Арттыру ұлттық орталығы акционерлік


Махаббат пен сұлулық мәңгі өшпейтін шырақ емес пе?



бет20/66
Дата10.06.2022
өлшемі237.54 Kb.
#459079
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

Махаббат пен сұлулық мәңгі өшпейтін шырақ емес пе?


Адамшылдықтың алды- махаббат сезім.Бұлардың керек емес жері жоқ,
Ол-жаратқан тәңірінің ісі. Бұл махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі- ғалым.
Абай осы сөзбен адам мен ғалам жаратылысының үйлесімді өмір сүретінін айтқан.
Дүниедегі бар жақсылық махаббатпен жасалады, махаббатпен нұрланады. , шын сүйіспеншіліктен туған дүние ғана құнды, сұлу болмақ.
Бұл өмірдің қызығы—махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен, –деп Абай махаббат ауыртпалықтан құтқарып, жан тыныштығына жеткізеді, сансыраған санаңды ашып, жақсы іс- әрекеттеріңе қанағат еткізеді
Махаббат адал әрі жан-жаратылысы таза, тілі жұмсақ, кең пейілді, тәрбиелі, асыл текті адамдарға лайық.
Махаббат бар жерде ғана—өмір бар” М. Ганди.
Махаббатты ләззат деп қана түсінген пенде қайғы-қасірет,зар мен сор ғана әкеледі В.А.Сухомлинский.
Сүюдің сырын көзден көрме, көңілден ізде. Білгің келсе, сүйер я сүймесін, ашып қара көңілін күймесін.
Әркімде жүрек бар,бірақ барлығында ол құдай сыйлаған жанмен бір ырғақта соға бермейді.
Көкірегін махаббат жайлаған адам—қашанда қайырымдылықпен, әділдікпен, адалдықпен өмір сүреді.
Махаббат- адам өмірінің тұғыры мен тіреуіші Махаббат - әуелі адамның адамдығы. Абай Әлем шырақтарының тұтқасы – махаббатта. А.Данте
Махаббатта астар көп. Бұлардың әрқайсысының өз жарығы, өз мұңы, өз бақыты, өз рақаты бар. К.Г.Паустовский
Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космологиялық ілімінде Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Платон оны сезімдік және рухани Махаббат деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік Махаббат — сұлулыққа сұқтанатын махаббаттың төмен сатысы.
Рухани Махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.
Мыс: адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы Махаббат өз кезегінде адам мен Алла арасындағы Махаббат- имандылықтың, ер мен әйел махаббаты-отбасының, Отанның беріктігінің, ұстаз бен шәкірт Махаббаты-білімнің, ата-ана мен бала,туысқандар арасындағы Махаббат-елдіктің, т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет