Өңештен, асқазаннан және ішектен қан кету синдромы
Қан кетудің жедел және созылмалы түрлеін ажыратады. Организм реакциясы қан кету жылдамдығына және көлеміне тәуелді.
Себептері: асқазан, өңеш, ішек жаралары, портальды гипертензия (өңештің кеңейген порто-кавальды анастомоздарынан), асқазан-ішек жолдарының ісіктері, геморрой және т.б.
Негізгі клиникалық көріністері:
Негізгі клиникалық көріністері:
Қан құсу (өңештен, асқазаннан қан кеткенде). Құсық түсі қан кеткен жеріне, құсу уақыты мен қан кету уақытына байланысты.
Өңештен қан кеткенде түсі алқызыл, асқазаннан қан кеткенде, егер де қан кете салысымен құсса түсі алқызыл немес қанық қызыл болады; егер қан кеткеннен уақыт өткен соң, құсса қан асқазан сөлінің әсерінен өзгеріп, түсі кофе қойыртпағына ұқсайды («кофе қойыртпағы» құсығы).
Қара түсті нәжіс — melaena. Мұндай нәжіс аш ішектің жоғарғы бөліктерінен, және де асқазаннан, өңештен қан кеткенде, тек қана құсықпен шығып қоймай, жұтуына байланысты ішекке де түседі. Қан аз кеткен жағдайда қара түсті нәжіс бомайды, қалыпты түс болады. Мұндай жағдайларда, нәжісті жасырын қан кетуе тексеру қажет (бензидин сынамасы).

Анемия белгілері(ас қорыту жүйесінің кез-келген бөлімінен кеткенде де).
Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, құлақ шулауы, көз алдында «шіркей ұшып» жүргендей болуы;