Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет74/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Арпалыс 1,2

ТАҒЫ ДА ҤШ КҤН 
«Жауынгерлік борышты ӛтеу - 
жеңіспен бірдей». 
- Біздің әңгімеміз аяқталып келеді, - деді Бауыржан Момышұлы. - 
Кітаптың мұңды беттері жақындады. Сондықтан сӛздің тұжырымды болғаны 
ләзім деп білемін. 
…Таң алдындағы бұлыңғыр. Аяз бет қариды. Шегінгендер тағы да тас 
жолмен шұбыруда. Шашау шыққан жеке-дара адамдар да енді ӛз үйірін 
табуға асығулы. Түнде алдыңғы шепте кезегін ӛтеген тосқауылшы взводтар, 
қалып кеткен ӛңірлерге миналарын кӛмген сапер бӛлімшелері тәртіп сақтап 
шегінуде. 
...Зеңбіректер гүрсілі де қайта басталды. Жау Горюны деревнясын, 
жотаның айналасын, маңайдағы орман алқаптарын жиі-жиі түйдектеп 
атқылауға кірісті. Орманда жасырулы тұрған біздің артиллериялық 
дивизиондар да залпымен, ӛршелене жауап қайырады. Мен орналасқан 
күркеде ауық-ауық жердің тітірегені сезіледі. 
…Майданда "катюша" деп аталып кеткен қуатты реактив минометтер 
дивизионының командирі, қара сақалды капитан күркеде менің қасымда 
отыр. Осынау жойқын қаруды Горюныға Панфилов жіберген-ді. Бірнеше 
дүркін ракеталарын жібергеннен кейін арнаулы автомашиналарға құрылған 
«катюшалар» жаудың атысына ұшырап қалмау үшін, әдетте дереу орнын 
ауыстырады. Барған жерінде жауды атқылау үшін Панфилов кӛрсеткен 
нысаналарға сәйкес қайтадан есеп жасалады. 
«Катюшалардың» іс-әрекетін қадағалап тұрмын. Жалын шаша 
атылған ракеталар мегзеулі жеріне барып жарылғанда, олардың аса күшті 
дүңкілі ұрыстың барлық басқа сарынын басып кетеді. Қазір Горки 
деревнясындағы жаудың бекінісін от-жалын шарпығаны даусыз. Келесі 
нысана - Рождествено тӛңірегі; таяуда осы селода тұрғанымызда 
Панфиловтың келіп, түстеніп кеткенін айтқанмын. Кезекті залп міне сол 
деревняға тӛндірілді. Бұдан кейін жаңа команда берілді. 
- Шишкиноны атқылауға әзірленіңіз! 
Демек, Шишкино да жау қолында болғаны… Уақыт тым баяу 
жылжығандай, дивизия бір деревнядан соң екіншісін тастап кетуде, ал 
«катюшалардың» залптары біз тұрған биіктік тӛңірегіне доға тәрізді сызық 
таратуда. 
Япырау, Заевтың әлі келмей жатқаны несі! Ал Шишкино тарапында 
біздің тосқауылымыз жоқ! 
…Ақырында, ұзынтұра Заев келіп жетті. Белінде граната, пистолеті 
бар. Ал шинелінің қойнынан, бұрынғысынша, парабеллумнің сабы сорайып 
тұр. 
- Қайда жоғалып кеттің сен? 


503 
- Жолдас комбат, адамдарымды үйлерге кіргізіп, бір сағаттай 
жылындырып алдым. Қатты тоңдық, тӛзіп болмайды. 
- Кім рұқсат етті? Сүйменмен, күрекпен жылынамыз! Дереу жүріп кет 
те, Шишкиноға баратын жолды бӛге. Жау сол жерде екен. 
- Әкел бермен ӛзін! - деп ежелгісінше әзілдеді Заев. Ну орманда 
ӛткізген екі күннің ішінде бет-аузын сары түк басқан. Қалың қабағының 
астындағы шүңірек кӛздері жалтармай, әрі адал, әрі батыл пішінде маған 
қарауда. Әлгінде ғана әзілге басқан Заев қазір байсалды қалыпты. 
- Жолдас комбат, құлағым сізде! 
- Орман шетіне барып бекін! Сол жаққа сенімен бірге Рахимов 
барады. Адамдарыңды тасалап, аман сақта. Жолды нысанаға ал. Егер танктер 
ӛтетін болса, жаяу әскерін оқ пен бӛліп таста! 
…Реактив снарядтар Шишкиноны нысаналды. Қара сақалды капитан 
келесі аралықты күтуде. Байланысшы оны телефонға шақырды. Бұйрықты 
тыңдап болғаннан кейін «катюшалар» командирі маған қолын берді. 
- Жақсы атыппыз. Енді бір минут кідірместен, Горюныдан кетуге 
бұйрық берілді. Ӛзің білесің, менің техникам немістердің қолына түсе 
кӛрмесін, оның беті аулақ. 
…Лейтенант Шакоевті шақырдым, Ӛзім де сыртқа шықтым. Азынаған 
жел үйірген қарлы тозаң бетке түрпідей тиеді. Танк қиратушылар взводының 
командирі, қошқар мұрынды әдемі жігіт, қол-аяғы жерге тимей, маған жетіп 
келді. Оның соңында емпендеген Кузьминич. 
- Политрук, мұнда неге жүрсіз? 
- Мен бе? – деп тандана қарсы сұрақ берді Кузьминич. – Ме 
қиратқыштармен біргемін. 
- Жарайды, ендеше, - дедім мен. 
Бұдан соң Шакоевке қарап, оның міндетін мезгіл кӛрсеттім: 
- Шишкино жақтан танктердің ағылуы мүмкін. Заевтың шебінен бері 
ӛтуі ғажап емес. Ол жаяу әскерін бӛліп тастайды. Ал мен танктерді қарсы 
алуға әзір тұр. Взводыңды осында келтір. Жол торабынан алып кетпе. 
Артыңа да қарайлас. Осы маңда бол! 
- Құп! 
…Горюны маңындағы орман ішінде құрылған атыс шептерінен 
артиллерия полкінің зеңбіректері кете бастады. Терезе тұсынан трактор 
сүйреткен ұзын стволды орудиелер ӛтіп барады. 
Армиялық байланыс торабы да буынып-түйініп алып, тайып тұрды. 
Енді біз, шынында да, жалғыз қалдық. 
Дұшпан бүгін Матренино станциясына тиіскен жоқ, Гитлершілдер 
армиясының бір әдеті, бір рет аузы күйген жерге екіншілей басын сұға 
қоймайды, орағытып ӛтеді. 
- Қайдан, қай тұстан соққы жасалар екен? 



504 
…Қуыршақша жасанып, киінген лейтенант күркеге әй-шәй жоқ кіріп 
келді, үстінде түтеленген ұзын шинелі, басында қызыл жалбағайы, алшита 
киген кубанкасы, одан дударланған ақ сары кекілі шығып тұр. Қоқилана 
сәлемдесіп, аты-жӛнін айтты. Пәлендей атты әскер полкінің байланыс 
офицерімін деді. 
Мұны нәшіне келтіре әндетіп айтты. Мұнда неге жүр ӛзі? 
«Катюшалар» жалпы оң жаққа бағытталған-ды, ал лейтенант айтқан атты 
әскер полкі сол жақтағы майдан шебін қорғап тұрған. Жолаушы майдан 
шебінің бұзылғанын, енді шегініп бара жатқанын, дұрысын айтқанда, 
«тырағайлап қашқандарын» баяндады. 
- Әркім білгенін істейді. Хабарыңызға рақмет, - дедім мен. 
- Ал сен не істемексің? 
- Осында қаламын. 
- Қарай гӛр ӛзін! Ендеше, топырағың торқа болсын. 
Мұны да ол нәшімен айтты. Раҳимовтан әшекейлі неміс сигаретін 
алды да, тәжім етіп, шығып кетті. Шегінгеніне титтей де қынжылар емес. 
Бейқам мәлтекбас! 
…Танктер! Олар алдыңғы жақтанда, солданда, оңнан да емес, сырт 
жағымыздан, қарын жел ұшырып әкеткен, асфальты жалаңаштанып, 
Москваға қарай кететін тас жолтарапынан пайда болды. Матренино 
станциясын ала алмай, одан орағыта ӛткен дұшпан бір осал жер тауып, 
ондағылардың қарсылығын күйреткен де, негізгі магистральға танк 
колоннасымен жарып шыққан. Бірақ біздің Горюныдағы торабымыз тас 
жолмен тӛте қатынас жасауға бӛгет болды. Ол дұшпанның тамағына тұрған 
қылтанақ тәрізді еді. 
Сол минуттар ойыма қайта оралады… Күркеде отырып, кенеттен 
моторлардың гүрілін есіттім. Нақ осы сәтте тарс ете түскен сауыт тескіш 
снаряд қабырғадан ӛтіп, телефон аппаратының быт-шытын шығарды да, 
келесі бір қабырғаны үңірейтіп кетті. Пистолетімді бешпентіме салып, 
сыртқа жүгіре шықтым. Әлі дәнеңе сезбеген аспаз Вахитов қатты қызған 
плита тӛңірегінде күйбеңдеп жүр екен. Босағадан аттай беріп, жаяу борасын 
арасынан танктерді байқадым. Құлақты шыңылдата гүрілдеген он-он екі 
сауытты құбыжықтар жаяу әскерсіз, есіріктене, қаз-қатар жӛңкіп, жақындап 
келеді. 
Үйдей бір машина командирінікі болуы керек - менің күркемнің 
жанында тұр. Мұнарасы қызыл матамен оралған. Антенна шыбығы сорайып 
кӛрінеді. Ашық люктен белуарына дейін шығып тұрған танкист айналасын 
шолуда. Мені ол байқаған жоқ. 
Атсам ба екен? Бүйірдегі сауытты ағарап тұрған жау кресінің 
үстіндегі қызыл матадан жүрексіндім бе, әйтеуір, ешқандай ой тоғытып 
үлгергенімше болған жоқ, күркенің тасасынан сұрланып кеткен Кузьминич 
сыбдырсыз шыға келді. Биялайсыз жалаңаш саусақтарымен танкке қарсы 
лақтыратын гранатаның сабын қыса ұстаған. Ол адам тӛзгісіз баяу 
жылжығандай кӛрінді, елеңдеген неміс те дереу бұға қалды. 


505 
Осы сәтте мен атып жібердім. Ал Кузьминич сабырлы есеппен, танкті 
дәл кӛздеп, граната лақтырды. Машина ішіндегі атқыш пулеметтің тұтқасын 
басып үлгерді. Менің атқан оғым, пулеметтің әупілдегені, машинаның сүйір 
тұмсығынан жалақтап шыққан жалын, булыққан дүмпу, болат үйшіктің 
селкілдегені - бәрі біртұтас сарынға ұласты. 
Пулеметтің үні ӛшті. 
- Кузминич, екіншісін! - деп айқайладым мен. 
Бұрынғысынша асықпастан тағы бір граната лақтырды да, ол құлап 
түсті. Мен қасына жетіп барып, басын кӛтердім. Аузынан қызыл кӛбіктене 
қан ақты. 
Кузьминич лақтырған екі гранатаның дүмпуі тойтарыс беру дабылына 
айналды. Сырт жағымызды күзеткен екі зеңбірек тарс-тұрс атылды, танкке 
қарсы лақтыратын қол гранаталары гүрсілдеді. Мен бинтті алып, 
Кузьминичтің шинелін ағыттым. Бізге Синченко да жүгіріп жетті. 
- Кӛтеріс, - деп бұйырдым мен, - политрукті күркеге апаруға кӛмектес. 
Онан соң атыма мін де, Киреевке шап. 
Кузьминичтің гимнастеркасы ылғалданып кетті. Ендіге қырылуда: 
- Жоқ, енді… енді әскери адам бола қоймаспын… деген сӛздерді 
айтып үлгерді ол. 
Кӛздерін жансыз мұнар қаптады. Экономика институтының ғылыми 
қызметкері, ұлы соғыс кезеңінде тұңғыш рет тұрпайы солдат шинелін киген 
осынау кітап кұмар азамат, ең қысылшаң сәтте нағыз хас батырша қимылдап: 
«Әскери адам болмаспын», - деген сӛздермен жанын пида етті. 
…Жалын шарпыған үш танк кӛк ала түтінге бӛленді. Шынжыр табаны 
қырқылған тағы бір танк тұрған орнында шыр кӛбелек ай-налуда. 
Сау қалған машиналар айбат шеге оқ атып, шегініп кетті. 

Немістер бізді бризант гранаталарымен, шраннелімен, миналарымен 
тағы да тӛпей бастады. Орман тасасында тұрған танктер де оқ-дәрісін аямай, 
мұнаралық орудиелерінен деревняны атқылауда. Шектен шыққандығы үшін 
олар сазайын тартты. Біз танктерді жаяу әскерден жұбын жазбай, баяулап 
жүруге мәжбүр еттік. Етпеттей жылжып, Брудныйға бардым да, оған міндетті 
түсіндірдім: жаяу әскерін машиналарынан бӛліп таста дедім. Ал жаяу әскер 
біздің жаудырған оғымыздан бас сауғалап, сауытты қалқанынан қол үзіп, 
айдалада қалған кезде, қарсы шабуыл жасап, оларды қыра беру керек! 
Жинақыда зерделі лейтенанттүсінгенін білдіре, басын шұлғыды. 
…Міне, жаудың тағы бір шабуылы басталды. 
Танктер қатарласа, қар бетімен баяу жылжып келеді, машиналар 
тасасында жүгіре ілескен автоматитылар. Оларды біздің винтовкалардың 
оғы, Блоханың пулеметі баудай түсіруде. Бозжанов пулеметшілерге кеткен. 
Жасыл шинельділер біздің арамызға шыдамай, жата қалысты. 
Машиналар жүрісін тежеп, жатып қалғандарға қарайлағандай. Біздің кішкене 


506 
зеңбіректеріміз іске кірісті. Бір-екі снаряд нысанаға, мүлде дерлік қимылсыз 
тұрған қап-қара сауытты үйшіктерге дәл тиді. Сәл кібіртіктеген танктер 
біздің зеңбіректерді ата бастады да, шегініп кетті. Жаяу әскер де соларға 
ілесе кейін лықсыды. Сӛйтіп, бұл тегеуірін де тойтарылды. 
…Тағы да жанталасқан жертӛле-ұраларда, шұңқыр-жыраларда 
жатырмыз. Медицина пункті жаралыларға толы. Ақырында ымырт жабылды. 
Москва түбіндегі қарлы алқапты тағы бір түн қараңғысы бүркеді. Біз тӛтеп 
бердік, Горюныдан айрылмадын. 

Келесі күн, он тоғызыншы ноябрь басталды, Горюны қорғанысының 
соңғы күні. 
…Үш жақтан бірдей оқ жаудырылуда. Бірден-бір тыныш жақ 
Матренино станциясы. Түнде біз сондағы Филимоновқа жаралыларды 
жӛнелтіп, медпункттің жүгін жеңілдеттік. 
Брудныйдың взводы мен шаруашылық взводы деревняны қорғауда. 
Тұс-тұстан танктер мен жаяу әскер тӛніп келеді. Атыса ұрыс жүргізудеміз, 
Неміс снарядтары біздің орудиелерімізді біртіндеп істен шығарды. Ат 
айдаушы Гаркуша бір амал ойлап тапты: пулеметін шанаға орнатып, оған 
мәстегін жекті де, деревняның біресе ана шетіне, біресе мына шетіне шығып, 
жауға шана үстінен оқ жаудырды. 
…Біздің күшіміз барған сайын азая түсуде. 
Батыр тұлғалы қапсағай Қалимолдин қар жастанды. Шинелінің 
омырауы дәл жүрек тұсынан жыртылған. Ӛткен жолы ұйқылы кӛзімен: 
«Faфу ӛтінемін», деп күбірлеген сәттегісіндей, ӛлерінде де қолын кӛкірегіне 
қыса ұстапты. 
Мәңгі-бақи дүниеден ӛткен Мурин де бүк түсіп жатыр. Сарғыш 
тартып, үшкірленген мұрнынан кӛзілдірігі ұшып түсіпті, жішпен шаңдыған 
ілмегі қар үстінде жатыр. Бұрынғы консерватория аспиранты, соғыста 
айтулы пулеметші болған осынау сезімтал жауынгер менің қасыма келіп, 
ішкі сырын ортаға салатын дәурен ӛтті. Мен оны талай рет бой түзеп тұруға 
үйреткен болсам, енді ӛзім де қимылсыз Муриннің басында аза тұтып, тік 
тұрмың. 
- Комбат, мұның не, алжасқаның ба? Кеудеңді әдейі оққа тосқаның 
ба? 
Толстунов мені бар күшімен балшық аралас іркілдек қардың үстіне 
бұқтырып, бекініске қарай қолымен сүйрей жӛнелді. 
…Қаза тапқан пулеметшілердің серігі, расчет командирі Блоха 
мойнына жарықшақ тиіп жараланған-ды. Бірақ Блоха пулемет орнатылған 
шанасын тастап кетпеді. Міне, осы шана зырғып барады. Мойнын бір түрлі 
күжірейтіп ұстаған Блоханың қасында сабан үстінде ұрыс желігіне беріліп, 
елеуреген Бозжанов отыр. Әсте еңсесі түспеген ажар Гаркуша делбені сілке 
тартып, атын қамшымен де, бейшіл сӛздерімен де желдірте айдауда. 


507 
Түс кезінде менде жалғыз осы пулемет қана сау қалды. 
…Біз қалдырып кеткен жол күркесі тарапынан немістер тағы бір 
шабуыл жасады. Танктері жотаға ӛрмелеп келеді, олардың тасасында жаяу 
әскері кӛрінеді. Шеткі үйлерге, оқшау тұрған қораларға Жақындай түседі. 
Біздің табанастынан жаудырған жойқын оғымызға шыдамай, автоматшылар, 
ақырында, лажсыз жата қалысты. Ал танктері деревняға баса-кӛктеп кіріп 
келеді. 
Менің жауынгерлерім бір бүйірдегі жотадан тӛмен құлдилап, лап 
қойды. Олар ӛршелене ұран тастап, найзаларын жалақтата, жау тізбегіне 
лезде жетіп барды, Бәрінің алдында Брудный. Немістер бетпе-бет айқасуға 
батпай, тайқып кетті. 
Ал Горюныда, кең кӛше бойындағы үйлер арасында, танкке қарсы 
лақтыратын гранаталар дүмпуі естілуде. Танк қиратушылар взвода ажалды 
қара машиналармен арпалысқа түсті. Әр жер-әр жерде қиратылған, ӛртенген 
әйдік құбыжықтардың үні ӛшіп жатты. Аман қалғандары деревняның ӛн 
бойын жаңғырықтыра, шапшаң жӛнкіп, қарсыдағы беткеймен тайып тұрды. 
Горюны деревнясына иелік етіп қала бердік. Бұл жолы да ұрыс 
майданында, шынжыр табандар мен снарядтар айғыздаған қар бетінде қалып 
қойған ер-азаматтар аз болған жоқ. 
Жекпе-жек айқаста танкті қиратқан ер жүрек сұлу жігіт Шәкеевтің ӛзі 
де мерт болды. Бұл айқаста ротада қарт атанған, темекі түтіні ыстаған 
сарғыш мұртты Березанский де қаза тапты, 
Аласа бойлы талдырмаш Шилібаев қар үстінде отырған бір 
жауынгердің жарақатын танып жатыр.
- Жолдас комбат, мен де… 
Шилібаев құлашын сермеп, танкке граната лақтырғанын ишараттады. 
Оның бойын билеген ұрыс желігі әлі басылмаған тәрізді. 
Ол ұрыс майданына айналған кӛшені бір шолып ӛтіп, бықсып жанған 
танктерді, жалын шарпыған үйді, қимылсыз жатқан шинельділерді, жол 
жиегінде қолын іліері сермеген күйде етпетінен жығылғап кӛкірекшелі 
дағыстандық командирін кӛрді. 
- Жолдас комбат, енді қалай болады? Енді біз не істейміз?
- Ұрыс жүргізе береміз, Шилібаев. 
…Жау автоматшыларын қуып тастаган жауынгерлер қайта оралды. 
Бұлар рота командирінің сүйегін шинельге салып ала келді. Осынау 
кескілескен қарсы атака кезінде қарақат кӛз Брудный жанын пида етті. 
Кішкентай хабаршы, желаяқ Мұратов ұрыста бірнеше командирінен 
айрылды, олардың бірі сымбатты да жинақы Панюков, екіншісі бадырақ кӛз, 
ұялшақ Дордия еді, ал енді ол бүгін мерт болған командирінің солғын 
тартып, сарғайып кеткен жүзіне жетімсіреп қарауда.
Бақыл бол, батыр Брудный! Бақыл бол, менің серігім! Қаза 
тапқанның басында аза тұтып, тағы да бір-екі секундтей тік тұрдым. 
Енді ротаны басқаруды тапсыратын ешкім жоқ. Ең соңғы 
пулеметімнен Бозжановты қалай алмақпын. Қасымда Толстунов тұр. 


508 
- Федя, ротаны қабылда. Басқа ешкім жоқ. 
Бейне атағы жағынан менен жоғары екенін ұмытқандай, аға политрук 
іркілмей жауап қайырды: 
- Құп, жолдас комбат! 
…Деревняны бірден басып алу қолынан келмейтініне кӛзі жеткен 
немістер енді алыстан орағыта алға жылжуда. Горюны деревнясы мен темір 
жол күркесінің сыртында қарауытқан орман аралығында жау сегіз жүз метр 
ілгері жылжыды. Оқшау жатқан бірнеше қораны бізден тартып алды. 
…Кӛптен бері Заевпен арада байланыс жоқ. Оған апаратын телефон 
сымын жарықшақ оқ қиып тастаған да. Кейде сол жақтан, орман ӛңірінен әрі, 
Заевтың жауынгерлері бекінген жақтан оқта-текте мылтық даусы естіледі. 
Мен тек Филимоновпен ғана байланыс жасаудамын. Ал егер телефон 
желісінің бір жері зақымдана қалса, ер жүрек байланысшылар оны дереу 
түзете қояды, 
Станцияға баратын жол кесіп ӛтетін аланды жотадағы біз де 
пайлаудамыз. Филимоновтың Горюны деревнясының қарсысындағы екі 
орман аралығында орналасқан жауынгерлік күзеті де нысанаға алған. Екі 
жақтан бірдей оқ жаудырылатын бұл алаңға бірде-бір автоматшы аттап баса 
алмайды. 
Әлі де шайқасудамыз. Немістер бір үйден соң екінші үйді алуда, біз 
үйден үйге жайлап шегінудеміз, әрбір аулаға табан тіреп, дұшпанға қайта-
қайта оқ жаудырудамыз. 
Волоколамскіні де осылай қорғауымыз керек еді ғой! 
…Кеш түсті. Деревняның жартысы бізде, жартысы немістерде. 
Арамызда әлі де сӛнбеген ӛртендер бар. 
Қараңғы түсе ұрыс саябырлады. Аспан әлемінде мұнартқан қызғылт 
шабақтар қыландайды. Қараңғыда туысқандар моласына қаза тапқандарды 
жерледік. Әрине, қазалы салют берілген жоқ, табыт басында сӛз де сӛйленген 
жоқ. 
Қатары сиреген санитарлар жаралыларды Матрениноға жӛнелтіп 
жатыр. Ең соңғы шағын топпен фельдшер Киреев кетпек. 
…Сағат ақырындап түн ортасы болғанын мегзеді. Он тоғызыншы 
ноябрь ӛтті. Бір мезгілде қазаның күйініші ӛзегіңді ӛртесе, ӛтелген борыш 
қуанышы кӛңіліңді ӛсіреді. Бізге Панфилов жүктеген міндетті абыроймен 
орындап шықтық. Жауынгерлік борышын ӛтедік! Енді Горюныдан кетуге де 
болады. 
Күтпеген жерден қараңғыда қызу атыс басталды. Орыстың кеткен-
кетпегенін анықтауға келген неміс барлаушылары екен. Біз винтовкалардан 
оқ жаудырып, естен тандырдық. 
Біздің әлі де кетпегенімізге кӛздері жеткен немістер біз жаққа 
долбармен миналарын жаудырды. Атыстың ақырын күттік. Бір кезде бәрі 
тым-тырыс болды. 
…Кӛшеге шықтым. Шақпақтың жарығымен сым темірін шумақтап, 
біркелкі адымдап бара жатқан Тимошин кӛрінді. 


509 
Оны шақырып алдым. Екеуміз тӛбесі ойылып, қаңыраған үйге кірдік. 
Тимошенко: екі жауынгерді қасыңа ертіп, Заевқа жет деп бұйрық бердім. 
Заевтың ротасы қазіргі орнынан қозғалып, жүріп кетсін дедім. Кездесетін 
жеріміз Гусеново деревнясына таяу ормандағы белгі екенін айттым. 
Тимошинге осы белгіні картадан кӛрсетіп бердім. Қалта фонарының қағазбен 
шағылысқан сәулесімен бір күн ішінде осынау жас ӛреннің бет ажары 
сұстанып, ерлік пішінге енгенін кӛзім шалды. 
…Екінші жаққа да, таяудағы орманға да адамдар жібердім, онда 
батальонның асханалары мен ат-арбасы жасырулы болатын. Шабармандар 
дереу аттарды жегіп, станцияға жүріп кетсін деген менің бұйрығымды 
жеткізбек. 
…Қорғаныстағы адамдар келтірілді. Бәрі менің қасыма жиналған. 
Рахимов деревняны қорғаушылардан қалғандарын санап шықты. Біз небәрі 
жиырма тӛрт адамбыз. Қарамағымызда екі зеңбірегіміз, бір пулеметіміз бар. 
Горюныдан астыртын жүріп кеттік. Алда Рахимов келеді. Тізбектің ең 
соңында Толстунов. 

Қараңғыда Матренино станциясынан да кетіп үлгердік. 
Бозарған таңды жорық үстінде қарсы алдық. Орман ішімен келеміз: 
Филимоновтың ротасы, Брудный ротасының азғана қалдығы бұлар уақытша 
Бозжановтың қарамағына берілген, - он шақты шанамызға жаралылар тығыз-
таяу орналасқан, санитарлық жайдақ арба, пулемет құрған шана, қос 
дӛңгелекті арбалар, екі зеңбірек тағы бар. 
Орман ішіндегі соқпақтармен мегзеулі белгіге қарай кетіп барамыз, 
Заевтың ротасы да сол жерге баруға тиіс. Сап түзеп ілгерілеудеміз. 
Солдаттың ауыр етігі ойып түскен жұқа қар астынан қара жер кӛрінеді, 
Шырша қылқандарына тұрған қар ағараңдайды. Соқпақты сидам тартқан 
емен жапырағы жапқан. 
Зеңбіректер тіркелген кӛлікке жол салу үшін оқта-текте қалың 
шеңгелді, бұтаны балтамен, шағын саперлік күрекпен шауып тастауға тура 
келіп отырды. 
Талай километр жер артта қалды. Рахимовтың картасына соғылған 
белгілер біздің жүріп ӛткен жолымыздың кейде иір, кейде бұралаң болғанын 
бейнелейді, ал мұның ӛзі жер бедеріне және ашық алаңдардан орағытып 
ӛтуімізге байланысты еді. Еш жерде немістерге кезікпестен дүлей орман 
арасымен жүріп отырып, Волоколамек тас жолына шықтық. Біз осы жолдан 
және агашы кесілген ӛңірден тез ӛтуге тиіспіз. 
Қалың тал арасынан бақылап тұрмыз. Немістің ұзын жүк машиналары 
Москваға қарай тынымсыз ӛтіп жатыр. Кезекті бір автоколонна 
машиналарына ұрыс жабдықтары салынған жәшіктер тиеліп, жуан 
арқандармен танылған. Бірнеше машинаға солдаттар мінген. Олар қоңырқай-


510 
жасыл шинельдерінің жендеріне қолдарын сұғып, бүрісіп отыр. Құлақтарын 
жаба, пилоткаларын баса киген, жағаларын кӛтеріп алған. 
Бұл колонна дӛңгелектерімен қар тозаңын бұрқыратып, ӛте шықты. 
Жүріп кетсек қайтеді? Бірақ гитлершілдердің моторлы жаяу әскері тиелген 
машиналар тізбегі тағы да жақындап келеді. Дұшпан, тәрізі, резервтерін іске 
қосып, шабуылын ыстық қанмен жандандырып, тыңайтуға кіріскен сияқты. 
Бұл қандарың ұзаққа бара ма, жоқ па, оны да кӛрерміз! 
Күтіп тұрмыз. Тас жолдағы қимыл біресе тына қалып, біресе қайта 
басталады. Құрысын, зарығып біттік қой! Машиналарды атқылаңдар деп 
бұйырады. Үрейленген шофер жүрісін шаппандата түсуі үшін үстінде 
отырған әскерлерді атыңдар дедім. 
Міне тағы бір колонна ӛтіп барады. Атындар! Тарс-тұрс… 
Машиналар құйындата жӛнелді. Штабтық жеңіл машина келеді. Тұтқиыл 
атыстан есі шыққан жүргізуші машинасын кілт тоқтатты. Жерге секіріп 
түскен офицер сол арада оққа ұшты. Шофер де ӛлді. 
- Алға! - деп команда бердім. 
Бәрі жолдан жүгіріп ӛтуде. Зырғыған ат-арбалар жауынгерлерді басып 
озды. Дереу жеңіл машинаға қарай ұмтылдым. Қазір ғана сұлап түскен 
офицердің білегінде сағат бауының ізі кӛрінеді. Біреу сағатты шешіп алып та 
үлгерген. Машина ішінен радиоаппарат пен документтері бар портфель 
табылды. Бұларды ала кеттік. Тас жолдан әрі ӛтіп, орманға сүңгіп кеттік. 

Бұрынғыша, компаспен, азимут бойынша жүріп барамыз. Жол 
басшымыз Рахимов әскери тізбекті белгіге, Заевтың ротасымен кездесетін 
пунктке бастауда. 
Темір жолға жақындадық. Одан кесіп ӛту керек. Жол терең ойпаңда 
жатыр. Арғы беттегі жарқабақ - нағыз құлама құз. Тік жардың кей жерлерін 
ғана қар басқан. Бұл арадан зеңбіректерді алып шыға алмаймыз. 
Ӛтуге қолайлы жер жоқ па екен, орман жиегін жағалап келемін. 
Немісше сӛзді естіп қалдым. Жол күзетшісінің күркесінде жау болып шықты. 
Басқа жаққа қарай жүрдім. Мұндағы күркеде де немістер бар екен. 
Қайта оралдым, Не істеу керек? Зеңбіректерді тастаймыз ба? 
Ойланып-толғана, жар басына таяндым. Арт жақта, талдардың тасасында 
жауынгерлер тұр. Кенеттен шіміркеніп кеттім - бір жолы біздің тарихымызда 
мұндай оқиға кездескен де - арқамнан жүз елу ине қадалғандай сезіндім. 
Жалт қарадым. Бәрінің кӛзі менде. Кӛз-қарастарында: «Сен бізді құртасың 
ба?» - деген сұрақ тұрғандай. Ӛткен жылғыдан, бұл кӛзқарастар қандай 
сӛзден болса да әрі ӛткір, әрі күшті. 
Сол заматта тәуекелге бел байладым. Еңсемді кӛтеріп:

Тыңдандар! 
Аттарды 
ағытыңдар! 
Зеңбіректерді 
кӛтеріп 
шығарыңдар! Алға! - деп команда бердім. 


511 
Тұрған жерімізден біздің жолымызды бӛгеген ойпаң арқылы тіке 
тарттық. Жауынгерлердің бұл бӛгетті алуға, жеңіп шығуға құштарлана 
кіріскені, ӛмір сүруге ынтызарлық білдіргені сондай, зеңбіректердің 
дӛңгелектері тіпті жерге тимей кетті десе де болады. 
Соғыс бір емес, әлденеше рет: солдатқа сен! деп тәлім үйретті. Айтсаң 
болғаны, сенің сӛзінді екі етпейді, тіпті әл берместей кӛрінген қиыншылықты 
да жеңіп шығады. Мүмкін емес нәрсенің шындыққа айналғанын талай кӛрдік. 
Бәрінен асып түс! Тіпті, ӛз шамаңнан да асып түс! Біздің генералдың осынау 
лұғатты сӛздері еріксіз ойыма оралды. 

Адам баспаған жерлерге талай рет жорық жасаған, кейде ну орман-
тоғайды да кезген, топограф, тау спортының нұсқаушысы Рахимов әскери 
легімізді батыл бастап барады. Түп-түзу сызық жүргізгендей бағдарымызды 
аңдап, ішімізден сүйсінеміз. Бірақ шолғыншыларымыз жоқ. Жорық 
жасағанда әдетте алдыңғы жаққа, арт жаққа және екі бүйірге жауынгерлік 
күзет тағайындалады. Әйткенмен ешкімді де шолғыншылыққа жібере 
алмадық. Ӛйткені орман ішінде бағдарлай білу ӛте қиын. Әскери училищені 
қысқа мерзімде бітіріп шыққан жас лейтенанттардың топографиялық білімі 
жоқ болып шығады, азимуттың не екенін олар анық біле бермейді немесе 
одан мүлде бейхабар болады. Алдыңғы жаққа немесе ӛкпе тұсына күзет 
жіберер болсаң, олардың қайда лағып кетерін құдай білсін, кейін, адасып 
кеткен жолғыншыларыңды іздеп, әуре- сарсаңға түсесің. 
Түске дейін-ақ біз бас қосатын пунктке, орман алқабының ішіндегі 
кішкене алаңға барып жеттік. Заевтың ротасы бізді сол жерде күтіп тұр екен. 
- Встать! Смирно! - Заев ӛңешін кере, қарлыққан даусымен жарлық 
берді. 
Ӛзі дереу маган жүгіріп келді. Менің кӛзім үйренген екі пистолетіне - 
беліндегісі мен қойнындағысына - Заев мойнындағы асулы олжа автоматты 
қосыпты. Шинелінің торсиып, салбыраған қалталары жүгіргенде салдыр-
салдыр етеді. Заев қаңылтыр дискілерге толтыра оқ тізіп екі қалтасына салып 
алыпты. Барбиған мықты саусақтарына жаңа жұққан машина майы 
жылтырап тұр. Тәрізі, алтыным кезінде жауынгерлеріне қару-жарақты жіктеу 
және құрастыру тӛсілін үйреткен болуы керек. Ұзынтұра лейтенанттың қазір 
маған қадала қараған жасылдау, шүңірек кӛздері қуаныш нұрын шашады. Ӛзі 
темекі ысынан сарғайып кеткен тістерін кӛрсетіп, ыржия күлімсіреуде. Оның 
тұрған бойы осы, маған деген кегі де, реніші де жоқ, менімен кездескеніне 
қуанышты екені анық кӛрінеді. 
Заев ешқандай оғаштыққа жол бермей, ауа жайылмай, ротаның 
жауынгерлік міндетті орындағанын, шегіну жӛніндегі менің бұйрығымды 
алғанға дейін Горюны - Шишкино жолын қорғағанын мәлімдеді. 
Заевтың рапорты біткенше жұрттың бәрі табанынан тік тұрды. 
Бұдан соң мен: 


512 
- Вольно! - деп дауыстадым да, Рахимовқа батальонды тыныстауға 
орналастыру, адамдарға асханалардан жол-жӛнекей әзірленген тамақты 
үлестіру жӛнінде бұйрық бердім.
Батальон! Ӛзінің борышын адал атқарып, шын мәнісінде сұрапыл 
қиыншылықты да, күші басым жауда жеңіп шыққан осынау әскери іштей 
мақтаныш тұтып, ӛзімді бақытты санадым. 

Сонымен, орманда тынығып жатырмыз. Жауынгерлер ағашы кесілген 
алаңнан, талдар арасынан қолайлы орын тауып, ағаш түбірлеріне сүйеніп, 
жайласып отырды да, түйіршік еті аралас сорпа ішті, рақаттана шылым 
түтінін будақтатты, бір тәуір жері, темекіміз жеткілікті - олжа сигаретіміз әлі 
таусылған жоқ. Әр тұста іргесіне күзет қойылды, оларды алысқа жіберсек, 
адасып кетер деп қауіптендік. Рахимовқа орман шетіне шығып, қырағы 
кӛзіңмен айналадағы ӛңірді шолып қайт деп бұйырады. 
Шылым тарта отырып, Рахимовты күттік. Әзіл-қалжың естіледі. 
Ағытулы аттар алдына салынған сұлыны жайбарақат шайнауда. Біреу үлкен 
құшақ пішенді кӛтеріп, алаңнан бері ӛтіп келеді. Пішеннің тасасынан аязда 
қызара бӛрткен қуақы Гаркушаның бет пішіні кӛрінді. 
- Гаркуша, мұны қайдан әкеле жатырсың? - деп сұрадым мен. 
- Бір мая пішенге тап болдым. Ала кетеміз. Фрицке қалдырып не 
керек. 
Дәл осы сәтте бірнеше жауынгер: 
- Неміс! Неміс! - деп байбалам сала, алаңға жетіп келді. 
Тӛбеден жай түскендей, алаңдағы жұртты үрей басты. Жайбарақат 
отырғандар да, жамбастап жатқандар да бет-бетімен орманға қаша жӛнелді. 
Кӛзді ашып-жұмғанша алаңда жан қалмады. Осындай қапылыста батальон 
лезде тоз-тоз болды. Жеңіс қуанышына, ерлік даңқына бӛленген, сан рет 
жауды талқандап, ӛкшелей қуған, Горюныда әр үйді қажырлылықпен 
қорғаған, менің шыныққан қаһармандарым тұтқиылдан тӛнген үрейге 
берілді. 
Алаңда жан жоқ! Аттар алдарындағы сұлыны жайбарақат күтірлете 
шайнауда. Біздің жетімсіреген екі зацбірегіміздің маңында да ешкім жоқ. Ал 
ӛзімше? Ұшып тұрған қалпымда қалшия қылыппын. 
Зеңбіректерге қараудамын. Қиналсақ та, бұларды тастамаған едік, 
танкке қарсы қолданатын осынау ең соңғы қаруымызды құлама құздан алып 
шығып, аман сақтаған едік. Новлянск селосынан осы алаңға дейінгі қоршау 
біткеннің бәрінен сытылып шыққан кезімізде де бұларды ӛзімізбен ала 
жүрдік. Алдағы шағын орманға кӛз жібердім. Талдар арасынан немістер 
кӛрінді. Шетінен ақ халат, ақ каска киген отыз шақты адам тізбектеліп келеді. 
Олардың ақ киіммен жүргенін бірінші рет кӛргенім осы. Әлі мелшиіп 
тұрмын. Немістер сақтық жасап, асықпай ілгерілеп келеді. Енді ашық алаңға 
шыға бастады. 


513 
Күтпеген жерден Заевтың сырылдаған сыбыры естілді. 
- Жолдас комбат, неге тұрсың? - Осы сәтте ол маған тағы да «сен» деп 
сӛйледі. - Жат! Қазір екеулеп сыбаймыз ӛздерін! Кӛзімнің қиығымен 
қарадым. Заев ағаш түбірінің тасасында етпетінен жатыр. Жатып атуға 
әзірленген: ұзын аяқтарын сәл алшайтып, шынтақтарын қарға тіреген, 
автоматын иығына қыса ұстап, саусағын шүріппеге апарған. Қалтасынан 
шығарып, жанына қойған басы артық оқ құтысы қарауытып кӛрінеді. 
Дорбасынан алынған қол гранатасы да қасында жатыр. Мең-зең халден мен 
әлі айыққан жоқпын. Заевтың кӛзіне кӛзім түсіп кетті. Оның сабалақ 
қабағының астындағы шүңірек кӛздері кенет менің халімді түсінгенін 
білдіре, ұшқын шашқандай. Оның ащы да астарлы мысқылын сезгендеймін. 
Оның осылайша мысқылды емеуірін білдіруі қалай? 
Енді Заевтың назары немістерде. Шүріппені басатын кезі келді. Дәл 
осы мезетте сырт жағымнан Толстуновтың ӛктем даусы естілді: 
- Комбат қалып кетті! Қайда қашып барасыңдар! Ер соңымнан! 
Әрине, Толстунов қашқандардың әке-шешесін де ескерусіз қалдырған 
жоқ соғыс күндері бұл сӛздің ауызға алынбаған жері болмаған да шығар! 
Бүкіл батальон алаңға қайта жүгіріп келді. Заевтың автоматы 
тырылдады. «Уралап» ұран кӛтерген жауынгерлер ӛршелене, оқ жаудыра 
дұшпанға қарсы ұмтылды. Алда Толстунов пен Филимонов. Басқалар 
бұлардан озып шықты. Гаркуша кӛзіме түсті. Ол мүлде ӛзгеріп кеткен. 
Ұрыстың желігіне беріліп, сұрланған, ызалана құбылып кеткен жүзінде қазір 
қутыңдаған шырайының жасудай да белгісі жоқ. Зұлым жауға кәрім тӛккен 
Ползуновты, Шилібаевты, Курбатовты байқадым. 
Құштар жандар! Менің осы қаһарман жауынгерлерім туралы жазғанда 
бұл сӛзді әңгіменің бір жерінде ретін тауып қолданғайсыз. Немістер жалт 
берді. Біздің адамдар ӛкшелей қууда. 
Орман ішінен тарс-тұрс атыс естілді.
- Заев! Мұнда кел! - деп айқайладым мен. 
Қасыма жетіп қелген ол байсалды, байыпты, ызғарлы пішінде менің 
жарлығымды күтіп тұрды. Ұзын қолдары тӛмен түсірілген. Бір қолында қыса 
ұстаған автоматы. Тағы да оның адал, шыншыл кӛзіне кӛзім түсті. Кенет 
оның манағы ащы мысқылын есіме түсіріп, мұның мағынасын түсіндім. Иә, 
маған тұтқиылдан тап болып, жанымды күйзелте, есеңгіретіп тастаған нақ 
осындай кесапат ана жолы пулемет арбасының үстіндегі Заевты шырмалған 
екен ғой. Мен онда осы үшін айыптағанмын… Және, тіл безейтін кез емес 
бұл! 
- Семен, ұмтыл! Қайтар адамдарды! Әйтпесе опық жейміз. 
- Құп! 



514 
Батальонды жинағанша біраз уақыт ӛтті. Ауық-ауық орман жақтан: 
«А-у-у-у…» деген айқай естіледі. Ұзап кеткен жауынгерлердің бір-бірімен 
үндесіп, хабарласып жүрген дыбысы бұл… 
Ақырында алаңға бәрі түгел жиналып, ӛз взводтарынан, 
бӛлімшелерінен орнын тапты. Сап құрған батальон жорыққа шығуға әзір. 
Тек Рахимов әлі қайтқан жоқ. Бірақ бұдан әрі күтуге болмайды. 
Біз бүкіл колоннамызбен орман шетіне жақындап келеміз, бұл арадан 
Гусеново да қол ұсыным жерде. Панфилов маған дивизия штабының осы 
деревняға қоныс аударғанын айтқан-ды. Біз Панфиловтың резерві, соның 
штабына баруға тиістіміз. Біздің жорығымыздың аяқталатын жері сол. 
Орманды тағы да қадамымызбен ӛлшеп келеміз. Басқы взвод карта 
бетіне жүргізілген тік сызықтан ылғи қиыстай береді. Филимоновты алға 
шығардым, колонна тағы да айналсоқтап, ирелең жол салуда. Енді 
жолбасшылықты Заевқа тапсырдым, бірақ қайтадан бір жақтан екінші жаққа 
ауытқудамыз. Сонда Горюныдағы ротадан қалған шағын взводты бастап, 
ӛзім алға шықтым. 
Орман шетіне де келіп жеттік. Таңертеңнен бері біздің құлағымыздан 
кетпеген зеңбіректер сарыны бұл арада, ашық ӛңірде қаттырақ естіледі. Жел 
бетті қариды. Аяз бірден күшейе түсті. Беткейлеу жерде Гусеновоның үйлері 
кӛрініп тұр. Жел ығына қарай кӛлден ұшқан кӛк түтін. Деревня ӛртеніп 
жатыр. Оған дейін ашық ӛңірмен бір жарым километрдей жүріп ӛтуіміз 
керек. 
Қазір деревняда кім болды екен: біздің адамдар ма, немістер ме? 
Шилібаевты, Мұратовты, тағы басқа үш жауынгерді шақырып алдым. 
Бұларды барлауға жіберерде былай деп түсіндірдім: деревня біздің 
әскерлердің қолында болуы мүмкін. Онда бүкіл батальон болып сол жаққа 
беттейміз. Ал егер жаудың қолымда болса, ол сыр бермей қоймайды. Бұлай 
болған күнде қалай да немістерді оқ ататын ету керек. Винтовкаларынды 
кезей үстап, неміс оқ атқанша жасырынбастан, бұқпастан, ілгерілей беріңдер. 
Одан соң жер бауырлай жылжып, шегініңдер. Біз сендерді осы арадан 
қорғаймыз, жауды жақын жібермейміз дедім. 
Жаралыларды кӛзіммен шолып ӛттім, Байыптап тыңдауда. Кӛңілдері 
қобалжулы. Мұратов бейне шоқтың үстінде тұрғандай, екі аяғын кезек-кезек 
басады. Шилібаевтың бітік кӛздері сәл үлкейе түскендей. Мен сӛйлей бердім: 
- Жараланғандарды тастамаңдар! Кӛтеріп алыңдар! Шилібаев, сені 
командир етіп тағайындаймын. Сенің бӛлімшің бұл! 
Барлаушылар тоғайдан әрі ӛтті. Бес жауынгер із түспеген қармен 
алақтай басып кетіп барады. Ауыр кӛн еріктілер омбылап қалды - бұл 
күндері едәуір қар жауып, бірталай үрінді пайда болған-ды. Менің елшікерім 
тоқтай қалып, бұрылып қарады. 
- Қорқақтық істемеңдер! Адымдай басындар! – деп айқайладым. 
Орман шетінде тықыршып жүрмін. Бүкіл колония осында келтірілді. 
Әлденете сәл ғана алаңдап, тағы да ойлан жаққа қӛз жібердім. Бұл не ғажап? 


515 
Барлаушылар қайда? Аппақ ӛңірде қыбыр еткен жан жоқ. Жауынгерлер 
қайда құрыған? 
Гусеново жақтан кӛмескі гүріл естілді. Бұл танк моторларының бәсең 
үні еді. Кімнің танктері болды екен? Ӛңірді тағы да кӛзіммен шолып ӛттім. 
Жан жоқ! Кӛзімді тігіп, қайта-қайта қараймын. Айдалада салалы жалғыз 
шырша тұр, оның қар басып, ауыр тартқан бүрлері иіліп кеткен. Менің 
жауынгерлерім, бейне мекиеннің бауырындағы шӛжелердей, шыршаның 
түбіне жасырына қылыпты. 
Лезде зығырданым қайнап, құлақ-шекем дуылдап кетті, Ә, оңбаған 
пасықтар! Комбатты алдағыларың келген екен ғой! Батальон тағдырын сеніп 
тапсырып едім сендерге, ал сендер жасырына қалыпсыңдар, су жүректер! 
Даусымды кенеп, айқайлап жібердім: 
- Тұрыңдар! Бұйрықты орындаңдар! Алға! 
Жоқ, мені тыңдар емес, ешқайсысы қыбыр етпейді. Қасымда тұрған 
қызыл әскердің винтовкасын жұлып алып, барлаушылар жасырынған жақты 
бағдарлап, кӛздеместен, бірнеше рет оқ аттым. Зуылдап ұшқан оқ 
жасқаншақтарды қамшыдай айдайтын болсын деймін. 
Барлаушылар мен жаққа алақтай қарады. Тағы бірнеше оқ жібердім. 
Қаһарлана жұдырығымды түйдім. Шыршаның түбінен Шилібаев жүгіріп 
шықты да, қолын сермеп, басқаларды соңынан еруге шақырды. «Жарайсың!» 
деп айқайлап жібергім келді. Қайнаған ашу-ыза сияқты лапылдаған 
сүйіспеншілік жалыны да суынған жүрекке уытты дем бергендей. Бесеуі 
түгел қысқаша тізбек құрыц, деревняға қарай адымдады. Желаяқ атанған 
Мұратов, жолдастарынан озып шығып, қарды біркелкі таптай жӛнелді. 
Ӛрт шарпыған деревня үн қатты, немістердің автоматтары тырылдай 
бастады. Онда дұшпан бар екені анықталды. Жата қалған жауынгерлер бірде 
жер бауырлай жылжып, бірді орғи жүгіріп, кейін шегінді. Осынау азғана 
топты кӛзге ілмеген немістер оларды қолға түсіруге әрекеттенген жоқ. 
Ұзамай ақ атуын қойды. 
Орман шетіне келіп жеткен Шилібаев тұтыға сӛйлеп, жазықты 
шыраймен маған жалтақтай қарап, барлаудың нәтижесін баяндады. 
- Жақсы! - дедім мен. - Бұдан былай да бӛлімше командирі бола 
бересің. 
10 
Біз қайтадан сап құрып, орманға еніп, шығысқа беттедік. Москваға 
қарай ығысқан дивизия жаңа бір шепке бекініп, ұрыс жүргізуде. 
Орман ішінде ұласқан атыс санына тағы да бәсеңдеді. Енді бұл сарын 
орман тыныштығын бұза қоймаған тәрізді. Талдар тӛбесіндегі аспан әлемі әлі 
жарық - кеш бататын уақыт жақындай қойған жоқ, ал шыршалар саясы ептеп 
күңгірт тарта бастады. 
Бұл жолы да мен жолбасшы болып келемін. Біз тағы да тӛтесінен жол 
салудамыз. Бір кезде бетін қар басқан, әлі бірде-бір із түспеген ескі жолға 


516 
келіп шықтық. Осы соқпақпен колоннаны одан әрі бас- тап бара жатқанымда 
кенеттен… 
Бір талдың тасасынан әскери киімді бойшаң қыз шыға келді. Сұрғылт 
елтірілі бӛркінің жиегінен әсемдеп қайыра тараған қоңырқай-ақ сары шашы 
кӛрініп тұр. Белінде - фельдшерлік сумкасы. Варя Заовражина! Бұл кездесу 
екеуімізге де тосын оқиға сияқты еді. Тұтқиыл жағдай ұрыста ғана болып 
қоймайды. Варя ұмтылды да, қас қаққанша мойнымнан қатты құшақтап 
алып, шинелімнің тұрпайы түгіне бетін басты. Сол заматта есін жиып, 
қызарып кеткен қыз шоршып түсті де, тәжім ете, қолын шекесіне апарды, 
бірақ ештеңе айта алмады. Осы кездесуден есеңгіреп қалған басым, мен де 
үндемедім. 
Варяның ізінше тағы бір әскери адам жақындады – мұның да қызыл 
крест белгісі салынған сумкасы бар. Нәк тӛріздес ұзын мұрнының кеңсірігіне 
пенснесі қондырылған. Па, Беленков! Батальонның бұрынғы дәрігері, 
медицина қызметінің бұрынғы капитаны, қорқақтығы үшін атақ дәрежесінен 
айрылған кісі. Қазір иығында қатардағы санитардың винтовкасы. Ол да тәжім 
етті. Мен әскери дәстүр бойынша сәлеміне жауап қайырдым. Бірақ сӛйлеуте 
дәрмен жоқ. 
Кеудені қуаныш кернейді. Алақай, ӛз адамдарымыз! Бүгінгі жорықта 
алғашқы кездескен совет адамдары! Теңселе басып Толстунов келді. 
- Ә, Варя?! Қайдан шыға келдің? 
Бұдан соң ол Беленковпен де амандасты. 
- Ал, Варя, баянда. Осы қызарғаның да жетер, - деді Толстунов тағы 
да. 
Япырай, ӛзі қандай байқағыш, Варяның беті қайтадан дуылдап, 
сӛйлеуге тілі келмеді. 
- Сіздерді қарсы алуға жіберді бізді, - деді Беленков. – Іздеп табындар 
деп жіберді. Батальоннан бірнеше жауынгер ғана қалыпты, ал комбат ауыр 
жараланып, орман ішінде жатыр екен деп есіттік. 
Мен күліп жібердім. Шынында да, соғыста, ұрыс кезінде толып 
жатқан лақап, аңыз адам айтқысыз шапшаң тарап кетеді де, біреуден біреуге 
жеткен сайын бұларға жаңа деректер қосыла береді. 
- Бұл бұйрықты Звягин жолдас берді, - деді Беленков бұдан кейін. - 
Қайткен күнде де іздеп табындар деп бұйырды. Тіпті, неміс орналасқан 
ӛңірге де барындар, - деді. 
- Неміс орналасқан жерге де ме? - деп мен Заовражинаға қарадым. - 
Жіберді ме, әлде ӛзің сұрандың ба? 
Варя мүдіріп барып жауап берді: 
- Былайша… Ӛзіміз сұрандық. Екеуміз де… Мына кісі, жолдас - деп 
қыз Беленковқа қарады. - ӛзі ӛтініп сұрады. Ӛз еркіммен. 
- Рақмет, доктор! 
Беленковты доктор деп атағаным ӛзім бұдан бұрын алып қойған 
атақты оның ӛзіне қайтарғандығым еді. Иә, енді ол осылайша атану 


517 
правосына ие боларлық еңбек сіңірді, шын мәнісінде, жогары медициналық 
білім алды, 
Менің қарамағымда қалыңыз, жолдас Беленков. Қайтадан батальон 
дәрігері боласыз. Бұл туралы мен генерал Панфиловқа мәлімдеймін. 
Түсініксіз үнсіздік. Бір сұмдықтың болғаны байқалады. Ақырында 
Варя: 
- Генерал Панфилов қаза тапты, - деп үн қатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет