Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет72/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Арпалыс 1,2


 


472 
Шишкиноның алдында бізді жауынгерлік күзет тоқтатты. Дивизия 
штабының коменданттық ротасы осы араға бекініп, қорғануға әзірленген. 
Деревня шетінде ӛрттің орындары қарауытады, кей жерлерде әлі де 
жалақтаған кӛкшіл жалындар кӛрінеді. «Генерал мұнда жоқ» деп қазір, тылға 
қарай ұзақ жүруге тура келер деп ойладым ішімнен. Бірақ рота командирі 
телефон арқылы біреумен сӛйлесті де, қасымызға жолбасшы қосып берді. 
Бірнеше минуттан кейін мен тӛбесін қаңылтырмен жапқан бӛрене 
үйге Панфиловтың мекеніне келіп жеттім. Терезелеріне қалың перделер 
ұсталған. Әйнектері шытынап кеткен, кей жерлерде терезе орнына үңірейген 
тесік кӛрінеді. Штабтың кейбір бӛлімдері орналасқан таяудағы үлкен үйдің 
жанында отқа күймейтін ауыр жәшікті жүк машинасына тиеп жатыр. 
Дегенмен, дивизия штабы кӛше бастаған тәрізді. 
Жолдастарыма күте тұрыңдар деп бұйырдым да, аттан түсе салып, 
сақшыға бардым. Дәл осы мезетте, бұрынғы тыныстаған кезіміздегідей, 
Панфиловтың адьютанты, сырмалы кӛкірекше киген лейтенант Ушко 
баспалдаққа жүгіріп шықты. 
- Жүріңіз, жүріңіз, жолдас аға лейтенант. Генерал сіздің осында 
екеніңізді біледі. 
Ӛзіме таныс кәдімгі бӛлме. Аккумулятордан қуат алатын кішкене шам 
айналаны жарқыратып тұр, Терезе алдына былғарымен қаптаған далалық 
телефон қорабы қойылған. Перде ұсталған, бірақ әйнексіз терезелерден 
кірген желемік стол үстіндегі газетті ептеп желбіретуде. Трюмоның қара 
сырлы жақтау ағашына қаңғырған жарықшақ тисе керек. Жарықшақ тілген 
ағаштың түбіндегі әйнектің бір бӛлігі сынып түсіпті. Е-е, жел азынаған 
осынау бӛлмеде ыстықтаған кез де болған кӛрінеді ғой. Генералдың кӛшпелі 
кереуеті бүктеліп қойылған. Оның қасында плащ-палаткаға оралған үлкен 
тең жатыр. Генерал бұл жерде түнемейтін сияқты. Іргелес бӛлмеден 
Панфилов шықты, жабылмай қалған есіктен түкпірде жаюлы картаға үңіліп 
отырған капитан Дорфманды байқадым, тағы бір телефон аппаратын кӛзім 
шалды. Генералдың етегі тізесінен тӛмен түсіп тұрған тонының омырауы 
ағытулы, ұзын жеңдерінің шетін қайырып тастаған, жұмыс істеуге ыңғайлы 
болсын деген ғой. Панфиловтың бүгінгі бейнесінен жағдайға үйлесе 
қоймайтын бір ӛзгерісті байқап, таң қалдым. Одан таяуда ғана сепкен 
одеколонның иісі әлі де аңқып тұр. Бұрыл тартқан шашын әдемілеп күзеткен, 
таяуда ғана мен кӛргенде түк басып тұрған, қатпарланған мойны қазір 
айнадай жалтырайды - бүгін бұдан ұстараның жүріп ӛткені аян. 
Шаштараздың қайшысы мұртына да тиіпті, тықырлап қырған үстіңгі ернінде 
екі шӛкім мұрты қараяды. Генералдың етігі электр шамының сәулесімен 
шағылысып, жалт-жұлт етеді – щеткамен ғана емес, барқытпен де жылтырата 
тазалапты. Қысқасы, бұл кеште біздің генерал әсемпаздау болып кӛрінді 
маған. 
- Жолдас генерал, мен генерал-лейтенант Звягиннің жарлығы 
бойынша батальонды ӛткізіп… 


473 
Мен сәл мүдіріп қалдым. Қалай айтуын керек; келіп тұрмын деймін бе 
әлде қарамағыңызға келдім деймін бе? Мен: 
- Қарамағыңызға келіп тұрмын, - дедім. 
Панфилов әнтек кӛздерін сығырайтты. 
- Солай-солай… Ар жағын неге айтпайсыз? 
Мен сӛзінің тӛркінін түсіне қоймадым. 
- Аты-жӛніңізді неге айтпадыңыз? 
- Fany етіңіз. (Ішімнен: «Ғажап, біздің генерал формалист емес сияқты 
еді ғой» деймін. ) Аға лейтенант Момышұлы. 
- Қай полктен? 
Мен полктің номерін атадым. 
- Қай дивизиядан? 
- Қалай? 
- Қай дивизиядан деп сұрап тұрмын. 
- Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясының… 
Панфилов кілт бұрылып, ашық тұрған есіктен дауыстады: 
- Есіттіңіз бе жолдас, Дорфман? Білмейді екен. Әлі ештеңе білмейді 
екен. 
Бұдан соң қайтадан маған қарады. Шӛкімденген мұрты жауып тұрған 
үстінгі ерні, күлкісін тежегісі келгендей, сәл жыбырлап тұр. 
- Қателесесіз, жолдас Момышұлы. Қазір біз басқаша аталамыз. 
Ол стол үстінде жатқан газетті алып, маған ұсынды. Бұл ертеңгі 
номердің корректуралық нұсқасы екен. Терілген бағаналар арасында бірнеше 
бос орын қалдырылған. Парақ бетіндегі: біздің дивизияға Сегізінші 
гвардиялық атқыштар дивизиясы деген атақ берілді деген хабар қызыл 
қарындашпен қоршалған. 
- Міне, осыған байланысты сізге құтты болсын айтамын, жолдас 
Момышұлы. 
Тонының етегін серпіп тастап, Панфилов шалбарының қалтасынан 
советтік гвардия значогын алды, мұны – эмальдағы желбіреген ал қызыл ту 
бейнесін менің бірінші рет кӛруім еді. 
- Кӛріңіз, жолдас Момышұлы. Маған бүгін газетпен бірге әкелді. 
Әзірше үлгісі ғана. Мен тағып та байқадым. Кейін алып қойдым. 
Значокты біраз айналдырып, эмалінің түрлене құбылуына қызыға 
қарап тұрды да, қайтадан қалтасына салды. Бұдан бірнеше күн бұрын 
кӛкейкесті арманын білдіріп, шаштаразға айтқаны есіме түсті. «Гвардия 
атағына лайық іс тындырайықшы, сонда жасарамын, билікті қолыңызға 
беремін, сертім сол…» деген. Сол минут Панфиловтың да есінде екен. 
- Берген сертке берік болу керек, - деді ол, - кӛріп тұрсыз ғой, 
қырыныпта, таранып та алдым. Бір тәуір жері, бүгін уақытым кӛп-ақ. Мен 
тағы да таң қалдым. Бұл не дегені? Бар күшін түйдектеп жұмсаған немістер 
біздің қорғанысымызды қиратып, қидалауда, бүгінгі күн гитлершілдердің 
қазіргі жаңа шабуылының, Москваға бұзып кіру әрекетінің тағдырын шешуі 


474 
мүмкін, ал осындай соққыны бастан кешіріп отырған дивизия командирінің 
уақыты қалайша кӛп болмақ? Панфилов мұны былайша түсіндірді.
- Сәске түстен бері Малыхпен де, Юрасовпен де байланысым жоқ. 
Біздің әскерлер Ядровоны қорғап тұр ма, жоқ па, тіпті оны да білмеймін. 
Міне енді осы Шишкинода, былайша айтқанда, қанатымды қомдап, ұшуға 
әзір отырмын, әйтеуір, дұшпан әзірше босағадан сығалай қойған жоқ, ал жау 
осы жерге жетіп келуге қандай асық болып отыр десеңізші. 
Ӛзінің бүктеулі тӛсегіне бір қарап, ол тағы да былай деді: 
- Бӛлім де қоныс аударды, ал Дорфман жолдас екеуміздің осы үйде 
қонып қалуымыз да мүмкін.
Панфилов омырауы ағытулы шолақ тонының қара елтірі ұстаған 
жеңдерін түріп алды, - генералдың жұмыс істеуге құлшынып отырғаны 
байқалады, шақ тисе де, жарыла қоймаған айнаға қарап, иықтарын түзетті, 
саусақтарымен мұртын сипады. Мен туралы, менің шақырылуым туралы ол 
әлі ештеңе айтқан жоқ. Мен оның не айтатынын үнсіз күтудемін. 

Бӛлмеге тағы да Ушко келіп кірді. 
- Жолдас генерал, лейтенант Шакоев сізге тарту әкеліпті. Рұқсат па? 
- Айтпақшы, жолдас генерал, біз мотоциклетпен тұтқын капитанды да 
ала келдік. 
- Сіздің жүріп тұрған мотоциклетіңіз де бар ма? 
- Иә. Екеуі осында. Басқа екеуі баталаонда. 
- Ымм… Барып кӛрейікші. 
Іске құлшынып, тықыршып тұрған Панфилов дереу тонының 
түймелерін салып, шексіз ынтызарлықпен кӛшеге ентеледі. 
Сол заматта тарту-таралғысымен Шакоев кіріп келді. Ол ӛзінің 
қомақты жүгін немістің шұбар ала плащ-палаткасынан жасаған түйіншегін 
батыл түрмен стол үстіне апарып қойды. Бұдан кейін қара мұртты қайсар 
дағыстандық кеудесін кере, бойын түзеді. 
- Жолдас генерал, - әр сӛзін баптап, мәнерлі үнмен рапорт бере 
бастады ол. - Талғар полкіне қарасты бірінші батальонның жауынгерлері мен 
командирлері… 
- Рақмет, - деп оның сӛзін бӛлді генерал, - бәріңе рақмет! 
Тұтқынды және қолға түскен документтердің бәрін Гусеново 
деревнясындағы барлау бӛліміне апарыңыз, жолдас Шакоев. Және тезірек 
апарыңыз. Ұқтыңыз ба? 
Бәріміз Панфиловпен бірге кӛшеге шықтық. Алдыңғы жақта, әсіресе 
кӛкжиектің сол жақ шетінде бұрынғыша қызғылт шапақ белгілері 
қылаңдайды. Дәлірек айтқанда, бұрынғыдан сәл бәсеңсіп, күңгірт тартқан. 
Атыс та едәуір саябырлаған. Зеңбіректер гүрсілі анда-санда ғана естіледі. Бір 


475 
жақта пулемет тықылдайды, Тағы бір пулеметтің тырылдағаны құлаққа 
келед.. Аязды ауаны құштарлана жұтқан Панфилов: 
- Беріспедік, - деп үн қатты. - Қайда, не болып жатқанын анық 
білмеймін, бірақ беріспегеніміз, шыдап баққанымыз аян, жолдас Момышұлы. 
Дарбаза маңындағы қар жапқан жолдан екі аттың сұлбасы және біздің 
екі мотоциклетіміз қарауытып кӛрінеді. Курбатов пен Строжкин аяққа 
түсірілген винтовкаларымен тұр. Тұтқын делдиген фуражкасымен, бейне 
қоқиланғандай, бұрынғысынша тіркеме үстінде отыр. Шинелінің жағасын 
кӛтеріп алған. 
- Тұр! - деп ӛктем үнмен немісше жарлық берді Шәкеев, - Генерал 
келіп тұр. 
Гитлершіл капитан - аяқтары ұйып қалса керек - теңселіп барып, әрең 
тұрды да, коляскадан жерге түсіп, қолдарын екі санына жабыстыра, кекшие 
қалды. 
- Бет-аузы әбден айғыздалған екен, - деді Панфилов, оған тесіле қарап. 
- Ӛзі мүлде мұздап қалған сияқты ғой, жолдастар. 
- Орыс аязының шымбайына батқаны жақсы, жолдас генерал.
- Тұтқынды азаптамас болар. Жолдас Ушко, бұған бірдеңе әкеліңіз, 
кӛкірекше болса да мейлі. 
- Жолдас генерал, - деген дауыс естілді, - сӛз айтуыма рұқсат па? 
Сержант Курбатов. 
- Иә, иә, жолдас Курбатов, сӛйлеңіз. 
- Бізде мұның шамаданы бар. Соның ішінен алуға болады. 
Қайратты да епті сержант металл бұрыштамалармен қаптаған үлкен 
шамаданды кӛтеріп алды да, тіркеменің қаңылтыр жиегінде қойды. 
- Біз ашып қарағанбыз, жолдас генерал, бірақ еш нәрсесіне тиген 
жоқпыз. 
Курбатов шамаданды ашты да, электр фонарының сәулесін түсірді. Ең 
үстінде Орынбор шәлісі деп аталатын, биязы ақ жүннен тоқылған орамал 
жатыр екен. Оның астында әйелдің жібек кӛйлегі, түсті блузкалары, туфлиі. 
- Ымм. Мен мұнымен сӛйлеспеймін. Бәрін қайта салып қойыңыз. 
- Мұны сіз ұстадыңыз ба, жолдас Курбатов? 
- Мен емес. Жауынгер Строжкин. Мына жігіт, жолдас генерал. 
- Строжкин? Алматыдан ба? 
Москвалықпын! - деп кӛтеріле жауап қайырды Строжкин.
Панфилов куанғанын білдіре сӛйледі: 
- Жаңа келгендерден бе? Ең үлкен тарту міне осы! - Ол біраз ойланып 
тұрды. - Біз мұндай кезеңде енді жаңа келгендер мен бұрынғылар болып 
бӛлінбейсіз. Біз енді… 
Ол сӛзін бітіріп үлгермеді. Баспалдақ жақтан жүгіре басып кӛкірекше 
әкеле жатқан Ушко кӛрінді. 
- Жолдас генерал, сізді телефонға шақырады. Жетпіс үшіншінің 
комиссары… 


476 
- Ә, табылған екен ғой… Ендеше, жүріп кетіңіз, жолдас Шакоев. 
Мынаны тонаушы армиядан шыққан мырзаның ӛзіне тастаңыз… 
Кӛріскенше, гвардияшылар! Менімен жүріңіз, жолдас Момышұлы. 

Босағадан аттай бергенде-ақ бӛлмеден мембрананың сырылдағаны 
естілді. Трубканы құлағынан сәл алыста ұстап, аппараттың жанында 
қатпарсыз шинелінің сыртынан белдігін шарт буынып алған капитан 
Дорфман тұр екен. Стол үстіндегі телефонның қасында (ондағы олжа заттар 
салынған түйіншек әкетіліпті) Дорфманның айнымас серігі, оперативті карта 
сақталатын қара папкасы жатыр. 
- Сәл сабыр етіңіз, - деді ол, - трубканы бас иемізге берейін. 
Орындығын телефонға қарай жылжытқан Панфилов бізді де ұмыт 
қалдырған жоқ: "Отырыңыздар, жолдастар, отырыңыздар!» - деді де, 
трубканы алды.
- Жолдас Лавриненко? Сіздің хабарыңызды ұзақ күттік-ау… Тыңдап 
тұрмын, тыңдап тұрмын. Асықпаңыз. 
Мембранадан тағы да күмбірлеген дауыс естілді. Панфилов ауық-
ауық сұрақ береді: 
Ал полк штабы ше? Қай сағатта болды ол? Сізді кім сүйемелдеді?… 
Онда біздің тағы қандай күшіміз бар екен? Жолдас Дорфман, картаны 
әкеліңізші. 
Картаны тізесіне қойып, ол тыңдай берді. 
- Угрюмов те? - Панфиловтың бет пішіні бірден құбылып, кӛнере 
қалды, иегі кемсендеп кетті. - Георгиев те? Кӛпірдің түбінде ме? Кӛріп 
тұрмын. Тірі қалғаны бар ма? Сабыр етіңіз, белгі соғайын. Генерал бірдеңе 
айтқысы келгендей, Дорфманға бұрылған еді, бірақ картадағы бір нүктені 
қарындашпен қоршап қана тынды. Бұдан соң тағы да тыңдады. Енді оның 
жүзіндегі кірбің тарады, майдандағы солдаттың қайғысы мен қуанышы қатар 
жүретіні белгілі ғой, - Панфилов күлімдеп, әзіл айта бастады. 
- Қонар жер тауып жайғасыңыз, жолдас Лавриненко. Мен бе? 
Бұрынғы орындамын. Иә, осында қаннен-қаперсіз отырмын. 
Мысқылды күлкісін тежеген Панфиловтың үстіңгі ерні тағы да 
жыбырлап кетті. Осы сӛздер ӛзіне ӛте ұнайтыны айқын білініп тұрды. 
- Бір есептен бұл сіздің арқаңыз, жолдас Лавриненко, - деді Панфилов 
жылы лебізбен. - Ертең менің орныма сіздер келесіздер. Ұқтыңыз ба? 
Трюмоны сізге қалдырамын, бірақ ептеп зақымданған. 
Қазір Панфиловтың үнінен әзіл-қалжың лебі еседі. Бет пішінінің, әуез 
мәнерінің осылай тез ӛзгергеніне, бүкпей айтар болсам, генералдың кең-
дарқан жан жүйесіне қайран қалдым. Міне оның үні тағы да ӛзгерді: 
- Бүгін дивизияға гвардия атағы берілтенін жариялаңыз. Иә, Сегізінші 
гвардиялық атқыштар дивизиясы. Бәрін менің атымнан құттықтаңыз. 
Айтыңыз, әрқайсысының қолын қысамын, әрқайсысына рақмет деймін! 


477 
Панфилов трубканы сыбдырсыз, жайлап ілді де, Дорфманға картасын 
қайтарды. 
- Лейтенант Угрюмов есіңізде ме, жолдас Момышұлы? 
- Иә, - дедім мен. 
Бірде аспаз Вахитов табақ тартпай, елеусіз қалдырған, бетін секпіл 
басқан, таңқы мұрын лейтенант, түріне қарағанда деревняда ӛскен бала 
дерлік, ал шын мәнісінде ақылы айық, жүректі де білікті жігіт, есімде қалай 
болмасын. 
- Қаза тапқан… Аға политрук Георгисвті білуші ме едіңіз? Ол да қаза 
тауыпты. Осы шағын отряд түгел дерлік мерт болған. Бірақ жау танктерін 
ӛткізбепті. Тоғыз машинасын қиратқан, қалғандары кейін шегінген. Істің 
жайы айқындала бастағанын кӛрдіңіз ғой, жолдас Дорфман. Бірақ жұмбақ әлі 
аз емес. - Панфилов күзелген желкесін қасып біраз тұрды. - Бейне беттері 
жыртылған кітаптай. Бұл беттердің жоғалмауын кӛздеу керек. Бұларды 
қалпына келтіру керек. Осы кітапты оқып шығу керек. 
Стол үстіне картасын жайып, тағы да біраз уақыт Дорфманмен 
әңгімелесіп отырды. Бұдан соң маған қарады. 
- Барыңыз, жолдас Дорфман. Жұмысыңызды істеңіз. 
- Құп болады. Ғапу етіңіз, жолдас генерал, бірақ уақыт болды-ау 
деймін… 
- Қоныс аударуды айтасыз ба? Үлгереміз ғой. Қамқорлығыңыз үшін 
рақмет. Барыңыз. 
Панфилов менімен оңаша қалды. 
- Жұмбақ кӛп, - деп қайталады ол. 
Маған таныс үйреншікті әдеті бойынша жоғары кӛтерген саусақтарын 
жыбырлатып біраз отырды. Ойланып-толғанғанда ол ылғи осындай ишарат 
білдіретін. 
- Ӛзі мүлде бала дерлік еді ғой… 
Угрюмов туралы айтып отырғанын мен лезде аңғара қойдым. 
- Ӛжет бала… Оның тегін жігіт еместігін білетінмін, бірақ мұны… 
Осылай болар деп күткен емеспін. 
Ол ілгері ұмсынып, менің пікірімді естуге ынтызарлытын таныта, 
маған қадала қарады. Бірақ мен оған не айтпақпын? Біз бір минуттай үнсіз 
отырдық. 
- Ал енді, жолдас Момышұлы, сіз… - Панфилов кӛздерін сығырайта 
қойды, - не істеп қойғаныңызды мәлімдеңізші. Және аспай-саспай баяндаңыз. 
Мен асығыс емеспін. 
Мен баяндай бастадым. Матренино станциясын қорғаушы, егістікте 
окоп қазып бекінген жауынгерлерді немістердің алыстан мина жаудырып 
қырмақшы болған тактикасын суреттедім. Бұдан жанға батарлық шығынға 
ұшырағанымызды 
айттым. 
Ӛзімнің 
ойланып-толғанғаным, 
жаралы 
жауынгермен кездескенім, оның: «Бұлайша қорғану - қапы қалу» деген 
солдаттық нақыл сӛзі жайында әңгіме шерттім. 
Панфилов менің сӛзімді бӛлместен, тыңдаумен болды. 


478 
Әйткенмен мәлімдемені үзіп тастауға тура келді, Кӛше жақтан 
мотордың гүрілдегені, автомобиль есігінің тарсылдағаны естілді. Панфилов 
орнынан тұрды. Мен де түрегелдім. Ішімнен: Звягин емес пе екен? деймін. 
Лейтенант Ушко келіп кірді. 
- Жолдас генерал, тағы әлгі тілшілер. Ӛтініп сұрайды. 
Панфилов сағатын алып қарады. 
- Тағы солар ма? 
- Иә. Москваға асығып барады екен. Бүгін сіздің қолыңыз тимейді 
дедім оларға. 
- Ымм. Мен уәде бергенмін. Олар мынаны әкелгенде уәде бергенмін, - 
деп Панфилов тағы да «Гвардия» значогын шығарып, айналдырып кӛрді. - 
Оларға бір-екі ауыз жылы сӛз айту керек еді. Бірақ мойын бұра алмаймын. 
Кешірім жасасын. Мені кешірім сұрайды деңіз. 
- Құп! 
Әйткенмен, қайтадан орнымызға отыра бергенімізде, Панфилов: 
«Әңгімеңізді айта беріңіз, жолдас Момышұлы, айта беріңіз», - дей 
бастағанында, Ушко тағы да жетіп келді. 
Жолдас генерал, оларға бәрін айтып едім, бірақ ӛтініп қоймайды… 
- Иә, иә… 
- Үйге кіріп, бір ғана сұрақ беруге рұқсат етуіңізді сұрайды. 
- Бір ғана ма? - деп күлді Панфилов. - Қуын қарашы. Амал не, әскери 
қулықты лайығынша бағалай білу керек қой. Солай емес пе, жолдас 
Момышұлы? 
Бейне менің ризалығым керек болғандай-ақ маған аңыра қарады ол. 
Бұдан кейін барып, есік ашты. 
Рахым етіңіздер, жолдастар. Сіздермен еркін отырып әңгімелескім 
келіп еді, бірақ… Шартымыз былай болсын: бір ғана сұрақ. Ӛтінем, ӛтінем… 
Бӛлмеге «Фронтовая иллюстрация» журналының тілшісі, капитан 
Нефедов бірінші болып кірді. Қайыра тараған сарғыш шашы бӛркінен 
кӛрінбейді. Үстіндегі бояу иісі аңқыған су жаңа, ақшыл сары шолақ тонының 
кейбір жеріне балшық жабысқан. Тәрізі, Нефедов ӛзінің мойнына асулы 
тұрған, былғары қапшықтағы фотоаппаратымен бірге бекіністерде еңбектеп 
жылжыған болуы керек. Қызара бӛрткен бетіндегі әнтек қымсынған, 
жайдары шырайы капитан ӛзінің жұмыс күніне риза екенін дәлелдегендей. 
Нефедов генералға ізет етті. 
- Қайырлы кеш, жолдас… - Панфиловтың монғол пішіндес сәл 
қысықтау кӛздері күлімдеп тұр, - жолдас Қырынан Қарағыш. 
Сол заматта Нефедовтың серігі, қонымды да жүріп-тұруға ыңғайлы, 
бірақ әбден тозығы жеткен келте былғары кӛкірекше киген жігіт, әңгімеге 
араласты. 
- Қалай? Не дедіңіз, жолдас генерал? 
Панфилов миығынан күлді. 
- Сіздің сұрағыңыз осы ма? 


479 
Сіздің шимайшы әріптесіңіз - оны Гриневич деп атайық – әсте сасқан 
жоқ: 
- Ғапу етіңіз, жолдас генерал… Бұл әзірше қайта сұрау ғана. 
- Ымм… Қазір, бір ӛкініштісі, қырынан қарау мәселесі туралы сӛз 
таластырып жататын уақыт жоқ. Детенмен, бұл мәселе қозғалғаннан кейін… 
Бірде Нефедов жолдас мына кісі екеуміздің – ол мені иегімен нұсқады - 
арамызда ұқсастық барын байқапты. Ұқсастығы жоқ болса да, қырынан 
қарауы бірдей деген еді. Айтпақшы, танысып қойыңыз, менің резервімнің 
командирі Момышұлы жолдас. Ал, минутқа болса да отырғандарыңыз жӛн; 
аяқта тыным жоқ деген. 
Жолаушылар орындықтарына орналасты. Гриневич әлгі пікірді 
генералдың есіне салды: 
- Сонымен, осы аталы сӛз… 
- Иә, бұл туралы қысқаша айтайын. Қазіргі шайқасып жатқан ұлдар 
әкелеріне ұқсамайды. Ал қырынан қарауы бір-бірінен аумайды! Ұқтыңыз ба? 
Генерал ӛз әдеті бойынша, бейне ӛзіне ұнап қалған осынау лұғатты 
сӛзді әңгімесінің ұққан-ұқпағанын әбден танып білгісі келгендей, ілгері 
ұмсынды. 
- Ал енді сұрағыңызды беріңіз. 
Келте былғары кӛкірекшенің иесі күтпеген жерден ұшып тұрды. 
Бұрын оның жүріс-тұрысы да, қимылы да, сӛзі де сылбырлау еді, қазір ӛн 
бойында шапшаңдық пайда болды. 
- Жолдас генерал, сіз жауап беріп те қойдыңыз. Бұдан әрі сізді 
бӛгемейміз. 
- Жауап беріп қойдым ба? 
- Иә. Мен сізден: бүгінгі ұрыстардың қорытындысын бір-екі ауыз 
сӛзбен қалай тұжырымдауға болады? - деп сұрамақшы едім. Сіз мұны айтып 
бердіңіз! Рақмет. Енді қалай жазатынымды анық білемін. Жолдас генерал, 
қетуте рұқсат па? 

Панфилов орнынан тұрды. Тонының ағытулы жағасынан әжім басқан, 
әлсіздеу мойны кӛрінеді. Қазір мойны біраз иілген. Салыңқы еріндерінен де 
тұнжыраңқылығы білініп тұр. Мұнысы қалай, қажыған ба? Әлде наразы ма? 
Кімге? 
- Демек, сізге айқын екен ғой, жолдас Гриневич? 
- Мақаланың желісі айқындалды, жолдас генерал. Барысымен 
жазамын. 
Үнсізбіз. Панфиловтың тілшілерді жібермей тұрғаны қалай бұл? 
- Ал маған айқын емес, - деп үн қатты ол. 
Бұрынғыша қайсарлана басын иген Панфилов, еңсесін тӛмен сала, 
ерсілі-қарсылы жүрді. 


480 
- Бір-екі ауыз сӛзбен дейсіз бе? Олай емес, жолдас Гриневич, сіз бен 
біз бұл міндетті әлі шешкен жоқпыз. Қырынан қарау ма? Ымм… Бүкіл соғыс 
жӛнінде, біздің бүкіл ӛміріміз жайында осыны айтуға болады, ал бүгінші 
күн… 
Панфилов кӛзге кӛрінбейтін желемік бұрынғыша желбіретіп тұрған 
газетті саусағымен нұқыды. 
- Бүгінгі күннің тасасында әлі ашылмаған сыр жатыр… 
Ол желкесін қасып, қайтадан ерсілі-қарсылы жүріп, қара торы 
тілшінің алдына келіп тоқтады да, оның кӛзіне үңіле қарап, байыптылығын 
байқады, енді генерал күлімдеп сӛйледі: 
- Жаңылмасам, Вольтер бір хатында: «Шұбалаңқы жазғаныма ғапу 
ӛтінем, қысқа жазуға уақытым жетпейді» деген екен. Тек осы нақылды 
қайталап айта аламын. 
Тым-тырыс қалыпта тағы бір минут ӛтті. Тілшілер әдеп сасқалақтап, 
үндемей тұрды. Панфилов жеңін түріп алды.
- Жолдас Гриневич, картаңыз жаныңызда ма? 
Журналистің планшетінен шығарылған карта сол мезетте стол үстіне 
жайылды. Панфилов маған бұрылып қарады.
- Сіз де бері келіңіз, жолдас Момышұлы. 
Қарындашын ұстаған генерал картаға біраз үңіліп тұрды. 
- Иә, жолдастар, маған айқын емес. Менің бұл резервтерімнің қайдан 
табылғаны айқын емес. 
Ол тағы да маған қарады.
- Бүгін сіз, жолдас Момышұлы: Горюныдағы ротаны Матрениноға 
жіберу жӛнінде маған бұйрық бермегені қалай деп таңданған боларсыз? 
Шыныңызды айтыңызшы, солай емес пе? Ол нақ осы сағатта мен дұшпанның 
жарып ӛткен бір топ танктері сіздің Горюныдағы позицияларыңызға тап 
болар деп күткенмін. 
Панфилов немістердің танк дивизиясы шоғырланған ӛңірді картадан 
кӛрсетіп, дивизияның алдыңғы шебін сүзгілеген қара стрелка жүргізді мұны 
ол схема түрінде белгіледі. 
- Нақ осы арадан, - деп сӛзін жалғастырды ол, - танктер біздің 
артиллериялық тосқауылымыз арқылы жол салып ӛтті. Әрине мұның құнын 
тӛледі, бірақ ӛтіп кетті. 
Бұдан кейін ол: танктер Волоколамск жолына шығуға осылайша 
мүмкіндік алды дейді. Немістің жаяу әскері танктердің негізгі даңғыл 
жолмен алға жылжуын қамтамасыз ету үшін тас жолдың екі жағымен бірдей 
шабуыл жасады. 
- Біздің Горюныдағы танкке қарсы ататын зеңбіректеріміз әнеміне 
дегенше тарсылдата бастар, тас жол бойындағы қорғаныс торабы іске кірісер 
деп ойлаған едім, жолдастар. Бірақ танктер ол жерге жете алмады. Белгісіз 
бір резерв пайда бола кетіп, сол танктердің соққысына кеудесін тосты. 
Сӛйтіп, оларға жол бермеді. Мұны істеген кім? Әзірше айқын емес. Полк 
штабымен байланыс үзілген. Бұл жерде менің артиллериям болмады. Ат 


481 
тӛбеліндей жаяу әскер ме? Күні кеше, жол әскери білім… - Панфилов маған 
күлімдеген кӛздерінің қиығымен қарады. - Әскери білім мұндай жағдайды 
мүмкін деп есептемейтін сияқты еді. Ә? 
Панфилов сӛзшең болып кетті. Күмән жоқ, ол тілшілерге адал 
ниетімен жауап беріп қана қоймай, ӛзін еліктіріп жүрген, ішке түйген 
ойларын ортаға салуға да асық еді. Енді еңсесін жазып, мойнын тік ұстады. 
Омырауы ағытулы шолақ тонының ішіндегі кителіне тағылған жауынгерлік 
ордендері кӛрінеді. Оның дағдылы ыңылдауы да қазір ғайып болды. Қимылы 
ширақ, аяғындағы, етігі жарқырата тазаланған, әрлі-берлі жеңіл адымдайды, 
ӛзі қайта жасарғандай, бақытты да - менің жадымда оның бейнесі осы соңғы 
кездесуіміздегідей сақталып қалды. 
Қолындағы қарындашын қайтадан карта бетіне жүгірте бастады. 
Мына жерде белгісіз біреулер жаңа шепке орналасушы батальонға жаудың 
тылдан шабуыл жасауына бӛгет болды. Осы тосқауыл, есепке алынбаған, 
беймәлім тағы бір резерв қайдан табылды десеңізші? Тұс-тұстан анталаған 
жаудың қақ ортасында галай сағат бойы ерлікпен шайқасқан жеңіл 
зеңбіректер ше! Лейтенант Угрюмов пен политрук Георгиев бастаран танк 
қиратушылар отряды ше! Генерал Угрюмов туралы сүйсіне әңгіме шертті:
- Бала жігіт, жас қыршын! Ӛз жауынгерлерімен бірге жиырма танкті 
тоқтатқан. Мерт болған. Қажырлы қайрат кӛрсетіп, жанын пида еткен. 
Панфиловтың маған оңашада айта бастаған ойларына қайта 
оралғанын түсіндім мен. Қазір ол бейне ӛзіне-ӛзі сұрақ қойғандай: 
- Осы баланың бойынан соншалық рухани күш қайдан табылды? 
- Қырынан қарауы болар? - деп баяу үн қатты Гриневич. 
- Бұл ғана емес, бұл ғана емес. Мен қырынан қарау жайын, қымбатты 
жолдас, кеше де білетінмін. Ал бүгін… Осы бүгінгіні қалай сипаттау керек? 
Қиналғанын білдіре, Панфилов қолын кӛтеріп, саусақтарын шыртылдатты. - 
Мен осы ұрыстарға әзірленгенмін, тактикалық шешімім, жоспарым болды. 
Жауынгерлерімді машықтандырдым. Қандай шешімің болса да жауынгерсіз 
түкке тұрмайды. Бірақ ӛмір шындығы менің ойластырғанымның, 
кӛздегенімнің бәрінен асып түсті. 
Генерал қолын сәл кӛтеріп, қоңырқай саусақтарын шӛкімдеді. Тағы да 
шыртылдатпақшы ма? Жоқ, саусақтары сол қалпында қалды. Ол масаттана 
сӛйледі:
- Ең негізгісі міне осы сӛз, жолдас. Асып түсу! - Панфилов бұл сӛзді 
жіктеп қайыра айтты: - Асып түсу! Жауынгерлер мен командирлер менің 
олардан күткенімнің бәрінен асып түсті. Ӛз шамасынан да асып түсті! Менің 
есепке алынбаған резервім, міне осы. Ұқтыңыз ба? 
Сәл ойланып тұрып, ол былай деді: 
- Әрине, менің білетінім алғашқы мәліметтер ғана. Екі полктің 
штабтарымен кӛптен бері байланысым жоқ. Бұл полктердің командирлері 
қайда екенін білмеймін. Тірі ме, жоқ па? Кӛп нәрседен хабарым жоқ, "Асып 
түсу» деген сӛз де алғашқы жорамал. Кейін әрі мазмұнды, әрі дәлірек теңеу 
іздеп табармыз. Бәлкім, жадағайлауы да жарар. Алдымызда әлі ауыр күндер 


482 
тұр, Мұны біліп қояйық. Дегенмен… Дегенмен ауызға басқа сӛз түспейді. 
Әзірше "асып түсу» деген сӛз ғана. Әкеден баланың, ұстаздан шәкірттен 
асып түсуі ӛсуіміздің заңдылығы, болашақ жеңісіміздің кепілі деп білемін 
мен. Ал енді, жолдастар, «кӛріскенше күн жақсы» десем, әбден орынды 
сияқты. 
Картаға қолын созып, оны бүктемекші болып тұрды да, оған назары 
ауып, сәл бӛгеліп қалды. 
- Қараңғыда әскерлерімізді келесі шепке әкетеміз… Шегінсекте, ешбір 
жерде жаудың майданды бұзып ӛтуіне мүмкіндік бермейміз. Панфилов 
картаны иесіне қайтарды. 
- Сонымен, жолдастар, кӛріскенше. Сапарларыңыз сәтті болсын! 
Нефедов тағы да жайдарлана күлімдеп, мойнындағы фотоаппаратын 
дереу қолына алды. 
- Жолдас генерал, рұқсат етіңіз, сізді түсіріп ала қояйын. Дәл осы 
тұрған қалпыңызда. Тоныңызбен! Мына айнаның кетігімен қатар! - деп ол 
трюмоны нұсқады. - Магниймен ептеп түтіндетем, жолдас генерал. Бірақ тез 
ұшып кетеді ғой. 
E-е, күндіз бізді неміс ыстаған еді, енді сіз де, марқабат етіп, осымен 
айналыспақшы екенсіз ғой? Бұдан құтқара кӛріңіз, жолдас Нефедов. Керегі 
жоқ. 
- Жолдас генерал, тамаша сюжет қой. 
- Оқасы жоқ. Бұдан да тамашасы бар! Гусеново арқылы жүріңіз. 
Сондағы барлау бӛлімінен гитлершіл тұтқын капитанды табасыз. Таңдаулы 
дӛкей. Соны қолға түсірген москвалық жауынгер Строжкинді кездестіруіңіз 
де мүмкін. - Панфилов сағатына қарады. 
- Кездестіресіз! Қазір телефон соғамыз. Екеуін бірге түсіріңіз. Жас 
жауынгердің қарусыздандырылған еңгезердей қарақшыны, батальон 
командиріне айдап келе жатқанын кӛрсетіңіз. Москва үшін қуанышты жайт. 
Ал мені түсіріп үлгересіз, жолдас Нефедов. Ертең бір соғып кетіңіз. 
Жолдастарымды ертіп, сыртқа аязға шығайын, соңда шарт еткізіп аласыз. 
Сӛйтіп, келістік қой! 
Келте былғары кӛкірекше киген тілші картасын салып қойды.
- Нефедов, ӛңмеңдемесеңші. 
- Жолдас генерал, жылы лебізіңізге рақмет! 
Екеуі қош айтысты. Моторы гүрілдеп, машинаның жүріп кеткені 
естілді. 

Маған "кідіре тұрыңыз» деді де, Панфилов іргелес бӛлмеге кетті; 
тілшілермен әңгімелесу кезінде сол жақтан телефон арқылы сӛйлескен 
капитан Дорфманның күңгірлеген даусы кейде естіліп тұрған-да. 


483 
Есігі жабылған бӛлмеде генерал он минуттай болды. Ауық-ауық оның 
қарлыққан үнін құлағым шалғанымен, сӛздеріп, әрине, есіткен жоқпын. 
Ақырында генерал қайта оралды: 
- Отыра беріңіз, отыра беріңіз. 
Ол ерсілі-қарсылы жүріп, іждағаттана сӛйледі: 
- Малыхтан да, Юрасовтан да әлі дерек жоқ. 
Менің қасыма келіп отырған Панфилов қалтасынан бір қорап 
«Казбек» шылымын шығарды.
- Алыңыз. Шылым тартайық, жолдас Момышұлы. 
Сіріңкесін шағып, отын маған тосты. Оның бастық, әкім атаулы- да 
бола бермейтін кішіпейілділігіне үйренген басым, именбей, бір сұрақ бердім: 
- Жолдас генерал, оттығыңыз қайда? 
- Ә, оттық па? - Әлде неліктен ол қулана күлімдеді. - Бүгін бір кісіге 
тарту еттім. Мағыналы тарту дедім оған. Бір кездері сізге бермекші болған да 
едім. Онда да бір мән бар еді. Түсініп отырсыз ба? 
- Әрине, түсіндім. Тіпті қазірде де, бӛлінген әңгімені қайта 
жалғастырар алдында, Панфилов бір-екі ауыз жылы сӛзімен, достық 
шырайымен мені тағы баурап алды, жүрегімді жылытып, кӛңілімді кӛтерді. 
- Ал, әңгімеңізді айта беріңіз, жолдас Момышұлы. 
Ӛз ӛмірімнен де қымбат нәрседен - командирлік абыройымнан 
айырылуым мүмкін екенін біле тұра, осыған тәуекел еттім деп жасырмай 
айттым мен. Бұйрықтың берілгенін, Толстуновтың маған кӛмектескенін, 
қарсы атакамыздың сәтті болып шыққанын баяндадым. Звягиннің телефон 
соққаны туралы да айттым, деревняны бермей тұрып-ақ «тастап кеттік» 
дегенімді де жасырмадым. 
- Елігіп кеттім де, бетімнен қайта алмадым. Сӛйтіп, генерал-лейтенант 
Звягиннің бұйрығы орнымнан тайдырылдым, сонда да кешке дейін ұрысты 
басқардым. 
- Ымм… Демек, екі майданда бірдей, дұшпанмен де, үлкен 
бастығыңызбен де соғысқан екенсіз ғой? 
Осыны айтуы-ақ мұң екен, ӛз сырымды шерткенде ұмыт қалған бір 
жайт есіме түсе кетті. 
- Жолдас генерал, ғапу етіңіз, ұмытыппын… Сіздің мегзеуіңізді 
кӛрдім де, бел байладым. 
- Неғылған мегзеу? 
Сырмалы бешпентімнің жан қалтасынан жауынгерлік уставтың қызыл 
кітапшасын алып, командирдің инициативасы туралы айтылатын бетті 
таптым, мұнда Панфиловтың қолымен үш қатар сызық жүргізілген болатын. 
- Мінеки… Сіз жүргізген үш қатар сызықты кӛрдім де, дәл осы сәтте 
шешім қабылдадым. 
Күтпеген жерден Панфилов күліп жіберді. 
- Маған аудара салғыңыз келе ме? 
- Әсте олай емес, жолдас генерал. Шын сӛзім: осылай болғаны pac. 
- Демек, сонда мен сізбен бірге болған екенмін ғой? 


484 
- Йә, - деп кесіп айттым мен. - Сіз менімен бірге болғансыз, жолдас 
генерал. Сіз маған жӛн сілтедіңіз. 
- Е-е, тым дәріптеп жібердіңіз ғой. Шектен шықпайық та. 
- Жолдас генерал, ӛзіңіз: басқару дегеніміз - міндетті ұғыну деп едіңіз 
ғой! 
Панфилов тағы да күлді. Тәрізі, біз оның аузынан талай рет есіткен 
осы қағида бүгін оның жүрегіне ӛте жылы тиіп отырған сияқты. Мен сӛйлей 
бердім. 
- Жолдас генерал, мен сізге шынымды айтып отырмын. Сіз маған; 
жиырмасына дейін тапжылма деп міндет жүктедіңіз. Егер осы болмағанда
мен бүгін, он жетісі күні, кескілескен ұрыста ротадан айрылатын едім, ӛзім 
де абыроймен мерт болар едім. Бірақ ойымда: жиырмасына дейін! - деген 
серт тұрды. Сондықтан барымды қарыштадым да, шешім қабылдадым. 
Панфилов ашық жатқан Устав кітапшасын бас бармағымен сипады. 
- Несі бар, жолдас Момышұлы, мен бұдан танбаймын. Кінәнің 
жартысын ӛз мойныма алуға ризамын. Бірақ табыстың да жартысы менікі. 
Ащысы мен тұщысын тең бӛлеміз. Жарай ма? 
- Рақмет, жолдас генерал. 
- Бірақ осы ұрысты қалай түсініп, қалай бағалауымыз керек? 
Кездейсоқ сәті түскен авантюра ма? Жоқ, Заңдылық па? Иә, бұл жеңісте 
заңдылық бар. Сіз, жолдас Момышұлы, дұшпанның осал жағын пайдалана 
білгенсіз. 
Сыңайына қарағанда, Панфилов сӛз таластырып, ұтымды дәлел 
келтіріп отырған сияқты. 
- Әйткенмен бұйрықтың аты бұйрық қой, жолдас Момышұлы. Түнде 
қолбасшыға барып жолығамын. Звягин жолдасты да кӛретін шығармын. 
Бәрін бастан-аяқ қолбасшыға барып мәлімдеймін. Жарлықты бұзу қолымнан 
келмейді, бірақ кідірте тұруға тәуекел етем. Қайта беріңіз. Түнде телефон 
соғамын. Мына кітапшаңызды қалдырып кетіңіз. 
Уставты тағы алып, біраз айналдырды. 
- Қолбасшы кӛріп шықсын. 
- Жүріп кетуіме рұқсат па? 
- Асықпаңыз. Сізді тағы біраз бӛгемекпін. 
Панфилов іргелес бӛлменің есігіне қарай аяңдады, сол жақтан 
Дорфманның кӛмескі сӛздері бұрынғыша ауық-ауық естіліп тұрғанды; 
есіктің тұтқасын ұстай беріп, ол жасқа біткен жігермен кілт бұрылып, маған 
қарады: 
- Сӛйтіп, бүгін мен сіздің қасыңызда болған екенмін ғой? – деп күлді 
де, ол менің жауабымды күтпестен, есікті ашып, бӛлмеге кіріп кетті. 



485 
Осы арада Панфиловты ӛзімнің қалай түсінетінімді айтып ӛтейін. Бұл 
түсінік сол ноябрь кешінде мені толғандырған ойлар мен кейінірек туған 
ойлардың қорытындысы іспетті. 
Онымен бірге ӛткізген жарты сағаттың ішінде бұрын оның бойынан 
байқалмаған жаңа ишаратты екі-үш рет кӛзім шалып қалды: оның қайта-
қайта жеңін түріп білек сыбана істейтін қызу жұмысқа құштарланудың 
белгісі еді. Немістердің біздің астанамызға ӛктеп, тағы да тегеурінді күш 
жұмсауының ақтық нәтижесін, Москва үшін шайқастың екінші кезегінің 
тағдырын шешерлік, жаппай ерлік күні деген тақырыппен соғыс тарихынан 
орын алған осынау ұзақты күнді Панфилов Шишкина деревнясында, 
әскерлерді басқару мүмкіндігінен мүлде дерлік айырылған жағдайда ӛткізді. 
Генералды ӛзінің қарамағындағы штабтармен, сұрапыл ұрыс аласапыранына 
араласқандармен жалғастыратын телефон желілері үзіліп, қырқылған-ды. 
Немістердің соққысынан дивизияның майданы бӛлшектерді. Біздің әр жер-әр 
жерде табан тіреген топтарымыз, батареяларымыз, роталарымыз, 
взводтарымыз жаумен ӛз білігінің негізінде басқарусыз шайқасты… 
Солай бола тұрса да әскерлерді басқару, ұрысты басқару тізгіні берік 
сақталды дей аламыз… 
Жаппай ерлік дегеніміз - стихиялы, тосын оқиға емес. Кӛзге қораштау, 
дабыралылығы жоқ генералымыз бізді осынау шешуші күнге, аламан-тасыр 
арпалысқа әзірледі, мұның сипатын алдын ала аңдап, пайымдай білді, 
міндетімізді қажымай-талмай, үздіксіз ұғындырумен болды, ӛзінің ой-ниетін 
біздің зердемізге ұялата білді. Тағы да ескерте кетейін, біздің бұрынғы 
уставымызда «қарсыласу торабы» немесе «тірек пункті» деген сияқты 
ұғымдар атымен болмайтын. Соғыс тауқыметі бізге осы ұғымдарды танытты. 
Панфилов бұл жаңалықты кӛңіліне тоқып алып, Қызыл Армияға теңдесі жоқ 
сұрапыл соғыстың қат-қабат құпия сырын алғаш рет танып білгендердің бірі 
болды. 
Басқалардан қол үзіп қалған шағын топ та - қарсыласу торабы, күрес 
тірегі. Осы ақиқатты бізге жан-жақты ұғындырып, санамызға кіргізу үшін 
Панфилов командирлермен, жауынгерлермен кездескен сайын әрбір қолайлы 
жағдайда, тіпті әрбір минутты пайдаланып отырды. Дивизияда оны 
білмейтін, қадірлемейтін жан жоқ еді. Оның нақыл сӛздері, белгілі бір 
жағдайға дӛп келетін әзіл-қалжындары әр түрлі, кейде түсініксіз жолмен 
құлағына жетіп жататын, солдаттың сымсыз телефоны арқылы біреуден 
біреуге тарайтын. Ал жауынгерлердің сенің ой-ниетіңді шын ықыласпен 
қабылдап, кӛңілге тоқығаны - басқару сақталғаны деген сӛз. 
Панфилов ұрыста взводты немесе ротаны басқарды деудің ешбір 
қисыны жоқ. Бір автор оның қолына тіпті граната ұстатыпта қойған. Бос сӛз! 
Дегенмен Панфиловтың қол бастағаны даусыз! Ол ӛзінің дивизиясын 
тәрбиелеп, шыңдады, ӛзінің ой-ниетін, жоспарын, осы заманғы қорғаныс 
ұрысының айла-тәсілі, болашақтағы міндет жӛніндегі ӛз тағылымын біздің 
ортақ игілігімізге айналдырды. 


486 
Міне, осы міндеттің ӛрісінде болатын күн туды, Ұрыс ошақтарының 
бытыраңқылығы жағдайында олдивизияны, әрине, қолма-қол, кӛзбе-кӛз 
басқара алған жоқ. Бірақ мұның есесіне командирлер де, қатардағы 
жауынгерлер де айқын ұғынған оның ой-пікірі ұрыста жетекші нұсқау болды. 
Осы мағынада алғанда панфиловшылардың ерлік істері - біздің генералдың 
ӛз туындысы. Осылай десек, біз тарихи шындыққа адал болып шығамыз. 
Үздік-создық ақпарларға, атыс үніне, оның ӛзгеше құбылысына, басқа 
да түрліше белгілеріне қарап, Панфилов ӛз ойының, ӛз жорамалының 
қаншалықты расталып жатқанын қадағалаумен болды. Ал расталған 
жайттердің бәрі қорғаныс ұрысын жаңа тәсілмен жүргізудің, әскерлерді 
қажымай-талмай тәрбиелеудің, бар білгенін, күш-қабілетін түгелдей осыған 
бағыштаудың нәтижесі еді. 
Әңгіме болып отырған сол кеште осының бәрін білген еді ол, бірақ 
кішіпейілділігіне басып, ӛзі туралы айтуды жӛн кӛрмеген еді. Бірақ жан-
жүрегінің тебіренісі, бар ӛмірінің ӛзегі болған осындай абзал қасиеті жӛнінде 
мен сӛз қозғап, баршаның кӛкейінде жүрген пікірін білдірдім. Әрине, ол үшін 
бұл зор ғанибет еді. 
Менің ойымша, Панфиловтың асыл арманын, ішкі сезімдерін танып 
білудің кілті міне осында. Арпалысқан сұрапыл ұрыста оның ойластырған 
айла-тәсілінің толық жүзеге асқаны былай тұрсын, генералдың «асып түсу!" 
деген сӛзімен бейнеленген, ӛзгеше бір сипат айқын кӛрінді. Иә, сайыпқыран 
солдаттың кемеңгер коммунистің бар ӛмірі, тыныс-тіршілігі, іс-әрекеті 
қимылы заман талабына сай болып шықты. 
10 
Баспалдақ алдына келіп тынған ат тұяғының дүбірі мені еріксіз 
елендетті. Звягин емес пе екен? 
Аула жақтан: 
- Генерал ӛз бӛлмесінде, - деген дауыс естілді. 
Сәл қарлыққан даусынан ұзынтұра артиллерист полковник Арсеньев 
екенін білдім. Аттан түскен полковник жӛнді илікпей қалған аяғын сүйрете 
басып, бӛлмеге кірді. Бӛркі мен ұзын шинеліне қырау тұрған. Оның ізінше 
Панфилов та келді. 
- Николай Викентьевич, тӛрлетіңіз. 
- Неткен суық! - деді Арсеньев. 
Жүннен тоқылған биялайын сыпырып, қызғылт қолдарын қатты- 
қатты ұқалады. 
- Шешінбеңіз. Мұнда да жылылық шамалы. 
Полковник мені байқады. 
- Ә, Момышұлымысың? Сенің құлағыңды шулаттық біз. 
- Шулатқаны қалай? - деп қайыра сұрады Панфилов. 
- Шулатқанда қалай… Біз кейін шегіне бастағанбыз. Ал мынаның 
батырлары… - Арсеньев мені саусағымен нұқып кӛрсетті, жіберер емес. - 


487 
Ескілікті дворяндар әулетінен шыққан, байырғы әскери адам Арсеньев кейде 
осындай қарапайым сӛздерді араластыра сӛйлеуге құмар еді. - Жігіттерің 
шадыр екен, Момышұлы. "Тоқта, шепке орналас, жер қаз!» - депті. Мен 
келгенше біздің бірде-бір зеңбірегімізді ӛткізбеген. 
Сырттан қарағанда, мені жазғырып тұрған сияқты, ал қарлыққан 
даусынан сабырлылық әрі ұнатушылық лебізі білінеді. 
- Сенің жігіттеріңді мұштап алайын депедім, бірақ мынадай ақы тӛлеп 
құтылды. 
Осыны айтып, полковник шинелінің қалтасынан сыртында шетел 
жарнамасы бар бӛтелкені шығарды. 
- Мартель! - деп жариялады ол. - Әбден бапталған, нағыз шарап! 
«Рақмет, ұландарым!» деуіме тура келді. 
Полковниктің осынау сӛзшеңдігінен оның қара түнектен іштен 
тынып, шытынап келгендігі, енді кӛңілін біраз демдеп, шерін тарқата 
бастағандығы кӛрінеді. 
Олар маған да тарту-таралғы жіберіпті, деп жылы лебіз білдірді 
Панфилов. Дорфманға барып шығыңыз, Николай Викентьевич. Әрі олжа 
заттарды да кӛрін, тамашалаңыз. Ұнатқаныңызды тартынбай ала бергейсіз. 
Бүгінгі күннің ескерткіші болсын… Момышұлы жолдаспен әңгімемді қазір 
бітіремін… 
Полковник әкелген бӛтелкесін стол үстіне қойып, тамағын қатты бір 
кенеді де, енді аяғын сүйретпей, нық басып, асықпастан екінші бӛлмеге 
җӛнелді.
Панфилов ӛзінің айнымас серігін, зеңбіректер командирін достық 
шыраймен ұзатып салды. 
- Картаңызды әкеліңіз, жолдас Момышұлы. 
Мен картаны жайдым. 
- Сіз не істеуіңіз керек? Біріншіден, түнде біздің шегінуші 
әскерлерімізді ӛзіңіздің жауынгерлік саптарыңыз арқылы ӛткізесіз. Бұл сізде 
ескерілген бе? 
- Иә, жолдас генерал. 
Панфилов картадан дивизияның келесі қорғаныс шебін кӛрсетіп берді. 
Енді ол Горюнының сырт жағында болатын.
- Бүгін біз қорғап тұрған бұл ӛңірді дұшпан әсте күрессіз ала 
қоймайды. Әрбір аядай орманның, әрбір шағын деревняның құнын тӛлеткізіп 
бағамыз. Тӛлемейді екен - ілгері аттап баспайды. Осылайша қансыратып, 
шабуыл жасау қабілетінен айыра береміз. 
Панфилов маған Москва түбіндегі шайқаста біздің армия қабылдаған 
тактиканы әлденеше рет түсіндіргенді, Солай бола тұрса да мұны үсті-үстіне 
қайталап айтуды керек деп санады. Енді ӛзінің омырауы ағытулы ұзын етек 
тонымен тұрған күйінде ол тағы да маған қарай сәл ұмсынып, зер салып 
тұрған-тұрмағанымды, түсінген-түсінбегенімді байқағысы келгендей, тесіле 
қарады. 


488 
- Ертең де сіз жалғызсырай қоймайсыз, жолдас Момышұлы. Бәлкім, 
сіз бен біз бұрнағы күні жорамалдағаннан гӛрі тынысыңыз кеңірек болар. 
Бірақ әр түрлі жағдай кез болуы мүмкін. Ертең біз оның резервтерін іске 
қосатын-қоспайтынын кӛреміз. – Панфилов тағы да ӛз ойын ортаға салды. - 
Сізде Заевтың ротасы бұрынғы орнында ма? 
- Иә, сол белгіде. 
- Горюныра ауысуға әзір тұрсын. Ертең Шишкина тарапына тосқауыл 
жасауымызға тура келіп қалуы ғажап емес. Бірақ әлі кідіре тұрамыз. 
Ұқтыңыз ба? 
Генералдың қарындашы менің картамдағы топографиялық белгілерді 
тағы бір жанап ӛтті. Дивизияның сұрапыл соққыға шыдап, тӛтеп бергенін 
бақыт санаған Панфилов бұған күпінген де, асып- тасқан да жоқ, қайта 
сарамжалдықпен, байыптылықпен ертеңгі күнге үңілді. Ол Горюныда менің 
батальоныммен иін тіресе айқасатын артиллерия туралы айтты. Бірақ ақырғы 
кезенде, тас жолмен шегінетін саңылау бітелмей тұрған сәтте ол кетіп қалды. 
- Ал сіздің міндетіңіз, жолдас Момышұлы, бұрынғыша; жиырмасына 
дейін тапжылмау. Жиырмасына қараған түні буынып-түйініп, қоныс 
аударыңыз. Тағы да кӛрісетінімізге кәміл сенемін. Ал енді… 
Маған қолын берді ол. Оның монғол пішіндес, қысықша кӛздері маған 
ақтық рет қарады. Кӛздерінен сенім ұшқыны атылып тұрды. СЕНІМ! Бұл 
сӛзді де бадырайтып тұрып үлкен әріптермен жазғайсыз! Бұрнағы күнгідей, 
ол тағы да: 
- Жолың болсын, қазағым! - деп тілек білдірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет