма? - деп даурықтым мен. – Ұрыста ӛз шебін 
тастап кеткені үшін, әрине, ату жазасына кесіледі. Бұдан басқа үкім 
болмақшы емес. 
- Шынында да трибунал соттасын оны, ақсақал, - деп үн қатты 
Бозжанов. 
Мен ешбір жауап айтпадым. Тамығымызды ішіп болдық. Синченко 
ыдыс-аяқты жинастырды. 
- Рахимов! - дедім мен. - Заевты шақырыңыз. 
Бірнеше минуттан кейін Заев бӛлмеге келіп кірді. Қолында бір парақ 
жазулы қағазы. 
- Әйеліңе хат жаздың ба? 
- Иә, жолдас комбат. - Заевтың даусы қатты есітілді, күлтектеместен, 
жасқанбастан, ол менің бетіме тура қарауда. - Бір мезгеулікте масқара болып, 
ӛз ӛмірімді еш кетірдім деп жаздым! Осы мезгеулік үрей салдарынан адал 
басымды қор етіп, ӛмірден күдер үзгелі отырмын дедім. Әскери сап алдында 
атылатыным туралы да жаздым. Балама шындықты айтпай, оны аялап 
ӛсіргейсің дедім. «Әкем ұрыста қаза тауыпты» деген сенімде болғаны жақсы 
ғой оның. 
- Жарайды. Отырыңыз. Рахимов, Заявка конверт беріңіз. 
Заев отыра қалып, хатын конвертке салда, сыртына адресін 
жазды. 
- Жапсырыңыз, мен сіздің хатыңызды оқымаймын. 
Заев конвертті желімдеп, маған берді. 
- Рахимов, қағаз алыңыз, - дедім мен. - Былай деп жазыңыз: 
«Дивизияның әскери трибуналына. Маған қарасты батальонның 
екінші ротасының бұрынғы командирі Заевты қамауға алып, сізге жіберіп 
отырмын. Үстіміздегі жылдың 30 октябрінде Быки деревнясының маңында 
Заев ротаның бір бӛлігін соңына ертіп алып, ұрыс майданынан 
масқаралықпен қашып кетті. Отанына опасыздық жасаған мұндай сатқынға 
лайықты бір ғана жаза оны сап алдында ату. Заевтың қылмысты ісін қарап, 
батальон сапының алдында ату үшін оны соттың үкімімен бірге маған 
жіберуді трибуналдан ӛтініп сұраймын». Жаздыңыз ба?
- Иә, җолдас комбат. 
Мен қағазды алып, оқып шықтым да, уақытын кӛрсетіп қолымды 
қойдым. 
Осы қағазбен бірге Заевты дивизия трибуналына айдатып жібердім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет