Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет35/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
Арпалыс 1,2

ЖАН СЕРІГІМ ҚАРУЫМ
 
«Тәуекел түбі желқайық- 
Мінесің де ӛтесің». 
(Халық мақалы). 
Тас жол бойындағы қимыл су сепкендей басылды. Артқы машиналар 
қарбаласта кейін бұрылып, бірінен-бірі кимелей ӛтіп, сазбалшыққа тығылып, 
әрең деп селоға қайтып жатыр. 
Мүйісте екі зеңбіректі қалдырып, оларға машиналарды атып 
қиратыңдар, онан соң жау жауап қайыра бастаған кезде, басқа позицияға 
кӛшіңдер деп тапсырдым. 
Балтамен, арамен араш ішімен жол аршып, басқа зеңбіректерді 
орманның екінші шетіне, қыстаққа таяу жағына апардық. 
Бақылаушылар дүрбілерімен, телефон трубкаларымен қарағай басына 
шығып орналасты. Ағаш басынан қарауыл қарағандар қыстақ іші машинаға 
лық толы екенін, машиналарды жадарай жолмен басқа жаққа жӛнелтіп 
жатқанын, бірақ кӛбінің батпақтап қалғанын хабарлады. 
Мен батарея командиріне: 


206 
- Оқ жаудыр оларға! Жаудың қалың ортасына алпыс снаряд жібер. 
Онан соң менің бұйрығымды күт. Қимылын тоқтатпаса, тағы қайталаймыз, - 
дедім. 
Осыны айтып, штабқа жӛнелдім. Роталар орман жағалай қорғаныс 
шебіне орналасқан. Жауынгерлер жерді терең қазып алыпты. Осы біз 
бекінген орман алабы кешегі орманымыздан әлдеқайда жазық еді, бірақ 
бұған қанағат етпей, жұртты қорғаныс шебіне әдейі сирек орналастырдым. 
Ондағы ойым жаудың бізге оқ атып жауап беретіні сӛзсіз, сол оқтан шығын 
аз болсын дегендік еді. Бір пулемет взводы, екі атқыштар взводы резерв 
есебінде орман ортасында әр жерге орналасты. Резервтегі жауынгерлер де 
ӛздеріне бекініс ор қазып алысты. Ирек-ирек қысаң траншеялар қазып
дәрігерлік пункт те барлық жаралылармен тереңге орналасты. Шаруашылық 
взводы ӛз аттарына ықтырма қазып жатыр. 
Батальонның басқару пункті де енді шатырды жинастырып, үстің 
қабат-қабат бӛренелермен жапқан жертӛлеге кӛшкен еді. Оның ішінде 
ежелгісіндей шам жанып тұр, тӛрде таныс стол, бұрышта телефоншылар. 
Кәдімгі дағдысымен Рахимов орнынан тұрып, мені қарсы алды. 
Шиловтың зеңбіректері орналасқан жерге басқару пунктінен телефон 
соқтым. Олар қара жол бойын атқылап түрған. Бұл жолда да қирап қалған, 
сазға батқан машиналар бықпырт еді.
Жол бойындағы бізге таяу деревняға да машиналар лық толған екен, 
ол жаққа да елу снаряд шығарттым. «Сӛйтіп, жауды бір орыннан қозғалтпай 
діңкелеттік, ілгерілеуіне де, кейін лықсуына да мұрсатана бермедік. Енді жау 
да азулы араның ашар. Мейлі, ашса ашсын, жұтып кӛрсінші бізді… Мұндай 
үлкен қылтанақ тамағынан ӛте қояр ма екен? 
Білемісіз, қауіп-қатерлі кезеңде, қына белін шарт буып, тас бекінген 
адам неден болса да тайынбайды ғой, ондайда ақылың айық, тәнің жеңіл 
тартатыны белгілі емес пе? Бүгін біз де осындай күйде едік. Әр тараптан 
менің зеңбіректерім гүрсілдетіп оқ атып жатыр. Тиіскен біз. Ойынды 
бастаған да біз. Кешегі қорқыныш, кешегі жабыңқылық құрдымға кеткендей. 

Ӛзіңізге мәлім, немістердің Польшада, Голландияда, Бельгияда, 
Францияда қолданған тактикалық әдістерінің бірі мынадай еді: әр тарапта 
майдан шебін бұзып ӛтіп, арт жағында ӛз жауының кері кеткен, берекесі 
қашқан, ыдыраған бӛлімдерін қалдыра, алға тырмыса беретін. Москва 
түбінде гитлершілдер бұлай ете алмады. 
Алайда, мен ӛз батальоным туралы ғана айтайын. 
Марш жасап бара жатып, осы маңдағы жалғыз тас жолға аялдаймыз 
дегенімізде жолымыз кесілді (қайталап айтайын, бұған кінәлі менмін), Енді 
немістер осы тас жолмен ілгері зымырамақ болды, бірақ біз де қарап жатпай, 
оғымызбен оның жолын кестік. Әскер тілінде бұл: жолды оқпен биледік 
деген сӛз. 


207 
Сӛйтіп, «алға, алға!» деп тырмысудың орнына немістер қарсылық 
етушілердің ордасын жоям деп әлек болады, Бұған оларды мәжбүр еткен - 
біз. Әскер тілінде мұны; жауға оз қалауыңды еріксіз істету дейді. 
Немістер орманды снарядтарымен, миналарымен атқылай бастады. 
Артиллериямызды әрлі-берлі кӛшіріп, біз де қарымтасын қайтарып жаттық. 
Он тӛрт зеңбіректі түгел бір жерге топтайсың да, жаудың тылдарына 
залпымен дүркін-дүркін оқ атасың, сонан соң, артиллерияны екеуден, 
тӛртеуден әр тарапқа ыдыратып, басқа пункттерді жеделдете атқылайсың. 
Қарағай басынан алты деревня айқын кӛрінеді. Бұлардың бәрі жау қолында 
еді. Бұл деревнялардың бәрінде де жау бізден кезек-қезек тиесілі сыбағасын 
алып жатты, бір тәуір жері, зеңбірекке де, снарядқа да баймыз. 
Жаудың тоғыз бомбардировщигі ұшып келді. Ызыңдап, үстімізден 
шүйіле бастады. Бомбалар орманды жаңғырықтыра, жер тітірете. гүрс-гүрс 
жарылады. Содан нендей зардап шектіңдер десеңізші? Жер анамыз сақтады. 
Тек аттар ғана шығынға ұшырады. Себебі, оларға арнаулы апан қазып 
үлгерметен едік. Он тӛрт ат ӛліп, екі зеңбірек қирады, алты адам жарадар 
болды. Әуе шабуылының салдары осы ғана. 
Түс кезінде сонау солтүстік жақтан, яғни Волоколамск тарапында он 
бес километрдей жерден таңертеңгідей зеңбіректердің тағы да жиі-жиі 
атылғаны естілді. Ауық-ауық сол алыстан келген атыс үні ұзақ сарынға 
айналып кетеді. Осы сарынға қарағанда, ол жақта, аз-кемі жоқ, жүз я жүз елу 
зеңбірек бір мезгілде оқ атып жатқан секілді. Кейіннен білдік, ілгері жарып 
ӛткен жау танкілерін сол арада басқа бір артиллерия полкі оқпен қарсы алған 
екен. Ал бұл арада біз де қарап жатпай, жаудың үстеме күштерін, 
артиллериясын, машипалы жаяу әскерін, ұрыс жабдығын жол үстімен ілгері 
ӛткізбей қойдық. 
Жаудың жаяу әскерлері тізбек-тізбегімен бізге үш дүркін шабуыл 
жасады. Әрдайым жақын жіберіп аламыз да, винтовкалардан залпымен оқ 
атып, табан астынан пулемет оғын қарша боратып, жау тізбегін шӛпше 
жапырамыз. Сау қалғандары жерге жабыса, кейін қарай жылысып кетеді. Бір 
шабуылы орман ішінде атыс орнын ауыстыра ілгерілеген біздің 
зеңбіректердің қанды аузына тап келгені бар емес пе. Іс оңынан келіп, 
жаудың жаяу әскерін картечьпен қарсы алдық. Картечьпен ату дегеннің 
мәнісін сіз білесіз бе? Шын артиллерист осындай сәтті кезең келгенде, ішінен 
қуанады, айызы қанады. Зеңбірек аузынан шыққан снаряд ұшып бара жатып 
әуеде жарылады да, жүздеген бытыраны, балқыған әлденеше мың ажал оғын 
жан-жаққа шашып, шабуыл жасаушы жаяу әскер тобын жамсатып салады. 
Бұл күні біз соғыстың қатал шындығын жауға үш қайтара таныттық: 
табан астынан атылған оққа қарсы омыраулап бару кӛзсіздік екенін, егер 
ұялары жойылмаған болса, қарсы жақтың жігері жасымаған болса, бір шепті 
алам деп ӛршелену ұғындырдық. 
Ал бізді жаныштау оңай емес, - бұған немістер қаншама артиллерия 
оғын, қаншама уақытын сарып қылмады дейсіз! Сарып қылды да! Бірақ 
ӛндіргені мардымсыз болды. Оның есебіне біз жаудың уақытын алдық. 


208 
Уақытын алғанымызбен тынбай, сан адамын қырдық, сұрапыл ұрысқа 
сайлаған іргелі күшін азайта бердік. 
Байқаусыз кеш те батты, Енді кету жайын ойластыру керек еді. Бірақ 
сенсеңіз, кісінің кеткісі келмейді. Ұрыс жабдығымыз азайды, әйтпесе осы 
арада тағы да бір тәулік бойы еркін ұрыс салған болар едім, жауды түп 
етектен ұстап, әлде де бір тәуліктей әурелер едім, алдандырар едім… 
Қазір кеудеге ұялаған қорқыныш жоқ. Еңсемді басқан ауыр ой кешегі 
орманда қалып, келмеске кеткендей. 
Қоршаудан туатын үрей осылай құрыды. Жоғары дәрежелі әскер 
ілімінің бірінші сатысын осылайша ӛттік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет