Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет61/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
Арпалыс 1,2

ҚАЙДАН КЕЛГЕН ӘЙЕЛ БҦЛ? 
 
«Әрбір бұйрықтың орындалуы - 
бұлжымас шарт». 

Мен тағы да ӛз қаһарманымның майдандағы блиндажында отырмын. 
Момышұлы жоғарғы бӛрененің үстіндегі шағын терезеден қараңғы түнге 
телміре қарауда. Не туралы ойлап тұр екен? Қиялы қайда шарықтады екен? 
Сол мезетте баяулата әндетті ол: 
Кел ішелік осындайда
Жарлы жастық серігім… 
Екеуміз таныс-біліс болғалы бері менің бір байқағаным мынау: 
жастайынан музыкаға бейімдеу әуес болып ӛскен Бауыржан кӛптеген ән-
күйді, ескілікті романстарды, опералық арияларды жадында сақтап қалған. 
Кейде ол ӛзінің ауқымды музыкалық репертуарынан кӛңіл күйіне үйлесетін 
бір-екі әнді жарым-жартылап болса да айтып шығуды ұнататын. 
- Бауыржан, осынша кӛп музыканы қайдан үйрене бергенсіз? 
Менің кӛлденең сұрағымды Момышұлы ежелгі әдеті бойынша бұл 
жолы да тойтарып тастар деп ойлаған едім. Бірақ шылымын бір сорып, ол 
мынадай жауап айтты. 


383 
- Рахиль деген бір қыз болушы еді, Ленинградта оқып жүрген кезімде 
сол қыз мені талай рет театрлар мен концерттерге ертіп барған-ды. 
- Ленинградта деймісіз? 
- Иә. 
- Оған қалай тап болғансыз? 
- Ұзақ әңгіме. 
Бауыржан бұл тақырыпты одан әрі ӛрістеткісі келмей, үндемей қалды. 
Мен қолқалап сұрадым: 
- Ленинград туралы, әлгі қыз туралы айтып беріңізші. 
- Керегі не? 
- Жазушы ретінде маған бұл ӛте қажет. Сізді әр түрлі қырыңыздан 
танып білгім келеді. 
- Менің әңгімем сізге арналған емес. 
- Маған емесі қалай? 
- Сізге емес, ұрпаққа арналған. Бұған ӛзімнің ӛмірбаянымды әкеліп 
тықпалау әрі ағаттық, әрі білместік болар еді. 
Мен күрсіндім де қойдым. Мұндай бірбеткей адамды қалайша, қандай 
дәлелмен иліктірерсің? 

- Әйелдер жайында әңгіме қозғағаннан кейін, - деді Бауыржан, - кейде 
жертӛледе отырып кӛйітуге болатын хикаялар орнына біз соғыстағы, Қызыл 
Армия қатарындағы әйел мәселесін алып қарайық. 
Москва түбіндегі шайқас кезінде мен, батальон командирі, бұл 
мәселені оп-оңай шешіп жүрдім: әскер бӛлімдерінде әйел атаулы болмауы 
керек деп, қылышпен шапқандай, қысқаша кесіп айтатынмын. 
Біздің батальон легінде, біздің қатарымызда бірде-бір әйел болып 
кӛрген емес-ті. Бірақ бір жолы тосын оқиға кез болды… 
Шындығында бұл оқиғаны біздің бұрынғы әңгімелеріміздің бірінде, 
біздің батальонның алғашқы ұрыстары, Волоколамскіге қарай шегінгеніміз 
баяндалатын беттерде айтып беру керек еді. 
Әйткенмен, ештен кеш жақсы дегендей, сол кездегі кӛріністерге, 
біздің кӛңілсіз түнгі жорығымызға қайта оралайық. 
…Қараңғы түнде батальон рота-ротасымен іркілдек батпақты қашып 
келе жатқан-ды. Жауынгерлер, зеңбіректер, пулемет артқан, оқ-дәрі тиеген 
арбалар әрең жылжиды. 
Біз жаудың тұзағына түспеу үшін бұл ӛңірден кетіп барамыз. Біздің оң 
жағымыз бен сол жағымыздағы деревняларды жау басып алған. Әзірше аман 
тұрғаны - осы қылдырықтай ӛңір ғана. 
Түн қараңғысын жамылып, ӛз әскерлерімізге, дивизия білімдеріне 
тезірек барып қосылуымыз керек. 
Колоннаны Заев бастап барады, ӛйткені алдағы рота соныкі. Ӛзі ұзын 
қолдарын сермеп, тынымсыз адымдауда. Менің тұсымнан лек-лек 


384 
жауынгерлер, тізбек-тізбек арбалар ӛтіп барады. Ал мынау ӛз 
командирлерінен, ӛз бӛлімдерінен адасып қалып, біздің батальонға келіп 
қосылған бӛгде солдаттар командасы. Бұлардың жетекшісі Бозжанов. Саяси 
бӛлім нұсқаушысы Толстунов та осында. 
Ат үстінде отырып байқадым, Бозжанов пен Толстуновтың қасында 
тағы бір адам жүріп келеді. Бұл не ғажап? Юбкасы бар ма? Олай болмас! 
Жәй елес шығар… Тіктеп қарап едім, еркектер арасыңда боты киген, юбкалы 
әйел бейнесі қылаңдайды. 
Сол заматта: 
- Тоқта! - деп дауыстадым мен. 
Колонна тоқтай қалды. 
- Әйел қатардан шықсын! 
Батылсыз бӛлініп шыққан әйел жақындап келді. Мен жауынгерлерге: 
- Марш! - деп жарлық бердім. 
Саптағылар жүріп кетті. Ал Толстунов пен Бозжанов жолдың 
жиегінде тұрып қалды. 
- Кім боласыз? 
Қараңғыда әйел даусы естілді: 
- Фельдшермін… Фамилиям Заовражина… 
Толстунов: 
- Васильево селосынан… Немістерден қашып келеді екен, комбат. 
- Неткен тәртіп бұл? Маған неге мәлімдемедіңдер? Жәй тұрғынды 
батальон колоннасына қосуға кім рұқсат етті? 
Бозжанов бірдеңе айтқысы келіп еді, мен тойтарып тастадым: 
- Тыңдағым келмейді! Орындарыңа барындар! 
- Мен ше? - деп сұрады қыз. - Шынымен-ақ немістерде қалдырмақсыз 
ба? 
Қалтамнан электрлі қолшамды шығарып, түймесін бастым да, түйдек 
сәуле жарығымен орыс қызының сұрша жүзін, тәмпіш мұрнын, мүсінді иегін 
айқын ажыраттым. Қыздың күтпеген жерден жарыққа шағылысқан байыпты 
қарақа ткӛздері жыпылықтап қалды. 
Енді тӛмен түсірілген сәулемен бикештің күздік қара пальтосы, 
мойнына асынған дорбасы, жанындағы фельдшерлік сумкасы, бұдан кейін 
аяғындағы аласалау былғаныш ботысы, арзан қолды шұлығы кӛрінді. 
Қыздың жанарын тағы да кӛргім келіп, қолшамды жоғары кӛтеріп едім, 
маған қаймықпай қараған кӛздеріне, кӛзқарасының байыптылығына кӛңлім 
толғандай болды. 
Иә, бұл қыз үшін де сын сағаты туған еді. Сұрапыл соғыс салдарынан 
туып-ӛскен мекенің лажсыз қиып кетіп отыр. Енді ескілеу батысын киіп, 
қарбаласта қолына ілінген азын-аулақ дүниелігін дорбасына салып, Қызыл 
Армияның ең соңғы батальонына, бізге қосылғаны мынау. Қилы заман 
қияпатымен осыған бел байлады ал. Ал қой кӛздерінен ӛз болашағын ойлап 
уайымдаудың ешбір белгісі білінбейді. 
Қолшам сӛндірілді. 


385 
- Атың кім? - деп сұрадым қыздан. 
- Варя. 
- Былай, Варя, біз сені қоршаудан алып шығамыз. Әзірше әлгі орныңа 
бар. Кешікпей жетеміз. Сол кезде: қош, сау бол, Варя деймін. Сен ӛз жӛніне 
кетесің. 
- Сіздермен ше? 
- Бізбен жүруге болмайды. 

Немістер алған Долгоруковка деревнясының орағыта ӛткен кезімізде 
бізді полк штабы бастығының жәрдемшісі лейтенант Курганский қуана 
қарсы алды. Оған кездесуіміз ӛз әскерлерімізге жеткендігіміздің белгісі еді. 
Курганский бізге татымды тарту ала келген - ӛткен түні ғана 
пісірілген жұмсақ ақ нан екі арбаға тиеулі екен. Үсті кенеппен жабыллған 
осы арбаларға, тыңнан жол сала, Волоколамскіден бізге келіп жеткен 
доңғалақтарының жалтыраған табан темірлеріне қарап тұрып: «Алақай, ӛз 
адамдарымызға келіп қосылдық, аңсаулы жерге жеттік!» - деп, ішімнен 
әндеткендеймін. 
Таң бозарып, тұман серпіле бастаған. Мен батальонды орманда 
орналастырып, жауынгерлердің тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндік 
бермекші болдым. 
Жауынгерлермен бірге орманға Варя да беттеген-ді. Үстінде қара 
пальтосы, басында қара береті, иығында дорбасы. Оны тағы да шақырдым. 
Ұзап бара жатқан колоннаға жалтақтай қарап, қасыма келген қыз маған назар 
аударды. Енді, таңертеңгі кӛмескі сәуле аясында, оның бет пішіні - оймақ 
аузы мен балауса еріндері, танаулары делдиген тӛмпіш мұрны, жазық 
мандайы, бұйралатпай, қайыра тараған, қоңырқай шашы - бәрі-бәрі қолшам 
жарығымен байқағанымнан анағұрлым әдемі де мүсінді болып кӛрінді. Tya 
біткен тұрпайылау бейнесі ӛнер-білімнің, оқып үйренудің, рухани нәрдің 
әсерімен анайылықтан түгелдей арылып, зергердің шебер қолымен 
мүсінделіп, әрленгендей. Сонымен қатар алақандары мен сом білектерінен 
қажыр-қайраттың лебі еседі. 
- Ал, Варя… Жолың мынау. Жӛніңе тарт. 
Маған қадалған қарақат кӛздерінен мӛлтілдеген жас кӛрінді. Әйелдің 
кӛз жасына мен онша елжірей қоймаймын. Бірақ бұл қыз жиі жыламайтын 
болар деймін. Ал қазір жыламсырап тұрып: 
- Жалғыз ба? - деп сұрады. 
Мен ӛзін аяп кеттім. Шынында да, мына тұманда жалғыз кету оңай 
емес-ті. 
- Жарайды, Варя. Сені кейінірек ұзатып салармыз. 
- Ал сіздерде қалуыма ешбір болмай ма? 
- Болмайды, Варя. Біз жауынгер армияда қызмет еткен келсе, сені 
әріректегі тылға жібереміз. Ал батальонға қыздардың керегі жоқ. 


386 
Қызды ӛзіміздің фельдшерге, санитарлық взводтағы Киреевке 
апардым. 
- Киреев, мына қызды саған тапсырамын. Аты-жӛні Варя Заовражина. 
Жасың нешеде, Варя? 
- Он тоғыздамын. 
- Менің дәл осындай қызым бар, - деді Киреев. 
- Әке екеніңді білемін… Осы қызды Волоколамскіге аман-сау 
жеткізуді саған тапсырамын. Ӛз қызыңдай кӛріп, жүріс-тұрысын қатаң 
бақылайтын бол. 
Варяға да ақтық сӛзімді айттым: 
- Ал сен аяғыңды аңдап бас. Ешкімнің басын айналдырушы болма. 
Варя қызараңдап қалды. Кӛзқарасынан: «Мені неге жәбірлейсің?»- 
деген сыңайын таныдым, 

Бұдан кейін жағдайымыздың қалай шиеленісіп кеткені сіздің есіңізде 
болар. Мен дүниеқорлықпен немістердің иегі астынан жасырулы 
снарядтарым мен зеңбіректерімді білдірмей әкелуге сол жаққа аттарымен, 
жасақтарымен бірге Бозжановты жіберген болатынмын, Нақ сол мезетте біз 
бекінген орманның тұс-тұсынан оқ атылып, лезде ұрыс қызып кеткен-ді. 
Зеңбіректер гүрсілі құлақты тұндыратын тынымсыз сарынға ұласқан. Мен 
лажсыз Бозжановты күттім, ӛйткені онсыз кетуге мұршам жоқ еді. Сол екі 
арада ұрыс дүрбелеңі жақындап қалғандықтан, адамдарды тұрғызып, айнала 
қорғаныс шебін құру жӛнінде бұйрық бергенмін. 
Рахимов екеуміз роталарды аралап болғаннан кейін санитарлық взвод 
тұсынан ӛтіп, штаб күркесіне қарай қайтып келе жатқанбыз. Кенет 
талдардың тұсынан бірнеше қызыл ӛңештің қарқылдап күлгені естілді. Бұл 
не? Жаралылар бұлай күлмес болар еді ғой.
Мен дауыс шыққан жаққа бұрылдым. Бұлақ басындағы аланда 
шытырлап жанған от. Шағын күпшекте Қайнатылған су. Жаңа ғана жуылған 
кір - санитарлық шапандар, үлдірек орамалдар, сейсептер 
- солмаңдағы арқанға жайылған. Әділін айту керек, жуылған заттар 
кӛз ұялтарлықтай аппақ, бұрын жуылған кірде бола беретін сарғыш- сұрғылт 
рең бұл жолы мүлде жойылған. Қанның дақ таңбасының ізі де қалмаған. 
Бәрі Варяның істегені! Кірді ол осында, бұлақ басында жуып жатыр 
екен. Пальтосын шешіп кіріскен. Тек кӛйлегінің сыртынан гимнастерка 
киіпті. Ал мейірімді біреудің (бәлкім, Киреев болар?) марқабатымен бұл қыз 
ботының орнына солдат етігін киіп те үлгірген. Түбір үстіне қойылған 
кірленге еңкейіп тұрған қыздың екі жеңі туралы, қарулы қолдарынан 
сабынның кӛбігі жӛн-жаққа шашырауда. 
Біреу бастарын дуалап қойғандай-ақ, жаңадан қырылып алған 
Толстунов бастаған менің қырандарымның бәрі дерлік кір жуып жатқан 
қыздың маңына жинала қалыпты. Мұндай дүрмектен қалып кӛрмеген 


387 
Брудный Варяның туфлиін отқа кептіруде, Ӛзім тәртіптілік пен 
тындырымдылықтың үлгісі деп білетін рота командирі Филимонов та осында 
болып шықты. 
Иә, иә, әскери бӛлімде әйелге орын жоқ деген нақылды менің қатаң 
қолдануым тегін емес екен! Айнала тарс-тұрс атыс, аласапыран жағдай; зәуде 
қоршауда қалып қоюымыз да ғажап емес, ал командирлердің қызға 
қырындап жүргені мынау. Мені байқап қалған Варя, әдемі маржан тістерін 
ақсита күлімсіреді. Бұл шырайынан: «Міне мен де әжетке жарадым, менің де 
керегім болды» дегісі келгенін аңдағандаймын. 
Сәл қымсынып қалған командирлер қаздия қалысты. Сол мандағы 
санитарлық арбалардың жанында жүрген Киреевті байқап: 
- Киреев, бері кел! - деп дауыстадым. - Қызға бас-кӛз бол дегенім 
қайда саған? Мына сарбаздарды неге келтірдің мұнда? 
- Бұларды келтірмейтін шамам қайда, жолдас комбат? Бұлар 
командирлер, ал мен болсам… 
- Сен әкесің! Әке бол деп мұны саған сеніп тапсырғанмын. Сондықтан 
кімде-кім бұған жуыса, сен оны әке ретінде қуып жіберуге тиіссің. 
- Жазықтымын, жолдас комбат. Жасқаншақтық істедім. Түсіндің бе? 
- Ендігі жерде бұлай етпе. Құлақ аспағандарды маған айт. 
Рахимовқа қарап, мынадай бұйрық бердім: 
- Осы сабаздардың бәрін және мына қызды дереу маған жібер, - дедім 
де, кете бардым. 

Менің соңымнан штаб күркесіне шақырылғандар келіп кірді. 
Қастарында солдат етігін, қара пальтосы мен қара беретін киген Варя да бар. 
Бәрінің жүні жығылған, тек Толстунов қана бейпіл түрмен миығынан 
күлгендей.
- Толстунов! Бұл не мысқыл, батальон командиріне қыр кӛрсеткенің 
бе бұл? 
- Мұның не, комбат? Неге шүйліктің сонша? Біз әншейін… 
Мен оның сӛзін бӛліп: 
- Жолдас аға политрук, сіз маған бағынышты емессіз, - дедім, - бірақ 
менімен салғыласатын болсаңыз, батальоннан кете беріңіз. 
Толстунов үндемей қалды. 
- Ал сен ше, Филимонов? Рота командирінің бе әлде бикешпен 
серуенге шыққан бозбаласың ба? 
Жұрт кӛзінше бір мінін айтқаныңды, Филимоновтың мұны ӛте ауыр 
алып қалатыны бар. Оның байырғы командир екенін, бұрын шекарашы 
болғанын ӛзіңізге айтқанмын. Оның баршаға аян кәміл сенімі бойынша, 
шынайы әскери қызметті шекарашылар ғана атқара алады. Менен сӛгіс 
есіткен жігіттің бет-аузы шімірігіп, біресе бозарып, біресе қызарып тұрды. 
Мен сӛйлей бердім: 


388 
- Намысыма тиме дегің келеді ғой! Жоқ, аямаймын! Тӛмен етектіге 
жабыса қалатының бар! 
- Жолдас комбат, бірінші рет қой бұл… 
- Қойсаңшы! Жағдайды түсінбейсің бе ӛзің! Немістердің кӛрінген 
жақтан тап болуы мүмкін екенін білмейсің бе? Сондықтан әркім ӛз орнында 
болуға міндетті. 
Брудныйдың да лайықты сыбағасын бердім. Қаһармандарымды 
жазғырып болғаннан кейін былай дедім;
- Барыңдар… Ал сен, Заовражина… Егер сен бұлай ететін болсаң… 
- Сондай-ақ мен не істеппін? 
- Білесің ӛзің! Мына қылжақбастарды тӛңірегіңе неге жиып алдың? 
- Жинаған жоқпын. Ойыма да кіріп-шыққан емес… 
- Оларға неге күле қарадың? Есінде болсын: титқылығың үшін, 
назданғаның үшін - тыңдап тұрмысың? - мына түбірге жатқызамын да, 
қылышпен бӛлшектеп шауып тастаймын! Саған қырындаушыларды да 
осылай етемін, Білдің бе? Сенен сұрап тұрмын: білдің бе? 
Қыз еріндерін әрең жыбырлата: 
- Біл… Білдім, - деп үн қатты. 
…Ақырында біздің батальон Волоколамскіге келіп жетті. Колоннаны 
бастап, асфальт тӛселген ең үлкен кӛшемен келе жатқанымда, тротуардан 
полктің санитарлық бӛлімінің бастығы доктор Гречишкинді кӛрдім. Қасына 
барып, бір-екі ауыз тіл қатысқаннан кейін, санитарлық взводтың арбалары 
тұсымызға келгенге дейін күтіп тұрдым. Бір арбаның үстінде жаңбырдан 
суланған кәдімгі қара пальтосыман Варя отырған-ды. Мен арбаны тоқтаттым. 
- Варя, жерге түс! Доктор, сізге деген тартуым бар. Мына тұрған ӛте 
тындырымды, адал қыз. Келешекте бұл да дәрігер болады. Немістерден 
қашып шығып, енді бізбен бірге келеді. Әжетіңізге жарайды, 
жаралыларыңызды бағып-қағады. Маған ренжи қоймассыз деп сенемін. 
Варямен амандасқан доктор былай деді: 
- Біздің комбаттың мұндай кепілдеме алу оңай емес. Сізге орын 
табамыз, Варя. 
Қыз қоштасарда маған жаутандап қарады. Оның байыпты қарақат 
кӛздерінен ризашылықтың да, реніштің де ұшқынын байқағандаймын. Мен 
Варяның күс басқан қолын қысып тұрып, қош айтыстым. 

Кейін дивизия командирінің резерві болған батальонның содан бергі 
жауынгерлік жолы сізге мәлім. Волоколамск түбіндегі кетікті істеп жүрген 
кезімде тағы да жолымыз кесіліп қалды, бұл жолы да, шырқымызды бұзбай, 
жұбымызды жазбай, немістер басып алған жерден сытылып ӛтіп, ӛз 
әскерлерімізге барып қосылдық. 
Міне енді, ақырында, батальон тынығуға мүмкіндік алды. Қайтадан 
Панфиловтың резервіне ӛткеннен кейін біз алдыңғы шептен бес-алты 


389 
километр кері апарылып, екінші эшелонға бекіндік. Ашық алаңға орналасқан 
орталар ӛздеріне солдаттық пәтер-блиндаждар қазып алды. Ал батальон 
штабы мен арнаулы бӛлімшелері Рождествено деревнясына жайғасты. 
1941 жылғы ноябрьдің бас кезінде алғашқы аяз басталды. Москва 
түбіндегі майданның ӛн бойында ұрыс саябырлаған болатын. 
Москваға бірден жарып ӛте алмаған, біздің қарсылығымызды жеңе 
алмаған немістер енді тың күштерін әкеліп, тағы да ілгері ӛңмеңдеуге 
әзірленуде еді. Қазіргі соғысушы күш артиллерия ғана. Зеңбіректердің кейде 
сәл ғана жиілеп кететін біркелкі гүрсіліне құлақ үйренген-ді. Әділін айту 
керек, немістер бізді бейқамдыққа дағдыландырып кӛрген емес. Түнде 
кӛрнеу шылым тартуға болмаушы еді: гитлершілдер сіріңке шиінің немесе 
шылымның оты жылт еткен жерге екінің бірінде он шақты-жиырма шақты 
минасын жаудыратын. Солай бола тұрса да бір сұрапыл ұрыстардан кейін 
азды-кӛпті жайбарақат дем алдық. Осы саябырды пайдаланып, біз жетінші 
ноябрь күнін, Ұлы Октябрь революциясының жиырма тӛрт жылдығын 
салтанатты 
түрде 
мейрамдадық. 
Мейрам 
қарсаңында, 
Панфилов 
дивизиясына, Қазақстаннан мол тарту – Алматының әңгелектей қош иісті 
алмасы, конфеті мен шарабы әкелінген-ді. 
Тыныштықтың қызығына байқаусыз беріле бастағанымыз ғой, біз 
тіпті бір-бірімізге қонаққа баруды шығардық. 
Бір күні кешқұрым мен дәптерімді алдыма жайып қойып, батальон 
жүргізген ұрыстар тарихын жалғастыра жазып отырған едім. Менің шағын 
штабым түгел болатын. Голстунов пен Бозжанов екеуі, менің үнсіз рұқсатым 
бойынша түскі тамақтан кейін мызғып алу үшін, ағайынды адамдарша кең 
тӛсекте жамбастап жатқан-ды. Рахимов ӛзі ұнататын жұмыспен менің 
жазбаларымның графикалық қосымшасы ретіндегі схемаларды әшекейлеп 
сызумен айналысуда еді (бұған келгенде ӛзі шебер-ақ). 
Жайлап есік ашылды. 
- Жолдас комбат, рұқсат етіңіз. 
Босағадан фельдшер Киреев кӛрінді. Ӛзі қутыңдағандай, қайырымды 
еріндері екі ажырап, күліп жіберуге әзір тұрғандай кӛрінді маған. Ол ақырын 
ғана үн қатты:
- Тосын оқиға, жолдас комбат. 
Толстунов бірден оянып кетті. Сәл кӛзін ашып, біраз мүлгіп жатқан 
Бозжанов басын кӛтеріп алды. Беті балбырап, қызрылт тартқан. 
- Неткен оқиға? - деп сұрадым мен. 
- Қызым қонаққа келді. Ӛз қызым. Варя Заовражина. Ұмытқан жоқсыз 
ба? 
Осы арада: «үйдегілер абыр-сабыр болды» деп жазса да болар еді. 
Толстунов жалаң аяқтарын еденге түсірді. Бозжанов кӛрпе орнына жамылған 
шинелін сыпырып тастады. Тіпті, Рахимов та қаламын жайына қойды. 
- Қайда ӛзі? - деп сұрадым мен. 
Сізге келмеді, жолдас комбат. 
- Онысы несі? Қорқып қалғаны ма? 


390 
- Жоқ… Шақыру күтіп тұр. 
- Пәлі! Ӛзі намысшыл десеңші? 
- Намысшыл. 
- Ендеше шақыр. Қуана қарсы аламын. Қазір қайда? 
- Осында. Баспалдақта тұр. 
- Кәне, офицер жолдастар, толық орнатылсын! 
Тегінде бұл жарлық артық болып шықты. Ӛйткені Толстунов аяғына 
шұлғауын орап, етігін кие бастағанды. Ал Бозжановтың қимылына кӛз 
ілеспейді: шинелі қас қалқанша шегеге ілінді, тек үстінде бүктеулі жатқан 
плащ-палатканың қатпары ӛздігінен жазылып қалғандай; сәл бұйралау қап-
қара шашына тарақ та түсіп үлгерді. Сол екі арада Рахимов қолына 
сыпырғыш алып, бӛлмедегі қоқысты бұрышқа қарай айдай бастады. 
- Киреев, қонақты шақыр. Қызды кӛп күттіріп қойма. Синченко! 
Сенек жақтан жауап есітілді: 
- Мен. 
- Бізге қонақ келді. Самауыр қой. 
- Әлдеқашан әндетіп тұр. 

Ұзамай, ӛкіл әкесіне ерген Варя босағадан аттап, біздің штаб 
құжырасына кірді. Қазір ӛзі әскери адамша киінген. Пальто орнын - белі 
қиналған шинель. Бұрынғы батысы да, батальонда киіп жүрген салпылдақ 
солдат етігі де жайына қалып, енді аяғына шақ, әрі жеңіл етікке ие болыпты. 
Шашын жауып тұрған солдаттық құлақшынына қаңылтырдан жасалған 
қызыл жұлдыз тағылған. Варя маған тәжім етті. 
- Жолдас комбат, - деді қыз, - сіздің шақыруыңыз бойынша келіп 
тұрмын. Әскери фельдшер Заовражина. 
- Жолдас фельдшер, дедім мен, әскери қызметші командирге, уставта 
айтылғаныңдай, тек үш жағдайда ғана: жаңадан тағайындалғанда, не 
демалыстан қайтқанда, не ӛз бӛлімінен кетіп бара жатқанда келеді. Басқа 
реттердің бәрінде жолығады. Түсіндің бе? 
- Түсіндім. 
- Ендеше, Варя, әбзелінді шеш те, жайғасып отыр. Бізге қонақ бол. 
Варя қолын тағы да шекесіне апарып, тәжім етті. Ӛзінің формалы 
киіміне, қолын шекесіне апара, тәжім ету правосына ие болғанына, әлі де 
дағдыға айнала қоймаған осы қимылының ептілігіне кӛңілі кӛншіп, кенет 
жайдарылана күлімсіреді. Сонда ірі маржан тістері жарқырап кӛріңді. 
Әйткенмен қыз дереу аузын жаба қойғанда жүзіндегі жадыраңқы шырайы су 
сепкендей басылды. 
- Мұның қалай, Варя? - деді Толстунов. - Күлімдеуден жасқанып 
қалғансың ба? 
Қыз іркілмей жауап қайырды: 


391 
- Сіздің комбаттан қорқамын. Тыйым салып еді ғой. Ендігі жерде 
осылай етсең, түбірге салып, қылышпен бӛлшектеп шабам деген. 
Ӛзім қыздың бірде байыпты, бірде қуанышты түрінде, бірде мӛлтілдеп 
жасы іркілген кезінде кӛрген қарақат кӛздерінен енді күлкінің ұшқыны 
білінді. Бозжановтың мырсылдап күле жаздап отырғанын сезіп, оған сұстана 
бұрылып қарап едім, бірақ… Ылғи қатал бола беруге болмайды ғой, ӛзің де 
әзіл айтып, ӛзгенің әзілін түсіне білуің керек. Мен күліп жіберіп, былай 
дедім: 
- Қағытуын қарашы… Бұдан былай қонаққа рұқсат етіледі. Бірақ 
байқа, ендігі жерде менің жауыздырымды ауызға алмағайсың. 
Дегенмен тағы бір шаншу сӛз естуіме тура келді. 
- Жолдас комбат, - деді Киреев момақансып, - мына қызды сіздің 
күзетуіңізге қалдырамын. 
Қарашы, бұл да менің сӛзімнің есесін қайырып үлгерді. Амал не, 
шыдап бағу керек қой. 
- Жарайды. Бара бер. Қызыңа абай болармын. 

Варя құлақшыны мен шинелін шешіп, екі айырып тараған шашын 
алақанымен сипады да, иығы мен жағасы қолпылдап тұрған, екі жеңін сӛгіп, 
қайта қысқартқан кендеу гимнастеркасын түзетті. Оның есесіне әдемі 
тігілген, кең етекті, әскери юбқасы жарасып тұр.
Тағы да маған жақындаған Варя: 
- Жолдас комбат… - дей беріп еді, мен сӛзін бӛліп жібердім: 
- Варя, сен үшін мен комбат емеспін. Мені аға лейтенант деп ата. 
Қыз біраз үндемей тұрды. Байыпты қарақат кӛздері маған қадалған. 
- Ал мен ӛтініп сұрасам ше? Сізді комбат деп атауыма бола ма? 
- Қалауың болсын, - дедім мен. Қонақтың айтқанын істемеу қиын ғой. 
- Ӛз рұқсатыңызды қайтып алмайсыз ба? 
- Қайтып алғаны несі? Ӛйтпеймін, Варя. Қатты жапқан есікті қайтып 
ашпас болар! Сыйға тартқан нәрсені қайырып алмас болар! 
- Дұрыс-ақ! - Варя әскери салтпен қайтадан тік тұра қалды. 
Олай болса, жолдас комбат, менің келуіме рұқсат етіңіз. Жолығуыма 
емес, келуіме.
- E, мәселе осылай десейші… Болмайды! Бұл тақырыпты қозғамайық, 
Варя. Отыр… Синченко! Самауыр қайнады ма? 
Жабырқаған қыз үндемей қалды. Тек Синченко самаурынды әкеліп 
стол үстіне шыны-аяқты қоюға кіріскен заматта оған кӛмектесе бастады. 
Қызғылт тартқан қайраттыда икемді қолдарының қимылына кӛз ілеспейді. 
Шай демдейтін фаянс шәйнектің ішінде кӛп сама жиналып қалған екен. 
Синченко қыздың қолынан соны алмақшы болды. 
- Маған беріңіз, тегін тастайын. 


392 
- О не дегеніңіз? - деп кейіді Варя. - Бұл шаңға қарсы таптырмайтын 
құрал ғой. 
Соның артынша ылғалсама еденге шашылды.Қулана жымыңдаған 
Бозжанов: 
- Рахимов жолдас әлгінде ғана сыпырған еді ғой. 
Жауап ретінде Варя басын шайқады. Онан соң, қысқа қарсы әлі де 
қағаз жапсырылмаған терезеге бір қарап, қыз былай деді: 
- Жолдас комбат, тағы біреудің кіруіне рұқсат етіңіз: 
- Қімге? 
- Таза ауаға. 
Жұрт ду күлді. Терезе сол заматта кеңінен ашылды. Бӛлменің іші 
бірден жарық тартқан сәтте ғана мен әйнектердің кірленіп, тозаңданып 
қалғанын байқадым. Сыртта ерте түскен қыс қайратына мініп, жаяу борасын 
ұйтқып соғуда, ашық тұрған терезеден бӛлмеге кірген қар қылауы жерге 
түспей-ақ еріп кетіп жатыр. 
Варя ӛткен жолы бұлақ басында кір жуғандағысынан кем соқпайтын 
іждағатпен тазалық енгізді. Ақырында, бӛлме іші тәртіпке келтіріліп, ауасы 
тазартылды, Енді мұнда шӛп-шалам да, шан-тозаң да жоқ, әйнектер 
сүртілген, ыдыс-аяқ жуылған. Енді столға отыруға да болады, бір тәуір жері, 
тамағымыз мол; жайлы газет үстіндегі консервілер, бір кесе сары май, 
колбаса, печенье, әлдеқайдан пайда болған екі тақта шоколад кӛздің жауын 
алады. 

Шай ішерде тағы бір қонақ - лейтенант Мұқаметқұл Ысламқұлав 
келді. 
Ӛз шежіремізде біз бұл жігіт жайында аз да болса әңгіме шерткенбіз. 
Ал енді онымен қайтадан танысып ӛтейік. 
Майданда салдыр-салақ жүруді және тұрпайылықты әдетке 
айналдырған кейбіреулер сияқты, бӛлмеге ол бӛркімен және шинельшең 
киіп-жарып кірген жоқ, асыртқы киімін сенекте шешіп, гимнастеркасымен, 
жалаң бас, жайдары да сабырлы шыраймен, сымбатты кӛрікті қалпында келіп 
кірді. Келбет-пішінінде бір мін жоқ: жұмырлау келген кең жауырынды 
иықтары, тік біткен мойны, дӛң маңдайлы маңғаз басы, әсемдеп тараған қап-
қара шашы, қиғаш қасты, үлкен қара кӛздері, қазір аяздан албырап ажарлана 
түскен ат жақты әдеміше балғын жүзі - кӛз тойдыратындай. 
Бірде ӛзіңізге айтқан болармын деймін, ертеде қазақтар үш жүзге, 
былайша айтқанда, негізгі үш тайпаға бӛлінген. Бұлардың сол кездегі 
тіршілік салтына, әлеуметтік-тарихи жағдайына орай: ұлы жүзді қауға беріп, 
малға қой, орта жүзді қамшы беріп, дауға қой, кіші жүзді найза беріп, жауға 
қой дейді екен. Бұдан бір тайпаның кӛбінесе мал шаруашылығымен 
айналысқаны, екіншісінің дау-жанжалды әділ шешу үшін билік айтумен, 


393 
шешендік ӛнерімен кӛбірек машықтанғаны, үшіншісінің жаугершілікті 
кӛбірек бастан кешіргені кӛрінеді. 
Осыған қарап жіктейтін болсақ, мен ұлы жүзге жатамын, ал 
Ысламқұловты 
билер 
мен 
шешендердің, 
Бозжановты 
ертедегі 
жауынгерлердің ұрпағы деп білу керек… 
Үйге кірген Ысламқұлов бас иіп амандасты. Бұл екеуміз бұрын да иін 
тіресе жаумен соғысқанбыз, бұдан екі аптадай бұрын екеуміз Новлянск 
селосының маңында немістерді бірлесе қуғанбыз, ұрыс майданы бізді 
осылайша бауырластырған. Енді, қонаққа келген бетінде, Мұхаметқұлдың 
менімен құшақтасып кӛрісуіне де болар еді, бірақ ол әдеп сақтап, сыпайы 
ғана амандасты. 
Мен оны қуанышпен қарсы алып, ақ саусақты әдемі қалың құшырлана 
қыстым. Бұдан соң екеуміз Варяның қасына келдік. 
Ал, жолдас әскери фельдшер… - дей бергенімде, қыз орнынан ұшып 
тұрып, бойын түзеді. 
- Мына лейтенант Ысламқұловпен таныс. Ӛзі басқа батальонда рота 
командирі. Жоғары дәрежелі білімі бар, біздің қазақ интеллигенциясының 
ӛкілі. Әрине, мені мейірімсіз деп санап, менің жауыздығымды бұл да 
айыптайды. Айтпақшы, Варя, оның комбаты да онша қатал емес. 
Әнтек қызараңдаған Варя ешбір жауап айтпады. Сірә, менің сӛзімді 
тағы да ауыр алып қалса керек: 
- Бауыржан, - деді Мұхаметқұл, - ӛзіңе кӛптен бері-ақ айтайын деп 
жүр едім, бірақ соғыста реті келе бермейді ғой… Айтар болсам: қазіргі сын 
сағатта сенікі жӛн, ақсақал! 
Соңғы сӛздерді ол мағыналы нәшпен, шабыттана айтты. Осынау 
лұғатты сӛз екеуіміздің арамызда кӛптен келе жатқан таластың шешімі 
іспетті еді. Халқымыздың ежелгі дәстүр салтын жетік білетін зиялы 
интеллигент Ысламқұлов ӛзінен жасы кіші мені ешқашанда ақсақал деп атап 
кӛрген емес-ті. Қайта Алматыда жүргенімізде кездескен сайын адамның 
ӛскен ортадағы, қауымдағы орны, ӛзгелермен қарым-қатынасы, оның әрқилы 
жағдайдағы мінез-құлқын, адамгершілік сипатын қалай бағалау керек екені 
жайында екеуміздің арамызда қызу талас басталып кетіп, бір-бірімізгі дес 
бермеуші едік. Ал енді ол соғыс жағдайында ойлана-толғана жүріп қорытқан 
пікірін, талайға созылған таласымыздың шешімін әділ бидің, ақылгӛй 
ақынның нақыл сӛзімен жеткізіп отыр. Мен басымды иіп, дән ризалығымды 
білдірдім. 
10 
Дастарқан басында Мұхаметқұлдың ӛзі туралы, ӛз отбасы туралы 
айтқан әңгімесін тыңдай отырып, екеуміздің кездескен сәттерімізді, айтыс, 
таласымызды еске түсірдім. Мұндайда ол ӛз ойын ӛрістете келіп, нанымды 
дәлелдермен тиянақтауды ұнатушы еді. Тік сӛйлеу, орынсыз ерегісіп, күйіп-


394 
пісу оның жаратылысына жат еді. Тіпті ӛзіне бағынышты адамды жазғырарда 
да әр сӛзін баптап, салмақпен сӛйлейтін. 
Бұрын ол мені талай рет ашықтан-ашық айыптаған да. Бір жолы біз, 
запастағы командирлер, Алматы маңындағы әскери жиынға қатысқан 
болатынбыз. Ұзақты күн тау бӛктерінде машықтанған жауынгерлерді бастап 
қайтып келе жатқанмын. Аттар да, адамдар да шаршаған. Лагерьге 
жақындағанда мен: «Ән шырқа!» - деп жарлық бердім. Бірақ қатты 
қажығандар ішінен ешкім ән бастай қоймады. Сонда мен: «Направо кругом!» 
- деп дауыстадым да, батарея жауынгерлерін тауға қарай бұрдым. Содан тағы 
екі сағат машықтандық та, әбден ымырт жабылғанда кері қайттық. Мана 
жарлық орындалмаған жерге жеткенде мең; «Ән шырқа!» деп тағы да 
дауыстадым. Бұл жолы ән бірден басталып кетті. 
Кешкісін мен жатқан палаткаға келді, «Бұлай етуге болмайды, 
Бауыржан», - деді ол. - «Әбден болады. Әрбір бұйрық сӛзсіз орындалуға тиіс. 
Бұл әркімнің сүйегіне сіңген дағдылы әдетіне айналуы керек», - дедім мен. 
Ол кезде мені қостамаған еді. Ал енді, талай ұрысты бастан кешіріп, 
сұрапыл соғыс қияпатын танып білгеннен кейін: «Сенікі жӛн, ақсақал!» деп 
алдыма келіп отыр. Бұдан бес-алты күн бұрын ғана генерал Панфиловтың 
маған он бес тамшы шипалы ем ұсынып, осы арқылы: әр сӛзің мен қадамың 
ӛлшеулі болсын деп емексіткенін Мұхаметқұл қайдан білсін! Осыған орай 
менде оған: сенің айтқаның да ӛте орынды деп едім. Бірақ, шынымды 
айтайын, сол кеште мен бұл сырымды бүгіп қалдым. 
Сол екі арада ымырт жабылып, керосин шам жағылды. Синченко 
соғыста жылт еткен сәулені жасыру ережесіне сай терезелерді перделермен 
қымтады. Шам сәулесінің аясында, дастарқан басында отырған біз де иін 
тіресе түскендейміз. Біз бір-екі реттен ішіп те жібердік. 
Арақтан ауыз тиюден бас тартқан Варя үнсіз шай құйып отырды. 
Мен қызға қарадым. 
- Ысламқұлов, тӛрелігіңізді айтшы… Мына қыз менің батальоныма 
сұранып отыр. Ал, менің кәміл сенуімше, әйелдің сапта болатын жӛні жоқ. 
Жаңылмасам, барлық заманның қолбасшылары осындай пікірде болған. 
Ысламқұлов былай деді: 
- Азамат соғысын ұмытпағайсың. Оның бер жағында Отан соғысы 
кӛптеген ұғымды ӛзгертті ғой. Бұрын лайықсыз деп саналған нәрсе қазір 
мүмкін бола бастады, тіпті қажет саналып отыр. 
11 
Тағы да есік ашылып, батальон бойынша тағайындалған нәубетші 
офицер, лейтенант Тимошин кірді. Бала жігіт шағы ӛтіп, ӛзі енді-енді есейе 
бастаған еді, сондықтан әрі турашыл, әрі ұяң да ұялшақ болатын. Дастарқан 
басындағыларға тура қарауға батпастан, қымсына сӛйледі: 
- Жолдас комбат, мәлімдеуіме рұқсат етіңіз. Бір үйдің терезесі жӛнді 
бүркелмепті, жарығы кӛрініп тұр. Мен айтып едім, әумесер деп жәбірлейді. 


395 
- Кім? 
- Бір жас әйел… Ештеңе істей алмадым. 
- Ештеңе істей алмадың ба? Саған әлдиші керек пе? 
Тимошин мұңайып қалды 
- Қасына екі жауынгерді ертіп ал да әйелді осында келтір. Оның 
үйіндегілер де түгел осында келтірілетін болсын. Ұқтың ба? 
- Құп, жолдас, комбат. 
Біз шай іше бердік. Әйелдің сапта болуы лайық па, жоқ па деген 
әңгіме күтпеген жерден бӛлініп кетті де, қайта жаңғыра қоймады. 
Енді әңгіме басқа тақырыптарға ойысты. 
Ширек сағаттан кейін Тимошин ернін бояп алған әдемі әйелді бӛлмеге 
ертіп кірді. 
- Сен тәртіпке неге бағынбайсың, ару? Оның үстіне командирге тіл 
тигізіпсің! 
- Аруы несі? Бұл не деген сӛз? 
- Батылың қарашы ӛзінің… Тимошин! Мұның үйінде басқа біреу бар 
ма екен? 
Тимошин қипақтап қалды. 
- Иә, жолдас комбат. 
- Кім ол? 
Жас лейтенант кӛрнеу ыңғайсызданып тұрды. Ӛзі адалдық пен 
әдептіліктің қайсысын таңдарын білмей, қысылған тәрізді. Біреудің атын 
естіртіп айтуға аузы бармай, үнсіз тұра берді. 
- Келтірдің бе оны? - деп тақақтап сұрадым мен. 
- Иә. Осында, жолдас комбат. Сенекте тұр. 
- Шақыр мұнда ӛзін. Сенің қорғанышыңды кӛрейік, ару. 
Бір минуттан кейін жазықты адам - кім дейсіз ғой? - рота командирі 
Ефим Ефимович біздің алдымызға келді. Ӛзі түнеріп кірді. Жел қаққан 
тықыр беті әрқашан қызғылт тартып тұрушы еді, енді мойны да қызарып 
кетіпті. Әйткенмен ӛзіне жайсыз тиген нақ осы сәтте де Филимонов ӛнегелі 
әскери қызметші қалпынан айнымаған. Ол айтулы ережеге сәйкес ӛкшесін 
тықылдатып, қолын шекесіне апарып, маған ізет етті. 
Отырғандар жақтан сыңғырлаған күлкі естілді. Тіпті таяуда ғана Ефим 
Ефимович қатты қырындап жүрген, қазір күліп жіберген Варяға мен кӛзімді 
аларттым. Варя дереу жым бола қалды. 
Филимоновтың аузы бұртиып, беті шімірігіп кеткен. Жә, оның осы 
алған жазасы да жететін сияқты. Енді: «Жӛніңе тарт!» - деп, рұқсат етсем де 
болғандай. Бірақ ӛйте алмаймын, әскери талапты әлсірете алмаймын. 
Боянып алған әдемі әйелі әлі де батырсынып, қоқиланумен болды. 
Мен оған былай дедім: 
- Сіз майдан ӛңірінде тәртіпті бұздыңыз. Гарнизон нәубетшісінің 
жарлығына бағынбадыңыз. Жиналып-терінуіңізге екі сағат уақыт беремін. 
Екі сағаттан кейін бұл деревняда болмауыныз керек!
Әйел тағы да тызандай бастады. 


396 
- Тәйт! - деп жекірдім мен. - Филимонов! 
- Мен, жолдас комбат. 
- Ӛз ханымыңды Голубцово деревнясына дейін ұзатып сал да, сол 
арада қалдыр. Осының орындалғанын маған мәлімдейсің. 
Бұрынғыдан бетер түтігіп кеткен Филимонов: 
- Құп! - деп жауап берді. 
- Танысыңды жуасытқайсың, 
Ол ернін тістеп, сәл бӛгеліп тұрды. Жарлықты қайта қарау жӛнінде 
ӛтініш айтқысы келген тәрізді, бірақ тәртіптен асып кете алмады да, әйелге: 
- Кеттік, - деп үн қатты. 
Оның үні қатты естілді. Әйел айтқанына кӛнді. 
Олар кеткеннен кейін бӛлмедегілер тым-тырыс болды. Толстунов пен 
Бозжанов ӛз кеселеріне қадала қалған: ӛздерінің де күнәдан пәк емесін біледі 
ғой. Ыламқұлов сыйлы қонақ ретінде әдеп сақтап, біздің ішкі ісімізге 
араласқан жоқ, Ақырында, басын кӛтерген Толстунов мырс етіп, Варяға 
қарады: 

Заовражина, сен шынымен-ақ осындай дүлей комбаттың 
қарамағында қызмет етуді қалайсың ба? 
- Қалаймын, - деп іркілмей жауап берді қыз. 
- Болмайды, Варя, - дедім мен. - Батальон қатарына әйелді алмаймын! 
Сондықтан бұл туралы осымен доғарылсын. 
Менің шешімім осындай болды. Әрі тұжырымды, әрі айқын! 
Қылышпен шапқандай, шорт кесілді. 
Ал енді, шимайшы жолдас, сіз бен біз де қатындар жайындағы 
мылжың сӛзді доғарайық. Рас, тыныс кезінде кейде мұның да орны бар… 
Бірақ батальонның тыныстауы, ұлы шайқас аралығындағы саябыр сағат 
бітуте таянған еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет