Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет65/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Арпалыс 1,2

МАТРЕНИНО СТАНЦИЯСЫНДА 
«Жақсы сӛз - жарым ырыс». 
(Халық мәтелі. ) 

Фанер жәшіктің үстінде менің дәптерім жатқан. 
- Шилібаев туралы не жазғаныңызды оқып беріңіз, - деді Бауыржан. - 
Оның атылып кете жаздағанын қалай суреттеген екенсіз…
Мен таң қалдым. Шилібаев туралы жазғанымның не қажеті болды 
екен? Керекті бетін тауып, Момышұлының ату жазасына кесілген 
талдырмаш Шилібаевтың орнында тұрған адамның қандай сезімді бастан 
кешіретіні жайында айтқан пікірін естіртіп оқи бастадым. 
…Сен ұрыс майданынан қашып, абыройыңды айрандай тӛккенің үшін 
жар басында ӛлім жазасына кесіліп, атылғалы тұрсың. Сен жау оғынан мерт 
болмайсың, ӛз адамдарыңның әділ тӛрелігі бойынша, солардың қылмысыңды 
кешпейтін оғынан кетесің… Сонда сен: «Басыма не түссе де кӛнемін, ал 
мынаның беті аулақ!» дер едің. 
Бауыржан мені ишаратпен тоқтатты.
- Дәл менің ӛз басымда болған оқиға бұл, - деді ол. 
Керосин шамның сәулесі түсіп тұрған жүзі міз бақпайды, Бәлкім, әзілі 
шығар? Оған ұқсамайды. 
- Қалайша? Сіз ату жазасына кесілген бе едіңіз? 
- Иә, солай, 
- Қашан? 
- Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылғы он жетінші ноябрьде. 
- Не үшін? Қалайша? 
Бас кететін, тіпті бас кетпек түгіл ар-намыстан айырылатын қылмыс 
жасағаным үшін. 
- Сізді сотқа берген кім? 
- Кім болушы еді? Сіздің қаһармандарыныздың ішінде аяушылық 
дегенді білмейтін ең бір мейірімсіз жан. 
«Е, онда дәл ӛзіңіз екенсіз. Бауыржан!» - ден дауыстап жібере 
жаздадым. Бірақ оның сӛзін үнсіз тыңдай бергенді мақұл кӛрдім, 
- Дәптеріңіздің таза бетін ашыңыз, - деп түйді Бауыржан, жаңа тарау 
басталады. 

Сонымен, он бесінші ноябрьде алагеуімде 131,5 белгілі бір-екі сағат 
болып, Заевпен бірге оның ротасының шебін анықтадым. 
Бұл ӛңір - қалың орман ішіндегі ағашы кесіліп, жалаңаштанған, 
айдыны кең, ашық алаң. Әр жер, әр жерден ағаш түбірлері сорайып кӛрінеді, 


425 
бұлардың маңында қаулап ӛсе бастаған тал шыбық, ара-тұра бетін қар 
басқан, ені тар егіс танаптары кездеседі. Ағаш түбірлерінің ортасындағы 
қалың бұталы дӛңес екі жолдың түйіскен жерінен алыс емес. Бұл жолдар мұз 
тұрған шағын ӛзен үстінен салынған кӛпірге жеткенде қосылып кетеді де, 
содан шыға қайтадан айырылысады. 
Дӛңестен айналадағының бәрі анық кӛрінеді. Меңіреу тыныштықта 
жас емен жапырақтарының жел үрлеп, сыбдырлағаны естіледі. Кедір-бұдыр 
жолда әрлі-берлі ауытқып, майданға қарай екі жүк машинасы ӛтті. 
Машиналарға артылған шолақ тоңдар арқанмен таңылыпты. Машиналар 
кӛпірден ӛтіп, орманға сүңгіп кетті де, айналадағының бәрі тағы тым-тырыс 
бола қалды. 
- Міне осы жерге бекін, - дедім мен Заявқа. 
Ӛзінің баяғы әдеті бойынша Заев: 
- Aha, - деп күңк етті де, артынша дереу түзеле қойды: - Құп! 
Кӛкірекшесі мен сырмалы қалың шалбарының сыртынан ӛзінің кӛне шинелін 
киген Заев тұс-тұстан тӛніп тұрған орманды кӛзімен тағы бір шолып ӛтті. 
Алагеуімде Заевтың бұрынғыдан да үңгіштеніп, қарауыта түскен шүңірек 
кӛздері тек анда-санда ұшқын шашады. Жақ еттері де бұрынғыдан ашаң 
тартқан. 
- Алыстан атыспаққа түсем деп әуестенбе. Жақын келтіріп алып соқ, - 
дедім мен. 
- Неміс те соғар бізді. 
- Оның рас. Мұндайда қоян-қолтық ұрыстан тайсалмайтын, жүректі 
адам ғана жеңіп шығады. 
- Бұл жағынан кенде емеспіз, жолдас комбат! 
Біз біраз үнсіз тұрдық. Ӛткен шақтың жарқын да, жабырқарлық та 
елесі бір сәтке жадымызға оралды. 
- Кенде емеспіз! - деп қатулана қайталады Заев. - Мен ӛз 
арыстандарыма кәміл сенемін. 
Ӛзіңізге мәлім, Заев бұрын да осылайша асқақтап сӛйлеуді ұнататын. 
Осыған орай мұны қаз-қалпында қалған диета болар еді. Бірақ бұрынғысынан 
ӛзгешелігі бары да даусыз. 
- Әрбір жауынгерге міндетті түсіндір: бір адым да шегінуші 
болмасын, - дедім мен. 
- Ал егер де… - деп күмілжіді Заев. - Егер де бізді орап ӛтсе ше? 
Кӛмектесесің бе? 
- Тек ӛз күшіңе ғана арқа сүйе, Семен. 
Біз тағы да біраз үнсіз тұрдық. 
Шаруашылық взводындағыларға айт, жолдас комбат, - Заев күтпеген 
жерден маған «сен» деп сӛйледі, - бізге кешкі тамақ әкелетін болсын. Арақ 
жӛнінде де сарандық жасамасын. Әйтпесе ӛз жігіттерімді қалай 
жігерлендірмекпін? 
- Жарайды, Семен, ұмытпаспын. 
- Ұмытпаймыз ба? - деп қайыра сұрады ол. 


426 
Оның даусы қалтырап шықты. Ӛзінің нені емексітіп тұрғанын түсіне 
қойдым да, жекіре сӛйледім: 
- Менімен қоштасқалы тұрғаннан саумысың? Оның болмайды. 
Мұндай есерлікті таста! 
Оның түксиген қас-қабағының астынан ешқандай үміт нышаны жылт 
еткен де жоқ. Сол заматта Панфиловтың қоштасарда айтқан ӛсиеті есіме түсе 
кетті. Енді мен сыпайылап былай дедім; 
- Ӛз жауынгерлеріңді арақпен ғана емес, ең бастысы, үмітпен де 
жігерлендір. Одан күдер үзуші болма, Семен! 
- Aha, - деді ол тағы да, Соның ізінше Заев қайтадан түзу жауап берді. 
- Құп! 

Матренинодағы Филимоновтың ротасына қарай тағы да барамын. 
Айнымас Синченко соңымнан келеді. Кедір-бұдыр орман жолы тас жолға 
апарады. Ымырт жабылған кез; асфальтты жағалай, кӛкке бойлаған ағаштар 
үстінен толған ай кӛрінді; аспандағы жұлдыздар да бірте-бірте жымыңдай 
бастады. Тартқан сымдай түп-түзу тас жолмен шамын жақпаған машиналар 
біресе майдан жаққа, біресе кейін қарай ерсілі-қарсылы жүріп жатыр. Бұл 
қимылдан ешқандай қарбалас сезілмейді, ертеңгі дүрбеленің ешбір белгісі 
білінбейді. Шайқасқа сақадай сайланып алған дұшпан тына қалғандай. Біз де 
жаудың аңысын аңдудамыз. 
Тағы да жадағай жолмен бұрыла жүрдім. Жол бойындағы қар кӛмген 
шырша қадаларға қап-қара телефон сымы тартылған, Күрең тӛбел осы сымды 
жағалай, желе-жортып келеді. Алдыңғы жақтан темір жол станциясының үйі 
бұлдырап кӛрінеді. Бұл Матренино. Станцияға жанастыра жүйесіз салған 
бытыраңқы аласа үйлер қараңдайды. Күтпеген жерден алысқа атылатын 
снарядтың жерді күңіренте жарылғаны естілді. Соның артынша түнгі 
түнектен кӛрінбейтін Волоколамск тас жолы жақтан тағы бір ауыр дүңкіл 
құлаққа келді. 
Атымды тоқтатып, құлағымды тіге қарап тұрмын. Алдыңғы жақтан 
тағы бір гүрсіл шықты. Жарылыстың жарқылымен пішен маясының тӛбесі, 
айналасындағы қоршауы кӛзіме шалынды. Бейне осыған үн қосқандай, 
тасадағы Горюны деревнясы жақтан да осындай сарын естілді. Біраз 
тыныстан кейін тағы бір дүңкіл, екіншісі… 
Осы сәттен бастап - менің қол сағатымның кӛрсетуі бойынша кешкі 
жеті шамасы еді - немістер екі елді мекенді: Матренино станциясы мен 
Горюны деревнясын ауық-ауық атқылай бастады.



427 
Шеткі үйлердің маңында солдаттар тізбегі тоң жерді қаза бастаған. 
Мен соларға бардым. Бұрынғы ірі денелі, толықша келген, ал қазірде біраз 
ысылған, сүйекті Голубцов, батальонның ән бастаушысы, қатқан жерді 
күректің ӛткір жүзімен түйгіштеп аюда. Дәл тӛбемізден келіп түсетіндей 
кӛрінген, зуылдап ұшқан снарядтың сұмпайы сарыны естілді. Жауынгерлер 
саяз шұңқырларға жабысты, мен де аттан түсе салып, етпетімнен жата 
қалдым. Елу метрдей жердегі ашық алаңға түсіп жарылған снарядтың ақшыл 
жалыны кӛкке шапшыды. 
Бәріміз орнымыздан тұрдық. Голубцов тоң жерді қайтадан 
түйгіштеуге кірісті. Кейде ӛткір болаттың ұшқыны жарқылдайды. Біздің 
тӛбемізден зуылдап ұшқан тағы бір снаряд селодан асып барып түсті. 
- Голубцов, жұмысың ӛнімді бола бастаған сияқты ғой деймін. 
Күрегін тастап, ол бойын жазды. 
- Рота командирі бізге жатып ататын окоп қазындар, үстіне пішен 
тӛсеңдер деп тапсырды, жолдас комбат. Сонда… ұйқтауға да болады. 
Осыны айтып, Голубцовтың күлімсерегенін кӛзіммен ғана байқамай, 
кӛңіліммен де сезгендеймін. Соның артынша ӛкпе тұстан тағы бір дауыс 
естілді: 
- Мұндай окоп аман сақтап қалар деймісің? 
«Жаңа келгендердің» бірі қарауытқан іргелес жыраның қасында 
сүметіліп тұр екен. Жас солдатты тойтарып тастағым-ақ келіп еді, бірақ 
ӛзімді-ӛзім тоқтатып, оған: тіпті кішігірім үңгіштің, шұңқырдың ӛзі 
жарылыстың сойқанды толқыны мен жарықщақтан аман сақтап қалады деп 
түсіндірдім. Менің орныма Голубцов жазғыра сӛйледі: 
- Строжкин, салынды суға кетірмей, окобынды қаз, қаза бер! 
Бұған ешбір жауап айтпастан, жас жауынгер тоң жерді қайтадан 
түйгіштеуге кірісті. 
- Ӛлермен. Бірдеңе шығады ӛзінен, - деп ақырын ғана үн қатты 
Голубцов. 
- Ӛлермен? Бұл не деген сӛз? 
- Бізде еті тірі күшікті, жас итті осылай атайды. Есіріктеу болса да, 
тұқымына тартпай қоймайды ол, жолдас комбат. Тӛрбиелеп, тезге салып 
жүрмін, Ӛзгелерден кем соқпайтын солдат болып шығады. 
Даусы да ұнамды. Ән бастаушы болуға жарайды. 
- Несі бар, немістерді қуып жіберген соң ән шырқаймыз да… Рота 
командирі қайда? 
- Генералмен кетті. - Голубцов бұрынғыша сыршыл қалыпта ақырын 
ғана үн қатты. - Осында бір генерал келіп, біздің позициямызды кӛріп жүр. 
- Қандай генерал? Дивизия командирі ме? 
- Жоқ, басқа… Ӛзі қаталдау сияқты. 
- Не айтты ол? 
- Айтқаны ма? Ширықтыра, ширата келді. Біз онсыз да ширатулымыз 
ғой, жолдас комбат. 


428 
Мұны да ол солдатқа тән әзіл-ысқақпен оспақтан айтты. Екеуміз 
сенім, түсінісу дәнекері арқылы жақындаса түскендейміз. 
- Қайда ол? 
- Рота командирімен бір жаққа кетті. 
Тағы да атқа қонып, Матрениноға беттедім. Деревня ма, әлде сая 
жайы бар поселке ме бірден анықтау қиын. Верандаларына әйнек салынған, 
терезе маңдайшалары әсем оюлармен безендірілген. Бейне елсіз мекендей 
жым-жырт. Бірақ пеш мұржаларынан шыққан түтінге қарап, адам барын 
аңғарасың. Бір жерде сиыр мӛңірейді, тағы бір жерде шелек салдырлайды. 
Атыс үні бұрынғыша ауық-ауық біркелкі естіледі. 
Тар кӛшеде маған қарсы шолғыншылар нәшпен адымдап келеді. 
Біреуі қарлыққан дауыспен: 
- Тоқта! - деп айқайлады. 
Күреңнің басын тежедім. 
- Тоқта! - деп қайталады әлгі дауыс. - Суыт жүрген кім бұл? 
Бақсам, Алматы іргесіндегі колхоздан келген Корзун дейтін жігіт 
екен. 
- Немене, Корзун, танымадың ба? 
- Тануын таныдым ғой, бірақ тәртіп осылай. 
Кеш батар алдында, жау атқылап жатқан сәтте, тыңдырымды 
Корзунның сабырлы үні жүрекке жылы тиді. Борышына адал, тәртібі берік ӛз 
солдатыңа деген сенімің тағы да кӛңіліңді ӛсіріп, бойыңа қуат бітіреді. 
- Рота командирі қайда? 
- Генералмен темір жол бойына кетті. 
Бұдан әрі аялдамастан, аттың басын темір жолға қарай бұрдым. 

Жолдың табан темірлерін ұлпа қар жапқан. Деревнядан орағытып 
ӛтетін темір жол тӛсемінен әрі - ұшы-қиыры жоқ мидай ақ дала. Бірақ мұның 
алдамшы кӛрініс екенін білемін, алагеуімде айдың кӛмескі жарығынан 
таяудағы ақшыл қайың орман айқын таныла қоймайды. Темір жол маңында 
жауынгерлер сол орманға қарама-қарсы ӛңірге қорғаныс шебін қазып 
жатқан-ды. Жұрттың құлаш сермеуінен байқаймын - мұнда қайла, сүймен, 
батпан балға сияқты темір жол саймандары да іске қосылған. Сол маңда жол 
күзетшісінің аласалау шарбақпен қоршалған үйшігі қарауытып кӛрінеді, 
терезе шынысы жылтырайды. Телефон сымының шумағын жазған 
байланысшы сол жаққа қарай кетіп барады. 
Мұнартқан кӛгілдір далаға, ұлпа қарға бӛленген жолға тағы да кӛз 
жіберемін. Кенет жол бойында тұрған үш адамды байқадым. Шымыр денелі 
Толстуновты, жылтыр былғары пальто киген, кӛк бӛрікті кісінің алдында 
қолдарын тӛмен түсіріп, сіресе қалған Филимоновты анық ажыраттым. 


429 
Жол жағалай жүріп барып, аттан секіріп түскенде, асығып 
аптыққандықтан ба, әйтеуір, қылышым аяғыма шалынысып, қар үстіне 
сүріне жығылдым. Жаман ырым бұл… 
Дереу ұшып тұрып, әлгі генералға қарай адымдадым. Оның кӛнтек 
еріндеріне, аздап домбыққан кӛздеріне кӛзім түсіп, тани кеттім: армия 
қолбасшысының орынбасары генерал-лейтенант Звягин екен. 
Бұл кісімен бұдан үш апта бұрын Панфиловтың Волоколамскідегі 
штабында кездескенмін. 
Жақындап барып, рапорт бердім: батальон кӛрсетілген шепке 
орналасып, бекіне бастады дедім. Звягин мені кӛзімен шолып ӛтті. Біраз үнсіз 
тұрдық. Деревняның орта шеніне тағы бір снаряд түсіп жарылды. 
- Қылыш әлі де қалмапты ғой? - деді Звягин наразы пішінмен. 
Сән қойлықтан әлі де арылмапсыз ғой? 

Жолдас генерал-лейтенант, сізге бұрын мәлімдегенімдей
мамандығым ресми ӛзгертілмегендіктен… 
Ол менің сӛзімді бӛліп жіберді: 
- Әскери Советтің бұйрығын орта командирлер мен политруктерге 
неге оқып бермедіңіз? Кондратьев туралы бұйрықты айтамын. 
Сол арада Волоколамскідеті ымырт жабылған мезгіл, электр шамы 
жағылған штаб бӛлмӛсі, бетіндегі жарақаты ісініп кеткен бір майордың 
сұрланған жүзі, былғаныш сушинелі есіме түсті. Соңдағы Звягиннің: 
«Бұйрықсыз шегінуте кім рұқсат берді?» - деген зілді даусы, қатты аптығып, 
ентіге демалғаны, "Қаруы стол үстіне тасталсын! Жұлдызы жұлынсын! 
Қамауға алынсын! Сотқа тартылсын!» - деген ӛктем сӛздер әлі де құлағымда 
тұрғандай. 
Содан бір тәуліктен кейін оны ату жазасына кескен Әскери трибунал 
үкімінің армия бойынша берілген бұйрықта жарияланғанын кейін есіткенмін. 
- Жолдас генерал-лейтенант, ол күндері біздің байланысымыз 
болмады. Батальонның жолы кесіліп, қоршауда ұрыс жүргізіп жатты. 
- Ал одан кейін ше? 
- Одан кейін жағдай ӛзгеріп кетті де, уақытты ӛткізіп алдық, 
сондықтан мен… 
- Сӛз таластыруға сізге кім рұқсат етті? 
Зуылдай ұшып, бізге жақындап келе жатқан снаряд сарыны осынау 
қаһарлы да ызғарлы дауысты басып кетті. Жан-жағы ашық тепсеннен сырғып 
түсіп, жата қалғың келеді. Кӛзімнің қиығымен байқап тұрмын, окоп қазған 
жауынгерлер бірден етпеттеп жата қалысты. Бірақ Звягин селт еткен де жоқ. 
Ондаған солдаттардың кӛз алдында тұрғанын ол, әрине, жақсы біледі
сондықтан қалпын бұзбастан, менің жауабымды күтті. Толстунов пен 
Филимонов та қыбыр еткен жоқ. Снаряд жол үйшігінің қасына жарылды. 
Жарылыстың толқынымен ұшып түскен әйнектер сыңғырлады. Қара қошқыл 
топырақ кӛкке атылған жаққа Звягии бұрылып қараған да жоқ. 
- Кінәлімін, - дедім мен. 


430 

Менің «кінәлімін» дегенімді місе тұтпай, Звягин Толстуновқа 
бұрылды: 
- Сіз орындалуын қадағалауға тиіс едіңіз, жолдас аға политрук. 
Толстунов жалтарған жоқ. 
- Байқамаппын, - деді ол. 
- Бұдан келешек үшін қорытынды жасаңыз. 
- Құп, жолдас генерал-лейтенант. 
Звягин менің бар-жоғымды ұмытқан сияқты; мен оның былғары 
пальтолы жон арқасына тек сырттан қарап тұрдым. 
- Мен партия мүшелері ретінде сіздерге айтып тұрмын, - деді ол тағы 
да. 
Сӛзін Филимонов пен Толстуновқа арнаса да, мұны партияда жоқ 
менің де тыңдап тұрғанымды ол, әрине, біледі. 
- Партия мүшелері ретінде, - деп қайталады Звяген. – Бұл шептен тіпті 
бір адым кейін шегіну де сатқындық болар еді, сатқындық әрі қылмыс болар 
еді. Бұл жерден шегінуге болады деген ойдан мүлде безіңдер. Бұл 
батальонның ақтық шебі екенін барлық жауынгерлерге ұғындырыңдар. 
Сӛздері салмақты да зілді. 
- Ал, жолдастар, жауынгерлік бақыт тілеймін сіздерге. 
Ауыр денелі адам бола тұрса да, күтпеген жерден ширақ қимылдап, 
маған қарай кілт бұрылды. 
- Ал сіз, қылыш асынған партизан, мені ұзатып салыңыз. «Қылыш 
асынған партизан". Қазбалап қойнауын қарашы ӛзінің. Бірақ оның әуезінен 
енді тұрпайы әкімшілік ызғары да, шытыну нышаны да білінген жоқ. 
Тепсеңнен түсіп, біз темір жол жанындағы шана жолымен аяндадық. 
Әлдеқайдан дыбыссыз пайда болған Звягиннің адъютанты да бізбен бірге 
жүрді. 
Алаңдатқыш атыс әлі тоқтаған жоқ. Жарылыс шарпыны Горюны 
деревнясы тұрған шақта да минут сайын жарқылдайды. Звягин сол жаққа 
қарап, былай деді: 
- Сірә, ертең басталатын шығар. Тіпті, шынына келгенде, басталып та 
отыр ғой. Біз дұшпанның ниетін біле қойыш, қарсы амал қолдандық, резервті 
осында келтірдік. Неміс те, қаны қалмай, осыны аңдады. Атқылап жатқаны 
сол ғой. Біздің резервтің құтын қашырмақшы. 
Звягин түйіп айтты. Әрбір сӛзді анықтап жеткізген оның күңгірлеген 
даусына құлағымды тігіп, мен болып жатқан оқиғаның мәнісін ұқтым, ақыл 
мен ақылдың арпалысқа түскенін түсіндім. Біз қыстың реңіне орай, қар 
үстінде кӛзге түспестей етіп ақ сырмен бояған машинаға жақындадық. Звягин 
тоқтап, қиырға кӛз жіберді.
- Жауынгерлерді ширата түсіңіз, жазықтыны жазалаңыз, ешкімге дес 
бермеңіз, - біздің… Сіз бен біздің парызымыз осы, аға лейтенант. 


431 
Күтпеген жерден оның үнінен мейірбандылық лебізі есті. Машинаның 
есігін ашып, пікірін былайша тұжырымдады: 
- Бұл еңбегіміз еш кетпейді. Ол о дүниеде мүңкір-нәңкір тергейтін 
болса, біз: жер бетінде ӛз борышымызды ӛтеуден тартынған емеспіз деп, 
батыл жауап айта аламыз. 
Маған қайратты да салмақты қолын ұсынды ол. Есігі тарс жабылған 
машина жүріп кетті. Мен оны кӛзіммен ұзатып салдым. Иә, мен ӛз 
борышымды адал ӛтеймін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет