Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет67/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76
Арпалыс 1,2


 
Кӛшемен келе жатқанымда біреу: 
- Жолдас комбат! – деп дауыстады. 
Қарасам, Кузьминич екен. Бір қолымен далалық сумкасын ұстап, әрең 
жүгіріп келеді.
- Не боп қалды, Кузьминич? 
- Мәлімдеуіме рұқсат етіңіз, жолдас комбат. 
- Кәне, созбаңыз. 
- Құп! - Устав сӛздерін қолдануға тырысып, аптыға сӛйледі ол. 
- Жолдас комбат, осында бір доктор, медицина қызметінің майоры 
келген, жауынгерлерге ине шаншу бастады. 
- Бастағаны қалай? Кім рұқсат етті? 
Әлгінде Заовражинамен кездескенім есіме түсті. Ол бәле ӛз дегенін 
істеген екен ғой! 
Еріксіз ауыр күрсіндім. Неткен сұмдық! Жау шапты, аттан десең де 
болғандай! 
- Мен сізге бүгін айттым ғой, жолдас политрук, әскери адам екеніңізді 
ұмытпаңыз: ол майордың сізге бұйрық беруге правосы жоқ. 
Кузьминич мойынсұну екі қолын тӛмен түсіріп, тік тұрған бойы менің 
жазғыруымды тыңдады. 
Енді доктор майорға қарай бет түзедім. Кӛшпелі емхана ең үлкен, 
таңдаулы үйде орын теуіпті. Үйдің тӛбесіне ілінген әйдік жалтылдақ шам 
аппақ сейсептер тӛселген столға, сәкілер мен кереуеттерге шаңқан жарығын 
түсіріп тұр. Плита үстіндегі сырлы ақ шарада су қайнап жатыр. 


433 
Ақ халат киген, бет-әлпеті мүсінді, жүріс-тұрысы айбарлы қара торы 
әйел маған жалт қарады. Медициналық ақ қалпағынан шығып тұрған шашы 
да қап-қара, тіпті шымқай қара кӛк дерлік. 
Орындықта ат айдаушы Гаркуша отыр. Білетін сыбанып, маңғаздана 
жалаңаш қарын тосты ол. Мен жекіре сӛйледім: 
- Гаркуша, мұнда неғып жүрсің? Кім рұқсат берді? 
Орнынан тұрған Гаркуша мұңая қалда. 
- Кӛптен таныс адамымның шақыруымен келдім, жолдас комбат. 
Па, Варя Заовражинаның тағы бір танысы табылды ғой! 
- Тайып тұр бұл жерден! Табаныңды жалтырат! 
Гаркуша жасыған да, кӛп бӛгелген де жоқ, шинелін ала салып
салмақпен бӛлмеден шығып кетті. Майор әйел ызғарлана сӛйледі: 
- Жолдас аға лейтенант, әдеп сақтағаныңыз жӛн еді. Ең алдымен 
ӛзіңізді таныстыруыңыз ләзім ғой, 
Мен ғапу ӛтініп, аты-жӛнімді айттым. 
- Ал енді, доктор, мына әрекетіңізді тоқтатуыңызды сұраймын. 
- Қайдағы әрекет? Біз ине шаншуға міндеттіміз. Дивизия бойынша 
берілген бұйрық бұл. 
- Білмеймін. Рұқсат ете де алмаймын. 
- Несіне қынжыласыз? Мұның бір-екі күн ептеп есеңгірететіні бар. 
Оның есесіне кейін… 
- Түсінсеңізші, доктор, маған үлкен міндет жүктелген. Күні ертең 
ұрысқа кірісіп кетуіміз мүмкін. 
Нақ осы сәтте сырттан тағы бір қатты гүрсіл естілді. Терезе әйнектері 
ептеп сылдырлады. Мен тағы да сӛйледім: 
- Біз бүгін-ақ жалынға шарпылып отырмыз. Есітпей тұрсыз ба?
- Естіп тұрмын. Несі бар оның? Сіздің күйгелектігіңізге қайранмын, 
аға лейтенант. 
- Ғапу етіңіз, доктор, бұдан әрі сізге уақыт бӛле алмаймын. Тезірек 
кетіңіз бұл жерден. 
- Кете алмаймын, менің ӛз міндеттерім бар. 
Мен қатты шамдандым. 
- Екі сағат ішінде батальон жерінен кетіңіз деп бұйырамын. 
- Маған бұйрық беруге сіздің правоңыз жоқ. 
- Қараңызды ӛшіріңіз! 
Ӛктем әйел - тіпті: әмірші іспетті дедім - пандана басын кӛтерді. 
- Бұл үшін сіз жауап бересіз! Бұл жерден ешқайда кетпейміз 
Бұл сәтте Заовражинаның қайда жасырынып қалғанын білмеймін. 
Тіпті, білгімде келген жоқ. Әңгімені осымен доғарып, мен есікті қатты 
жауып, шығып кеттім. 



434 
Менің шағын штабым бірте-бірте түгел жиналды. Матренинодан 
Толстунов келді, айналадағы қалың орман ішіндегі дӛңестен шаршап-
шалдыққан, кӛңілсіз Бозжанов келіп жетті. 
Үнсіз отырмыз. Пеште от сытырлап жануда. Пештің қақпағы ашық. 
Түсқағазда от сәулесі қыландайды. Ӛрнекке еріксіз кӛз жүгіртем: 
тұсқағаздың кір шалмас, сұрғылт жүзінің ӛн бойында жапырақтың ба, құстың 
баласы суреті бейнеленген. Терезе кесегінің жанында тұсқағаздың 
жыртылған бір бӛлігі жалбырап еденге түсіп тұр. Күз суреті бар осы үзікті 
енді ешкім де қайта жапсыра қоймайды. Үй иелері мекенін тастап кеткен, ал 
біз… уақытша, тіпті қысқа мерзімді тұрғындармыз. 
Шаршы емен столдың үстінде Рахимовтың қағаздары жаюлы, 
сүйірлеп ұштаған бірнеше түсті қарындаш топографиялық картаның үстінде 
жатыр. Рахимов ақпарын әлдеқашан жазып, жӛнелткен, қазір ол бір парақ 
қалың қағазға батальон қорғанысының нұсқасын түсіруде. 
Тимошин кірді. Осынау әдепті жас лейтенант, үй ішіндегі 
тыныштықты бұзғысы келмегендей, менің ойымды бӛліп жіберермін деп 
қауіптенгендей, аяғын абайлап басады. Есіктің алдында тоқтады ол. 
- Саған не керек, Тимошин? 
- Жолдас комбат, дивизия штабымен байланыс орнатылды. 
- Жақсы! Бар! 
Тәжім етіп, ол шығып кетті. 
Телефон аппаратын салатын жұлым-жұлым кенеп қорап терезе 
теклішегінде тұр. Оның түбінде нәубетші байланысшы жауынгер отыр. Бір 
кезде ол: 
- Сізді шақырады, жолдас комбат, - деді. 
- Кім? 
- Жоғарыдан, Дивизиядан. 
Трубканы алдым. 
- Комбат па? 
Звягин екенін гүжілдеген даусынан біле қойдым. 
- Иә, жолдас генерал-лейтенант. 
Бозжанов елеңдеп, басын кӛтеріп, маған бір қарады да, қайтадан 
мүлгіді. 
- Бұйрықты орындадыңыз ба? 
- Иә. 
- Ақпарат жаздыңыз ба? 
- Иә. 
- Онда дұрыс екен… Немістің әуселесі қандай? Әлі тӛпеуде ме? 
- Иә. Бірақ сәл сирексіді. 
- Ұзамай тыйылар деп ойлаймын. Бұл түні тыныш ұйқтармыз, комбат. 
Әңгіме бітті. Толстунов: 
- Не айтты ол? - деп сұрады. 
- Бүгінгі түнде тыныш ұйқтармыз, - деді. 


435 
Саяси бӛлім нұсқаушысы бұдан әрі ежіктеп сұраған жоқ. Біз тағы да 
үнсіз отырмыз. Бӛлме іші тым-тырыс. Ішімнен: осынау жабыр-қаңқы кӛңіл 
күйін, үмітсіздік кейпін туғызған, штабымның үстінен мұңды уайым 
кӛлеңкесін тӛндірген ӛзім емеспін бе? - деймін. 
Әлі де бітпеген істерім есіме түсті. Телефоншыға дивизия санитарлық 
бӛлімінің бастығымен жалғастыру жӛнінде бұйрық бердім. Бір минуттан 
кейін телефон арқылы: бүгіннен қалдырмай майор әйел мен оның 
кӛмекшілерін Горюныдан әкетіңіз деп ӛтініш жасадым. Арғы жақтан менімен 
сӛйлесуші, ӛзіме Алматыдан таныс қарт полковник дәрігер ӛкініш білдірді: 
- Fany ет, Момышұлы, мүлде есімнен шығып кетіпті. Ӛркенің ӛскір, 
біреуді жіберіп, сол қара торы аруды телефонға шақыртшы. Дереу қайтарып 
аламын оны. 
- Рақмет, жолдас полковник. Қазір шақырамын. 
Нақ осы сәтте есіктен аспаз Вахитов кӛрінді, бұл да тұнжыраңқы. 
- Жолдас комбат, тамақ дайын, ішесіздер ме? 
- Ішпегенде ше? - дедім мен. - Онда да әйел қауымымен бірге ішеміз! 
Кәні, жолдастар, қонақ асы қамына кірісейік! 

Қарт аспаз лезде жадырап, қуана қолын шапалақтады, ӛйткені менің 
шадымандығым ұнайды оған. Бірақ сол заматта оның бет-әлпетінен 
күйініштің, үрейдің белгісі білінді. 
- Комбат жолдас, менде қонақ асыға құмық ботқадан басқа дәнеңе 
жоқ. 
Мен тапқырлық кӛрсеттім. 
- Онда шайға шақырамыз! Жолдастар, дереу елші жіберуіміз керек: 
комбат ӛзінің ӛрескел қылығын ұмытып, кешірім жасауды ӛтініп сұрайды 
деуі ләзім. Бозжанов, менің елшім болуды мақұл кӛресің бе? 
Бозжановтың қажып, сүреңсізденген жүзі қайтадан жайнап кетті. Ол 
масаттана сӛйледі: 
- Мақұл! Ерлік істен тайынбаймын, жолдас комбат. 
Сол сол-ақ екен, түгел жылы шырайға бӛленді. Толстунов та қарап 
қалған жоқ зерек аға политрук ӛзінің елші досына айлакер Гаркушаны 
қасына ертіп ал деп ақыл айтты. Шынымды айтсам, Толстуновтың 
аңдағыштығына іштей тағы таңдандым: бәрін қалай біле береді ӛзі! 
Ұзын сӛздің қысқасы, жарты сағаттан кейін қонақтарымызды - 
майорлық белгі таққан әйел мен Вера Заовражинаны жылы шыраймен қарсы 
алдық.
- Доктор, - дедім мен, - біздің арамызда кішігірім ерегес болған 
сияқты. 
- Кішігірім? Солай-ақ болсын. 
Мен доктордан кешірім сұрадым, басқаларға білдірмей Варяға 
жұдырығымды түйдім. Сыйлы қонақтарды дастарқанға шақырдық. 


436 
Варя әлденбестен, емін-еркін отырды. Маңғаз «қара торы ару» да, ӛз 
бастықтарымен телефон арқылы сӛйлескеннен кейін, бізден дәм татуға 
ризалығын білдірді. 
Әйткенмен осынау ару бұдан кейін де менің оған Горюныда кӛрсеткен 
сотқарлығымды кездескен сайын еске салуды ұнататын болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет